Шəкен Аймановтың



жүктеу 496.23 Kb.

бет1/38
Дата15.02.2017
өлшемі496.23 Kb.
түріКнига
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38

Òîïæàðªàí
Алматы
«Раритет»
2014
Шəкен Аймановтың 
100 жылдығына 
арналады

Топжарған: 
Топжарған: Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады / Құраст. Т. Смайлова. — Алматы: 
Раритет, 2014. — 400-б. + 2 вкл.
ISBN 978-601-250-225-1
Кітап КСРО халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, дарынды 
актер, қазақтан шыққан тұңғыш кинорежиссер, қоғам және мемлекет қайраткері Шәкен Кенжетайұлы 
Аймановтың өмірі мен шығармашылығына арналған. Шәкен Айманов — ұлттық мәдениетіміздің 
қалыптасуына, қазақ театры мен кинематографиясының дамуына зор үлес қосқан, еңбек сіңірген 
көрнекті тұлға. Кітапта Ш. Айманов жайындағы замандастарының, әріптестерінің мақалалары мен 
естеліктерінде ұлы режиссердің кәсіби шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, адами қасиеттері 
көрініс тауып, шығармашылық зертханасын түсінуге талпыныс жасалынды.
Книга посвящена жизни и творчеству народного артиста СССР, лауреата Государственных премий 
СССР и Казахской ССР, талантливого актера, режиссера, общественного и государственного деятеля 
Шакена Кенжетаевича Айманова, стоявшего у истоков становления казахской национальной культуры, 
внесшего неоценимый вклад в развитие отечественного театра и кинематографии.
© Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, 2014
© Құраст. Т. Смайлова, 2014
© «Раритет» баспа компаниясы, 2014
УДК 791.43
ББК 85.37
Т59
УДК 791.43
ББК 85.37
Т59
ISBN 978-601-250-225-1
Қазақстан Республикасы
Мәдениет министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жобаның жетекшісі Е.Ә. Аманшаев
Жобаның жетекшісі Е.Ә. Аманшаев
Құрастырушы Т.К. Смайлова
Құрастырушы Т.К. Смайлова
Басылым
Ш. Айманов атындағы  «Қазақфильм» АҚ;
Қазақстан кинематографистер Одағы;
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс мұрағаты;
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы;
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер Академиясы; 
«SIART» зерттеуші Агенттігінің қолдауымен дайындалды
АЙМАНОВ
АЙМАНОВ
ШӘКЕН КЕНЖЕТАЙҰЛЫ
ШӘКЕН КЕНЖЕТАЙҰЛЫ
КСРО халық әртісі. КСРО 
және Қазақ КСР Мемлекеттік 
сыйлықтарының иегері. 
Отызыншы жылдары 
Алматыдағы Қазақ драма теа-
трында творчестволық жолын 
бастаған. Театрды өзінің актерлік 
және режиссерлік мектебіне 
балаған Шәкен Айманов қазақ 
сахнасындағы қайталанбас об-
раздармен, спектакльдерімен 
тарихта қалды.
Киноға келгеннен кейінгі 
мезгілде ондаған рөлдерді 
ойнап, «Махаббат туралы 
аңыз», «Дала қызы», «Біз 
осында тұрамыз», «Біздің сүйікті 
дәрігер», «Бір ауданда», «Ән 
шақырады», «Жол қиылысы», 
«Алдар Көсе», «Атамекен», 
«Тақиялы періште», «Атаманның 
ақыры» фильмдерін түсірген.
Суреткердің кез-келген 
фильмінде өзінің еліне деген 
сүйіспеншілік, басым. Туған 
халқының болмысын әрбір 
фильміне арқау ете білген ре-
жиссер, қазақ үшін өте маңызды 
деген тақырыптарды көтерген.

6
¼±ðàñòûðóøûäàí
Осы еңбек КСРО халық артисі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік 
сыйлықтарының иегері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың 100 жыл-
дығына арналады.
Кітапта асыл өнерпаздың азаматтық және шығармашылық позици-
ясы, дарыны мен болмыс бітімі, оның эстетикалық және пәлсапалық 
ұстанымы, өмірде тындырған жарқын істері айқын көрініс тапқан. 
Басылым бірегей авторлық мақалалар негізінде дайындалды; 
сондай-ақ Шәкен Айманов туралы әртүрлі басылымдарда жарық көрген 
үзенгілес достарының естелік мақалалары да осы кітапқа арқау бол-
ды. Материалдардың негізгі бөлігі Қазақстан Республикасы Орталық 
Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар мұрағатынан 
сондай-ақ, әр жылдарда газет-жорналдарда жарық көрген мақалалар 
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы қорынан алынды.
 Кітап екі бөлімнен тұрады. 
1 бөлім — қазақ тіліндегі мақалалар; 
2 бөлім — орыс тілінде жарық көрген мақалалар. 
• Парақтап қарап шығуға ыңғайлы болу үшін әрбір бөлімнің жеке өз 
мазмұны еңгізілді.
  Қазақстан  Республикасы  Орталық  Мемлекеттік  кино-фотоқұжаттар 
 Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік кино-фотоқұжаттар 
мен дыбыс жазбалар мұрағатының директоры А.Ф. Сейітоваға, Т. Жүр-
мен дыбыс жазбалар мұрағатының директоры А.Ф. Сейітоваға, Т. Жүр-
генов  атындағы  Қазақ  Ұлттық  өнер  академиясының  өнертану 
генов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының өнертану 
кафедрасының  меңгерушісі  Г.  Наурызбаеваға,  Қазақстан  кинемато-
кафедрасының меңгерушісі Г. Наурызбаеваға, Қазақстан кинемато-
графистер  Одағының  мүшелері  Ш.Ю.  Алтайбаеваға,  Л.Ф.  Енисеева-
графистер Одағының мүшелері Ш.Ю. Алтайбаеваға, Л.Ф. Енисеева-
Варшавскаяға  осы  игілікті  жұмысқа  көмектесіп  атсалысқандары  үшін 
Варшавскаяға осы игілікті жұмысқа көмектесіп атсалысқандары үшін 
алғысымызды білдіреміз.
алғысымызды білдіреміз.
I. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИНОСЫНЫҢ
I. ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КИНОСЫНЫҢ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ

8
9
I. Қазақ ұлттық киносының негізін қалаушы
Ермек АМАНШАЕВ,
Ермек АМАНШАЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм»
акционерлік қоғамының Президенті
Ò±¬¾èû« μëû ò±ë¾à
¼
азақ ұлттық театры мен киносының көрнекті актері әрі 
режиссері, ірі мемлекет және қоғам қайраткері, дарынды 
ұйымдастырушы, жігерлі сала басшысы, халықшыл ұлтжанды аза-
мат, сері болмысты біртуар тұлға Шәкен Кенжетайұлы Айманов — ұлт 
мәдениетінің тарихында өшпес із қалдырып кетті.
Шәкен Аймановтың шығармашылық тұлғасының қалыптасуына, 
әрине, қазақ өнерінің қара шаңырағы — Қазақ драма театрының сахна-
сында шыңдалған, толысқан жылдар терең із қалдырды... Оның алғашқы 
ұстаздары, тәлімгерлері — аға буын әріптестер, атақты актерлер Қалибек 
Қуанышбаев, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Құрманбек Жандар-
бековтер болды.
Театрда өткен жылдарда Аймановтың сан қырлы актерлік дарыны 
жарқырай ашылып, айналасындағы өнерсүйер қауымға игілік нұрын 
септі. Орындаушылық репертуарында ұлттық, орыс классикасы және ше-
тел драматургиясының шығармалары бар еді. Оның театрдағы актерлік 
және режиссерлік жұмыстары ұлттық сахна өнерінің бірқатар толай-
ым табыстарымен ұштасып жатты. Ол орындаған шекспирлік кейіпкер-
лер — Петруччио мен Отелло — одан кейін қазақ сахнасы үшін актерлік 
шеберліктің эталондық өлшемі болып қалыптасты.
Кино өнерінде де Аймановтың таланты ерекше қырынан көрінді, 
ол майталман режиссер әрі білікті ұйымдастырушы ретінде танылды. 
Киностудияға көркемдік жетекші болып келуі көптеген жас дарынды маман-
кинематографистердің киногерлік жолға түсуіне жол ашты, сонымен қатар ол 
киностудияны басқарған тұста көркем және деректі киноленталар өндірісі арт-
ты. Ол арқалаған аманат пен арман — қазақ фильмдерінің көркемдік сапасын 
әлемдік стандарттарға жеткізу болатын…
Ш. Айманов жиырмадан астам киноленталардың дүниеге келуіне септігін 
тигізді, бұл фильмдер осы күнге дейін еліміздің киноэкрандарынан түскен 
емес.
Ш. Аймановтың актерлік жолы тұңғыш қазақ көркем киноленталарының 
дүниеге келу сәтінен бастау алады. Ол сомдаған рөлдер — Г. Рошаль мен 
Е. Аронның «Абай жырларындағы» Шәріп, Е. Дзиганның «Жамбыл» фильмін-
дегі Жамбыл — жас ұлттық киноның даму кезеңін айғақтайды.
Режиссерлік жұмыстарының жанрлық, тақырыптық аумағына үңілсек, оның 
кең ауқымды, алуан түрлі екенін байқаймыз. Атап айтқанда, «Біздің сүйікті 
дәрігер», «Тақиялы періште», «Алдар Көсе» халықтық кинокомедиялары, өз 
дәуірінде көрерменнің ыстық ықыласына бөленсе, «Бір ауданда», «Біз осында 
тұрамыз» кинохикаяттары кезеңіндегі қалың көрермендерінің көз қуанышына 
айналды. Ал, «Атаманның ақыры» картинасы жанрлық толықтығымен, терең 
мазмұнымен баурайды. Осы фильммен бірге ұлттық кинематографияда 
тұңғыш рет ұлттық қаһарман бейнесі көрініс тапқан болатын. Аймановтың 
өмірінің ақырында түсірген «Атаманның ақыры» картинасы — көптен күткен 
режиссерлік атақ-даңқты да ала келген еді.
Алайда, Ш. Айманов ең үздік фильмдерінің бірі — «Атамекенді» түсіргенде 
де тоқмейілсіп, жеткен биігін марапат тұтқан емес. Оның асыл арманы — 
халқына шын мәнінде, халықтық, хас өнер туындыларын ұсыну еді. Бұл туралы 
өзі де талай жан тебіреніспен толғана айтқан болатын.
Шәкен Аймановтың кинода салған сара жолы қазақ ұлттық 
кинематографиясының қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары мен 
үдерістерін айқындап берді.
Сарқылмас қуат иесі, саябырды білмейтін еңбектің өнегесін қалдырған ол 
бәрінен бұрын Отанын шексіз сүйген адал перзент — Азамат еді.
Халқым деп соққан ыстық перзенттік жүрек пен салқын сабырдың иесі, са-
налы ғұмырын баянды шығармашылыққа арнаған ұлы суреткер Шәкен аға — 
туған халқының жүрегінен мәңгі орын алды.
«Атаның баласы болма, адамның баласы бол», — дейді һәкім Абай. Өмірі 
өнер жалынына шарпылумен өткен Шәкен Айманов — адамның баласы — 
халықтың данасы болып, ұлт тарихында өз орнын еңшілеп, өнеге боп қалды.

10
Òîïæàðªàí
11
I. Қазақ ұлттық киносының негізін қалаушы
Бауыржан НӨГЕРБЕК,
Бауыржан НӨГЕРБЕК,
кинотанушы,  өнертану профессоры, 
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,
Қазақ өнер университетінің
«Өнертану» кафедрасының менгерушісі
Ø©êåí Àéìàíîâòû¬ æåò³ ôèëüì³
íåìåñå Àéìàíîâ
æ©íå ºàçຠêèíîòàíó ³ë³ì³
Ø
әкен Кенжетайұлы Аймановтың кинематографиялық шығарма-
шылығы жайлы талай мақалалар, очерктер жазылып, кітаптар мен 
фотоальбомдар басылып шықты. Көбінеки бұл материалдар мемуарлық 
әдебиет сипатында. Алайда оның фильмдерін идеологиялық позициядан тыс 
жаңа тұрғыдан, қазіргі заманғы отандық кинотану контексінде бағалайтын 
уақыт келді. 
Осы күні қазақ киносының шеберлері Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, 
Сұлтан Қожықов, Абдолла Қарсақбаевтың кеңестік кезеңде «сәтсіз» деп 
танылған фильмдерін қарап отырып, бұл туындылардың көркемдік жетістіктері 
емес, сол кездегі саяси ұстаным есепке алынғанын көреміз. Айталық, Әкім 
Таразидің сценарийі бойынша Мәжит Бегалин түсірген, өз заманында көп 
сынға ұшыраған «Тұлпардың ізі» фильмін мысалға алсақ жеткілікті. Қазіргі 
көрермен кинотуынды авторларын, шопандардың ауыр тұрмысын көрсеткен, 
идеологиялық тұрғыдан зиянды, кеңестік мал шаруашылығын жырламаған 
фильм деп жазғырмайды. Олар мүлдем басқа нәрсені: актерлар сомдаған, 
көп сөзге бармайтын, өрмінезді адамдарды, ғажайып табиғат көріністерін, 
Жақсылық пен Жамандықтың ықылым заманнан бергі күресін, бекзаттық пен 
эгоизм, ұсақтық пен ірілікті көреді. Уақыт бәрін орын-орнына қойып, қайсыбір 
уақиғаға әділ бағасын беретіні ақиқат. Фильмдер жөнінде де дәл солай. 
Бұл мақалада біз, Шәкен Аймановтың кинематографиялық мұрасын 
зерттеудегі түйткілді мәселелерді айқындап, оның фильмдерін отандық 
кинотанушылардың түрлі жылдары жасаған талдаулары арқылы бағалауға ты-
рысамыз. 
Біздің ойымызша, Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың отандық кинематогра-
фияны дамытуға қосқан зор үлесін мына параметрлер бойынша сипаттауға бо-
лады. 
Біріншіден, Шәкен Айманов — ұлттық кинематографияның негізін 
қалаушы, тұңғыш кинорежиссер. Ол сахна және экран өнеріне арнайы кәсіби 
театр және кинематографиялық білім алмастан қадам басты. Ш. Айманов — 
хас таланттың өзі. Оның драмалық актер, қара сөз оқушы, әнші, музыкант, 
театр және кино режиссеры сынды сан-салалы таланты — табиғат-ананың 
оған берген сыйы. Оның білімінің негізі — халық ауыз әдебиеті, ұлттық дәстүр 
мен ұлттық дүниетаным. Шәкен Кенжетайұлы Айманов ғажайып актерлік 
бейнелерді сомдап, жақсы фильмдерді түсіруге арналған материалдарды 
қоршаған ортасынан, қазақ халқының сан қилы тағдырынан, оның фолькло-
рынан алып отырды. 
Екіншіден, Шәкен Айманов — актерлік, жанрлық, сюжеттік кинематогра-
фия өкілі. Оның фильмдерінің танымал болуының сыры сол, олар жанрды 
сақтап, іштей үйлесімділікке ие, сонымен қатар, қазіргі заманғы көрерменнің 
де қабылдауына оңай, қарапайым дүниелер. Ш. Айманов кинотуындылары 
ғажап актерлік ансамблімен ерекшеленеді. Оның фильмдеріндегі барлық 
рөлдер, басты және екінші қатардағы рөлдер де жоғары кәсіби біліктілікпен 
орындалған, өте шынайы. Оның туындыларында екінші қатардағы рөлдер 
болмайды десе де болғандай. Барлық үлкенді-кішілі актерлік бейнелер, ұлттық 
текеметтегі өрнектер секілді өзара байланысып, қабысқан. 
Үшіншіден, Шәкен Айманов — халық суреткері. Оның замандастары, 
әлемдік кино режиссерлері әлемді қалай көретіні жайлы, өздері жай-
лы, өзінің өмірі жайлы (олардың фильмдері көбінесе автобиографиялық 
болған) түсірсе, Шәкен Айманов туған халқының тұрмысына қатысты кар-
тиналар түсірген. Сюжеттерінің осындай әлеуметтік мазмұнға толы болуы, 
оның фильмдерінің танымалдылығын арттырып, әлі күнге дейін көрерменді 
тартып тұрады. Сол себепті Шәкен Кенжетайұлы — халық мойындаған су-
реткер. 
Төртіншіден, кинорежиссер Шәкен Айманов ұлттық өнер қайраткерлерін, 
әйгілі әртістерді таспаға түсіруге ұмтылады. Оның фильмдерінің арқасында, 
біз Серке Қожамқұловты, Елубай Өмірзақовты, Қапан Бадыровты, Қалибек 
Қуанышбаевты, Камал Қармысовты, Шара Жиенкулованы, Хадиша Бөкеева-
ны, Әмина Өмірзақованы, Нұрмұхан Жантөринді, Фарида Шәріпованы, Ермек 
Серкебаевты, Бибігүл Төлегенованы, Асанәлі Әшімовты және өзге де қазақ 
ұлттық театр мен кино майталмандарын экраннан көре алдық. Шәкен аға 
олардың бейнелерін мәңгілікке сақтап қалды. Тура Андре Базеннің «мумия 
комплексін» ойға алғандай әсер қалдырады. 
Бесіншіден, Шәкен Кенжетайұлы Айманов киношығармашылығының 
ерекшелігі сол, ол режиссер ретінде ешкімге еліктеген жоқ, сол кездегі көздің 
жауын алар кино тәсілдерін пайдаланбады. Оның кинокартиналарынан 
әлемдік кино шеберлері Феллини, Антониони, Висконти, Бергман, Куросава, 
Трюффо фильмдерінен тура және жанама цитаталарды көре алмаймыз. Оның 

12
Òîïæàðªàí
13
I. Қазақ ұлттық киносының негізін қалаушы
кинотуындыларының кинематографиялық тілі ықшам, кейде, тіпті, аскеттік 
деуге де болар, ешқандай тәжірибе қолданбайды. Режиссер үшін ең бастысы 
экран кейіпкерінің бейнесінің шынайы болуы, экрандағы кейіпкер мінезінің 
бірегейлігі. 
Алтыншыдан, Шәкен Айманов Қазақстан кинематографистер Одағының 
құрылуының бастауында тұрған, оның басқармасының бірінші хатшысы 
болған, сонымен қатар, «Қазақфильм» киностудиясының көркемдік кеңесін 
басқарған. 
Жетіншіден, Шәкен Айманов қазақ киносының көш басында тұрып, ұлттық 
кинематографияның «атаманы» мен қажымас майталманы болды. Оның сөз-
сіз авторитеті, ғажайып харизмасы отандық кинематографияның әлеуметтік-
экономикалық және шығармашылық проблемаларын республиканың ең 
жоғарғы партиялық-үкіметтік деңгейінде шешуіне мүмкіндік берді. 
Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың экран шығармашылығы — ұлттық кине-
матография тарихындағы тұтас бір кезең, оны қазір алтын кезеңге балап та 
келеді. 
Шәкен Аймановтың режиссерлік жолы кеңестік кинематография мен 
елдің саяси-экономикалық жолымен үндес деуге болады. Бұл жайлы қазақ 
киносының тұңғыш тарихшысы Қабыш Сиранов та жазған болатын: «Творче-
ский рост Шакена Кенжетаевича связан с процессом развития кинематогра-
фического искусства республики и в полной мере отражает его историю» [1, 
59—60]. 
Соғыстан кейін, картиналар «аз түсірілген» 50-жылдары, экономикалық 
тұрғыдан фильм-спектакльдерді түсірген тиімді болған шақта, Шәкен Айма-
нов «Махаббат туралы аңыз» (1954) фильмін түсіріп, дебют жасайды. Бұл, шын 
мәнінде, таспаға түсірілген Қазақ драмтеатрының спектаклі іспетті болатын. 
Кейін ол «Дала қызы» (1954) фильмін қояды. Бұл — революцияға шығыс 
әйелінің қатысуын суреттейтін кеңестік тоталитарлық тарихи-революциялық 
міндетті жанрға жасалған құрмет. Қазақ әйелі бетін тұмшалап жүрмегендіктен, 
идеологиялық тақырып жас тоқалдың қасіретті тағдыры айналасында өрбитін. 
Тоқал өзінің, әдетте, кәрі күйеуін (пролетариаттың жауы) тастап кетіп, одан 
кейінгі өмірін білім алуға, республика мен туған ауылының өркендеуіне еңбек 
етуге арнайды. 
Келесі «тапсырыспен түсірілген» фильм «Біз осында тұрамыз» (1957) деп 
аталып, саяси тұрғыдан маңызды тақырып — тың игеруге арналды. Әрине, 
фильмде, Қазақстандағы тың жерлерді игеру мәселесі, кеңестік «тапсырыспен 
түсірілген» фильм талаптарына сәйкес, жаймашуақ күйде көрсетіледі. Фильм 
эстетикасына әсер еткен тағы бір маңызды дүниені атап өткен жөн: бұл шақта 
кеңестік тарихи-революциялық, тоталитарлық фильм біршама өзгерістерге 
ұшырады. Енді экранда тап жаулары, байлар, халық шаруашылығының 
зиянкестері көрінбейді, олардың орнын жалқаулар, масылдар басқан. Олар 
еңбек ұжымының тәрбиелік жұмысының арқасында саналы түрде өзгеріп, 
қазақстандық тыңды игеруші мәрт адамдарға айналады. Фильмнің негізгі 
тақырыптары — еңбек, тың игерушілердің интернационалдық ұжымы, жарқын 
болашаққа ұмтылған көпұлтты кеңес халқы. 
Жоғарыда аталған фильмдерді Ш. Айманов тең режиссерлар К. Гаккель мен 
М. Володарскиймен қатар түсіргеніне көңіл аударған жөн. Осылайша, арнайы 
кинематографиялық білімі болмағандықтан, ол кинорежиссер шеберлігін 
өндірістік алаңда меңгере бастайды. «Біз осында тұрамыз» атты үшінші фильм 
тұсында Ш. Айманов өзінің көшбасшылық, режиссерлік қасиеттерін көрсете 
бастайды. Қ. Сиранов атап өткендей: «Вся инициатива в съемочной группе 
принадлежала ему, и процессом создания фильма, начиная от режиссерской 
разработки литературного сценария до монтажа и озвучания, руководил он. 
Роль же другого режиссера-постановщика М. Володарского сводилась к органи-
зации эпизодов, то есть подбору типажей для окружения, массовых сцен, про-
ведению с ними репетиций, проверке игрового реквизита, костюмов и т. д. 
Следует отметить, что К. Гаккель и М. Володарский, с которыми пришлось 
работать Ш. Айманову, имели многолетний опыт работы в кино, были хоро-
шими организаторами фильмопроизводства. Но в чисто творческих вопро-
сах (работа с авторами сценария, актерами, композиторами, выбор натуры, 
мизансцена) они значительно уступали Шакену Кенжетаевичу. Они понима-
ли это и всегда считались с мнением талантливого актера и режиссера» [1, 
28—29]. 
Жоғарыда айтылғандарды ескерсек, Шәкен Аймановтың кәсіби режис-
серлік киношығармашылығын, оның жеке дара өзі түсірген алғашқы 
қойылымы, әйгілі музыкалық комедия «Біздің сүйікті дәрігер» (1957) атты 
фильмнен бастаған жөн болар еді. Негізі, осы жайлы жанама түрде болса 
да, Қ. Сиранов өзінің «Шакен Айманов — кинорежиссер и актер кино» атты 
кітабында атап өтеді. 
КСРО ыдырап, одақтас республикалар егемендік алғаннан кейінгі жылда-
ры, экран өнерінің тарихшылары мен теоретиктері алдында кеңестік дәуірдің 
кинематографиялық мұрасына қалай қарау керек деген сұрақ туды. Кеңестік 
кезеңдегі ұлттық кинематографияны қалай бағалауымыз керек? Тек қана 
тоталитарлық, идеологиялық өнер ретінде қабылдап, кинематографиялық, 
ұлттық ерекшелігін, өзіне тән дүниетанымы мен авторлық стилін мойында-
мауымыз керек пе? Бұл күрделі, пікірталас тудыратын сұрақ. 
Кинематографиялық әлемде әртүрлі, тіпті, мүлдем қарама-қайшы пікірлер 
бар: толық жоққа шығарудан бастап, кеңестік кинематографияны әлемдік 

14
Òîïæàðªàí
15
I. Қазақ ұлттық киносының негізін қалаушы
мәдениеттің озық құбылысы ретінде мойындау. 90-жылдары «Искусство кино» 
жорналының бетінде тоталитарлық кино жайлы пікірталас туған. 
Кинотанушы Н. Зоркая, тоталитарлық кино жайлы ойымен бөлісіп, «тота-
литарлық фильмнің» өз эстетикасы барын айтады, бұл — «наивысшее, пре-
дельное, крайнее выражение ангажированного искусства — искусства, кото-
рое выполняет государственно-тоталитарный заказ» [2, 100—101]. 
Тоталитарлық кино сипаттамасының мәселелері, кеңестік дәуір кинема-
тографиясына деген көзқарас, менің «Экранно-фольклорные традиции в ка-
захском игровом кино» монографиямда қаралған. Кеңестік және шетелдік 
кинотанушылардың пікірталасының нәтижесінде келтірілген қысқа ғана ой-
тұжырымдарды келтірейін. 
«Первое. Тоталитарное кино, возникшее в обществах как рыночных отно-
шений (Германия, Италия), так и нерыночных (СССР, страны социалистического 
лагеря), имеет, несмотря на различия, и общие эстетические параметры, свой 
особый кинематографический язык, что позволяет говорить о тоталитарном 
фильме, как некой социокультурной данности. 
Второе. Не следует кинематографию советского периода в целом характери-
зовать только как тоталитарное кино и отказывать ему в кинематографичности, 
эстетическом своеобразии, аудио-визуальной культуре. Как известно, началь-
ные периоды развития советского кино были насыщены поисками киноязыка, 
экспериментами в области формы, драматургического построения, филосо-
фии произведения. Каждое десятилетие было не похоже на предыдущее. На-
пример, 1920-е годы разнятся от 1930-х годов. Даже в творчестве отдельного 
мастера имеются периоды различной степени зависимости от идеологии госу-
дарства, политики КПСС. Неправомерно проводить прямые аналогии между 
пропагандистскими, идеологическими фильмами и высокохудожественными 
авторскими кинолентами мастеров советского кино. 
Третье. Советское тоталитарное кино — явление неоднородное. Нет не-
обходимости ставить знак равенства между Эйзенштейном, Эрмлером и 
Чиаурели. Невозможно проводить аналогии между фильмами «Броненосец 
«Потемкин», «Иван Грозный» и «Александр Невский», «Бежин луг», «Ве-
ликий гражданин» или «Великое зарево». Эти игровые ленты невозможно 
воспринимать и рассматривать как кинокартины с одинаковой степенью 
ориентированности на политические задачи тоталитарного режима. Они 
неадекватны по художественно-эстетической и политико-идеологической 
значимости, различны по уровню зависимости кинопроизведения от идео-
логии общества. 
Из вышесказанного следует, что вместо глобального понятия «тоталитар-
ное кино», правомернее использовать термин, учитывающий неоднородность 
кинематографического процесса — «кино тоталитарной эпохи», что наиболее 
полно и объективно выражает суть и статус кинематографа в тоталитарном об-
ществе. 
На вопрос: является ли советское кино искусством, мы должны ответить по-
зитивно. Советское кино в лице выдающихся мастеров было искусством. Но 
искусством, ангажированным, управляемым государством. Искусством, откро-
венно выражающим интересы советского строя и пропагандирующим идеалы 
революции и коммунизма» [3, 37]. 
Мұнда тағы да сұрақ туады: Шәкен Аймановтың кинематографиялық 
өнері, яғни, фильмдері қаншалықты ангажирленген еді? Әрине, мұның жа-


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал