Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет8/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
мен, әзілді әзілмен-ақ жығып кете беретін. Бірақ содан ұпай жинағанын тағы 
көргенім жоқ. 
...Қазақтың бүгінде атақты күйшісі Әбікен Хасенов драма театрда 
массовканың әртісі болып жүріп, домбыраның қос ішегін күңіренткен қасиетті 
қайран қолы тірлікте қара нанға зорға жеткен, қан тапсырып, донорлықпен 
күн кешкен екен де, онысын тірі пендеге сездірмепті. Сол кісі қайтыс болғанда 
жерлеуге қаражат табылмайды, Қалибек Қуанышбаев пен Шәкен Айманов бо-
лып, екі бірдей өнердің саңлағы сол кездегі Орталық Комитеттің үшінші хат-
шысы болып отырған шенеунікке барса, қара жер хабар бермесін, үстелге иегі 
зорға ілініп шіреніп жатқан бір тұтам шіркін шытынап жатып:
— Бір әртісті жерлеу үшін 200 сом жететін шығар, — депті. 
— Япыр-ай, бір әртісті көму үшін тағы да екі әртіс өлуіміз керек екен-ау! — 
деп Шәкен ағасын жетелеп шығып жүре беріпті. 
Үшінші хатшы жарылып кете жаздапты. Шәкен өмір бақи оны «мынау да 
адам екен-ау, мұның да лауазымы бар еді-ау», — деп қаперіне алмай кетті. 
Жасыратыны жоқ, ағаны біздің де өкпелеткен кезіміз болған. «Тақиялы 
періште» фильмін түсірерде сценарийді Асқарша айтқанда (А. Сүлейменов. — 
Ред.
) көркемдік кеңесте қабылдамай тастадық. Шәкен режиссер-импровиза-
тор еді. Фильмнің метражы мен сметасын есептетуге ғана болмаса, нақты-нақ 
режиссерлік нұсқа жасамайтын. 
— Бұл музыкалы комедия. Маған керегі осының нобайы ғана, — деді 
ағамыз. Фильмді басқаша түсіремін, жақсы дүние жасап берсем, менен содан 
артық не тілейсіңдер? — деп отырып алды 
«Не қылсаң о қыл, бізге ұнамайды» дегендей біз де қасарыса қалдық. Ал 
«Тақиялы періштенің» кезінде көрермендерді қатты қызықтырғаны жұртқа 
белгілі. Әңгіме мұнда да емес. 
...Күнде жиналып, күнде кешкісін ат шалдыратын жеріміз Шәкеннің пәтері 
еді. Сол күні кешігіп бардық. Қашан да күрең шайды өзі баптап, өзі демдейтін 
ағамыз біздің кілегей әкелуімізді күтіп отыратын. Бойдақтығынан емес, 
бөтеннің қолына сенбейтін, шайының дәміне қанбайтын. 
— Әй, қаңғырып қайда жүрсіңдер, шай іше алмай отырмыз ғой! — деп 
дүрсе қоя берді. 
Күндізгі даудан соң басқа кісі жау болып тарасар еді. Дәу шал оны есіне 
алған жоқ, түк болмағандай, түк көрмегендей жайсаң қалпында, осы үйге сол 
күні біраз қазы келген. Дастарқан жаятын уақыт болғанда қазанның қақпағын 
ашып қалсақ, іші толған ішек. Шәкенді таппайтын «ағайын» жоқ. Баянауылдан-
мын деп немере қарындасы келіп-кетіп жүруші еді. Оның салған тамағы, қазы 
байлайтын ішекті қазанға тоғыта берген ғой. 
— Откуда я знаю. Вы же любите кишки! — деп қарап отыр. Ренжудің орны-
на Шәкен жатып кеп күлді де, бізге қарап: 
Сауап болды, сауап! Сендердің бүгінгі сыбағаларың осы еді! — деп 
өкпесінің есесін қайырғандай қарық боп қалды... 
...Бәрімізді жақын тартып, жанашырлықпен жақсы көргенімен бәріміздің 
бірдей болғанымызды, бірімізді-біріміз көшіріп, біреудің біреуге ұқсағысы 

70
Òîïæàðªàí
71
II. Өнерпаз жолы
келгенін жаратпайтын, өзі сахна мен экранда әртіс бола жүріп, өмірде әртіс 
болғанды жек көретін ағамыз өнерде бір басқа, өмірде бір басқа ғұмыр 
кешті, бірақ екеуінде де Дәу шал өзінің дәулігін, биіктігін, өзіндігін таны-
тып кетті. Тірліктің кішкентай қақтығысын да, ұсақ-түйегінде де кішіреймей, 
жағымсынбай, жампозданбай тік жүріп, тік тұрған, ойыны ойға бергісіз, әзілі 
әңгімеден жұмсақ аға бейнесі көз алдымда тұрады да қояды. 
Бір күні Мәскеуде:
— Кольхаун екі бірдей сценарийің өндіріске кетті, мына Мәжит ағаң екеуі-
мізге бір-бірден кәстөм кигізетін уақытың болған сияқты, — деп Дәу шал 
ойда жоқта қолқалап қоймады. Сөйтсем, Аэропорт метросының қасында 
Литфондының сән ательесі бар екен, оған киім тіктіру үшін Жазушылар 
Одағының мүшелік билеті керек көрінеді. Ақыры өз ақшаларына екеуі екі 
кәстөм тіктіріп киісті. Маталары да бөлек, фасондары да бөлек. 
Киностудияның ми қайнатқан қапырық ауласында отырғанбыз. Шәкеннің 
жақын тартып жүретін бір інісі жаңа кәстөм киіп келіп, алдынан ойқастап әрі 
бір өтіп, бері бір өтті де:
— Шәке, қараңызшы, Мәжиттің кәстөмінен кем бе? — деп тұра қалды. Дәу 
шал көзінің қиығымен кекетіп, жымиып біраз отырды да: 
— Керемет! — деді. — Енді барып бір қолыңды шаптырып таста, сонда 
Мәжиттен аумай қаласың! — деп орнынан тұрды да, жүре берді. 
Мәжікеңнің үстінен тәуір киім көрген соң әлгі ағамыз Мәскеуге әдейілеп 
барып, сол ательеге, сол матадан, сол фасонмен кәстөм тіктіріп қайтқан екен... 
...Жүсекең (Ж. Елебеков — ред.) Мемлекеттік сыйлықтың бәсекесіне түсті. 
Жюри мүшесі Шәкенді сол үйде күтіп отырғанбыз. 
— Лауреат атандыңыз, жалғыз-ақ дауыс қарсы болды, — деп жақсы хабар 
әкелген Шәкен қөңілі көк тіреп, бірден төрге озды. 
— Аптықпай, тұра тұр, — деп Жүсекең тоқтатып қойды. — Төр Қалихандікі, 
өйткені жол соныкі, сен анау жаққа, Кәукеннен төменірек барып отыр, — деді. 
— Мейлі, жол Кольхаундікі бола-ақ қойсын, ал Кәукеннен неге төмен 
сырғуым керек? 
Жүсекең күлкісін жасырып, жөн айтып жатыр. 
— Сен түгіл, Біржанды да байлап тастаған баяғы заман болса, сен де ендігі 
босағада таңулы жататын едің!
Әзілге тоқтайтын Шәкен ағасының қалжыңын жерге тастамай, әдейі барып, 
нұсқаған орынға отырды да, әңгімесін айта бастады. 
Жатсың деп жасқамай, бөтенсің деп босағаға итермей, есіктегі басыңды 
төрге сүйреген асыл ағалар еске түскенде көкіректі мұң кернеп, көңілге 
сағыныш кіретіні бар. Қасында ағасы болмай қалса, кішінің жетімсіреп, жа-
нында інісі болмай қалса, үлкеннің қоңылтақсып отыратын қайран күндері-ай! 
Жүзге келеді деген Шәкен 56 жасында дүниеден кетті, соған тетелес деген Аб-
долла да 56 жасында жарық дүниемен қоштасты. Шәкеннің қазасына қатты 
қайғырған Олжас (О. Сүлейменов — ред.) ағасының аруағына бағыштап «Ком-
сомольская правдаға» өлең жариялады да, күн өткен соң біздерге: 
— Ребята, по домам! — деді. — Әлем таңданатын сценарий жазсаң да, 
режиссерсіз ендігі әңгіме түкке түрмайды... Поэзия мен прозаның ауылы иен 
қалмасын, — деді. 
Өзі бас болып, Әкім, Сайын, Асқар бәріміз аулымызға қайттық. Бірақ 
ағаларымыздың ізі қалған, өнері мен өнегесін тастап кеткен бүгінгі Концерт 
залы кешегі «Қазақфильм» біздің көңілімізге әлі ыстық... Алматыдағы ең ыстық 
жер сонда қалған сияқты көрінеді де тұрады. 
 «Қазақ әдебиеті» газеті, 02.03.1994
Күлшара АЙНАҒҰЛОВА,
Күлшара АЙНАҒҰЛОВА,
кинотанушы, 
Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі
 
Ñóðåòêåð áà«ûòû
Ê
імде-кім Шәкен Аймановпен жүздесіп, тілдескен болса, оның 
өмірде сирек кездесетін абзал кісі екенін байқар еді. Тіпті, сыртқы 
түр-тұлғасының өзі бірден назар аудартатын. Онда әртістік пен нәзіктік қатар 
қабысып жүретін. Даңқ Шәкен Аймановтың өмірлік серігіндей болып, онымен 
біте қайнасып кеткендей еді. 
Балалық кездің өзінде-ақ айналасындағылар оның бойында әуезділік, суы-
рып салма шешендік, тез әсерленушілік дарыны барын байқаған болатын. 
Актердің өмір жолының бастауы қазақтың профессионалдық драма 
театрының қалыптасуымен сәйкес келді. Болашақ суреткер үшін рухани мол 
қазына сыйлаған театр оған әрі кәсіптік университет болды. Оның актерлік 
шеберлігінің шыңдалуына себепкер болғандар — Қ. Қуанышбаев, Қ. Жан-
дарбеков, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов сияқты тума таланттар еді. Ш. Ай-
манов таланты қазақ әдебиетімен, кино өнерінің творчестволық қорымен 
тығыз байланысты ұлттық совет театрында пісіп-жетілді. Театрдағы қызметі 
суреткерді сахна саңлағы деген атақ-даңққа бөледі. Шәкеннің сахнадағы 
әрбір актерлік, режиссерлік жұмысы мәдени өміріміздегі елеулі оқиға бо-
лып табылатын. 

72
Òîïæàðªàí
73
II. Өнерпаз жолы
Кинематографиядағы Шәкен Айманов есімі қазақтың тұңғыш көркем 
ленталарының дүниеге келу кезімен қатар аталады. Ол «Райхан» (1940), «Ақ 
раушан» (1942), «Абай жырлары» (1945), «Алтын мүйіз» (1948), «Жамбыл» (1953) 
фильмдеріне түсті. Актердің сирек кездесетін ғажайып дарыны мен шеберлігі 
енді экранда да жарқырап көрінеді. «Абай жырлары» фильмінде ол терең психо-
логиялық образды әсерлі етіп шығарды. Мұхтар Әуезовтың «Абай» пьесасының 
желісі бойынша жасалынған бұл картинада Ш. Айманов Абай шәкірттерінің 
бірі — ақын Шәріп рөлінде ойнады. Ислам идеясының жолын ұстаушы тақуа 
Шәріп халық ағартушысының прогрессивтік көзқарасына қарсы болып, ұстазын 
опасыздықпен сатып кетеді. Ш. Айманов экранда көрінген аз уақыттың ішінде 
өз қаһарманының толыққанды бейнесін шынайы көрсетеді. Білімді әрі дарын-
ды Шәріптің жан дүниесін ескі Шығыстың сарқыншағы жайлаған. Кейіпкерінің 
сатқындық пен қылмыстық жолын жан-жақты зерттеп алған актер адамгершілік 
көзқарасқа қарсы жанның қитұрқы мінезін ашып көрсетіп, бет пердесін сыпы-
рады. Актер өнерінің тамаша үлгісі, биік шыңы болып саналатын «Жамбыл» 
фильміндегі ақын бейнесі Шәкеннің сан қырлы талант иесі екенін көрсетіп берді. 
Жамбыл бойындағы дарынның, ағыл-тегіл жырлардың негізгі қайнар көзі — 
халық екендігін актер тап басып бере алды. Аймановтың Жамбылы — халық 
даналығының інжу-маржанын қанына сіңірген, ақындық қарымы өлшеусіз мол 
сақа талант. Фильмде Жамбылдың әртүрлі өмір кезеңі — жасөспірім, кемеліне 
келген және қарттық шағы көрсетіледі. Бірақ ол қай кезінде болса да, ең алды-
мен дала перзенті болып қалады. «Жамбыл» Аймановты актер ретінде біздің 
елімізге ғана емес, шет жаққа да кеңінен танымал етті. 
Біршама уақыттан кейін Айманов өзінің көптен бергі арманын жүзеге асыр-
ды: халық даналығы өмірге әкелген Алдар Көсе образын жасады. Талант-
ты актер бұл образға бүкіл болмысымен енуімен есте қалды. Осы картина 
бізге Аймановтың өмірге деген көзқарасын, өзіне ғана тән даралығын айқын 
байқатады. Біздер оның творчестволық өмірбаянынан, атқарған қоғамдық 
қызметінен суреткерлік, азаматтық позициясын және туған мәдениетінің 
тағдырына зор жауапкершілік сезімімен қарағанын көреміз. 
Шәкен киноға араласа бастағаннан-ақ қазақ киноөндірісі ілгерілей баста-
ды. Қазақ киносының өз кадрлары өсіп жетілді. Қарымды кинематографист 
жасаған «Біздің сүйікті дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар Көсе» кинокоме-
диялары, көпке белгілі «Дала қызы», «Бір ауданда», «Біз осында тұрамыз» кар-
тиналары, «Атамекен» және «Атаманның ақыры» фильмдері қазақтың ұлттық 
киносының тарихында елеулі орын алады. 
Айманов режиссурасының кереметтілігінің бір ұшығы — оның актерлермен 
жұмыс істей білуінде жатса керек. «Атамекен» фильміндегі Е. Өмірзақов орында-
ған Ата бейнесі қазақ киносының мақтанышына айналды. Әдеби түпнұсқаның 
құнарлылығы, Е. Өмірзақовтың ғаламат ойыны, жоғары мәдениетті операторлық 
жұмысы фильмді мойны озық дүниелер қатарына шығарды. 
Әріптестердің танып, мойындап жатуы зор жетістік, алайда Шәкен Аймановтың 
арманы көрермендер көңілінен шығатын фильмдер жасау еді. Бұл жайында 
ол соңғы кезде баспасөз беттерінде жиі айтып жүрді. Оның арманы орындал-
ды да. Режиссердің ең соңғы «Атаманның ақыры» кинолентасы, шынында да, 
көрермендердің ыстық ілтипатына бөленді. Бұл шытырман оқиғалы фильм респу-
блика экранына романтикалық қаһарман — Шадияровты алып келді. А. Әшімов 
қаһарманы жастың да, кәрінің де талғамынан шығып, жүректерін жаулап алды. 
Өзіндік идеялық бағытпен әрі көркем жасалған лента Ш. Аймановқа кинорежис-
сер ретінде өшпес даңқ әкелді. Өкінішке орай, мұны оған көруге жазбады. 
Оның театрдағы, кинодағы жұмысы, қоғамдық қызметі, ұйымдастыру-
шылық қасиеті, музыканттың және әңгімешіл жанның таланты — бәрі үндесе 
келіп, оның бейнесін халық жадында мәңгі сақтамақ.
«Жаңа фильм» жорналы, № 3, 1984
Хабиба ҚАРАҚБАЙҚЫЗЫ ЕЛЕБЕККЕЛІНІ,
Хабиба ҚАРАҚБАЙҚЫЗЫ ЕЛЕБЕККЕЛІНІ,
Қазақстанның еңбек сіңірген  әртісі
Åê³ æèðåí
¼
азақ халқының дарынды ұлдарының бірі Шәкен Айманов туралы аз 
айтылып жүрген жоқ. Ол туралы жеке кітап та шықты. Алайда осымен 
Шәкен туралы сөз бітті деп айтуға әсте болмайды. Оның қазақ өнеріне сіңірген 
еңбегі ұшан-теңіз. «Қазақфильмге» оның есімі берілуі де көп жайды аңғартса 
керек. Сондықтан ол туралы әлі талай кітап, естеліктер жазылары сөзсіз. 
Жүсекең мен Шәкен жан аямас дос еді. Көздері тірі кезінде жиі араласып 
тұратынбыз. Олар өнер адамдары болғандықтан бірімен-бірі тығыз байланыс-
та жүретін. Жүсекеңнің өмірін Шәкен, Қалекилерден бөліп алып қарау мүмкін 
емес. Ол Шәкенді біраз көрмесе сағынып қалатын. Осынау ерекше достықтың 
сырын аша түсу мақсатымен Шәкен туралы аз да болса айта кеткім келеді. 
Шәкен өз халқына шын берілген, оның әдебиеті мен өнерін жақсы білетін, 
шын мәніндегі, талант иесі, майталман актер, дарынды режиссер. Кезі келгенде 
өлең де жазатын, оның үстіне тәп-тәуір ашық қоңыр дауысы бар, жиын-тойдың 
көркі боп үнемі көңілді жүретін, сегіз қырлы, бір сырлы аңқылдаған ақжарқын 
азамат еді. Өнерлі жанға халық қашанда үйірсек келетін әдеті ғой, Шәкеннің 

74
Òîïæàðªàí
75
II. Өнерпаз жолы
үйінен қонақ, жанынан жолдас арылған емес. Ерекше күтім, сыпайылық 
танытпай-ақ, өзім деген адамның үйіне ойламаған жерден бірнеше кісі боп сау 
ете қалатын. Қала тұрмысында әдейі арнап шақырмайынша топтанып жүру, үй 
иесін іштей ренжітетіні белгілі жайт. Бірақ Шәкен қай үйге барса да, жағдайы 
бар болсын, жоқ болсын, үй иесі ренжіп көрмеген шығар. Өйткені ол өзімен 
бірге ерекше көңіл күй, шаттық ала келеді. Егер Шәкенге қатты өкпелеп, енді 
қайта көрместей боп кеткенмен, ойда жоқта кездесе қалсаң, оның бір-екі ауыз 
сөзін естігеннен кейін-ақ көңілің жылып, қабағың күлімдеп қоя береді. Арада 
ешбір араздық болмағандай, Шәкеннің жайдары қалжың сөздерінің райымен 
жадырай, бұйдалаған тайлақтай жетегінде кете бересің. 
Шәкен Қалекидің үйі мен біздің үйге жиі келетін. Қалекиді жанындай жақсы 
көретін. Әсіресе, Қалекидің актерлік талантын жоғары бағалайтын. Екеуінің 
достығы арадан қыл өтпестей қалтқысыз, шынайы, сирек кездесетін достық еді. 
Жүсекең екеуі бас қоса қалса, Қали мен Қалекиді әңгіме қылатын. Оның ба-
сынан өткен күлкілі оқиғаларды еске алып, мәз болысады. Бірде мен: 
— Бұларың не? О дүниедегі адамды қастарыңда отырғандай әжуалап 
күлкіге айналдырасыңдар! — деп ренжігенім бар. Сонда Шәкен: 
— Біздің Қалекидің қылықтарын айтып рақаттана күлгенімізді шын-ақ әжуа 
деп түсінесің бе? Біз оны сөзімізге араластырмай сөйлей аламыз ба? Біздің өмірі-
міз өнермен байланысты. Өнерсіз өміріміз — тұл. Тұл өмірдің не сәні бар? Ал 
Қалеки өнердегі жарық жұлдыздай жарқырап, шуағымен жылу беріп, көңілімізге 
нұр құйып өтпеді ме?! Біздің бар өміріміз Қалекимен бірге өріліп, бірге қайнап, 
бірігіп кеткен. Ол қашанда бізбен бірге. Біз үшін ол тірі. Тіпті өлім де бөле алмай-
ды, — дегені бар. Қалекидің бұрынғы бір әңгімесін жаңғыртып айтумен болатын. 
— Жүсеке, мынандай қызық болғанын айтайын: 
— 1948 жылы астаналық көркем театрдың 50 жыл толуына байланысты Ха-
диша, Қалеки үшеуіміздің сол тойға қатысқанымызды айтып берейін. Өзіңіз 
білесіз, мұндай үлкен тойға әр жерден келетін адамдар қарапайым түсінігі 
төмен жандар болмайды. Көркемөнердің майталмандары болатыны сөзсіз. 
Және де олар ертеден орын тепкен, өнердің бүге-шігесіне дейін тани білетін 
тарландар ғой. Соның ішіндегі өнерге кенже келгендердің бірі бізбіз. Солай 
бола тұрса да тойға арналған ең соңғы іріктеліп жинақтау концертіне қатысуға 
бізге де сыбаға тиді. Сондай үлкен тойдың кешіне қатысу біз үшін жеңіл жүк 
емес-ті. «Асауға тұсау» спектаклінің екінші актісінен үзінді көрсетпекшіміз. 
Көрермендер залға сыймай, сахнаның қалта бүйірлеріне сығылысып алған. 
Ойын көрсететін сахнаға құрметті қонақтармен МХАТ-тың ұжымы орналасқан, 
концертке шығатын жол жалғыз аяқ соқпақтай тар, қысылып әрең шығасың. 
Жүсеке, мен өмірімде дәл сол күнгідей қысылмаған шығармын. Тіпті өне 
бойыма діріл пайда болып өзіме өзім ие бола алмадым. Не болса да тезірек 
шықсақ екен деп асығамын. Жанымда тұрған Хадишаға қарасам, ол менен де 
бетер қобалжуда. Біздің шығатын уақытымыз жақындап қалғандай жүрегім 
алып-ұшып алақтаудамын. Енді Қалеки тұрған жаққа қарасам, Қалеки орнын-
да жоқ. Қайда кетті деп сасқалақтап іздеп жүрсем қолында бір стақан суы бар, 
асықпай жайбарақат ішіп тұрғанын көріп:
— Ойбай-ау, мұның не? Осы құрғырды дәл қазір ішпей-ақ қойсаң қайтеді. 
Осындай уақытта тамақтан су жүре ме? — деп кейідім. 
— Е, шөлдесем неге су ішпеймін. Тамақтан су жүрмейтіндей соншалықты не 
күн туыпты (менің бас-аяғыма қарап алды да, қалжың аралас қатқыл үнмен) е, 
мүсәпірлер-ай, халдерің мүшкіл болып қалыпты ғой, мына түрлеріңмен халық 
алдына шығуға болмас, жығылып қалып жүрерсіңдер, — деп мысқылдады да, 
қатқыл үнмен: «Немене кісі көрмеп пе едіңдер? Олар да біз сияқты адамдар, 
о несі-ей?» — деді. Қалекидің әлгі бір ауыз сөзі серпілтіп жіберді. Майыры-
лып тұрған жасықты болатпен жанығандай, бізді де өзімен бірге ерте жөнелді. 
Бірнеше минуттік үзінді ойынымыз біткен соң, бізді босатпай, сахнаға бірнеше 
рет шығарды. Сахна сыртында бірінен соң бірі құшақтап сүйіп жатыр, Книппер 
Чехова үшеуімізді кезек-кезек құшақтап «менің сүйікті қазақтарым, сендердің 
асқан таланттарыңа ризамын» деп алғысын айтты. Міне, бұл қуанышқа ие бо-
луымыз Қалекидің арқасы. Біздің шал осылай ғой. Ол менің өмірде де, өнерде 
де табынар тәңірім. Ол менің қызыр ғалайссаламім ғой, — деп есіне алады. 
Кейде жаныңа жақын адамды көруге асығып сағынып тұрасың ғой. Тіпті, 
ол адам дүниеден өтіп кетсе де, оның тірі кезіндегі сөйлеген сөздері мен іс-
әрекеттері еске түскенде рақаттанып қаласың. Мен мұны кейін түсіндім. Сол 
бір жақсы күндерімді есіме алу арқылы қалған өміріме содан қорек алғандай 
болам. Жүсекеңнің көзі тірі кезіндегі жасайтын кейбір қамқорлықтары есіме 
жиі түседі. Сол қамқорлық қазір де көрсетілетіндей марқайып қалам. Бірге 
өткен тәтті күндердің елесі жаныма әрдайым қуат береді. Тіпті түсіме енсе де, 
бір жақсылық болардай көрем. Дүниедегі есіңе алар қымбаттың, өнегелі аб-
зал жандар болғаны қандай жақсы. Солардың өнегелі істері, адал достықтары, 
тәрбиелі мінездері сені қия бастырмай, туралыққа жетелеп, қажытпай қайрат 
береді екен. Ол сенің көңіліңе — қорек, жаныңа — азық. Тұнған ойың, тыныстар 
ауаң. Бұдан артық еш нәрсе болмасқа керек. Мен өзім осыны мойындаймын. 
Сол кісілердің таза махаббаты мен бір-біріне деген шынайы достықтарынан 
кімде-кім үлгі алғандай. Бір жаққа жол жүрерде әдейі арнап барып қош айты-
сады, қайтып оралғанда, кішісі үлкендеріне сәлем бере кіріп шығады немесе 
бірін-бірі шығарып салып, қарсы алып жүретін әдеттері дәстүрге айналған еді. 
Осыған орай тағы да бір жайт есіме оралады. 
1943 жылдың қазан айы болатын. Кешқұрым телефон безілдей қалды. Те-
лефон соққан Сапекең екенін бірден білдім. Өйткені Жүсекең Сапекеңнің да-
уысын танып, бірден сәлем беретін еді. 

76
Òîïæàðªàí
77
II. Өнерпаз жолы
— Мәжит Москваға оқуға барады екен, соның жолаяғында бірге болыңдар 
дейді, — деді сөйлесіп болған соң. 
Мен мұндай жерлерге көбіне бара алмай қаламын, әйел адамның тірлігі 
біткен бе, әртүрлі жұмысқа айналып қала беремін. Бұл жолы да әлдебір себеп-
термен қолым тимеді. 
Қонаққа жалғыз кеткен Жүсекең үйге кеш оралды. Шаршап қайтқаны 
байқалады. 
— Көп адам шақырып па? — дедім сыр тарта сөйлеп. 
— Жоқ, үш қана кісі болдық. Мұхаң (Мұхтар Әуезов), Қалеки үшеуіміз ғана, — 
деп диванға құлай кетті. Сөйлеуге де зауқы жоқ. 
— Өзің, тіпті, танаулап, шаршап келген түрің бар ғой. Көп ән айтқан шығарсың. 
Сапакеңнің жолдасы Сәлима жеңгей әнге өте құмар кісі. Бас қосқан жер-
де Жүсекеңе ән айтқызбай қоймайды. Жүсекең тыңдаушысы келіскен жерде 
кейбір әншілер секілді кергімейтін. Қайта тер шыққан сайын құлашын кең тас-
тайтын жүйріктей жазыла түсетін. Тартынбай шабыттана айтатын. Ал бүгінгідей 
кеште, құрметті ағалар, қадірменді ән сүйетін жеңгесінің алдында әннің толас-
сыз шырқалуы айтпай-ақ түсінікті еді. 
— Иә, сонымен не болды? Мәжитті шығарып салдыңдар ма? Әңгімеңді 
айтсаңшы, — деймін оның әңгімеге құлқы жоқ екенін сезсем де, сөзге тартып. 
— Не болушы еді, Сәлима жеңгеміз жеті қазынаның есігін ашқандай сақта-
ған тәтті тамақтарының бәрін салды. Қазы-қарта, ірімшіктен жасаған жентті, 
Мәжиттің жолаяғына аямай-ақ төкті. Жеңгеміз киік желін ғой, дастарқанда 
бәрі де болды. 
— Киік желіні несі? Ол қандай теңеу? Бірінші естуім. 
— Сен естімеген қазақтың сөзі көп. Бәрін білем деп ойлаушы болма. 
Киіктің желіні кішкене болғанмен, сүті арылмайды екен, қанша қонақ келсе де 
қысылмай тамақ тауып бере алатын әйелді киік желін деп айтады. 
Аздап демалған Жүсекең қабағы ашылып, әңгіме айта бастады. 
— Сәкеңе ұқса дегің келеді ғой маған. Әй, ол қайдан болсын, — деймін 
әдейі сөйлете түскім кеп. 
— Әрине, ол кісідей болу қиын шығар, бірақ «болмасаң да ұқсап бақ» де-
мей ме? Кішкене болса да, жақындасаң теріс болмас еді. 
— Жарайды, шамам келгенше үлгісін алуға ұмтылармын. Екеуіміз қосылып 
күлдік. 
— Мәжит жүріп кетті ме?
— Иә, шығарып салдық. Қызық болды! — Жүсекең көрген-білгенін айта бас-
тады. — Сен жаңа маған өзің танаулап келдің ғой деп дұрыс айттың. Бүгінгі 
кешіміз өте жақсы өтті. Әңгімелесіп отырып уақыттың қалай өткенін байқамай 
қалыппыз. Мәжитті пойызға мінгізіп салуға жедел басып келе жатқан едік. 
Уақыт жақындап қалған екен. Біз Максим Горький көшесіне жеткен кезде, 
Мәжит оқыс тұра қалып: 
— Аға (Сапекеңді аға дейтін), менің жолға деген ақшам үйде қалып қойыпты. 
Алам деп отырып, ұмытып кетіппін. Енді не істейміз? Сіздер тұра тұрыңыздар, 
мен үйге барып, алып келейін, — деді. 
— Сен қалай барасың? Пойыздың жүрер уақыты жақындап қалды. Келіп үлгере 
алмасаң, биылғы сабақтан да мүлде қаласың, — деп Сапекең қатты қынжылды. 
Ол кезде жол жүруге билет алу өте қиын болатын. Әсіресе, астанаға баруға 
билет алу өте қиынға түсетін. Көшелерде жарық сөніп, транспорт тоқтап қалған. 
Бұлар не істерін білмей, тығырыққа тірелгендей, бір сәтке тұрып қалыпты. 
Жүсіпбек «мен барайын» десе керек. Барып қайтқанша біраз жер. Тоқтаусыз 
жүгіріп барып қайтпаса, қалып қояды. Енді аялдауға болмайды. Сонымен Жүсіпбек 
жүгіре жөнеледі. Өрге қарай жүгіру тіпті қиын. Бала кезден кейін жүгіру дегеннің 
не екенін ұмытқан Жүсіпбекті осынша қиындыққа салған Сапекеңнің қинала 
қынжылған қабағы еді. Қайтсе де, ақшаны жеткізуді өзіне міндеттеген Жүсіпбек 
екінші қабатта тұратын Сапекең үйіне ентіге жүгіріп кіріп, сөз айтуға мұршасы кел-
мей, ауызғы ел отырған бөлмеден көктей өтіп, төргі бөлмедегі ақшаны ала салып, 
шыға жөнеледі. Үйдегілердің не болғанын сұрауға да шамасы келмей, абыржып 
сасып қалады. Үрейленген Сәлима жеңгей артынан жүгіре шығады. 
— Жүсіпбек-ау, не боп қалды, айтып кетсеңші! — деп айқайлады. 
— Ештеңе де болған жоқ. Қорықпаңыз, — деп кете барады. 
Бұл кезде вокзалға жеткен Сапекеңдер жүру уақыты жақындаған сайын 
дегбірсізденіп тұрады. 
— Жүсіпбек келіп үлгере алмайды. Көп жер ғой. Орта жасқа аяқ басқан 
адамға өрге қарай жүгіру оңай ма. Мәжит қаражатсыз қиналатын болды, — 
деп Сапекеңнің мазасы кете беріпті. Қашанда да сабырлы Қалеки: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет