Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
  Пейзажды  суреттеген  өлеңдерінде  лирикалық  «меннің» 

 
68 
нәзік сезімталдығы, жіті байқағыштығы, ұшқыр қиялы өзінше өрнек тауып 
көрініс  зейнеттілігін  көз  алдыңа  келтіреді.  М. Мақатаевтың  лирикалық 
кейіпкері  –  ауыл,  дала  көріністеріне  сүйсінуші.  Ол  табиғат  суреттерін 
жалаң  қабылдамай,  тұтастықта  таниды.  Тек  сүйсініп  қоймай,  табиғатпен 
тілдеседі,  бірде  өтініш  білдіре,  бірде  бұйыра  сөйлейді.  Қоршаған  ортаны 
ұлттық бітімімен қабылдайды. Ақын К. Салықовтың табиғат лирикасында 
лирикалық  кейіпкер  өзгеше  қырларымен,  өзіндік  сырларымен  көрінеді. 
Оның  лирикалық  кейіпкері  табиғат  қабақ  шытса,  бірге  тұнжырап,  қуанса, 
баладай мәз болады. Табиғатқа салмақты, ойлы көзбен қарайды. Көп адам 
байқай  бермейтін  сырларды  аңғарып,  қиялға  қанат  бітіреді.  Ақын 
Қ. Мырзалиевтің  лирикалық  кейіпкері  пейзаждық  лирикада  өз  бітім-
болмысымен  танылады.  Қ. Мырзалиевтің  табиғатты  бейнелейтін  өлеңде-
рінде  лирикалық  кейіпкер  келісті  көріністі  тарих  тереңіне,  ұлттық  мәде-
ниет  пен  әдебиетіміздің  інжу-маржандарына  бойлай  отырып,  солармен 
сабақтастыра, салыстыра елестетеді. Әсем көріністер мен сұлу суреттерден 
сыр  аулап,  сүйсінеді.  Қандай сезімге бөленсе де, лирикалық кейіпкер сал-
мақтылық танытады, асып-тасып қуанбайды. Оразақын Асқардың табиғат 
тақырыбындағы өлеңдерінен лирикалық кейіпкердің жабырқаңқы, бұйығы, 
көңілсіз  болатын  сәттерін  байқамаймыз.  Қай  өлеңін  оқысаңыз  да,  ерекше 
сезімге  тап  боласыз.  Лирикалық  кейіпкер  табиғаттағы  әр  нәрседен 
жылылық,  жақсылық  аңдағандай.  Т. Айбергеновтің  пейзаждық  лирика-
сында  лирикалық  кейіпкер  –  табиғатқа  сүйсінуші  ғана  емес,  сырласушы, 
айналаны  бақылаушы,  өз  сезімін  ашық  та  әсем  айта  алушы.  Ол  табиғат 
суреті  мен  сезімін  қатар  танытады.  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақыры-
бындағы  өлеңдерін  оқи  отырсақ,  ондағы  лирикалық  кейіпкер  табиғатқа 
сүйсіне  қараушы,  одан  сыр  аулап,  көңілі  сергіп,  дем  алатындай  көрінеді. 
Әсіресе  лирикалық  кейіпкер  теңіз  көрінісін,  ондағы  толқындарды  ерекше 
ыстық сезіммен келісті кестелейді. Д. Қанатбаевтың лирикалық кейіпкері – 
табиғатпен  тiлдесушi,  ортақ  тiл  табысушы  да.  И. Сапарбай  өлеңіндегi 
лирикалық кейіпкер – сұлу табиғат суретiнiң куәгерi, оған сүйсiнушi және 
оны  бақылаушы.  Ұ. Есдәулеттің  табиғатты  суреттеуінде  лирикалық кейіп-
кер  өз  қырымен  танылады.  Ол  ерекше  бір  істің,  қимылдың  адамы  емес, 
сезімі  мен  мінезі  бірқалыпты,  таусыла  қайғырмайтын,  асып-тасып 
қуанбайтын, салмақты, ұстамды. Табиғат пен табиғат лирикасы өз алдына 
бөлек-бөлек  дүниелер  болғанмен,  олардың  аралығында  лирикалық  «мен» 
тұрады.  Ол  табиғаттан  алған  әсерді  сезім  сүзгісінен  өткізіп,  оның  ең  бір 
сәулелі жақтары арқылы оқырман жүрегіне айнасын түсіреді. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  «лирикалық  тұлға»,  «лирикалық  кейіпкер», 
«лирикалық  қаһарман»,  «ақындық  «мен»  атауларын  ғалымдардың  пікірлеріне  сүйене 
отырып саралаңыз. 
2. Лирикалық кейіпкер ұғымына жан-жақты түсінік беріңіз.  

 
69 
3. С. Мәуленов,  М. Мақатаев,  К. Салықовтардың  табиғатты  суреттеулеріндегі 
кейіпкер ерекшеліктерін салыстыра талдаңыз. 
4. Қ.Мырзалиевтің  табиғатты  суреттеулерінде  лирикалық  кейіпкердің  ұлттық 
болмысымен танылатын тұстарын мысалдармен дәлелдеп көрсетіңіз. 
5. М. Айтқожина  мен  Ф. Оңғарсынованың  табиғатты  бейнелеулеріндегі  лири-
калық кейіпкер ерекшеліктерін ажыратын көрсетіңіз. 
6. Ақын  И. Сапарбайдың  табиғат  лирикасындағы  кейіпкердің  қоршаған  ортаны 
қабылдаудағы өзіндік сипаттарын талдаңыз. 
 
 
2.2 Табиғат бейнелері және лирикалық кейіпкер 
Ұлттық  поэзиядағы  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерге  үңілсек,  бір 
табиғат  көрінісінің  бір-біріне  ұқсас  не  бір-бірінен  мүлде  өзгеше,  алшақ 
суреттелуін  байқаймыз.  Бұл  ақынның  табиғатты  бейнелеу  шеберлігіне, 
айналаны  қабылдау  ерекшелігіне  де  байланысты  екендігі  белгілі.  Лири-
кадағы табиғат бейнелері қазақ әдебиетінде әлі зерттелмеген тың тақырып 
десе  де  болады. Орыс әдебиетінде лирикадағы табиғат бейнелерінің тұтас 
жүйесі  жасалынса,  француз  әдебиетінде  бұлақ  бейнесі,  неміс  әдебиетінде 
орман бейнесі туралы зерттеу еңбектері [52, 4] жазылып, диссертация қор-
ғалды.  Біз  табиғат  бейнелерінің  барлығын  тұтас  қамтуды  мақсат  етпедік, 
тек  неғұрлым  жиі  кездесетін  табиғат  бейнелерін  ғана  лирикалық  кейіп-
кермен  байланыста  қарастырамыз.  Мысалы,  уақыт  айналымына,  соның 
ішінде  жыл  мезгілі,  айларға  арналған  өлеңдер  біршама.  Әсіресе  көктем 
мезгілін әр ақынның өлеңдерінен кездестіреміз. Ақын С. Мәуленовтің көк-
тем  бейнесін  ашарлық  бірнеше  өлеңі  бар.  Бірінде  «Көктем,  көктем,  аш 
қақпаңды,  //  Жай көкпеңбек дастарханды» [91, 215]-деп лирикалық кейіп-
кер  өзі  көргісі  келетін  көңіліндегі  көңілді  көктемді  жырласа,  келесі  бір 
көктемді  суреттеген  өлеңінде:  «Босанды  мұз  құрсаудан  көл  кешегі,  // 
Төсінде теңбіл-теңбіл сел көшеді. // Көгінде жасын ойнап, күн күркіреп, // 
Көктемнің  айдарынан  жел  еседі»  [91,  219]  –  деп  суретті  бейнелі  түрде 
елестетеді.  Лирикалық  кейіпкер  көңілі  де  көктемдей  көтеріңкі.  Т. Айбер-
генов өлеңдерінде көктем бейнесі көңілді, жайдары суреттеліп, табиғат бар 
өзгерісімен,  ерекшелігімен  танылады.  Ақын  аз  сөзге  көп  мән  сыйғыза 
отырып,  келісті  сурет  жасайды.  Мысалы:  «Төбеде  найзағай  жарылып  // 
Аспанға  салды  кеп  сойқанды.  //  Қыстағы  қаймағы  алынып,  //  Өзеннің 
күбісі шайқалды» [109, 25]. Лирикалық «мен» – көктемнің келісті көрі-нісін 
сырттан  бақылаушы.  Ақын  көктемдегі  тіршіліктің  оянып,  жандануын 
келесі бір «Көктемде» өлеңі арқылы көрсетеді: «Өзеннің бәрін жын ұрып, // 
Айналды көктем сарнауға» [109, 272] – деген екі тармақтың өзіне көктемгі 
бар  сілкініс  сыйғандай  көрінсе,  «сарнауға»  қолданысы  арқылы  автор 
дыбыстардың ерекшелігін жайып салады. Ақын М. Мақатаевтың да көктем 
мезгіліне  арнаған  бірнеше  өлеңдері  бар:  «Айхай,  көктем»,  «Тау-дағы 
көктем»,  «Көктемде»,  «Осы  бір  көктемді  көгерген»,  «Көктем  де  келер», 
«Шып  терлеп  дала  бусанған»,  т.б.  Мұқағали  Мақатаев  өлеңдерін-дегі 

 
70 
көктем  лирикалық  кейіпкер  көңіл-күйімен  егіз,  астаса  беріледі.  «Айхай, 
көктем»  өлеңінде  «Күркіретіп,  дүркіретіп,  //  Мына  келген  көктем  бе?!  // 
Сіркіретіп,  бүркіп  өтіп,  //  Әтір  шашып  кеткен  бе?»  [135,  89]  –  деп 
табиғатты  сүйсіне,  көтеріңкі  көңіл-күй  әсерімен  бейнелесе,  «Көктем  де 
келер»  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  көңілі  екіұшты.  Ол  табиғат  пен 
адамды  қатар  алады.  Табиғат  адам  еркінен  тыс,  өз  заңдылығымен құлпы-
рып, гүлдесе, лирикалық кейіпкерді ауру досының әлі құрып бара жатқаны 
мазалайды:  «Көгереді,  барлығы  көгереді,  //  Ой  да,  қыр  да  даланың  төбе-
лері. // Әлі құрып баратқан ауру досқа // Осы көктем білмеймін не береді?» 
[135, 52]. Келесі бір таудағы көктемді бейнелеген өлеңінде ақын оқырман 
сезіміне  әсер  етерліктей  шебер  суреттер  жасаған.  Лирикалық  кейіпкермен 
оқырман  да  тауды  аралайды,  сұлулығына  бірге  сүйсініп,  таң  қалады: 
«Еміренген,  //  Тебіренген  //  Ақбас  Ата  –  асқарлар  //  Күннен  –  бөркі,  // 
Гүлден  –  көркі,  //  Тау  –  тамаша,  тау  –  алып  //  Қатпар  басын,  //  Шатқал 
тасын  //  Көрген  сайын  жаңалық»  [135,  129].  Ақын  тек  келісті  сурет  жа-
самайды,  өлеңнің  құрылысы  арқылы  да  оған  ерекше  екпін,  әуен,  сезім 
дарытады.  Мұқағали  қаламында  көктем  негізінен  көтеріңкі  көңіл-күй 
әсерімен  бейнеленсе,  ақын  Ф. Оңғарсыновада  да  көктем  көңілді  суретте-
леді.  «Көктем  күліп  келеді»,  «Қоңыраулатып  көктемдер»  өлеңдері  оқыр-
мандарға белгілі. Терең сезімге құрылған бейнелі жырлар оқыған адамның 
жан-жүйесін  қозғары  сөзсіз.  «Жан  сезімін  түнекке  тасаламай  //  Табиғатқа 
қызуын шашады арай. // Балғын бүршіктерімен сұлу қайың, // Толықсиды 
босанған жас анадай» [132, 214]. Лирикалық кейіпкер де өзінің жан сезімін 
«түнекке  тасаламай»  табиғаттан  жылулық,  қызу  алғандай.  Өлеңнен  әйел 
лирикалық кейіпкерге тән нәзіктік, сезімталдық лебі еседі. Ақын Д. Қанат-
баев  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  көктемді  ерте  тосып,  енді  келгеніне 
қуанысып,  сезімін  сыртқа  шығарады:  «Жасыл  желек  жамылып  жұталаң 
қыр, // Жетті-ау кезең жан-жақтан жұпар аңқыр. // Бұлбұлдарын сайратып 
орман-тоғай,  //  Бұлдырығып  қондырып  бұталар  тұр»  [115,  144].  Көктем 
бейнесі  Қ. Мырзалиев  өлеңдерінде  аса  жиі  кездеседі.  Ақын  көктем  көрі-
нісін  бар  сұлулығымен  шебер  бейнелейді.  Лирикалық  кейіпкер  де  –  көте-
ріңкі  көңіл-күй  әуенімен  табиғатты  тамашалаушы.  Мысалы:  «Мақта-
сындай көнелеу бір көрпенің // Қардың жүні қалды бірден жығылып» [136, 
159].  Ақын  көріністі  нақты,  дәл  елестету  үшін  теңеуді  тұрмыстан, 
күнделікті  өмірден  алады.  «Көктем  келіп  қалыпты-ау»  өлеңінде  көктем 
көрінісін  бірыңғай  дыбыс  үндестігіне  құру  арқылы  келісті  елестетеді: 
«Шымырлаған  шуаққа  шыдай  алмай  //  Шыңылтыр  мұз  кешегі  кеткен 
кеміп»  [136,  279].  Дыбыс  үндестігі  әрі  қарама-қарсылықты  алу  арқылы 
ақын  өлеңге,  әсер  береді.  Ал  И. Сапарбай  көктемнің  көңілсіз  кезін 
сипаттайды.  «Жаңбырсыз  көктем»  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  байқау-
шы,  бақылаушы  ретінде  танылады.  Мысалы:  «Тамыры  көктің  талмауыр 
тартып,  //  Балауса  егін  сарбалақтанды»  деп  нақты  көрсетеді.  Келесіде: 

 
71 
«Бозамық  тартып  ажары  белдің,  //  Басталмай  жатыр  базары  көлдің»,-деп 
[117, 57] көктемнің осы бір көрінісіне лирикалық кейіпкер де іштей көңілі 
түседі,  қайғырады.  Ал  М. Айтқожина  жырлаған  көктем  керісінше  көңілді 
суреттеледі.  «Күй  қанаты  көктемгі»  [110,  41]  өлеңінде  ақын  «Дүрліктірді 
даланы  бұлақ  күліп»  тармағы  арқылы  далада  ерекше  бір  құбылыс  болып 
жатқанын, тіршіліктің қозғалыста екенін шебер танытады. Келісті суреттер 
көктем  көрінісін  нақты  елестетеді:  «Дірілдейді  қызғалдақ  жер  төсінде,  // 
Ақша  бұлттар  мінгесіп  бара  жатыр,  //  Алатаудың  ақ  жалды  өркешінде». 
«Мінгесіп»  бара  жатуынан  сол  бұлттардың  көптігі  лирикалық  кейіпкер 
қиялына  сай  бейнеленгенін  көреміз.  Ақын  Ұ. Есдәулет  шығармаларында 
көктем  бейнесі  келісті,  лирикалық  кейіпкер  сезімі  мен  қиялына 
бағындырыла  суреттеледі.  Мысалы:  «Желмаямен  қашқақтайды,  //  Көкала 
бұлт  керуендері»  [124,  85],  –  деп  тосын  тіркеске  құрып,  ұлттық 
әдебиетімізге  сіңімді,  жақын  бейнелесе,  келесі  тармақтарда  Абай  өлең-
дерімен  ұқсас,  орайлас  көріністерді  де  кездестіреміз:  «Жер  менен  көк 
сағынышты,  //  Құмары  екеуінің  сондай  күшті».  Ақынның  лирикалық 
кейіпкері табиғат көрінісін ұлттық бедер-бояуымен көреді.  
Жыл мезгілдерінен қыс бейнесі де – ақындар назарынан тыс қалмай-
тын мәнді тақырып. Көктем негізінен көтеріңкі көңіл әуенімен суреттелсе, 
қыс әр ақында түрлі сипатта танылады. C. Мәуленов қыстың қатаңдығын, 
қаталдығын баса жырлайды: «Ақ теңіздей айдала, // Ала қаншық ақ боран. 
//  Аласапыран  айнала,  //  Ақ  қар  соққан  ақ  тоған»  [91,  319].  Өлеңнің 
бірыңғай дыбыс үндестігіне құрылып, «а» дыбысынан басталуы қыстың ақ 
көрінісін  аша  түскендей.  Лирикалық  кейіпкер  көңілі  де  қыс  боранымен, 
қарымен  қатып  қалғандай.  Сезімінен  ерекше  бір  жылылық,  қуаныш  лебі 
байқалмайды.  Келесі  бір  қыс  мезгілін  бейнелейтін  өлеңінде  табиғат 
көрінісі  адамдар  өмірімен  қатар  алынады.  Балалардың  ойынына  қыс 
қаталдығы бөгет бола алмайды. Лирикалық кейіпкер осы көріністі сырттан 
бақылаушы  ретінде  көрінеді:  «Көнбейді  боран  ырқына,  //  Қызықтырып 
жаңа қар, // Жүреді ауыл сыртында, // Қар лақтырып балалар» [91, 320]. 
Ақын М. Мақатаевтың қыс мезгіліне қатысты «Қар жауып тұр» және 
«Қыстауда»  деген  өлеңдері  бар.  Алғашқысында  автор  қыстың  басталуын, 
яғни  алғашқы  қарды  жырлайды:  «Жәйімен  жапалақтап  қар  жауып  тұр,  // 
Үлгермей де қалдық-ау қамданып бір» [135, 204]. Үзіндіде табиғат көрінісі 
мен  лирикалық  кейіпкердің  ішкі  сезімі қатар берілген. Келесі шумақтарда 
«Қыс қытымыр, // Жайлы емес далаға онша. // Малшыларға қиын-ау, дара 
қонса» –дегенде де лирикалық кейіпкердің ішкі ойы егіз өріледі. Екінші бір 
«Қыстауда»  өлеңінде  лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай  қыс  бар 
қатаңдығымен  көрінеді:  «Қораны  да,  үйді  де,  өрісті  де  //  Түтіп  жатыр  ақ 
түтек  тегіс,  міне,  //  Сұп-сұр  аспан сұрланып, ойран салып, // Бар қаһарын 
шашуда  жер  үстіне»  [135,  64].  Бір  шумақ  үзіндіде  автордың  қысты  су-
реттеу  шеберлігі  жатыр.  Абай  дәстүрін  жалғастырушы  ақын  М. Мақатаев 

 
72 
қысты тірі адам бейнесінде елестетеді. Бірде түтіп жатса, бірде сұрланып, 
ойран салып, қаһарын шашу арқылы қыс қатаңдығын жайып салады. Ақын 
Т. Айбергенов  «Қыс»  деген  бір  шумақ  өлеңінде  қысты  көзілдірік  киген 
ғалымға  ұқсатады:  «Шебер  қыс  келді  ұқсатып  бір  ғалымға,  //  Көзіне  іліп 
кетіпті  көзілдірік»  [109,  26].  Лирикалық  кейіпкер  қыс  көрінісіне  сүйсіне 
отырып, келісті көріністі бақылаушы көзімен танытады. Келесі өлеңінде де 
лирикалық «мен» сезімі қиялмен қанаттанады: «Дала жатыр күйсеп күртік 
малтасын,  //  Тау  да  жатыр  аяз  жалап  малтасын.  //  Дірілдейді  қы-рықтық 
тиген қозыдай, // Көгілдір тас, көк еркесі, марқа шың» [109, 254]. Ұлттық 
сипатта,  ұлттық  бояумен  жазылған  өлең  оқыған  адамның  сезімін  дір 
еткізері  анық.  Үзіндідегі  малтаны  жалау,  қойды  қырқу,  «марқа» 
қолданыстары  ауыл  адамына  жақсы  таныс  болса,  сол  «танысты»  ақын 
табиғатқа  қатысты  қолданып  әсерлі  суреттер  туғызған.  Ақын  М. Айтқо-
жина қаламынан шыққан қыс бейнесі де өмірмен қоян-қолтық суреттеледі. 
Мысалы:  «Шапан  киіп  ақ  қардан  шыршалары  //  Қорықты  ма  аяздан, 
қымтанады. // Бәйгі қосып, бәстесіп, біраз бала, // Бірінен-бірі оздырып жүр 
шананы» [110, 177]. Лирикалық кейіпкер – қыс суретін қызықтаушы. Қыс 
мезгілі  көңілді,  қызықты  танылып,  адам  мен  табиғат  бірлікте,  тұтастықта 
бейнеленеді. 
Күз  мезгілі  де  –  кең  жырланып  жүрген  тақырыптардың  бірі.  Абай 
жырлаған,  Мағжан  жырлаған  күз  ақындар  шығармаларынан  өз  жалғасты-
ғын  тапты.  М. Мақатаевтың  «Күрең  күз»,  «Тағы  да  күз»,  «Суық  күз 
сұрғылт»  өлеңдерінде  күз  өзгеше  өрнекке  ие:  «Қайтып  бара  жатыр,  әне, 
сағыныштар-тырналар, // Ақ қайыңдар, тал, теректер... алтын сары сырға-
лар,  //  Туған  жердің  кеудесінде  тұнжырайды  жылғалар»  [135,  25].  Күздің 
әдеттегі  көрінісі  лирикалық  кейіпкердің  көзімен  берілген  сағыныштар, 
алтын  сары  сырғалар  ауыстырулары  сәтті  қолданылып,  өлең  көркемдігін 
көтеруге қызмет етсе, өлеңнің үш тармаққа және он үш буын, төрт бунаққа 
құрылуы  өлеңге  өзгеше  леп,  екпін  береді.  Мысалы:  «Келіп  қапты-ау 
сағыныштай  сап-сары  ала  арман-күз»  тармағында  лирикалық  кейіпкердің 
бүкіл сезімі, ойы жатқандай. Келесі өлеңінде (Суық күз сұрғылт) [135, 95] 
лирикалық  кейіпкерге  табиғат  суреті  өткенін  еске  салғандай.  Табиғатқа 
қарап  лирикалық  кейіпкердің  сол  мезгілдегі  сағыныштары  есіне  орал-
ғандай  қатар  суреттеледі.  М. Мақатаевтың  күзі  сағынышқа  толы  болса, 
Фариза  Оңғарсынова  суреттеген  күз  көңілсіз,  қоңырқайлау.  «Күз»  [132, 
141]  өлеңінде  табиғат  пен  адамды  бірлікте  алады:  «Кимеген  адам  бұғы 
ішік,  //  бүрсеңдер  арық  тазыдай»  деп  адамдар  тіршілігін  көрсету  арқылы 
күздің  суықтығын  танытады.  Күз  тәрізді  лирикалық  кейіпкер  көңілі  де 
қоңырқай тартады. «Сұлулық қалмай қырда түк, // Қоңырқай тартып жар-
қын  жер»  немесе  «Даладан  кеткен  жалынды  әр  //  аурудан  тұрмас  адам-
дай».  Күз  табиғаттың өзіндей көңілсіз, әлсіз, аурудан тұрмас адамға теңе-
леді.  Т. Айбергенов  өлеңдерінде  де  күз  бейнесі  қоңыр  тартып,  лирикалық 

 
73 
кейіпкердің көңіл-күйіне сай суреттеледі. «Күзде» өлеңінде «Сыңсиды жел 
қобызын  бұрап  тартып»  тармағындағы  «сыңсиды»  сөзі  арқылы  аса 
жағымсыз,  көңілсіз  дыбысты  елестетсе,  келесі  бір  өлеңінде  «күз  келді  де 
қоңыр тартып қыр көгі» [109, 43] тармағынан лирикалық кейіпкер көңілі де 
қоңыр  тартатыны  аңғарылады.  Ақын  Д. Қанатбаев  қаламынан  туған  күз 
бейнесі де жансыздау, тыныштықта суреттеледі. Лирикалық «мен» қабыл-
дауына  сай  күз  аспаны  күлгін  түсті  болып  танылады.  Мысалы:  «Шырқау 
аспан  көрінеді  күлгін  боп,  //  Бал  таңдайын  безілдеткен  бұлбұл жоқ» [115, 
55].  М. Айтқожинаның  күзі  байсалды,  жайлы.  Лирикалық  кейіпкер  де 
дүниеге  салмақты  көзбен  қарайды: «Бұлт жүзді айдын көлде алашабыр, // 
Жалт  ете  қап  толқынға  тараса  нұр.  //  Алтын  жапырақ  қайыңнан  құлап 
жатыр, // Өрнек сап су түбіне тамаша бір» [110, 129]. Өлеңде күз болды де-
ген сөз жоқ. Сурет сыры арқылы күз мезгілі екенін тануға болады. Лирика-
лық  кейіпкер  қабылдауына  сай  бұлтты  көлде  жүздіру  арқылы  ақын 
шарттылыққа барады. Соңғы тармақтарда су бетіне жапырақтардың құлап, 
өрнек салуы – лирикалық кейіпкер қабылдауының айнасы. Ақын И. Сапар-
бай  «Күзгі  күдік»  өлеңінде  күзбен  бірге  лирикалық  кейіпкер  көңілі  де 
сарғыш  тартқандай.  Мысалы:  «Жаз  қайда,  жайлау  қайда  жұмақтайын?  // 
Сырғиды  сынаптайын  күн,  апта,  айың...  //  Сыбылық  жауын  жонын  езген 
сайын  //Сығылып  алатындай  жылап  қайың»  [117,  39].  Ақын  күз  суретін 
елестетуде  шеберлік  танытады.  Жаздың  жасыл  болатынын  ескеріп,  соған 
қатысты сөздерді бірыңғай «ж» әрпіне үндестіріп құрса, күздің сары екенін 
ескеріп,  күз  суреттерін  бірыңғай  «с»  әрпіне  үндестіріп  өлеңге  рең,  түс 
дарытқандай. 
Жаз,  жазғытұры  мезгілдері  ұлттық  әдебиетімізде  негізінен  жайда-
ры,  жасыл  боп  суреттеліп  келген.  Абай,  Мағжан,  Сәкен,  Сұлтанмахмұт 
суреттеген  жаз  көріністерін  еске  түсірсек,  осы  дәстүр  кейін  де  өз  жал-
ғастығын  тапты.  С. Мәуленов  жазғытұры  мезгілін суреттегенде табиғатты 
адам  тәрізді  жандандыра  бейнелейді.  Бірінде:  «Терлеп,  бойы  бусанып,  // 
Кетті еріп қыс ағып» [91, 222], – десе, келесі өлеңінде «Қария қыс қашады, 
// Көзден жасы мөлтілдеп» [91, 222],  – деп бейнелі елестетеді. Лирикалық 
кейіпкер  сол  көріністі  бақылаушы,  қызықтаушы  ретінде  көрінеді.  Ақын 
К. Салықов  «Жаз  келді»  өлеңінде  табиғат  лирикалық  кейіпкер  көңіл-
күйімен үндесе жырланады. Мысалы: «Жер бетіне жарқын бейне жаз кел-
ді,  //  Ел  шетіне  аққу  ұшып,  қаз  келді»  [91,  20].  Автор  суреттеуден  гөрі 
баяндауға,  хабарлауға  жол  беріп,  лирикалық  кейіпкер  сезімін  қоса 
жеткізеді.  Ал  М. Мақатаевтың  «Жаз  да  жетті»  өлеңінде  лирикалық  кейіп-
кер  жазды  сағына  күтіп,  жазбен  бірге көңілі де жылынғандай әсер алады. 
Ол – табиғат көрінісін бақылаушы емес, сол табиғатпен тікелей тілдесуші: 
«Жаз  да  жетті-ау,  сағынтып,  //  Тірі  адамға,  //  Жасыл  шекпен  жамылған 
төрем менің, // Ауыл-аймақ, ел-жұртың дін аман ба?» [135, 90]. 

 
74 
Әр  жыл  мезгілімен  бірге  поэзиямызда  жеке  ай  аттарына  арналған 
өлеңдер  де  бар.  Жыл  басы  наурыз  деп  алсақ,  сол  наурызға  қатысты 
өлеңдер  бір  төбе.  Мәселен,  С. Мәуленов  наурызға  бірнеше  өлең  арнаған 
және  әрбір  өлеңіндегі  наурыз  айының  ерекшелігі  бір-бірін  қайталамайды. 
Бірінде  «...Наурыз  күні  жас  мәңгі  //  Күн  отымен  қыздырып,  //  Балқытады 
тастарды» [91, 216] – десе, келесі бір шығармасында: «Келді наурыз қана-
тында көктемнің, // Қырда басы қылтияды шөптердің. // Қара жерге кірпік-
тері қадалып, От бүркеді көктен күн» [91, 216]. Үшінші бір өлеңінде: «Жай 
отымен  сілкіндіріп  даланы,  //  Жаңбырымен  шайып  өтіп  ауаны  //  Наурыз 
күні  қыр  үстіне  құлпыртып,  //  Қызғалдақтар  қызыл  жұлдыз  жағады»  [91, 
217].  Үш  өлеңде  үш  түрлі  сурет  болғанымен,  бейнелеу  машы-ғы,  сөз 
мәнері,  тіл  өрнегі  ақын  қолтаңбасын  танытады.  Үшеуінде  де  лири-калық 
кейіпкер  –  табиғат  суретін  қызықтаушы,  сүйсінуші.  С. Мәуленов  наурыз 
айын жанданған, жайқалған, қызылды-жасылды көңілді етіп елестетеді. 
С. Мәуленов  наурыздағы  табиғатты  жандандыра  суреттесе,  ақын 
М. Мақатаев наурыздағы табиғатты емес, наурыздың өзін жанды, тірі адам 
ретінде  кестелейді:  «Шатырында  үйлердің  наурыз  жүр,  //  Мұз  көрпесін 
ақпанның лақтырып» [129, 74]. Ақын кейіптеуді шебер қолданып, наурыз-
ды  қиялға  қанат  бітіре  суреттейді.  Ұ. Есдәулет  өлеңінде  наурыз  бейнесі 
ұлттық  бояуда,  сипатта  бейнеленеді.  Мысалы:  «Күннің  құйған  сүт-сәулесі 
әлі уыз // Науша құсқа нота ойнатты наурыз. // Шатырлардан шүпір-шүпір 
құлайды,  //  Сүңгі  мұрттай  сынып  түсіп  сары  мұз»  [124,  28].  Сәуір  айын 
ақын  К. Салықов  та  жырға  қосады.  Негізінен  табиғат  суреттерін  жырға 
қосуға  бағыттағанмен,  сол  кездің  саясатына  сәйкес  табиғатпен  көсем 
бейнесін қоса алады. 
Мамыр айына М. Мақатаев «Мына келген мамыр ма?» және «Май – 
махаббат»  өлеңдерін  арнаған.  Алғашқысында  мамыр  айының  көрінісі 
адамдар  тіршілігімен  бірлікте,  біте-қайнаса  суреттеледі.  Мысалы:  «Аспан 
тұр міне күркіреп, // Шөміш қақ әже ырымдап, // Көктер ме егін дүркіреп, // 
Көк  биең  аман  құлындап»  [129,  48].  Ұлттық  сипатта  суреттелген  мамыр 
көрінісі  әр  қазаққа  таныс,  жақын  көрінсе,  екінші  өлеңінде  лирикалық 
кейіпкер  май  айын  махаббат  деп  ауыстырады:  «Май  –  махаббат,  //  Жерге 
ғашық сұр аспан, // Жер де ғашық, // Жете алмай, // Екі ғашық жыласқан» 
[129,  242].  Лирикалық  «меннің»  табиғатқа  деген  сезімі  мен  махаббаты 
бүкіл  дүниені  солай  қабылдауға  әсер  етеді.  Мамыр  айының  бейнесі 
Қ. Мырзалиев  өлеңдерінде  шуақты,  көңілді  боп  көрінеді.  Лирикалық 
кейіпкер  табиғатты  адаммен,  өмірмен байланыста қарайды: «Әрі сұлу, әрі 
игі  //  Мамыр-майым  шуақты:  //  Он  бір  ұлы  бар  үйдің  //  Жалғыз  қызы 
сияқты!»  [137,  257].  Бұл  айдың  сыр-сипатын,  көркемдігі  мен  ерекшелігін 
танытуға  бұдан  артық  теңеу  керек  еместей.  Мамыр  айын  бейнелегенде, 
Ұ. Есдәулет  те  табиғат  көріністерін  ұлттық  тұрмыс-тіршілігімізге 
ұқсатады. Мысалы: «Өзенге өркеш біткендей бейне, // Керуен де керуен сең 

 
75 
кеткен.  //  Ақ  түбіт буды түткендей кейде // Жағалау жақтан жел жет-кен» 
[124, 83]. Лирикалық кейіпкер – тамаша суретті сүйсіне бақылаушы. Автор 
өзендегі  сең  көптігін  «керуен  де  керуен»  қолданыстарымен  аңғартса, 
олардың  пішінін,  сипатын  «өркеш  біткендей  бейне»  теңеуі  арқылы 
жеткізеді.  Будың  желмен  көтерілуін  ешкі  ұстап,  түбіт  түткендегі  ұлттық 
тұрмысымызға балау арқылы нақты танытады. Сол арқылы өлеңге ұлттық 
сипат дарытып, «танысты» бейнелеу негізінде бейтанысты елестетеді. 
Ақын  Д. Қанатбаев  өлеңдерінде  түн  бейнесі ақ түн ретінде сипатта-
лады. Лирикалық кейіпкер сол ақ түнге сүйсіне, сұқтана қарайды: «Қандай 
ақ түн, о шіркін, қандай ақ түн. // Мен де қазір ақпын ғой, қардай ақпын». 
[115, 31] Ақын психологиялық егіздеуді қолдану арқылы лирикалық «мен» 
көңіл-күйін,  қабылдауын,  сезімін  жайып  салады.  Түн  бейнесін  Қ. Мырза-
лиев  әдеттегідей  тыныштықта,  ұйқыда  бейнелемей,  керісінше  түн  мен 
адамдар өмірін қоян-қолтық байланыста, қызықты да әсерлі суреттейді. Бір 
шумақтың өзінен көп нәрсені аңғаруға болады. Мысалы: «Қапырықта қаны 
кепкен,  шөлдеген,  //  Күйсейді  екен  түніменен  төл  деген,  //  Малын  емес, 
қызын  бағып  кемпірлер  //  Босағаға  жатып  алған  көлденең»  [138,  228]. 
Лирикалық  кейіпкер  ауыл  түнін  ондағы  малдарымен,  адамдарымен 
бірлікте,  тұтастықта  қабылдайды,  сол  көрініске  іштей  сүйсініп,  ұната 
қарайды.  М. Айтқожинаның  да  түн  тақырыбында  бірнеше  өлеңдері  бар. 
Ақын өлеңдерінде түн бейнесі жан түршігерлік қорқынышты емес, ақ түн, 
айлы  түн  болып  суреттеледі.  Мысалы:  «Төбеде  үркер  туып  шоқтанады,  // 
Қиылып,  Ай  ару  да  қарады»  [139,  12],  келесі  өлеңінде:  «Салқын  ауа,  сау-
мал самал желпіген, // Жұпарына шыршалар да елтіген. // Жағалауда ойға 
батқан ормандар // Серуендеймін, // Бос қиялдан серпілем!» Алғашқы үзін-
діде  ақын  лирикалық  кейіпкер  қабылдауына  сай түнді қиялға қанат бітіре 
бейнелейді.  Лирикалық  кейіпкер  түн  көрінісін  қызықтаушы,  бақылаушы 
болса, екінші үзіндіде лирикалық кейіпкер – серуендеуші, жанына табиғат-
тан рақат табушы, қалың ойлардан серпілуші, оны өзі де анық айтады. Ал 
Фариза Оңғарсынова суреттеген түн бейнесі көңіл жылытарлықтай торғын 
түн түрінде көрінеді. Мысалы: «Түн. // Аспан – жасыл жайма. // Жұлдыз – 
ақық  //  Бұлақ  –  қыз  шолпы  таққан  сылдыратып.  //  Көк  –  заңғар.//  Дала  – 
шалқар//Бұл – сұлулық, // Тұр менің жүрегімнен жыр құлатып» [132, 110]. 
Лирикалық  кейіпкер  түнгі  табиғат  сұлулығынан  шалқар  шабыт  пен 
эстетикалық  ләззат  алады.  Ол  бір  сәткі  түн  көрінісіне  сүйсінуші,  оны 
бақылаушы ретінде танылады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет