ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
МИГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ә.С. НҰРЫМОВ,
саяси ғылымдарының кандидаты,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Демографиялық процестердің ішінде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені
миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге шұғыл көңіл бөлетін жауап-
ты сипат тән. Қоғамдағы дұрыс басқару және тиімді әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу үшін
миграциялық ағымдардың көлемі мен мигранттардың құрамын бағдарлай және миграцияны тудыра-
тын факторлар мен миграцияның салдарын анықтай білу қажет.
Миграциялық саясат дегеніміз – бұл тұрғын халықтың миграциялануына алып келетін әлеуметтік
мінез-құлықтың, әрекеттің бір түрі немесе элементі болып табылатын миграциялық қозғалысқа ықпал
ету.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5-ші қыркүйектегі 1346-қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасында былай айтылған:
– миграция процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және
демографиялық ахуалға әсер етеді;
– миграциялық саясат Қазакстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі
болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс;
– миграция саясатының субъектілері орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Тұжырымдамада адам кұқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде жалпы мемлекеттік
мүдделерді ескере отырып, миграция саясатының негіздері айқындалады делінген.
Қазіргі ғылымда, әсіресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда, бір жағынан, бірін-
бірі толықтыратын және біріне бірі біршама қарсы келетін екі негізгі теориялық парадигмалар бар.
Біріншісі, құрылымдылық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсіндіргенде басты орынды адамды
немесе топты миграциялауға итермелейтін құрылымдарға береді. Осы парадигма макротеориялық па-
радигма ретінде анықталады, өйткені миграцияның себептері экономикалық және саяси құрылымдар
мен қоғамның трансформациялануы болып табылады. Қазіргі кездегі миграцияның себептерін талдау-
да орын ауыстыру экономикалық детерминация рөлінің маңыздылығы күшті екендігін көрсетеді.
Миграция теориясындағы екінші парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективті
факторға басты орынды береді. Субъективтік парадигма микродеңгей теориясы ретінде анықталады,
өйткені адам миграцияның басты агенті ретінде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
21
макротеориялық себептерінің маңызын жоққа шығармайды, бірақ та ол деңгей объективті фактор-
лар бәрібір де жеке тұлғаның шешіміне байланысты болады дейді. Бұдан көретініміз, миграцияны
талдаудағы микротеориялық тәсіл жеке тұлғалардың шешімдерін зерттеуге көп көңіл бөледі. Бұл пара-
дигма аясында мигрант өзіндік ерекшеліктері бар, миграциялаудан түсетін шығындар мен табыстарды
бағалай алатын адам ретінде қарастырылады.
Тарихқа үңілсек, миграциялық процестерді ең алғашқылардың бірі болып жүйелендірген ағылшын
ғалымы Е.Г. Равенштейн. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжірбиесінде миграция-
ның он бір заңын немесе ережелерін (Ravenstein’s Laws of Migration) қалыптастырып берді, бұл ережені
қазірдің өзінде миграциялық теорияны жасаушылар негізге алып келеді. Осы он бір ереженің ішіндегі
ең маңыздылары мыналар:
– миграция көбіне қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-спринтер жөнінде пікір білдіріледі,
алайда қазіргі кезенде мигрант-стайерлер де көп);
– территориялық орталық ірі болған сайын ол өзінің тартылымдылығын күшейтеді;
– әр миграциялық ағымға өзіндік қарсы ағым сай болады;
– ірі қалалардың өсуі қала тұрғындарының табиғи өсіміне емес, халықтың қоныс аударып келуіне
байланысты;
– халықаралық миграция елдің ішіндегі болып жатқан миграция заңдылықтарымен дамиды;
– миграцияның көлемі өндірістің, сауданың, әсіресе көліктің дамуына байланысты көбейе түседі.
Миграцияның ең басты анықтаушысы – экономикалық себептер.
Ал бүгінгі қоғамның дамуында, жоғарыда айтылғандардан, әсіресе, соңғы екі заңдылық берік және
анықтаушы сипатқа ие. Демографиялық процестердің арасында тұрғындардың миграциясы ерекше
орын алады. 1989 жылы жарық көрген «Миграциология» деген еңбекте миграция дегеніміз «бұл –
әлеуметтік-экономикалық қатыныстарға байланысты болатын миграциялық қозғалыс» деп жазылған.
Миграцияның мынадай категорияларға негізделген интегралды классификациясы бар, олар: 1) типі;
2) түрі; 3) формасы; 4) себебі; 5) деңгейі.
1) Миграциялық қозғалыстар бір елдің ішінде де, осымен бірге мемлекеттердің арасында да бо-
лады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екі типін бөліп алады: халықаралық
(мемлекетаралық, сыртқы) және ішкі (мемлекетішілік).
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсініктер тән. Біріншісі, жұмысқа
орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқа да себептерге байланысты басқа елге барып
кіруді білдіреді. Екіншісінде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және
эмигрантар болып бөлінеді.
Ішкі миграция дегеніміз – бір мемлекеттің территориясы көлеміндегі қозғалыс. Ішкі миграцияның
ағымдары мынадай бағыттары бойынша бөлінеді: қала – қала; ауыл – ауыл; ауыл – қала;
2) Ішкі және сырт миграция қоныс аудару, қайтарымсыз және тұрақты уақытша миграцияға бөлінеді,
біріншісі тұрақты мекен-жайын, азаматтығын өзгертумен байланысты, ал екіншісі болса жаңа жерде
(жаңа елде ) шектеулі бір уақытпен журуді бейнелейді.
3) Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттің немесе
әр түрлі қоғамдық құрылымдардың (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшілерді жинау, қоғамдық
үндеулер бойынша миграция) көмегі арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған,
яғни мемлекеттің көмегінсіз жүзеге асатын миграция.
4) Миграциялық қозғалыстарды себептеріне байланысты жіктей отырып мыналарды бөліп алуға
болады: экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени, діни, нәсілдік, әскери, демографиялық (отбасының
бірігуі, некелік миграция) және т.б миграция.
Қазіргі кезеңде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды
экономикалық миграция алады.
5) Тұрғын халықтың миграциясы үш деңгейге бөлінеді. Бірінші деңгей, бұл – миграциялау туралы
шешімді қабылдау. Екіншісі, бұл – территориялық қоныс аудару: ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған ми-
грациялар, яғни мигранттың өзінің тәуекеліне байланысты. Үшіншісі – бұл мигранттың жаңа орынға,
жаңа жұмысқа бейімделуі және үйрену деңгейі.
Мемлекеттік миграция саясатының қалыптасу кезеңдерін қарастыратын болсақ, халықтың мигра-
циясы объективті әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде бір-бірімен тығыз байланысты құрамдас
ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
22
бөліктерден тұрады. Яғни, сыртқы миграция: эмиграция мен иммиграция және ішкі миграция (ауыл
мен қала, қала мен қала, т.с.с).
Қазақстан Республикасының миграциялық саясатының тұжырымдамасы бір мезгілде сыртқы да,
ішкі де миграцияны реттеуге арналған. Мұндай саясат мемлекеттің белгілі бір аймақтағы мигрант-
тар қозғалысының ағымы мен құрамына ықпал ете отырып, халықтың саны мен құрамын сақтап
қалуға немесе өзгертуге бағытталады. Оның басты мақсаты экономиканың және халықтың тиімді да-
муын қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды дұрыс орналастыру, оның сапалық құрамын жақсарту,
аймақтардың бірдей дамуын қамту, өмір жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықты
теңестіру болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Тәтімов М.Б. Дербестігіміз – демографияда. – Алматы, 2002.
2. Сатершинов Б.М. Қазақ мәдениетінің кейбір мәселелері. – Алматы, 2005.
Резюме
В статье раскрыта роль миграционных процессов в обществе. Рассмотрены цели, содержание и
сущность концепции миграционной политики Республики Казахстан. Проведен сравнительный анализ
теоретических выкладок западных ученых по данной проблематике. Приведены существующие клас-
сификации миграции.
Summary
The article revealed the role of migration processes in the society. The article considered aims, content and
essence of the Republic of Kazakhstan’s migration policy concept. There was made a comparative analysis
of Western scholars’ theoretical viewpoints on this subject. There were given the existing classifications of
migration in the world.
ӘОЖ (1-925.3) : 008(3) «625»
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – «АЗИЛЬ МӘДЕНИЕТІНІҢ» ЕҢ ЕЖЕЛГІ ОШАҒЫ
Б. СЕЙСЕНОВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
2012 жылдың 15 маусымында елімізде Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында «Жаңа
әлемдегі Еуразиялық мәдениет» атты халықаралық форум дүркіреп өтті. Осы идеяның авторы және
бастамасышы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық форум қатысушыларына
бағытталған құттықтау сөзінде «Бұл форумның Еуразияның ең орталығында – тәуелсіз Қазақстанның
жас елордасы Астанада өтуінің терең символдық мәні бар» деген болатын [2].
Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Жаңа әлемдегі Еуразиялық мәдениет – бұл
бейбітшілік, қайырымдылық және жасампаздықтың мәдениеті. Бұл – жаңа рух, жаңа өмір шындығы!»
дей келіп, Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы
жетістіктерін көрсететін мәдени көрменің қойылымдары, көптеген мемлекеттерден келген қонақтардың
қызығушылығын тудырып отырғандығын мәлімдеген болатын [2].
Көрмеге қойылған тарих пен мәдениет ескерткіштерінде көне дәуірден 37 археологиялық,
33 ғы лыми зерттеулер, мазмұны терең, бірегей әлемдік ғылыми мәдени мұраны қамтитын ондаған
кітап серияларының жиыны, бұған дейін белгісіз болып келген 5 мыңдай қолжазбалар, көне басылым-
дар, б.з.б.-ғы VII-IV ғасырлардың әр кезеңінде болған Есік және Шілікті қорғандарында табылған екі
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
23
«Алтын Адамның» көрмеге қойылуы, Орталық Азия – «Азиль мәдениетінің» ең ежелгі тарихи ошағы
екендігін әлемнің түкпір-түкпірінен келген мәдени форум қонақтарына дәлелдей түседі.
Халықаралық мәдени форумның Астанада өтуінің «терең символдық мәні», міне, осында жатыр.
Осыған орай, Қорқыт Ата университетінің профессоры болған белгілі түрколог ғалым Әнес
Жақыпұлының бұрын жарық көрмеген осы ғылыми зерттеуін жинақтап жариялап отырмын.
Жалпы мәдениет атаулының, оқу-білімінің небір мықтылары Еуропада пайда болып, өзге елдерге
мәдениет түрлері сол жақтан тараған десетін. 1940-1980 жылдардағы оқытушыларымыз бен профес-
сорларымыз, білікті ағаларымыз бен саясаткерлеріміз солай дейтін және сол кездегі оқулықтарымыз
бен газет-журнал беттерінен де осы қағиданы оқитынбыз. Сондықтан бұл пікір миымызда қатталып,
санамызда өшпестей боп жатталып қалғандығы сондай, бес жердегі бес – жиырма бес, басқаша бо-
луы мүмкін еместей болып кеткендіктен, біреу Индиядан не Қытайдан ең алғашқы өнер-білім әлемге
тараған екен, ол бірте-бірте Еуропаға да жеткен десе, оған құлақ аспай, бұны айтқан кісіні наданға
санаушы едік.
Алайда 1970 жылдар қарсаңындағы кейбір жер асты қазбаларынан табылған заттар, ондағы белгілер,
тау жартастарына қашалып салынған суреттер, т.б. дерек көздері туралы мәліметтерді газет-журнал
беттерінен оқи бастадық. Ал Алматы маңындағы Есік қорымынан «Алтын адамның» табылуы – әлемді
таңғалдырғаны мәлім. Бірақ қанша таңырқаса да еуропалық қазіргі ірі саясаткерлердің көпшілігі, шы-
нында да, өркениеттіліктің бастауы Азиядан екен дегендей, ақ ниеттілікпен соңғы әділдігін әлі айта
қойған жоқ. Алайда мұндай ой-түйінін америкалық бір топ ғалымдар 1920 жылдарда-ақ айтқан екен.
Оны атақты академик, археолог А.П. Окладниковтың 1981 жылы шыққан «Палеолит центральной
Азии» деген кітабынан табамыз. Бұл жайлы «Қазақстан топонимикасы» [1] делінетін кітабымызда
біраз салыстырмалы талдамалар жасағанбыз.
А.П. Окладников кітабының қысқаша мазмұны былайша: 1922-1930 жылғы америкалық археолог-
тардың жетекшісі Р.Ч. Эндрьюс Моңғолияның Гоби шөлінен тапқан археологиялық олжаларының
сенсациялық (күтпеген таңғаларлық) оқиға болғандығы жайлы «По следам первобытного человека»
(Алғашқы адам ізі бойынша) деген еңбек жазған. Осы кітабында моңғолша бай сексеуіл ұғымындағы
Байндзак дейтін жерден 20 мың жыл б.з.б.-ғы дюн тұрғындарының мекені табылғандығын, ол ме-
кеннен алынған олжалар 1887-1889 жылы француз археологі Э. Пьет Францияның оңтүстігіндегі
Мад’ Азиль үңгірінің маңынан тапқан, кейін ол «Мад’ Азиль мәдениеті» [2] аталып кеткен (б.з. дейінгі
15 мың жылдыққа жататын) дүниелердің (шақпақ тастан істелген тескіш, қырғыш, және садақ, балық,
өсімдік, т.б.) қалдықтары көшірме сияқты, ұқсас болғандығын сөз етеді. Академик А.П. Окладни-
ков Р.Ч. Эндрьюстің «Моңғолия – адамзат алғаш пайда болған ғана жер емес, осы жерден біздің түп
аталарымыз бүкіл жер шарына тараған, миллион жыл бұрын Гоби (Көп +үй – Ә.Ж.) даласы жасыл
жапырақты жылы аймақ боп тұрғанда, Европа мен Американы мұз басып жатқан» дегенін айта келіп,
өз экспедициясындағы палеонтологтердің Қазақстан және Солтүстік Двина жерінен тапқан қазбалық
олжалары да Р.Ч. Эндрьюс пікірін қуаттайтынын мәлімдейді.
Сөйтіп, Эндрьюс өз экспедициясы құрамындағы Г.Ф. Осборн, геолог Берди, археолог Нельсон
пікірлеріне сүйеніп, Азиль мәдениетінің негізін жасаған ол жерге (Гоби даласы құрғап, шөлге айналған
тұста) коныс аударған байндзактық дюн тұрғындары болар деген пікірде болса, оның бұл пікірін
Нельсонның жаңадан ашқан қазбалық олжалары Ордостан кездестірген Э. Лисан мен Тейяр де Шар-
ден сияқты атақты ғалымдардың археологиялық олжаларымен ұқсастығы бекіте түскен.
Сөйтіп, олар тас дәуіріндегі адам қолымен ең алғашқы бұл тұрмыс құралдарының жасы
палеонтологиялық жылнама бойынша, б.з.б.-ғы жүз мың жылдықты аңғартады деген тоқтамаға келген.
Бірақ жоғарыда айтылған 1887-1989 жылы Э. Пьет ашқан ғажайып (сенсациялық) жаңалық 100 жыл дай
бүкіл әлемді шарлап, екі ұрпақ оны мақұлдап, қаншама теориялық (қағидалық) кітаптар жазылғандық-
тан, барлық ғылым, білім, өнер, мәдениет Еуропадан тараған деген наным-сенім әбден қалыптасып
кеткендіктен, мұны керісінше екен дегенге бір адам, екі адам емес, бүкіл елді қалай иландырарсың?
Оның үстіне ғасырлар бойы үстем болып келген батыстық болған-толған мемлекеттердің саясаткер лері
мен мемлекет басшыларының және ұлтжанды ғалымдарының өркениетті о баста Азиядан үйреніппіз
деулері намыс емес пе? Бұл мырзалардың толық мойындамау себебі: Р.Ч. Эндрьюс, Тейяр де Шарден,
А.П. Окладников дәйектемелері нақпа-нақ болғанмен, ол ұқсастық қана, олар жылнамалық жағынан
қателесуі мүмкін әрі жер шалғай, жол қатынасы бүгінгідей емес, сонау Моңғолиядан Францияға бұдан
ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
24
20 мың жыл бұрын тастан жасалған құрал-сайманын арқалап не үшін келе қойған? Ал бұрыннан техни-
касы, завод-фабрикасы, т.б. жедел дамыған Еуропадағы өркениеттік Азияға бірте-бірте жетуі шындыққа
саяды. Сондықтан бұл – мүмкін емес дегендік.
Расында да Байндзактағы (Гоби шөліндегі) дюн тұрғындары Францияға қашқан және қалай жеткен?
Бұған қандай тірек көздері бар, ел тарихы, жер тарихы бұл жайлы бұлтартас дәйектеме бере ала ма?
Иә, Франциядағы Мад’ Азиль мен Моңғолиядағы Байндзак тас құралдарының ұқсастығы кездейсоқ
және жылнамалық дәуірлемесінде қателік болуы мүмкін дейік. Бірақ бұл қателік бірер ғасырға немесе
бірер мың жылға емес, 15 мыңға қателесуі тым нанымсыз. Оның үстіне бұл тұжырымды жасағандар,
түптеп келгенде, еуропалық білімді археолог, палеонтолог-геологтар.
Егер Мад’ Азиль атауы Байндзак тұрғындары делінетін дюн сөзінен басқа ғой дейтін болсақ, онда
Азиль жұртының көші-қон сілемдеріне назар аударалық. Бұл сөз қазіргі моңғол сөздігінде сақталмаған:
Аз не Ааз не Аазил немесе Аазел қалпында да жоқ, тек аазай-х аазас, аазгер түрінде кездесіп, мыр-
тию, мыртың қағу, мыртық, келте, шолақ деген ұғымда айтылады [3]. Демек, моңғол тілінде (Алтай
тобындағы жалғамалы тілдердің бірі бола тұрса да) бұл сөздердің Аз немесе ел деген ұғымы болмағаны,
біріншіден, 20 мың жыл бұрынғы болғандықтан ұмытылған, қолданыстан шыққан да болар, екіншіден,
Аз елі тұтастай Гоби жері шөлге айналған соң, ата мекенінен ауа райы қолайлы көрші аймаққа, бірте-
бірте Еуропаға, Солтүстік Африкаға, т.б. жерлерге қоныс аударуы мүмкін.
Алайда Моңғолия жеріндегі Орхон-Енисей өзені бойында, Күлтегін жазу ескерткіштеріндегі « Қырқ
аз будунығ уда басдым-Қырық аз халқын ұйқыда бастық... Аз будун йағы болты-Аз халқы жау болды»
(Күлтегін, 35, Күлтегін үлкені, 42) деген сөйлемдегі «Аз» сөзі халықтың атауы екендігінде ешбір дау
жоқ [4]. ХІ ғасырдан біздерге жеткен М. Қашқари сөздігінде «Аз» сөзінен жаңа сөз (жұрнақ арқылы)
ретінде туындаған 53 сөз бар екен. Ал түркі тілдерінің көпшілігінде дерлік «Аз» сөзінен басталатын
түбір сөздерді олардың түсіндірме сөздіктерінен көптеп кездестіруге болады. Мысалы, қырғыз тілінде
«Аз» сөзі түбір сөз болып, одан жұрнақ арқылы жаңа туынды сөз 100-ден артығырақ [5]. Өзбекше-
орысша сөздікте – 32 сөз [6]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Аз» сөзінен туындайтын 93 сөз
бар (1974 ж). Тіпті сөздің шығу төркінін тарихи салыстыру әдісімен зерттелген түркі тілдерінің
этимологиялық сөздігінде (Э.В. Севортян) «Аз» сөзінен өрбитін 20-дан астам атау сөздер, түркі тілдері
бойынша салыс тырыла талданып, бұл сөз олардың бірінде «аж», бірінде «ас», тағы бірінде «ач»
делінгенмен, түптік мағынасы «аз» (шамалы) екені айтылады. Автор, Э.В. Севортян «А:З – аз» сөзі осы
ұғымында бірер дыбыстық орын алмасуларымен финн-угор (эстон, мари, удмурт, коми) тілдерінде де
айтылатынын сөз еткен [7].
Жоғарыда айтылған сөздіктердің бәрінде дерлік азал/әзел деген сөздердің мағынасын ежелде, ертеде
деп жазған, тек М. Қашқаридың «Диуани луғат ат түрк» сөздігінде [8] ғана « Эзгіш/экзіш (өзгіш) – түрік
қабиласи – название тюркского племени (122, 89-7), Азіғ-қишлақ номи – назв. деревни, село Азчан-жай
номи – назв. местности (1, 156-7). Азак-угуз бекларидан бириниң исми – имя собст. (1-т. 97-б)» делінген.
Бұған басқа да тағы да біраз дәйектемелерді тірек етуге болады. Мысалы, білікті ғалымдарымыздың
бірі профессор Т. Қожекеев «Тарих тамшылары» деген ғылыми мақаласында: «Ішкі-сыртқы тартыс-
та әлсіреп отырған түргештер ешбір қарсылық көрсете алмады. Ақыры, 766 жылы құлады да, ор-
нына Қарлұқ қағандығы келді. Жетісу жерін жайлаған тухси, шігіл, азкіші, халаж, жаруқ, арғу, ба-
рысхан сияқты көптеген түркі тектес тайпалар енді қарлұқтар қол астында қалды» дейді. Руникалық
ескерткіштерге байланысты зерттеушілердің бірі А. Аманжоловтың «Түркі филологиясы және жазу
тарихы» кітабында «Түнйұқұқ ескерткіштерде ...Түрік есір бодун йерінде... Түрік есір (бүркіт) халхы
жерінде» деген жолдар бар (1996. 59-б).
Егер «түркі тілдеріндегі ең ежелгі сөздер бір буынды болған» деген қағиданы, тіліміздің буын
және дыбыс алмасу заңдарын ескерер болсақ, жоғарыда келтірілген сілтемелердің бәрінде де Аз елі
атауы «менмұндалап» тұрғанын аңғарамыз. Ең әрісі « есір халқы» дегендегі « есір» сөзінің өзі де түп
төркінінде «Аз +сір» деген тайпалық не аталық атаудан әуелі буын үндестігі бойынша аз-сыр, әзсір
және кейінді ықпал заңымен қатаң с дыбысы өзінен бұрын айтылған ұяң з дыбысын өзіне ұқсастырып
немесе керсінше әссір/ аззыр деумен, айтыла-айтыла келе қатар келген аттас екі дыбыстың бірі сусып
түсіп, кіріккен сөз қалпымен сол заманда-ақ есір, кейін асыр/әсір атанып кетуі де мүмкін. Батырлар
жырында айтылатын «Асыр да асыр асыр-ды. Аққа құлпы жасылды» дегендегі асыр осы шығар.
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
25
Ал бүгінгі күндері «әсір» аталып жүрген (Он екі ата Байұлының бір тармағы 4 Маңғыбай, 5 Шұңғырға
қосылатын) Жаманқара және Әсір аталығы Қызылорда аймағында баршылық. Бұл – сол Аз елінің
ұрпақ жалғастығы не «Аз» және «Сір» деген халық болғандығының куәгері болуы ғажап емес. Осы
халықтың ортасында дүниеге келгендіктен, Әсірбай/Азырбай, Әбіләз, Әскербек, Әсел, Әселхан,
Астанақұл, Әз Жәнібек (Қыпшақ Сейітқұл, Тама Есет батыр деген сияқты), т.б. кісі аттарын да
ескерген жөн сияқты. Мұндай есімдерді шежірелерімізден де кездестіруге болады. Айталық, «Ораз
Бессары – Беріштің төртінші баласы Бейбіттен тарайтын Кишкеннен туылады» дейді М. Ниеталиев [9].
Ал Ораз делінетін кісі есімдерін Қорқыт ата кітабынан бастап, көптеген жазбаша әдебиеттер ден,
т.б мәліметтерден оқи аламыз. Ал әзелде/ежелде деп қазіргі тілімізде де айтылып жүр. Егер бұған та-
рихи жазба дәйектемелер қажет болса, онда тағы бірнеше тарихи зерттеу еңбектерінен сілтеме жасап
көрейік. «М. Қашқаридың, Гардизидің, Абулғазының, Рубруктың, Рашид ад-Диннің жазбаларында,
қыпшақтардың құрамына бұл өңірді мекен еткен қимақ (имақ), қаңлы, печенег, башқұрт, қарлұқ, баян-
дур, оғыз, аз, т.б халықтар енген» [10] делінген, ҚазССР-ның қысқаша энциклопедиясында.
Мұнда аталған Аз халқы қыпшақтардың құрамына кіргеннен соң бірте-бірте жеке халықтық «Аз» де-
ген атауынан айрылып, жергілікті тұрғындармен кірігіп, күрделі атауға да ие болғандары бар. Біздің бұл
ойымызды Астана делінетін елді мекен атауы айғақтап тұрғандай. Бұл сөз Қазақ Совет энциклопедия-
сында былай сипатталады: Астана – Дешті Қыпшақ заманындағы (ХІІ-ХV ғғ.) Қобда өзенінің бойындағы
кенттің (қаланың) орны. Тұрған жері – Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қарасу өзенінің Ұлы Қобдаға
құятын сағасы. Қақпа тастан жасаған дінгектердің орны, бұзылған қабырғалары ХІХ ғасырдың соңына
дейін сақталып келді. Астананың діңгектері құрылысы жөнінен Кеңгір бойындағы Домбауылдың не-
месе Аягөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешеніне ұқсайтыны аңғарылады (ҚСЭ, 1-т., 1971).
Бұған Ассирия, Ассам атауы да мысал (Аз+Сір, Аз+Сам елдері – Ә.Ж.)
Е.Б. Бекмұхамбетов «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» деген кітабында (1977) «азамат, азан, азап»
сөздерінің және Л.З. Рустемов «Казахско-русский толковый словарь арабско-иранских заимствованных
слов» делінетін еңбегінде (1989) «азимут, азурит» сөзінің де қазақ тіліне араб тілінен енгенін жазған.
Егер арабтар семиттермен туыстас екендігін, семит халықтары б.з.д. үш мың жылдықтан бастап
Қосөзен бойы (Евфрат, Тигр) мен Сирияға қоныстана бастағанын, б.з.д. ІV-VI ғасырында біркелкі араб
халқының мемлекеті қалыптаса келе, б.з.-дың 630 жылы араб мемлекеті толық құрылғанын (ҚСЭ, 1-т.,
1972) ескерер болсақ, жоғарыдағы сөздер «қазақ тіліне араб-парсы тілінен енген кірме сөздер» дегенге
сену қиын. Өйткені аз (елінің) сөзі б.з.д. 20-15 мың жыл бұрын бар сөз.
Осы сияқты «Астана, Аспан, аспап» сөздері парсы тілінен қазақ тіліне ауысқан (жоғарыда
аталған арабистердің пікірі) деушілердің пікірлері дәлелсіз. Бұл үш сөздің түп төркінінде Аз+тана,
Аз+пан, аз+пап деген екі-екіден негізгі түбір сөз бар екені түркі, оның ішінде қазақ тілінің дыбыс
үндестігіне және ең ежелгі сөздер бір буынды болған (б.з.д. ІV-ІІІ-ІІ мыңыншы жылдарға дейін Олжас
Сүлейменов «АЗиЯ») деген қағидаға, оның үстіне б.з.б-ғы ІІ-І ғасырда парсы еліне қоныс аударған
түркілік бақтиярлар сол жерде Бақтияр мемлекетін құрғанына назар аударсақ, бұл сөздер түркілік
тақырыбымызға негіз боларлық Аз елінің Аз+тана (2 этнос аты), Аз+пан, Аз+пап (Аз елінің аспаны,
аспабы – түркі сөзі) деген кіріккен түбірлі күрделі сөзі болмақ. Мұнда «з» дыбысы, кейінді ықпал заңы
бойынша қатаң «п» дыбысының ықпалымен қатаң «с» дыбысына ауысуы ғана ол сөздердің байырғы
тұлғасын бүркемелеп тұр.
Құдалық белгісі – сый, сыйт (кит), қоныстық белгісі – бейіт дегенді нысана етсек, жағрафиялық
картадағы Аз елінің көші-қон сілемдері Астанадан шығып, Ордазыға (Орда+азы), одан әрі Арал
теңізінің бір қойнауының аты – Азауға жетіп, одан әрі Азов теңізін жағалай жылжып, Әзірбайжанды,
бірнеше мың жыл Кавказ тауы аймағын шарлаған сияқты, Аз+йер+бай+жан, Кав+к(һ)+аз аталуы да
солай деп тұрғандай.
Асылы, Аз елінің Гоби шөлінен қоныс аудару бағыты 3-4 торапқа бөлінетін сияқты. Оның бірінші
көш сілемі жоғарыдағыша Сыр – Арал – Азов – Кавказ бағытымен Францияға жеткені аңғарылса,
екінші көш сілемі Орта Азияның Оңтүстік батысына қарай Сыр-Әму және Иран – Ирак елі арқылы Кіші
Азия (Аз кіші) Арабия жерімен Африкаға жеткен де болар. Арабия еліндегі Эль-Азхар (оқу орнының)-
атауы Аз елі осы жерге де орын тепкен дегендей бізге ой салады. Ал Шығыс-солтүстік Индиядағы
Ассам (Аз+сам=2 ел аты – Ә.Ж.) аймағы Аз елі біздің жерге Оңтүстік-шығыс бағытымен: Қаратау
ҚМУ ХАБАРШЫСЫ 2 (34) 2012
26
қойнауындағы Астау қобы (Аз+тау+қобы. – Ә.Ж.). Жетісу, Тараз, ( Тар+аз=2 этнос. – Ә.Ж.), Тянь-
Шань асуларынан өтіп, сонау б.з.д. бірнеше мың жыл бұрын-ақ келген деп тұрғандай.
Қорыта келгенде, біздің бұл пікірімізді Қазақ Совет энциклопедиясы былайша толықтырады: «Тас
дәуірі Ашель кезеңіне жатады. Олар Кавказ, Азов, Днестр жағалауларына, Орта Азия мен Қазақстан
жерлеріне тараған. Кавказдағы Кударо, Цон, Азых үңгірлерінен неонтроптар дәуірінде өмір сүрген
аңшылар мекені, Қырымдағы Киік – Қоба, Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен неантроптар бейіті та-
былды» дей келіп [11], Ашель мәдениетінің таралым шеңбері, орны мен жылнамалық дәуірі жайлы
«Ашель мәдениеті алғашқы палеолит дәуірінің мәдениеті Шель мәдениеті мен Мустьер мәдениетінің
аралығында болған. Амьен қаласының (Франция) төңірегінде «Сент-Ашель» деген жерден табылған
б.з.-ғы 400-100 мың жылдықтар аралығында Ашель ( Азель – Ә.Ж.) бүкіл Африканы, Оңтүстік Еуропаны,
Азияны қамтыған. Ашель мәдениеті дәуірінде адам алғашқы қауымдық құрылыстың әуелгі әр түрлі тас
құралдарын пайдаланған синантроптардың мекені болған Чжоукоудянь үңгірінен (Қытайда) табылған
заттар да осы мәдениетке жатады» деген тұжырым жасағаны 1970 жылдардың оқырмандарына, әсірісе,
зиялыларымызға аян [12].
Міне, Еуропадан мәдениет бастау алған делінетін мәңгілік ұғымының қысқаша арғы-бергісі осын-
дай. Әзірге бұған талас жоқ, тек біз эпиграф еткен Әл-Фараби қағидасы бойынша оның шығу тегі, ең
ежелгі ата жұрты – Орталық Азия (Олжас Сүлейменов айтқандай, «АЗиЯ» дегенде де Аз елінің мекені
атынан байқалғандай), Гоби ( Көпүй – Ә.Ж.) мен Орталық Қазақстан, Ордос екендігі талассыз болса
керек. Оған біз іздестірген Аз елінің көші-қон сілемдері толық куәгер.
Қысқаша айтқанда, Орталық Азия – Азиль мәдениетінің ең ежелгі ошағы.
Әдебиеттер:
1. Жақыпұлы Ә. Қазақстан топонимикасы. – Қызылорда, 2002. – 124 б.
2. Қазақ Совет энциклопедиясы. ІV том. – Алматы, 1972.
3. Базылхан Б. Моңғолша-қазақша сөздік. – Улан-Батор – Олгий, 1984.
4. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – Алматы, 1995.
5. Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. – Фрунзе, 1985.
6. Акабиров С.Ф., Михайлов Г.Н. Узбекско-русский словарь. – Ташкент, 1988.
7. Севортян С.В. Этимологический словарь тюркских языков. – М., 1974.
8. Махмуд Қашқари. Туркий сузлар девони (Девони луготит турк). – Ташкент, 1960. – Т. 1.
9. Неталиев М. Бессары – Беріш қайдан шыққан? // Атамекен. – 2001. 24 қазан.
10. Қаз ССР-ның қысқаша энциклопедиясы. І том. – Алматы, 1984. – 309 б.
11. Жақыпов Ә., Сейсенов Б. Әлемге әйгілі Қорқыт Ата тағылымы егеменді елімізде. – Алматы:
Философия және саясаттану институты, 2001. – 218 б.
12. Қазақ Совет энциклопедиясы. Х том. – Алматы, 1977.
13. Қазақ Совет энциклопедиясы. І том. – Алматы, 1972.
14. «Парасат» журналы. – 2002. – № 9.
Резюме
В статье, опираясь на исследования зарубежных археологов и анализируя корень слова «Аз» из пись-
менного памятника Култегин, автор пришел к выводу о том, что Средняя Азия является самым древним
очагом «культуры Азель». Доказывается, что слово «Астана» вовсе не является словом из персидского
языка, а восходит к тюркским корням.
Проведение международного форума «Новая мировая Евразийская культура» в столице Казахстана
и выставки в рамках Государственной программы «Мәдени Мұра» вызвали живой интерес у гостей.
Особенной популярностью пользовались два памятника культуры Золотого человека VII-IV вв. до на-
шей эры, найденные в разное время в курганах Есик и Шиликти. Это еще раз доказывает актуальность
содержания статьи.
ҚОҒАМДЫҚ ҒЫЛЫМДАР
27
Summary
In accordance with foreign archaeologists’ investigations and analyzing the root of the word «Az» from
Kultegin written monument, the author made a conclusion that the Central Asia is the most ancient heart of
«Azel culture». It is proved that word «Astana» is not Persian one, but it is originated from Turkish roots.
The fact is that «New World Eurasian culture» international forum and the exhibition within the bounds
of state program «Culture Heritage» have been held in Kazakhstan’s capital provoked a great interest of our
guests. Two culture monuments of «The Gold Man» (VII-IV B.C.) that were found in different historical
periods in Esyk and Shylykty mounds gained a special interest. This fact proves the article urgency once again.
ӘОЖ 008:008.2 : 316.722:572.026
Достарыңызбен бөлісу: |