Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Өзіне жеке бір бөлмені босатып бердік. Күнде таңертеңгі тамақтан кейін қоймай 
отырып ән айтқызам. Дайындалып жаттыға бер, әніңді жазып аламыз деймін. 
— Қой, Жүсіпбек, мені мазалама. Сексеннен асқанда менде ән айтатын не 
қауқар қалды дейсің. Өзіңе ғана әлсіз дауысыммен, сұраған әндеріңді айтып 
берейін деп, мына балалайкамды ала келдім, — деп көнгісі келмейді. 
— Мен бұдан бір сәт ажырай алмаймын. Бұл менің өмірлік жолдасым ғой. 
Кешегі қайғы басқан қиын жылдарда тек осы ғана сырымды ұғар сырласым, 
зарымды ұғар мұңдасым болмады ма. Кейінгі кезде домбыраға қайта ауысуға 
болар еді. Оған дәтім бармады. Ауыр күндерде серік болған сырласымды тас-
тай алмадым. Кейбір әндердің балалайкаға көнбейтінін білем. Бірақ, амал 
жоқ! Тастай алмадым. Қиын кездегі жан аяспас досын бас пайдасы үшін сатып 
кететін жаман жолдастай болмайын деймін. Мен оны өлмей тастамаймын, — 
дейді. Дегенмен, сол жолы оның біраз өлеңдерін жаздырдым. 
Тоқбай ақсақал бір ай жатып, ауылына қайтты. Содан екі жылдан кейін 
қайтыс болды деген хат келді. 
— Е-е! Бұл жалғаннан кім өтпеді дейсің, — деп Шәкен де күрсінеді. 
Тоқбайдың өлімін естігенде, Жүсекең шалқасынан жатып алып, «Екі 
жиренді» қайталап айта берді. Басқа дүниені ұмытқандай ойға батты. Дом-
бырасын кеудесіне қойып алып, «Екі жиренді» Тоқбайша ұзақ айтты. Жанына 
келіп тұрған мені де байқамады. 
— Не болды сонша, жас кеткен боздақ емес қой. Тоқсанға жақындап арман-
сыз жасаған шалға сонша күйзелгенің не? — деп кейістік білдірдім. 
— Ай, Хабиба-ай, армансыз кететіндей сол көп жасты қайбір қызықты жа-
сады. Бойында таланты бола тұрып, өмірден өз орнын таба алмай өксумен 
өтуден жаман нәрсе бар дейсің бе. Ол өз бойында өлшеусіз өнер жатқанын да 
біле алмай кетті ғой. Тағдырдың ауыр салмағы бір сәт бойын жазғызбады. Тек 
күңірене зар шеккеннен басқа не көрді. Сексен жыл азапты ғұмыр кешкенше, 
қырық жыл шалқып өткен артық емес пе. Тоқбай басынан өткізген өмірінің 
арман-мұңын, сағыныш-аңсауын «Екі жиренге» беріп кеткендей көрінеді. 
Тоқбай өмірін еріксіз көз алдыма келтіріп, ойым ұйытқып, алай-түлейі шығады, — 
деп жылап жіберді. Мен де шыдап тұра алмадым. 
Шәкен екеуінің «Екі жиренді» жақсы көретіні осындай сыр-мағынасын жете 
түсінгендіктен шығар деп ойлаймын. 
Шәкен жаратылысы бөлек, мінез-құлқы өзгеше, өмірге көзқарасы басқа-
ларға ұқсай бермейтін ерекше жан еді. Сырт көзге ашу-реніш дегенді білмейтін, 
тек ойын-сауық құрып думандатып жүретін сал-серілердей көрінетін. Рас, 
Шәкен жалғыз жүргенді ұнатпайтын. Былайғы жұрт та оған үйірсек келетін. Ау-
зынан шыққан сөзге дуылдаса күлісіп мәз болады. 
Шәкен дүние-мүлікке, ақшаға қызыққан жан емес. Барды қанағат қып, 
жоққа ренжімей жүре береді. «Жомарттың қалтасы тесік» дегендей ақшаның 
бет-жүзіне қарамайтын. Өзінде бар болса, сұраған адамның қолын қайтарған 
емес. Кейде өзінің қарызға батып жүретінін қайтерсің. 
 Тегінде, шынайы өнерпаздардың табиғаты солай жаратылған-ау деген ойға 
келесің. Осындайда:
Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын,
Болсам да малға кедей, тілге баймын. 
Күніне жүзді беріп мыңды алсам да, 
Қалтамның түбі тесік байымаймын, —
деген Шашубай атамыздың өлеңі есіңе түседі. Шәкен де Шашубай сияқты 
«күніге жүзді беріп, мыңды алса да» байымайтын, қолы ашық, жаны жо-
март, өнерпаз болатын. Анау-мынау қиыншылықтарға мойымай, қашанда 
жайраңдап, күліп-ойнап жүретін еді. 
Шәкен Хадиша екеуі от басында шүйіркелесіп отырмаған шығар. Қашанда 
бір-екі жігіт бірге жүреді. Кейде Хадиша:
— Сен осы өз үйіңе жеке келуге жол таба алмайсың ба? Жолбасшың, 
атқосшың бірге жүреді. Ертелі-кеш қонақ күту маған оңай дейсің бе? — деп 
реніш білдіретін көрінеді. 
Шәкен үй ішінің шаруасына ұқыпсыз еді. Оны былай қойғанда, үш баланың 
әкесі болғанша, Хадиша екеуі неке қағазына тіркелмеген болатын. Кейде ойына 
түскенде маған: «Хабиба, сен бізге куә-жолдас болып апарып некеге тіркетсейші. 
Біз жаңа үйленген жас жұбайларға ұқсап, жолдастарды шақырып той жасайық. 
Бізді киіндіріп, сызылтып бір жерге отырғызып, «ащы, ащы» деп айқайлаңдар. 
Біз бұрын сүйісіп көрмегендей, төмен қарап қысылған болайық, — деп күлетін. 
Мен қайбір жылпос адаммын. Шәкеннің сол тілегі орындалмай-ақ кетті. 
Шәкен ұнатпайтын адамын реті келгенде өткір қалжың, ащы мысқылменен 
түйреп-түйреп алатын. Табан астынан ойға келе бермейтін ұтымды сөз тауып 
айтады. Ол сөзі сондай өтімді болушы еді. 

88
Òîïæàðªàí
89
II. Өнерпаз жолы
1958 жылы қазақтың атақты күйшісі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі, 
қазақ драма театрының алғашқы актерлерінің бірі Әбікен Хасенов қайтыс болды. 
Әбекеңді ақтық сапарға шығарып салуға көп адам жиналды. Үкімет тарапынан 
көмек керек болған соң, Жүсіпбек пен Шәкен екеуі жәрдем сұрап көркемөнерді 
басқарып отырған бір үлкен кісінің алдына барады. Жай-жапсарды айтып, 
көмек беруін сұраса, әлгі кісі Әбікеннің кім екенін білмей-ақ қойыпты. «Ол 
кім дейсіңдер, қандай еңбегі бар?» — деп қайталап сұрай беріпті. Жүсіпбек 
көркемөнерді тікелей басқарып отырған адамның Әбікенді білмегеніне ыза бо-
лып, ерсілі-қарсылы жүріпті де қойыпты. Шәкен әлгі кісінің бетіне қарап, бір сәт 
мысқылдай жымиып отырады да: «Апыр-ай, ә, қандай өкініш... Осы уақытқа 
дейін, «Саржайлау» мен «Сылқылдақты» бір естімеген екенсіз. Онда сізге қалай 
түсіндіруге болады?!» — деп орнынан тұрып жүріп кетіпті. 
Шәкен күлкі шақырып тұрған нәрселерді көрсе бітті, іліп түспей қоймайтын. 
Ол қалжыңға келгенде, алысым, жақыным, келінім, әйелім деп қарап жат-
пайтын, тек қармағына ілінсең болды. Оны өзі әдемілеп айтып бергенде, 
тыңдаушылар есі кете күледі. 
Кейде Хадишаның қылықтарын айтып күлдіреді. Шәкеннің үйіне кештеу 
қайтатын әдеті. Кейде жолдастармен мәжілісте отырып қалады, кейде бил-
лиард ойнап кешігеді, әйтеуір себеп табылады. Күйеуінің кешігіп келгенін қай 
әйел жақсы көрсін, Хадиша да ашу шақыратын болса керек. Әйелдердің қолына 
ақша тисе, көңілдері тез жадырайтынын жақсы білетін Шәкен үйге кірісімен, 
сөзге келтірмей Хадишаның қолына ақша ұстата қоятын көрінеді. Хадиша, бұл 
ақша еңбекақы ма, әлде көлденең табыс па, тіпті мен көшеден тауып алдым 
ба, оның бірін де ойламайды. Тіпті санамайды да, бергенімді ала береді. Со-
сын мен тұтас бермей тұр-ау деп ойлайтын болу керек, екі алақанын жайып: 
«Өзгесі қайда?» — дейді деп күлдіреді. Хадишаның қимыл-қозғалысын, сөзін 
айнытпай келтіріп, ептеп тұздықтап айтқанда, ішек-сілеңді қатырады. 
Шәкеннің қалжыңы түрліше болып келеді. Жай күлдіру үшін айтатын 
қалжыңы және ажуалы мысқыл қалжыңы болатын. 
Тағы бірде бір сұлу келіншек:
— Осы әйелдер Шәкенді несіне жақсы көреді екен? Әйелдер сұлу жігітке 
қызығушы еді. Шәкеннің бетін қараңдаршы. Соқа салған жерді тырмалағандай 
айғыз-айғыз. Осындай бетке де ғашық болады екен-ау, — деп тиісті. Шәкен әлгі 
сұлудың бетіне қарап мысқылдай күліп, қадалып қалыпты. «Қара, қара менің 
бетімнен қандай мін табар екенсің» дегендей қасын кере түсті. 
Шәкен келіншектің бар-жоғын есінен шығарғандай, жанында отырғандарға 
сөйлей жөнелді. 
— Жаратылыс адамға он екі мүше берді. Олардың әрқайсысының өз 
атқаратын міндеті бар. Соның ішіндегі ең басты мүше бас. Ол басқа мүшелерге 
басшылық көрсетіп, түзу жолға салып отырады, ойлайды, толғанады. Жақсы-
жаманды айырады. Ой арқылы қиналасың, қайғырасың. Саналы ой сөзсіз 
адамға әжім түсіреді. Түк ойламайтын, қалпын өзгертпейтін, ойсыз мүше — әжімсіз 
жер. Қолмен сипасаң, жұп-жұмсақ, жып-жылмағай нәрсе менде де бар, — деді. 
Басқалар дуылдасып күлісіп жатыр. Кексіз қалжың сияқты. Бірақ... 
Шәкен біреудің әдепсіз сөзін естігенде, не өзін үлкен өнерлі адаммын деп 
санайтын бөспелерді көргенде, үндемей бетіне қарап отырып қалатын. Басқа 
бір жерде әлгі адамның сондағы кейпін айна-қатесіз салып, жұртты қыран-
топан күлкіге батыратын. 
Бірде Әлжаппар Әбішевтің үйінде көп адам бас қостық. Мұндай жиында 
Шәкен жанып кетеді ғой. Сол кезде бір-екі ауыз өлең құрағанына кеудесін қағып, 
беталды лаға беретін бір ақын болушы еді. Шәкен желпініп, өзін сол ақынмын 
деп жариялап сарнай жөнелді. Өлеңіне күліп, сөйлеген адамдарға өлеңмен 
жауап береді. Жүсекең бірдеңе дей беріп еді, оның да аузын аштырмады. 
Ей, Жүсеке, үйтіп абзыбайт қылма сен, 
Простой халықтың айтқанына көнбеймін мен. 
Атақты алтын тәтемнің ізін басқам,
Маған ешкім келмейді тең. 
Мен өзім Ж... деген ақынмын. 
Кәнеки, кім шығады айтысуға,
Қарсы шыққан болады маған жем. 
Осындай өлең тауып айтшы, кәнекей, 
Арам тер боп қалады ол.  
Жұрт қыран-топан күлкіге батты. Әсіресе, екі адам ішегі түйіле күліп, өз 
қалпына келе алмай қойды. Біреуі Жүсекең, екіншісі инженер жігіт, күле-күле 
орындықтан құлап қалды. Ақыры болмаған соң Шәкенге тыйым салынды. 
Тегінде, Жүсекең күлкішіл адам емес. Қырық жылдан аса отасқанда оның 
қатты күлгенін екі-ақ рет көрдім. Екеуінде де Шәкен себепкер болып еді. 
1943 жылы қазан айында М.О. Әуезов аудармасымен У. Шекспирдің «Асауға 
тұсау» пьесасы қойылды. Қазақ театры тарихында бұл да бір үлкен белес еді. 
Әрине, аударма пьесаның қойылуы бір бұл емес. Бұдан бұрын да Шекспирдің 
«Отеллосы», Гогольдің «Ревизоры» сияқты т.б. орыс және шетел классикалары 
қойылған. «Асауға тұсау» спектаклінде Шәкен мен Хадишаның жеке кездесетін 
жерінде, кірпік қақса атылатын тағыдай, астары көп құдіретті әзіл сөзін тежей 
ұстап, бірін-бірі үнсіз аңдып, көздерінен от шашып, тек көзбен ғана шарпысатын 
сәттері, сөзбен қағысқаннан да көрермен қауымға артық әсер береді. Бірі бірінің 
тапқырлығына іштей сүйсіну, таңдану бола тұрса да, сыр беріп тізе бүккілері кел-
мей, тәкаппарлана шалқақтай түседі. Екеуінің бір-біріне қайтаратын өткір де уытты 
әзіл сөздеріне, қозғалыс, қимыл-әрекеттеріне көрермендер дуылдай қол соғып, 
мейірі қана мәз болады. О. Сандлердің шаттық сезімге арнайы жазғандай отты 
да серпінді, бойыңды еріксіз билеп әкететін сезімге құрылған әсерлі музыкасы 
ойнай жөнелгенде, сахнадағы кейіпкерлерді музыканың қызулы шарпуы өзіне 

90
Òîïæàðªàí
91
II. Өнерпаз жолы
бірден үйіріп алады. Орғыта басқан тұлпардай, музыка ырғағымен елпілдей ере 
жөнеледі. Кейіпкерлер ғана емес, тіпті көрермендердің өзіне де, денеңді елеурет-
кен, жаныңды жадыратқан әсерлі өзгешелікті сезінесің. «Асауға тұсауда» Шәкен 
Петруччио рөлінде, Хадиша Катарина рөлінде ойнайды. Спектакльдің ортасына 
қарай қызықты оқиғалар шиеленісіп, көрермен күлкіден жарылып отырған тұста 
Петруччио мен Катарина және олардың қызметшісі Грумио (С. Телғараев) екі ат, 
бір есекке қарғып мініп шаба жөнелді. Бұл — спектакльдің ең күлкілі тұсының 
бірі. Жұрт көпке дейін күлкісін баса алмай қойды. Біз залдың оң жағында отыр-
мыз. Бір кезде жұрттың бәрі бізге қарап қалыпты. Мен де сахна қызығына беріліп 
байқамаппын. Бойымды жиып, жан-жағыма қарасам, қасымдағы Жүсекең екі 
жағына кезек теңселіп, әлі күліп отыр екен. Жұрттың оған қарап отырғанында ісі 
жоқ. Айналадағылар енді Жүсекеңе күле бастады. Мен елден ұялып, Жүсекеңді 
түрткілеп қой деймін. Оны елеп жатқан Жүсекең жоқ. Әлден уақытта есін жиып: 
«Шіркіндер-ай, мұндай да ғажап болады екен-ау», — деп өзіне-өзі келді. 
Жүсекеңді есінен тандыра күлдірген Шәкен бастаған өнер өрендері еді. Шын 
мағынасындағы көрермендердің құдіреттілігі осылай болуға тиісті. Нағыз өнер 
ғана адамның жан сезімін толқытып, қуаныш, мұңға бөлейді. Ал оны жанымен 
қабылдап, терең түсіне білу де кез келген адамның сыбағасына тие бермейді. 
Шәкенмен бір театрда жұмыс істедік, жайшылықта жиі араласып тұрдық. 
Сонда да оны жете түсіндік деп айта алмаймын. Өйткені оны түсіну, жанын 
ұғу тым қиын еді. Ол үнемі ашық-жарқын, ойын-сауық арасында жүретіндей, 
ойға, мұңға беріле қоймайтындай көрінетін. Расында да, оның ойға беріліп, 
үнсіз жүретін кездері сирек. Ал шешіліп сыр шерткенде, анда-санда байсалды. 
Әңгімеге көшкенде, оны мүлдем танымай қалатын едік. Әңгімені майын тамы-
зып жақсы айтады, ой желісін бұзбай шешен тілмен баяндағанда, тыңдап отыра 
бергің келеді. Оның үстіне дауысы да жұмсақ, жағымды. Үнемі сауық-сайранның 
ортасында, жиын-тойдың гүлі болып көңілді жүретін қарапайым жанның сонша-
ма көп білетініне, өмірдің мәнін терең түсінетініне қайран қалатын едік. 
Ал жаны өксіп жылайтын шақтары да өте сирек болатын. Қандай ет жақын 
жақсы көретін жолдастары қайтқанда да егіліп, езіліп кеткенін көрген емеспін. 
Қайғыға қарсы тұра білетін, ұстамды, салқынқанды жан еді. Әрине, ет пен 
сүйектен жаралған пенденің қуанып шаттанбауы, қайғырып қапаланбауы 
мүмкін емес. Бірде Шәкеннің жылағанына куә болғаным бар. 
1946 жылы інісі Кәукен екеуі еліне — Баянауылға барып қайтты. Бір күні 
Хадиша екеуі біздікіне келе қалды. Мен қалбалақтап қазан асып, шай қоюға 
кірістім. Шәкен кішкене баламен сөйлескенді жақсы көретін. Дариға де-
ген қызымыздың атын өзі қойған еді. Бірақ өз атымен атамай Қоңыр дейтін. 
Дариғамен біраз аулада ойнап жүрді де, шай дайын болған соң үйге кірді. 
Бапты қою шайды жақсы көретін Шәкен, онша мейірленбей мардымсыз ішті. 
Көңілінде түйткіл бар секілді. Енді біраздан кейін:
— Хабиба, шайыңды тез жинашы, мен сендерге өлең оқып берейін, кел-
геннен бері қашан оқығанша мазам болмады, — деді. Ән, өлең десе елең ете 
қалатын Жүсекең:
— Қандай өлең? Не жайында? — деп сұрастыра бастады. 
— Жүсеке, Баяндағы Ақбеттауды білесіз ғой. 
— Е, білмегенде. Шіркін, Баянға біраз жылдан бері бара алмадым. Сағынып 
жүрмін. Табиғат сұлулықтың бәрін Баянға жиып берген ғой. Баянға барған кісі 
Ақбеттауды неге білмесін. 
— Ай, Жүсеке-ай, сол Ақбет, қайран Ақбет! — деп ар жағын айта алмай 
көзіне жас толып, булығып қалды. Үнемі жайраңдап жүретін Шәкеннің кенет-
тен көзіне жас алғанына Жүсекең кәдімгідей абыржып қалды. 
— Е, не болыпты оған? Айтсаңшы! — деп Шәкенге еміне түсті. 
Шәкен мен Кәукен туып-өскен жеріне елден кеткелі келмеген екен. Көп 
жыл көрмей алыста жүрген соң елді сағынатының аян. 
Шәкен мен Кәукен де құшағын жая аңсап келеді. Шәкендей асыл перзенттерін 
туған-туыстары мен аудан басшылары құшақ жая қарсы алады. Аудан орталығына 
бір қонып, ертеңіне өзінің туған қыстауы Ақбеттауға асыға жүріп кетеді. Шәкеннің 
көңілі жеткенше алып-ұшып тақат таппайды. Қыстау Ақбеттауға қарсы орналасқан. 
Жалтыраған ақ тастың айналасына қалың қарағай өскен, алыстан қарағанда сұлу 
қыздың жүзіндей көрінеді екен. Оның Ақбеттау аталуы да сондықтан болса ке-
рек. Осынау әсем көрініске Шәкен жастай қызыға қарайтын болған. Оның, әсіресе, 
қатты сағынғаны да осы Ақбеттау. Бір кезде көз жанарын тұтқындаған тәкаппар 
сұлулықты көп жыл өткен соң сағынып кеп тағы бір көргісі келеді. Қыстауға келген-
де өзі бала кезінде басына шығып бақырып жылап отыратын Серкетасқа алдымен 
көзі түседі. Шәкен бала кезінде осы тастың басына шығып алып, ылғи да бақырып 
жылап отырады екен. Шәкеннің әкесі Кенжетайдың ағасы Аббас оқыған дәрігер 
болса керек. Сол кісі жылап отырған Шәкенге қарап: «Ол жай жылап отырған жоқ, 
өнері бойына сыймай қысып жылап отыр. Оған тиіспеңдер», — дейді екен. Осы 
сөз есіне түсіп, мырс күліп жібереді. «Жарықтық, менің өнер жолына түсетінімді 
қайдан білді екен» деген ой келеді басына. Міне, мынау бұзылған үйлерінің орны. 
Бұны көргенде де ой толқыны құйын соққандай буырқанып өтеді. Бұның бәріне 
де онша көңіл бөлмей, Ақбеттің биігіне көз жүгіртеді. Заңғар тау сол қалпында. 
Бірақ Ақбет сұлу жоқ. Өз көзіне өзі сенбей сонша қарайды, бірақ «Ақбетті» таба 
алмайды. Баяғы тәкаппар сұлудың орнында шашын күзеп, бетіне аламаштап күйе 
жаққан, сұлулығынан жұрдай болған Ақбет қалған. Мұны көргенде, Шәкен есінен 
танып сілейіп тұрып қалады. 
— Мынау не? Не пәлеге ұшыраған, айтсаңдаршы! — деп айқайлап жіберіпті. 
Жанындағы жігіттер не дерін білмей сасқалақтап тұрып қалады. Біраздан соң 
барып, өртке шалынып түк қалмай жанып кеткенін хабарлайды. 

92
Òîïæàðªàí
93
II. Өнерпаз жолы
Мына хабарды естіген Шәкен елден бөлініп, жеке қалғысы келеді. 
— Шәкен аға, мұныңыз не? Ешқандай көліксіз иесіз тауға сізді қалай жалғыз 
тастаймыз, жүріңіз, — деп қасындағы жігіттер не істерін білмей абыржып қалады. 
— Айттым ғой, мен осы жерде жалғыз қалам, барыңдар! — деп қатал 
айтқан соң амалсыз кетуге тура келеді. Қасындағылар кеткен соң Шәкен 
өксігін баса алмай, жер бауырлап жатып алып, егіліп жылайды. Артынан 
Ақбеттауға арнап ұзақ өлең жазады. Өлең зарлы мұңға толы. Бастан-аяқ өз 
көңіл күйі қоса өріліп, туған жерге деген сағынышы, сұлулықты аңсаған асыл 
арманы астасып отырады. 
Шәкен өлеңін жылап отырып оқыды. Жылауы қиынға түспейтін Жүсекең мүлде 
күйреп қалды. Шәкенді жылатқан әсер Жүсекеңді есінен тандыратыны сөзсіз. 
Сол күні көп әңгіме айтылды, бірақ мұңды сағынышқа орала берді. Ал 
шырқалған ән Тоқбайдың «Екі жирені» ғана еді. Шәкен ыңылдап қайта-қайта 
қайталай береді. Енді бірде:
— Жүсеке, айтыңызшы, — деп домбыраны Жүсекеңе ұсынады. Ол да нені 
қалап отырғанын іштей түсінеді де, «Екі жирен» әнін күңіренте жөнеледі. 
Сол күнгі екеуінің кезектесіп айтқан «Екі жирен» әні құлағымда әлі естіліп 
тұрғандай. Ән айтқандағы бейнелері де көз алдымда. 
«Жер — анасы, ел — баласы» деп кемеңгер ағамыз Мұхаң үлкен даналықпен 
біліп айтқан. 
Жер — ана, жер — тарих. Жер — көпті көрген баяндаушы қарт ата. Жер — ға-
сырлар бойында болып өткен жақсылық пен жаманшылықты, қантөгістерді тізіп 
отыратын шежіре. Жер — «Кербаланың шөлінде» болған Салсал Сейітбатталдың 
соғыстарын, «Сарыарқаның» белінде деп айтып кеткен Асанқайғы сөздерін ба-
яндаушы. Небір ақын-жазушыларға жалын шарпыған шешен сөздеріне арқау 
болған қайнар бұлақтар, шұрайлы өлкелер, зеңгір биіктер, кең-байтақ далалар, 
құмайтты шөлдер, жұпар иісті белдер, айдын шалқар көлдер емес пе? Олай бол-
са, бар қасиетінен айырылған Ақбеттің қайғысы бауырында туып-өскен перзенті-
не батпасын ба? Шәкенді мұңға бөлеп, күңіренте ән салдырған сол туған жерге 
деген ыстық махаббаты еді. Оның жаны өксіп жылағанын сонда көріп едім. 
Қазақ әр нәрседен хабары бар, жан-жақты өнерлі адамдарды «сегіз 
қырлы, бір сырлы» деп атайды. Міне, осы сөз Шәкенге арнап айтылғандай. 
Оның актерлік, әншілік өнеріне қоса, әжептәуір ақындығы да бар болатын. 
Бірақ шығарған өлеңдерін жинап, газет-жорналға бастырып немесе баспаға 
тапсырған емес, айтқан жерінде қала беретін. Жора-жолдастары іліп әкетіп, 
көпшілікке тарап кетеді. Әртүрлі оқиғаларға байланысты шығарған кейбір 
өлеңдері менің есімде қалыпты. 
Кеңестер Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова айтып жүрген 
«Гауһартас» әнінің өлеңі Шәкеннің шығарған өлеңі еді. 
Ажарың ашық екен атқан таңдай,
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай. 
Анаңнан айналайын сізді тапқан 
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай.
 
Екінші шумақ өлеңінің шығу тарихы былай болған еді. «Біз мұнда тұрамыз» 
атты фильмін Көкшетауда түсірген болатын. Шәкеннің келгенін естіген ел 
қонаққа шақырудан дамыл бермейтін әдет бойынша күнде қонақ, күнде 
шақырыс болып жатса керек. Бірде қарапайым бір жігіт: «Шәкен аға, біздің 
үйге бас сұғып, есігімізді көріп кетіңізші», — деп өтініп келе беріпті. Әлгінің 
көңілін қимай жанына Ақат Толыбаев деген әртісті ғана ертіп қонаққа барып-
ты. Үйі бір ғана бөлме, өте жұпыны тұратын адамдар болса керек. Үй иесінің есі 
шыға қалбалақтап қалғанын білдіргісі келмей, Шәкен бірден баурап әкетіпті. 
Бұл мінез ежелден әдеті болатын. Көптен білетін адамдай балаларымен ойнап, 
қалжың сөздерімен күлдіріп араласып кеткенде, үй иесінің бар-жоғы білінбей, 
мәз болып, бұлар да Шәкенмен бірге жайраңдап кетіпті. 
Тамақ дайындап жатқан үй иесі әйелге көмектесіп, көрші келіншек еттің на-
нын илеп жатса керек. Осы келіншекке Шәкен қадала қарап көзін ала алмай 
қойыпты. Келіншек айтарлықтай сұлу болмағанымен көзге түсер жеке тұрған 
сұлулық байқалады. Аққұба, бидай өңді сүйкімді түрін, оң жақ бетінің ұшынан 
көрі төменірек біткен мөлдір қара меңі ақ жүзін аша түскендей әр беріп тұр. 
Онша көңіл бөлмейін десең де көзінің қалай барып мақпалдай қара меңді ай-
малай қалғанын байқамай қаласың. Оның үстіне нан илеп жатқан саусақтары 
тым әдемі болса керек. Шәкен келіншектің біресе саусағына, біресе меңіне көз 
сүзіп, басқа жаққа қарай алмай қойыпты. Өзіне сұқтанған көзден тая соқты ма, 
кім білсін, нанын илеп беріп келіншек шығып кетіпті де, қайтып оралмапты. 
Осы келіншекке арнап шығарған бір шумақ өлеңі мынандай еді. 
Қадалып, сәулем, саған қарай бердім,
Суырып жанарымды қара меңің. 
Қол жетпес аспандағы армандай боп, 
Арқаның ақ маралы, қала бердің.  
Міне, Шәкен жазған өлең қазір «Гауһартас» әніне жараса кетіп, өз орнын 
тапқандай. 
Түгелдей бір адамның басындағы сұлулық әркімнің-ақ көзін тартады. Ал 
жеке бір мүшенің ғана сұлулығын көре қойып содан ажырай алмай қалу, ол 
ұшқыр көзді қырандай көрегеннен қана табылады. 
Осыған байланысты атақты күйшіміз, марқұм Әбікен Хасенов айтқан бір 
әңгіме есіме түседі. 
Сәкен Сейфуллин мен Әбікен Хасенов араласып жүретін достас адамдар бол-
са керек. Олардың достығы ертеден, жас кездерінен басталса керек. Өйткені 

94
Òîïæàðªàí
95
II. Өнерпаз жолы
бұл кісілердің жерлері де жапсарлас, түйісіп жатыр. Жезқазған облысының Шет 
ауданы мен Ақадыр ауданы жапсарлас. Сәкен аға Ақадыр ауданында болса, 
Әбікен Шет ауданында туып өскен. Сәкен ағаның өнерді сүйетіні белгілі жайт. 
Өзі ақын, өзі композитор сері жігіттің көршілес отырған Әбікен сияқты телегей 
күйшіні дос етіп баурап алуы табиғи нәрсе. Екі өнерпаздың достығы ешқандай 
дәнекерсіз-ақ өміршең болып айырылмай кетсе керек. 
Сол Әбекең бір әңгімесінде, «Сәкеннің кейбір мінездері қызық болушы еді» 
дейді. Ертерек кезде Карл Маркс көшесімен Гоголь көшесінің түйіскен жерінде су 
сататын кішкене дүкен болатын. Ол кезде суды стақанға кашайттап барып құятын. 
Мен қызметке келерде осы араны басып өтетінмін. Қашанда әлгі кішкене дүкеннің 
ішінде қолында бір стақан суы бар Сәкенді көрем. Асығып жұмысқа бара жатқан 
соң, аялдауға мұрша болмай тек амандасам да, өте шығам. Кейде бірер сағаттан 
кейін қайта оралсам, әлгі орнында әлі тұрғанын көрем. Әлгіге таңдана бастадым. 
Бұл қалай? Неге бұл жерден шықпайды. Әлде су сататын әйелді ұнатып жүр ме екен 
дейін десем, ол әйел көз тартатын көркі шамалы қарапайым ғана ноқтаның жуан 
тұғыры. Сонымен бір күні сұрауға тура келген. «Сәкен, сіз осы ылғи шөлдеп жүресіз 
бе? Қашан көрсем, қолыңызда бір стақан суыңыз бар, дүкеннің бір бұрышында 
тұрғаныңызды көрем. Бұл не ғажап?» Сәкен иығыма қолын салып, бетіме қарап 
күлді де, «Рас, менің шөлімнің қанатын күні жоқ шығар. Мен сусаймын. Тіпті 
адам бойындағы он екі мүшесінің бірі ғана көз тартса, соған да таңдай қатқан, 
шөліркеген сусынымды қандырып, көзімді суарсам деп тақатым қалмайды. Мына 
әйелдің саусақтарын қарашы, су құярда, жылдамдата кашайттағанда аппақ сүйір 
саусақтары, күміс көлдегі бірін-бірі қуып ойнаған ақ сазандай болып елестейді. 
Жұп-жұмыр білектегі әдемі саусақтар мені мүлдем арбап алғандай. Көргім келеді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет