Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата19.02.2017
өлшемі1,17 Mb.
#4508
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Ауыстырудың  қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  зерттеліну  тарихына  шолу 
жасаңыз. 
2. Қазақ әдебиеттану ғылымында метафораға алғаш «ауыстыру» атауын ұсынған 
қай ғалым? 
3. Қазақ тілінде сөздердің метафоралық қолданысын арнайы зерттеген ғалымды 
атаңыз. 
4. Ақындардың  табиғат  лирикасындағы  индивидуалдық  метафораларға  мысал 
келтіріңіз. 
5. Ақындардың  табиғат  лирикасынан  ұлттық  өрнекті  танытарлық  метафора-
ларды мысал келтіре отырып талдаңыз.  
6. Табиғатты  бейнелеуде  лирикалық  кейіпкер  қабылдауын  танытарлық 
метафораларға мысал келтіріңіз. 
 

 
137 
ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақ табиғат лирикасы – құлашы да, құшағы да кең тақырыптардың 
бiрi.  Оны  жырлау  арқылы  ақын  көңiл  хошын  тауып,  сезiмiн  ғана  бiлдiрiп 
қоймайды, бұл жырлар ұрпақ, қоғам тәрбиесiне тiкелей болмаса да өзiндiк 
ықпал, әсерiн тигiзедi. Табиғатты жырлау адамзат пен табиғат арасындағы 
қатынасты  жақындата  түседi.  Мәселен,  адамдардың  табиғатқа  зорлығын 
жырлау  оны  болдырмауға,  әсемдiгiн  жырлау  оны  бағалауға  өзiнше  әсер 
етеді. Табиғат адамнан емес, адам табиғаттан көп нәрсенi үйренiп, бойына 
дарытты.  Биiктiктi,  алға  ұмтылуды  –  асқар  тауларды,  тереңдiктi,  ойлы-
лықты  –  тұңғиық  теңiздi,  кеңпейiлдiлiктi  –  байтақ  даланы,  сезiм  мөлдiр-
лiгiн  –  айдын  көлдердi,  қырағылықты  –  бүркiттi,  ашықтықты  –  аспанды, 
нәзiктiктi  –  гүлдердi  жырлау  арқылы  ұрпақ  бойына  сiңiрдi  десек  артық 
айтқандық емес. Осы ойды белгілі ақын Қ. Мырзалиев те айтады: 
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді: 
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді 
 
Еркелікті ерікті желден алған секілді, 
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді. 
 
Қасарысқан ерлікті шыңнан алған секілді, 
Көшіп-қону дегенді құмнан алған секілді. 
 
Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді, 
Мың бұралаң тағдырды жолдан алған секілді. 
 
Түнеруді тұнжырап түннен алған секілді, 
Күншуақты күлкіні күннен алған секілді [138, 254]. 
Табиғат  лирикасы  өзiнiң  даму  тарихында  талай  өткелдерден  өтiп, 
дөңнен  белеске,  белестен  қыратқа,  қыраттан  тауға  айналып  келе  жатқан 
өзiнше бiр жаратылыс сияқты. Оның өз даму заңдылықтары: балалық ша-
ғы, ержету, есею, кемелдену кезеңдерi бар. Табиғат лирикасының балалық 
шағын  ауыз  әдебиетiмен  байланыстырсақ,  ер  жету  тұсын  Ыбырай,  Абай, 
Сұлтанмахмұт,  Мағжан,  Сәкен  жырларымен  қатар  қарастырамыз.  Ал  за-
манның  керi  әсерi,  ықпалы  оны  уақытша  ғана  ақсаңдатты,  оның  қанат 
жайып,  гүлденуiне  кедергi  болғанымен,  тамырын  жоя  алмады.  Сондай 
қиындықтарды басынан кешiрген табиғат лирикасы 1960 жылдардан бергi 
уақытта  есею  үстiнде  десек  қателеспеймiз.  Қабырғасы  бекiп,  қанаты 
қатайған  табиғат  лирикасының  әдебиет  әлемiнде  өз  соқпағы,  белгiлi 
арнасы, қалыптасқан дәстүрi бар. 
Қорыта  айтқанда,  табиғат  лирикасының  даму  тарихына  шолу  жасау 
арқылы  оның  1960  жылдарға  дейiнгi  «автобиографиясымен»,  жетiстiктерi 

 
138 
және  кемшiлiктерiмен  танысу,  оның  1960  жылдардан  кейiнгi  даму  бағыт-
ын айқындауға салыстырмалы түрде жол сiлтейдi. Табиғат лирикасы – жас 
ағаш, заман – соққан жел, ендеше ағаштың соққан жел бағытына қарай қи-
саюы  заңды.  Осындай  соқпақты  жолдардан  өткен  табиғат  лирикасы  1960 
жылдардан  бастап  етек-жеңiн  жиып,  жаңаша  даму  сатысына  көтерiлдi. 
Заман ықпалымен бiрге поэзия әлемiне келген қаламгерлер туындылары  – 
соның  айнасы.  Бұл  еңбекте  бiз  табиғат  тақырыбында  жазған  ақындардың 
әр шығармасына тоқталуды мiндет етпедiк. 
Табиғат  пен  адам  жаратылысынан  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
болғандықтан, адамдардың өзін қоршаған ортаны, табиғатты жырға қосуы 
заңды.  Әрине,  ол  бірден  табиғат  лирикасы  түрінде  көрінбесе  де,  адам 
дамуымен,  мәдениеттің  өркендеуімен  бүгінде  табиғат  лирикасы  деңгейіне 
жетіп  отыр.  Оның  өзегін  тарих  тереңдерінен  іздесек,  ауыз  әдебиетімен 
байланысатыны  сөзсіз.  Сол  ауыз  әдебиетінен  бастау  алған  табиғатты 
суреттеу  дәстүрі  үзілген  емес.  Ол  –  адам  тіршілік  жасағандағы  ажыра-
майтын мәңгілік тақырып. 
Ауыз әдебиетінен бастау алған табиғатты жырлау алғашында қорша-
ған  ортаның,  жан-жануарлардың  қасиеттерін,  ерекшеліктерін  суреттеу 
түрінде  кездессе,  кейін  табиғаттың  көз  тоймас  әсемдігіне,  керемет  әдемі-
лігіне  сүйсіну,  соны  паш  ету  түрінде көрінсе, бертін келе келісті көріністі 
сүйсіне  жырлаумен  бірге  табиғат  түрлі  ой  айту  құралы  ретінде  де  көрініс 
берді.  Табиғаттың  (жануар,  құс,  аң,  жәндік, өсімдік, тау, тас т.б.) ерекше-
лігін,  қасиетін  суреттеу  арқылы  адамдардың  өмірін,  әлеуметтік  ортаны 
таныту,  түрлі  философиялық  ойлар  аңғарту,  эстетикалық  ләззат  алу  да 
орын алды. 
Алғашқы «Табиғатты жырлаудағы дәстүр тағлымы» атты бөлімде біз 
табиғатты  суреттеудің,  жырлаудың  дәстүрін,  ауыз  әдебиетінен  бүгінгі 
күнге  дейінгі  даму  деңгейін  танытуға  тырыстық.  Тақырыбымыз  «Қазақ 
әдебиетіндегі табиғат лирикасы (1960-1990 ж.ж.)» болғанмен, бұған дейін-
гі  кезеңдерге  қысқаша  шолулар  жасадық.  Бұл  шолулар  жоғарыда  айтқан-
дай,  табиғат  лирикасының  ХХ  ғасырдың  60-шы  жылдарына  дейінгі  және 
60-шы жылдардан кейінгі даму көрінісін байқатады. 
Табиғатты  жырлаудың  дәстүрі  Абайға  дейін  де  болды.  Бірақ  оның 
пейзаждық  лирика  деңгейіне  көтеріліп,  реалистік  әдіспен  көркем  бейне-
ленуін  Абай  өлеңдерінен  кездестіреміз.  Осы  көшті  ілгері  жалғастырушы 
ақындар дәстүріне арқа сүйеп, әрі оны жаңғырта білген ақындардың бірі – 
С. Мәуленов.  Ол  туған  жер  табиғатының,  өскен  ортасының  сұлулығына 
сүйсініп,  дәстүрлі  қара  өлең  үлгісінде  өз  туындыларын  жазады.  Жара-
тылыс  сұлулығын,  қоршаған  орта  көріністерін,  табиғат  құбылыстарын  әр 
қаламгердің  өзінше  жырлайтыны  белгілі.  Мәселен,  М. Мақатаевтың 
табиғат  лирикасының  тақырып  ауқымы  кең  (дала,  ауыл,  жыл  мезгілдері, 
тәулік уақыттары т.б.) болуымен бірге табиғат жалаң суреттелмей адамдар 

 
139 
өмірімен  тұтастықта  алынады.  Ақын  табиғатты  аса  шебер  бейнелеп,  аз 
сөзбен көп ойды аңғарта алады. Өлеңдерінен ұлттық сипат, қазақы нақыш 
жеңіл  танылады.  Табиғатты  жандандыра  суреттеу  М. Мақатаевқа  тән. 
Ақын табиғатты суреттеп қана қоймайды, табиғатпен тілдесе, өтініш білді-
ре, бұйыра да сөйлеседі. Табиғаттың қай мезгілі, қандай құбылысы болсын 
оның  ортасында  адам  әрекеті,  тұрмысы  шынайы  суреттеледі.  Әдетте 
көктем  бейнесі  «қыз-көктем»  деп  суреттелсе,  М. Мақатаев  оны  «жігіт-
көктем»  деп  те  қолданады.  Табиғат  аясындағы  ауыл  адамының  тіршілігі 
ұлттық болмысымен танылады. Ақын өзі айтқандай, «күпі киген қазақтың 
қара  өлеңін,  шекпен  жауып  өзіне»  қайтарады.  Табиғат  тақырыбындағы 
жырларын ақын қара өлең үлгісімен қатар сегіз буынды өлең үлгісінде де 
жазады.  К. Салықов  қазақ  табиғат  лирикасы  дәстүрін  өз  өлеңдерінің 
бойында  жинақтай  отырып,  тың,  жаңа  суреттер  жасады.  Оның  табиғат 
лирикасының  көкжиегі  кең  (Москва,  Кавказ,  Түрікмен,  Белорус,  Еділ, 
башқұрт-татар  жерлері,  туған  жер  табиғаты).  Соған  байланысты  оның 
пейзаждық  лирикасы  да  түрлі  жердің  көркемдігін  суреттеуге  арналған. 
Ақын  қай  жерді  бейнелесе  де  ұлттық  сипатта,  қазақы  көзбен  танытады. 
Қ. Мырзалиевтің  табиғат  лирикасы  негізінен  он  бір,  сегіз,  жеті  буынды 
үлгіде  жазылған.  Туған  жер,  өскен  орта  табиғатының  сұлулығын  шебер 
суреттейді. Құрылысы, суреттеу тәсілі жағынан дәстүрден озбаса да, сөздік 
қолданыстары,  бейнелілігі  жағынан  өз  ерекшелігімен  танылады.  О.Асқар 
табиғат құбылыстарын, көріністерін бақылай отырып, оны өлеңге түсіруде 
шеберлік  танытады.  Белгілі  бір  нәрсені  кейіптеу  арқылы  ақын  өз  сезімін 
оқырманына  әсерлі  жеткізіп,  сол  көрініске  тәнті  етеді.  Көп  адам  тек 
сұлулығына  сүйсінетін,  бірақ  одан  сыр  тауып  ұғынбайтын,  сезімге 
бөленбейтін  табиғат  туындыларын  ақын  өз  шығармасына  өзек  етеді. 
Ақынның аса шеберлігімен бірге табиғатты жырлаудағы терең білімділігі, 
тілінің  байлығы,  байќаѓыштыѓы,  замана  келбетін  танытарлық  сөз  қолда-
ныстары, ұлттық өрнектер көңіл бөлгізеді. М. Айтқожина қаламынан туған 
табиғат  бірде  сұлу,  сылқым,  бірде  мылқау,  меңіреу,  бірде  ашулы,  долы. 
Осы  көріністерді  елестетуде  ақынның  өзіндік  сөз  қолданыстары  да 
қалыптасқан.  Құс,  жануар,  жәндік,  өсімдік  атаулары  мен  сипаттары  мол. 
Ақын  өлеңдерінің  географиясы  да  кең,  Алатау,  Хантәңірі,  Көкше,  Жеті-
қыз,  Ертіс,  Құндызды  қиясы,  Жайық  жағалаулары,  Болгария  табиғаты 
сұлулықтары  көрінеді.  Орман,  қайың  бейнелері  қыз,  ару  түрінде  бейне-
ленеді.  Т. Айбергеновтың  табиғат  лирикасы  туған  жердің  көркемдігін, 
сұлулығын,  табиғат  құбылысын  суреттеуге  арналған.  Автор  өз  өлеңдерін 
он бір, жеті, сегіз буындарға құрып, табиғатты бейнелеудің дәстүрін өзінше 
жаңғыртады.  Оның  көктемі  көңілді,  қысы  қатаңдығына  қарамастан 
сүйкімді, жылы қабылданады. Табиғатқа жан бітіп, бар бітім-болмысымен 
танылады.  Ф. Оңғарсынованың  табиғат  лирикасы  туған  жер  табиғатын, 
жыл,  тәулік  мезгілін,  теңізі  мен  бұлағын,  жануарлары  мен  жәндіктерін 

 
140 
тұтастықта  танытады.  Ай,  көл,  жер  бейнелері  ару  бейнесінде  суреттеледі. 
Қала  табиғаты  мен  дала  табиғаты  келісті  кестеленеді.  Ақын  Д. Қанатбаев 
табиғатты  еркін  жырлайды.  Өлең  ұйқастары  шымыр,  жеңіл  оқылады. 
Табиғатты  тұтастықта  бейнелеу,  сонымен  қатар  жекелеген  құстарды, 
өсімдіктерді, жануарларды сипаттау да орын алады. Тау ерекшелігін таны-
татын  «Аспанда  емген  асқар  тау,  //  Көк  төсін  талмай  иіткен»  тармақтары 
І. Жансүгіровтың  «Гималайын»  еске  салады.  К. Ахметова  табиғат  лирика-
сында  туған  жердің  көркем  келбеті  мен  құбылыстарын,  Башқұртстан 
жерін,  жекелеген  табиғат  туындыларын  байқампаздықпен,  сүйсіне,  сыр 
аулай,  шебер  суреттейді.  Өзіндік  қолтаңбасы  қалыптасқан  ақын  қаламы-
нан соны тіркестер де туды. Табиғатты шебер жырлайтын, өзіндік қолтаң-
басы  қалыптасқан  ақын  –  И. Сапарбай.  Айшықты  суреттер,  нәрлі  тіл, 
тұнық  сезім  ақын  өлеңдеріне  тән.  Дала,  қала  көріністерінің  сұлулығы, 
табиғи  ажар,  айшықты  суреттер,  құнарлы  тілі  ақынның  өзіндік  қолтаң-
басын  танытып  жатады.  Ұ. Есдәулет  табиғат  лирикасы  ерекше  сезіммен, 
көтеріңкі көңілмен оқылатын жырлар. Әсерлі бейнелеу, тың тіркестер мен 
әсем  суреттер  жасау  –  Ұ. Есдәулеттің  басты  ерекшелігі.  Дәстүрдің  озық 
үлгілерін өлеңдерінің бойына жинап, өзінше жаңғыртады. Көктемді сурет-
тегенде  «Жер  менен  көк  сағынысып,  //  Қайта-қайта  қауышады»  деп  Абай 
бейнелеген  суретті  ойға  оралтады.  Ақынның  табиғат  тақырыбындағы  қай 
өлеңінде  болмасын  ұлттық  өрнек  аңғарылады.  Алтыбақан,  алаша,  семсер, 
Құртқа, Тайбурыл бейнесі арқылы ұлттық өрнекті, сипатты аңғартады. 
Қазақ табиғат лирикасы дамуын толастатқан жоқ, өз арнасымен ағып 
қалыптасқан дәстүрді жалғастыра, байыта берді. 
Екінші  «Табиғат  лирикасындағы  кейіпкер»  деп  аталатын  бөлімде 
табиғат  лирикасындағы  кейіпкер  мәселесі  қарастырылады.  Лирикалық 
кейіпкер  әдебиеттануда  бұрын  сөз  болса  да,  табиғат  лирикасында  жеке 
қарастырылған жоқ. 
С. Мәуленовтің  табиғат  туралы  өлеңдеріндегі  лирикалық  кейіпкер  – 
жаратылыс  ғажаптарына  сүйсінуші,  қызықтаушы,  бақылаушы  ғана  емес, 
оны  қорғаушы  да.  Пейзажды  суреттеген  өлеңдерінде  лирикалық  «меннің» 
нәзік сезімталдығы, жіті байқағыштығы, ұшқыр қиялы өзінше өрнек тауып 
көрініс  зейнеттілігін  көз  алдыңа  келтіреді.  М. Мақатаевтың  лирикалық 
кейіпкері ауыл, дала көріністеріне сүйсінуші. Ол табиғат суреттерін жалаң 
қабылдамай,  тұтастықта  таниды.  Тек  сүйсініп  қоймай,  табиғатпен  тілде-
седі, бірде өтініш білдіре, бірде бұйыра сөйлейді. Қоршаған ортаны ұлттық 
бітімімен қабылдайды. Ақын К. Салықов табиғат лирикасында лирикалық 
кейіпкер  өзгеше  қырларымен,  өзіндік  сырларымен  көрінеді  Оның 
лирикалық кейіпкері табиғат қабақ шытса бірге тұнжырап, қуанса, баладай 
мәз  болады.  Табиғатқа  салмақты,  ойлы  көзбен  қарайды.  Көп  адам  байқай 
бермейтін  сырларды  аңғарып,  қиялға  қанат  бітіреді.  Қ. Мырза-лиевтің 
лирикалық кейіпкері өз бітім-болмысымен танылады. Ақынның табиғатты 

 
141 
бейнелейтін  өлеңдерінде  лирикалық  кейіпкер  тарих  тереңіне,  ұлттық 
мәдениет пен әдебиетіміздің інжу-маржандарына бойлай отырып, солармен 
сабақтастыра, салыстыра елестетеді. Әсем көріністер мен сұлу суреттерден 
сыр  аулап,  сүйсінеді.  Қандай  сезімге  бөленсе  де  лирикалық  кейіпкер 
салмақтылық  танытады,  асып-тасып  қуанбайды.  Оразақын  Асқардың 
табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде  лирикалық  кейіпкер  жабырқаңқы, 
бұйығы,  көңілсіз  болатын  сәттерін байқамаймыз. Қай өлеңін оқысаңыз да 
ерекше сезімге тап боламыз. Лирикалық кейіпкер табиғат-тағы әр нәрседен 
жылылық, 
жақсылық 
аңдағандай. 
Т. Айбергеновтың 
пейзаждық 
лирикасында  лирикалық  кейіпкер  –  табиғатқа  сүйсінуші  ғана  емес, 
сырласушы, айналаны бақылаушы, өз сезімін ашық та әсем айта алушы. Ол 
табиғат  суреті  мен  сезімін  қатар  танытады.  Ф. Оңғарсынованың  табиғат 
тақырыбындағы  өлеңдерін  оқи  отырсақ,  ондағы  лирикалық  кейіп-кер  – 
табиғатқа  сүйсіне  қараушы,  одан  сыр  аулап,  көңілі  сергіп,  дем  алатындай 
көрінеді. Әсіресе, лирикалық кейіпкер теңіз көрінісін, ондағы толқындарды 
ерекше ыстық сезіммен келісті кестелейді. Лирикалық кейіп-кер табиғатқа 
сүйсінуші, сыр аулаушы ғана емес, сол табиғаттан өзіне жылы сезім, терең 
әсерлер алушы. Ақынның лирикалық кейіпкері – терең сезім адамы, мінезі 
де  күйгелек,  алып-ұшпа  емес,  бірқалыпты,  ой  мен  сырдың,  сұлулық  пен 
қиялдың  таразысы  іспетті.  Д. Қанатбаевтың  лирика-лық  кейіпкері  – 
табиғатпен  тiлдесушi,  ортақ  тiл  табысушы.  И. Сапарбай  өлеңдегi 
лирикалық кейіпкер  – сұлу табиғат суретiнiң куәгерi, оған сүйсiнушi және 
оны бақылаушы 
Ұ. Есдәулеттің  табиғатты  суреттеуінде  лирикалық  кейіпкер  өз 
қырымен танылады. Ол ерекше бір істің, қимылдың адамы емес, сезімі мен 
мінезі  бірқалыпты,  таусыла  қайғырмайтын,  асып-тасып  қуанбайтын, 
салмақты, ұстамды. 
Ал  үшінші «Табиғат лирикасы және бейнелілік» бөлімінде ақындар-
дың  табиғат  лирикасындағы  сөздерді  бейнелі  қолдану  ерекшеліктерін 
ашуға,  танытуға  тырыстық.  Осы  мақсатқа  жету  үшін  негізгі  үш  мәселе 
төңірегінде  жұмыс  істедік.  Олар:  айқындау,  теңеу,  ауыстыру. Бұдан басқа 
да айшықтау мен құбылтудың түрлері поэзияда, табиғат лирикасында жиі 
қолданылады. 
С. Мәуленовтің  табиғат  лирикасында  эпитеттер  қайталана  қолданы-
лу  арқылы  суреттелініп  отырған  образдың  бояуын  күшейтіп,  кейде 
оқырман  назарын  рең  әсемдігіне  аударту  кездеседі.  Табиғатты  суреттеу-
лердегі айқындаулар арқылы ұлттық сипат танылып отырады. Табиғат пен 
адам  тығыз  байланысты  болғандықтан,  поэзиядағы  табиғатты  суреттеу-
лерде  көбіне  айқындаудың  нысаны  табиғат  болса,  оның  бейнесі  адам, 
адамға  тән  мінез-құлық  болады  Ақын  М. Мақатаев  өлеңдеріндегі  айқын-
даулар  жылтырақ,  бояма  сөздер  емес.  Табиғатты  суреттеулердегі  айқын-
даулар  арқылы  ұлттық  сипат  та  танылып  отырады.  Ақын  К. Салықовтың 

 
142 
табиғатты  суреттеулерінде  айқындаудың  етістікті  түрлері  де  орын  алады. 
Бұлар  да  сурет  зейнеттілігін  туғызуға  өзінше  қызмет  етеді.  Айқындаулар 
Қ. Мырзалиевтің  сөз  саптау  шеберлігін,  сөздік  қорының  байлығын,  мол-
дығын әрі бір сөздің өзіне түрлі айқындауды тіркестіре қолдану сол сурет-
ке  түрліше  реңк,  оқырманға  ерекше  сезім,  әсер  дарытатындығын  байқа-
тады.  Ақын  О. Асқар  табиғатты  суреттеуде  рең  әсемдігін  танытарлық 
қолданыстардан  «ақ»,  «аппақ»  сөздерін  жиі  пайдаланады.  Айқындаулар 
арқылы  ұлттық  айшықтар,  заман  келбетін  танытарлық  қолданыстар 
танылады.  Т. Айбергенов  басы  артық  жылтырақ  өрнектерден  аулақ,  оның 
қолданысындағы  айқындаулар  негізінен  дәстүрлі  болып  келеді.  Әсіресе, 
рең  әдемілігін,  ажарын  танытуда  ақын  есім  сөздерден  болған  айқындау-
ларды  жиі  қолданады.  Ақын  М. Айтқожинаның  табиғат  лирикасында 
айқындаулар  қолданысы  жағынан,  көркемдігі  жағынан  да  ерекше  орынға 
ие.  Әдетте  тілімізде  жиі  қолданылатын  дәстүрлі  айқындауларды  пайда-
ланып  автор  әсем  табиғат  суретін  елестетеді.  М. Айтқожина  айқындау-
лардың  қайталама  қос  сөз  арқылы  жасалған  түрін  де  қолданады.  Ақын 
Ф. Оңғарсынованың  табиғат  тақырыбындағы  өлеңдерінде  айқындауларды 
көп кездестіреміз. Табиғат лирикасындағы айқындаулар жүйесі бай, әсерлі 
суреттер. Жиі қолданылатын дәстүрлі және дәстүрлі емес, күрделі түрлері 
ақын өлеңдерінде өзінше өрнек тапқан. 
Айқындаулар  Д. Қанатбаевтың  табиғат  лирикасында  тек  келісті  су-
рет  жасау  тәсілі  емес,  соған  қоса  ақынның  сөз  саптауын,  шеберлігін  де 
байқатады.  Өзге  ақындарда кездеспейтін немесе сирек кездесетін тың тір-
кестер  оның  өзіндік  қолтаңбасын  қалыптастыруға  негіз  болады.  К. Ахме-
това өлеңдеріндегі дәстүрлі айқындаулардың басым көпшілігі жасалу жолы 
жағынан,  негізінен,  сын  есімдер  болып  келеді.  И. Сапарбайдың  табиғат 
лирикасында  айқындаулар  да  белгілі  қолданысқа  ие.  Ол  табиғатты 
суреттеуде  айқындауды  жиі,  көп  қолданады  деуден  аулақпыз,  мұнда 
жылтыр  боямалар,  бір-бірінің  үсті-үстіне  қабаттаса  қолданған  әшекейлер 
жоқ.  Есесіне  қарапайым,  мірдің  оғындай  айтайын  деген  ерекшелігін  дөп 
басып  танытатын  қолданыстар  бар.  Суреттеліп  отырған  бейненің  қас 
ерекшелігін ашу үшін, не таныту мақсатында ақын негізінен есім сөздерден 
болған айқындауларды пайдаланады. 
Ақын  С. Мәуленов  табиғат  лирикасында  теңеулер  тек  бір  айқындау 
сөзбен емес, екі-үш айқындау қабаттасып, иықтасып та қолданылады. Бұл 
теңеу  образын  жан-жақты  бейнелі  танытып,  өлеңнің  экспрессиясын 
күшейте  түседі.  С. Мәуленов теңеудің сипаттаушы және сипатталушы мү-
шелерін  де  жеке-жеке  айқындаулармен  береді  Құрылысқа  әр  материал 
қандай  қажет  болса,  поэзияда  да  сөзбен  сұлу  сарай  сомдағанда  көркемдік 
амал-тәсілдер  сондай  қажет.  С. Мәуленов  теңеулерді  орынсыз  қолданбай-
ды.  Әр  теңеу  поэзиясының  әсемдік  әлеміне  өз  салтанатымен  келіп  өлеңге 
айрықша  ажар,  өзгеше  өрнек дарытады. Ақын М. Мақатаевтың табиғатты 

 
143 
суреттеулерінде  теңеулер  жүйесі  –  өзінше  бір  дүние.  Онда  табиғат  затта-
ры,  құбылыстары,  нәрселері  негізінен  адам  немесе  адамға  тән  зат,  нәрсе, 
әркеттерге  баланады.  Ақынның  пейзаждық  лирикасында  теңеудің  бейнесі 
ретінде изафеттік тіркестер де жұмсалады. К. Салықовтың табиғат лирика-
сында  дай,  (-дей,  -тай,  -тей,)  тұлғалы  теңеулердің  көбіне  айқындаулармен 
келуі  де  жиі  кездеседі.  Мұндайда  автор  суреттеліп  отырған  заттың  не 
құбылыстың  ерекшелігін  тереңдете,  айқындай  түседі.  Ақынның  табиғат 
лирикасында  теңеулер  ойды,  сезімді  бейнелі  жеткізудің  бір  амалы,  тәсілі 
ретінде  ғана  емес,  кей  ретте  өлең  құрылысына  да  өзінше  қызмет  етеді. 
Ақын  шығармасында кезекті ұйқасқа құрылған теңеулер де жиі кездеседі. 
Қ. Мырзалиевтің пейзажды суреттеулерінде де теңеулер мол, кең, қызықты 
қолданылады. Теңеу түрлері жоқтан бар емес, қайта барды барынша еркін 
пайдалануынан  көрінеді.  Ақынның  табиғатты  суреттеуле-рінде  заман 
келбетін  танытарлық  сөздік  қолданыстар  теңеудің  бейнесі  ретінде  де 
ұшырасады.  Ақын  Қ. Мырзалиевтің  пейзажды  бейнелеуде  қолданған 
теңеулері суреткер шеберлігін, өзіндік талғамы мен танымын, көзқарасын, 
дүниетанымын  жан-жақты  таныта,  байқата  түседі  О. Асқар-дың  табиғат 
лирикасындағы  теңеулер  жүйесі  негізінен  табиғат  көркем-дігін, 
зейнеттілігін ашуға бағытталса, сонымен қатар ұлттық сипатты танытатын 
өрнектер  де  кездеседі.  Т. Айбергенов  өлеңдерінде  теңеу  өзіндік  өрнектер, 
тың тіркестер табады. Теңеудің келісті үлгілері ақын Ф. Оңғар-сынованың 
табиғат лирикасында мол кездеседі. Негізінен ақын теңеулері күрделі түрде 
ұшырасады.  Д. Қанатбаевтың  табиғат  тақырыбында  жазған  өлеңдерінде 
теңеу  белгілі  бір  заттың,  нәрсенің  не  құбылыстың  сипатын,  не  ерекше 
белгісін, қасиетін оқырманға әсерлі таныту үшін не екінші бір соған ұқсас 
құбылысқа  затқа  балап  қолданады.  Ақын  К. Ахметованың  табиғат 
суреттеулерінде  де  теңеулер  жиі  кездеседі.  Олар  өлең  көркемдігін  ғана 
көтеріп  қоймай,  автордың  шеберлігін,  таным  дүниесін  аша  түседі. 
Ұ. Есдәулет  теңеу  арқылы  ұлттық  бітім-болмысты,  дәстүрді  аңғартады, 
оның қаламынан туған теңеулерден ұлттық өрнекті байқауға болады. 
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан кейінгі кезең алдыңғы жыл-
дарға  қарағанда  ерекше  болғаны  анық.  Саясат  ноқтасынан  босаған  ақын-
дардың  түрлі-түрлі  тақырыптарға,  ізденістерге  барғандығы  белгілі.  Сон-
дай мәнді, қызықты тақырыптардың бірі табиғат тақырыбы болды. Қорша-
ған  ортаның  келісті  көріністері,  ондағы  аң,  құс,  жануар  т.б.  өмірі,  ерек-
шеліктері  өлең  өзегіне  айналды.  Оқырман  сезімін  баурап  алатын  табиғат 
тақырыбындағы жырлар көбейді. Олардың саны да, сапасы да өсті. Өзіндік 
қолтаңбасы қалыптасқан ақындар қаламынан сәтті жырлар туды. 
Кейінгі  жылдардағы  қазақ  табиғат  лирикасы  қанаты  қатайған,  жан-
жағына  байыппен  қарай  алатындай  дәрежеде  болды.  Поэзия  әлеміне 
өзіндік үнімен, соны бояуымен келген талантты жас ақындар көбейді.  

 
144 
Ұлттық табиғат лирикасы – өзіндік соқпағы бар, қалыптасқан дәстүрі 
бар өзінше жаратылыс. Табиғаттағы барлық жаратылыс тәрізді оның да өз 
даму,  өсу,  кемелдену  кезеңдері  болады.  Сол  даму  тоқтаған  жоқ,  қайта 
жалғасу үстінде.  
 
 
 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Базарбаев  М.  Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы.  –  Алматы: 
Жазушы, 1973. – 256 б. 
2. Потебня А. Теоретическая поэтика. – Москва: Высш. школа, 1990. 
– 344 с. 
3. Томашевский  Б.  Теория  литературы.  Поэтика.  Изд-во  5-е,  испр.  – 
М. – Л. Госиздат, 1930. – 240 с. 
4. Поспелов Г.Н. Теория литературы. – Москва: Высш. школа, 1978. – 
351 с. 
5. Гинзбург Л. О лирике. – Ленинград: Сов. Писатель, 1974. Изд. 2-е. 
– 408 с. 
6. Гринберг И.Л. Лирическая поэзия. – М., Сов. пис., 1955. – 288 с. 
7. Кожинов В.В. Основы теории литературы. – М.: Знание, 1962. – 48 с. 
8. Сквозников В. Лирика. Теория литературы. – М., 1964. – 368 с. 
9. Гачев  Г.Д.  Содержательность  художественных  форм.  Эпос,  лири-
ка, театр. – М.: Просвещение, 1968. – 303 с. 
10. Овсянико-Куликовский  Д.Н.  Теория  поэзии  и  прозы.  Изд  3,  – 
М.: Изд. И.Д.Сытина. 
11 Жирмунский  В.М.  Теория  литературы.  Поэт.  Стилистика.  – 
Л.: Наука, 1977. – 407 с.  
12. Гуляев Н.А. Теория литер. – М.:Высш. школа, 1985. – 278 с. 
13. Лотман  Ю.М.  Анализ  поэтического  текста.  –  Л:  Просвещение, 
1972. – 270 с. 
14. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-бас. – Алматы: Жазушы, 1985. – 560 б. 
15. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б. 
16. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы: Мектеп, 1969. – 244 б. 
17. Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 483 б. 
18. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 212 б. 
19. Базарбаев  М.  Өлең  –  сөздің  патшасы,  сөз  сарасы.  –  Алматы: 
Жазушы, 1973. – 256 б. 
20. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Жазушы, 1983. – 362 б. 
21. Нұрғалиев  Р.  Қазақ  революциялық  поэзиясы.  –  Алматы:  Мектеп, 
1987. – 208 б. 

 
145 
22. Нарымбетов Ә. Қазақ совет поэзиясы. – Алматы: Білім, 1970. – 269 б. 
23. Мырзалиев Қ. Сөз сиқыры. – Алматы: Жазушы, 1988. – 464 б. 
24. Кәрібаева  Б.  Қазіргі  қазақ  лирикасының  поэтикасы.  –  Алматы: 
Жалын, 1988. – 152 б. 
25. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. – 
Павлодар, 1999. – 384 б. 
26. Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б. 
27. Әлімбаев  М.  Толқыннан  толқын туады.  – Алматы: Қазақ универ-
ситеті, 1992. – 248 б. 
28. Кәрібозұлы Б. Сырлы сөз сипаты. – Алматы: Қазақ университеті, 
1997. – 280 б. 
29. Шәріп  А.  Қазақ  поэзиясы  және  ұлттық  идея.  Монография. 
Алматы: Білім, 2000. – 335 б. 
30. Жәмішев Ә. Жыр жанары. – Алматы: Жазушы, 1970. – 96 б. 
31. Омаров І. Әдеби толғамдар. – Алматы: Жазушы, 1988. – 400 б. 
32. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б. 
33. Пришвин  М.  Незабудки.  –  Вологда:  Вологодское  книжное 
Издательство. 1960. – 383 с. 
34. Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Ғылым, 1997. – 304 б. 
35. Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. – Алматы: Жазушы, 1990. – 336 б. 
36. Сариев  Ш.  60-70  жылдардағы  қазақ  лирикасы.  Ф.ғ.к.  ...  авто-
реферат. – Алматы, 1993. – 26 б. 
37. Дюшембиева А. Кыргызская пейзажная лирика. Автореф.... канд. 
фил. наук. – Алматы, 1994. – 19 с. 
38. Скатов Л. Русские поэты природы. – Ленинград, 1980. – 288 с. 
39. Соложенкина  С.Л.  Пейзаж в русской советской поэзии. (20-30 г.) 
Дисс...канд. филолог. наук. – М., 1970. – 143 с. 
40. Карпенко  В.Д.  Человек  и  природа  в  современной  лирике.  Дисс... 
канд. филолог. наук. – М., 1979. 
41. Павлова Т.Ю. Человек – Природа – Техника в русской советской 
лирике 20-х годов. Дисс... канд. филолог. наук. – Л., 1984. 
42. Гассан  Р.  Человек  и  природа  в  советской  поэзий.  Дисс...  канд. 
филолог. наук. – М., 1988. 
43. Старченко  Н.Н.  Проблемы  экологии  в  современной  поэзии
Дисс... канд. филолог. наук. – М., 1990. 
44. Эркинов  А.С.  Мастерство  Алишера  Навои  в  создании  пейзажа: 
(на  примерах  поэмы  «Садди  Искандери»).  Дисс...  канд.  филолог.  наук.  – 
Ташкент, 1990. 
45. Ромаш  В.П.  Поэзия  Р.Фроста.  Концепция  природа  и  человек. 
Дисс... канд. филолог. наук. – М., 1983. 
46. Чухова В. Чувство природы у Майкова, Фета и Толстого. // Литер. 
в школе. 1996. №3, 82-91 стр. 

 
146 
47. Трефилова Г.П. Природа и человек в творчестве М. Пришвина. // 
Вопр. литер, 1958. №9. 
48. Пейзаж  как  развивающая  форма  воплощения  авторской  концеп-
ции. (Сборник научных трудов) – М., 1984. – 133 с. 
49. Курдюмова Т. Пейзаж – средство эстетического воспитания. – М.: 
Просвещение, 1965. – 156 с. 
50. Абишева  С.  Поэтическая  система  «мир  природы».  Дисс...докт. 
филолог. наук. – Алматы, 2003. – 46 с. 
51. Аяпбергенов  Р.Т.  Айбергеновтің  ақындық  мұрасы.  Филол.  ғыл. 
канд. диссертация. – Алматы. 1996. – 26 б. С. Нұрахметов Қ. Мырзалиевтің 
ақындық шеберлігі. Филол. ғыл.канд. диссертация. – Алматы, 1994. – 24 б. 
К. Хамидуллаев  М. Мақатаевтың  ақындық  шеберлігі.  Филол.  ғыл.  канд. 
диссертация. – Алматы. 1993. – 26 б. С. Сарсембекова С. Мәуленовтің шы-
ғармашылық лабораториясы. Филол. ғыл. канд... диссертация. – Алматы. – 
2001. – 23 б. 
52. Эпштейн  М.Н.  Природа,  мир,  тайник  вселенной.  –  М.:  Высш. 
школа, 1990. – 204 с. 
53. Нарымбетов  Ә.  Уақыт  шындығы  –  көркемдiк  кепiлi.  –  Алматы: 
Жазушы, 1989. – 184 б. 
54. Мәшћүр – Жүсiп Қ. Өлең – сөздiң патшасы. – Алматы: Жазушы, 
1991. – 216 б. 
55. Сейдімбеков А. Табиғат пен таным. // Жалын, 1988. №4. – 94-97 б. 
56. Шәріпов Ә. С.Мәуленов творчествосы. – Алматы: Ғылым, 1985. – 240 б. 
57. Сейітова  К.М.  К  проблеме  общности  природы  и  человека  в 
казахской  поэзии.  Известия  НАН  РК.  Серия  филологическая, 1994. №1.  – 
22-25 с. 
58. Рамазанова  А.Ә.  Қазіргі  қазақ  повестеріндегі  адам  және  табиғат 
қарым-қатынасы  мәселесі  (70-80).  Фил.  ғылымд.  канд...  дисс.  –  Алматы, 
1993. 
59. С.  Майлыбаева,  М.О. Әуезовтың  «Абай  жолы»  эпопеясындағы 
пейзаж. Фил. ғылымд. канд... автореферат. Алматы, 1996. – 25 б. 
60. Айтуғанова  С.Ш.  Адам  және  табиғат  концепциясы  шағын  проза-
да. Фил. ғылымд. канд... автореферат, – Алматы, 2000. 
61. Джандалиева  Г.К.  Тема  природы  и  её  изображение  в  художест-
венной литературе (на материале произв. русской, казахской литературы и 
лит. народов Казахстана и стран нового Зарубежья). Канд. дисс. – Алматы. 
2000. 
62. Танабаев Ө. Жыраулар поэзиясы және табиғат.  – Алматы: Қазақ-
парат, 1999. 
63. Қияхметова Ш.Ә. Қазақ лирикасындағы табиғат пен тағдыр. Фил. 
ғылымд. канд... дисс. – Алматы, 2001. 
64. Майтанов  Б.  Қазақ  романы  және  оны  психологиялық  талдау.  – 

 
147 
Алматы: Санат, 1996. – 336 б. 
65. Қазақ халық әдебиеті. Құр. С. Садырбаев. – Алматы: Рауан, 1990. 
66. Сейдімбеков А. Мың бір маржан. – Алматы: Өнер. 1989. 
67. Дербісалиев Ә. Араб әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989. – 112 б. 
68. Китайская  пейзажная  лирика  ІІІ-ХІY  вв.  сост.  проф.  В.И. Сема-
ков  ил.  Е.  Бежин.  Издательство  Московского  университета.  1984 г. 
http://lib.ru/polchin/china lurics. tht 
69. Сүйіншәлиев  Х.  Қазақ  әдебиетінің  тарихы.  –  Алматы:  Санат, 
1997. – 925 б. 
70. Заман-ай. Құр. М. Мағауин, М. Байдiлдәев. – Алматы, 1991. – 384 б. 
 
71. Базарбаев М. Көрікті ойдан – көркем сөз. – Алматы: Рауан, 1994. 
– 367 б. 
72. Әдебиеттануға кіріспе. Құраст. С. Мақпыров. – Алматы: Ана тілі, 
1991. – 184 б. 
73. Нұрғалиев Р. Арқау. Т.2. – Алматы: Жазушы, 1991. – 571 б. 
74. Келімбетов  Н.  Қазақ  әдебиеті  бастаулары.  –  Алматы:  Ана  тілі, 
1998. – 256 б. 
75. Қабдолов  З.  Көзқарас.  Таңдаулар  мен  толғаныстар.  –  Алматы, 
1996. – 256 б. 
76. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан. – Алматы: Жазушы, 1978. – 368 б. 
77. Абай. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1976. – 239 б. 
78. 20-30  жылдардағы  қазақ  әдебиеті.  1-кітап.  Жау.  ред.  М. Базар-
баев. – Алматы: Ғылым, 1997. 
79. Торайғыров  С.  Сарыарқаның  жаңбыры.  Т.1  –  Алматы:  Жазушы, 
1987. – 222 б. 
80. Сейфуллин  С.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1  –  Алматы: 
Жазушы. 1986. – 344 б. 
81. Жұмабаев М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы. 1989. – 448 б. 
82. Қирабаев  С.  Ұлт  тәуелсіздігі  және  әдебиет.  –  Алматы:  Ғылым, 
2001. – 448 б. 
83. Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия. – Алматы: Жазушы, 1970. 
84. Мәшһүр-Жүсiпов  Қ.  Ғали  Орманов  шеберлiгi.  //  ҚР  ҒМ  ҒА 
Хабарлары. 1998. №1. 
85. Орманов  Ғ.  Төрт  томдық  шығармалар  жинағы.  Өлеңдер.  Т.2  – 
Алматы, 1983. – 424 б. 
86. Аманжолов  Қ.  Өлеңдер.  Құрастырған  С. Дәуiтов.  –  Алматы: 
Мектеп, 1985. – 162 б. 
87. Жароков Т.  Таңдамалы  шығармалар.  Т.1  –  Алматы:  Жазушы, 
1972. – 376 б. 
88. 40-50  және  60  жылдардағы  қазақ  әдебиетi.  –  Алматы:  Ғылым, 
1998. 2-кітап. – 398 б. 

 
148 
89. Сарсембекова С.И.  С. Мәуленовтің шығармашылық лаборатория-
сы. Фил. ғыл. канд... автореферат. Алматы, 2001. – 23 б. 
90. Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б. 
91. Мәуленов С. Ақшамның қызыл қанаты. – Алматы: Жазушы, 1994. 
– 384 б. 
92. Мәуленов  С.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.2  –  Алматы: 
Жазушы, 1982. – 460 б. 
93. Мәуленов  С.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.3  –  Алматы: 
Жазушы, 1984. – 488 б. 
94. Хамидуллаев К.,  М. Мақатаевтың  ақындық  шеберлiгi.  Авторефе-
рат. – Алматы, 1993. – 26 б. 
 
95. Кәрібаева  Б.  Қара  өлең  және  лирика.  –  Алматы:  Ы. Алтынсарин 
ат. Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001. – 
173 б. 
96. Мақатаев М. Соғады жүрек. Т.2 – Алматы: Жазушы, 1982. – 384 б. 
97. Мақатаев  М.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  3-т.  –  Алматы: 
Жазушы, 1993. – 352 б. 
98. Мақатаев М. Аманат. – Алматы: Атамұра, 2002. – 304 б. 
99. Салықов К. Мәңгi шырақ. – Алматы: Жазушы, 1979. – 192 б. 
100. Салықов  К.  Жұлдызды  жылдар  тынысы.  –  Алматы:  Жазушы, 
1978. – 287 б. 
101. Мырзалиев  Қ.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1.  –  Алматы, 
1997. – 432 б. 
102. Мәшһүр-Жүсіп Қ. Мырзалиев шеберлігі. ҚР ҒМ ҒА Хабарлары. 
1996. №4. 
103. Нұрахметов С.,  Қ. Мырзалиевтің  ақындық  шеберлігі.  Фил.ғыл. 
канд... автореферат. – Алматы, 1994. – 28 б. 
104. Тілеубердиев Қ.М.  Қ. Мырзалиев  шығармаларындағы  табиғат 
және  экология  мәселелерінің  көркемдік  шешімі.  Фил.  ғыл.канд... 
автореферат. – Түркістан, 2004. – 27 б. 
105. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. 
Астана: Елорда, 2001. – 312 б. 
106. Асқар О. Баркөрнеу. – Алматы: Жалын, 1992. – 432 б. 
107. Асқар  О.  Сәулет.  Өлеңдер  мен  поэмалар.  –  Алматы:  Жазушы, 
1984. – 136 б. 
108. Түсiндiрме  сөздiк.  –  Алматы:  Ғылым,  1974.  Ред.  басқарған 
А.Ы. Ысқақов. 
109. Айбергенов Т. Бiр тойым бар. – Алматы: Жалын, 1989. – 302 б. 
110. Айтқожина М. Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1986. – 440 б. 
111. Оңғарсынова  Ф.  Маңғыстау  маржандары.  –  Алматы:  Жазушы, 
1970. – 94 б. 

 
149 
112. Оңғарсынова Ф. Шiлде. – Алматы: Жазушы, 1978. – 320 б. 
113. Оңғарсынова Ф. Сенің махаббатың. – Алматы: Жалын, 1979. – 157 б. 
114. Қанатбаев Д. Таңның атысы, күннiң батысы. – Алматы: Жалын, 
1989. – 168 б. 
115. Қанатбаев Д. Арнадым саған. – Алматы: Жазушы, 1982. – 328 б. 
116. Сапарбай И. Ғашықтық тiлi. – Алматы: Жазушы, 1992. – 304 б. 
117. Сапарбай И. Гүласыл. – Алматы: Жалын, 1990. – 208 б. 
118. Сапарбай И. Қызыл жел. – Алматы: Жалын, 1990. – 208 б. 
119. Ахметова  К.  Жапырақ  –  жаздың  жүрегi.  –  Алматы:  Жазушы, 
1979. – 141 б. 
120. Шаханов М. Махаббатты қорғау. – Алматы: Жалын, 1982. – 256 б. 
121. Жолдасың өлең болсын. // Қанат қақты. Жас ақындар өлеңдерi. – 
Алматы: Жазушы. 1974. – 208 б. 
122. Аманжолов  Қ.  Өлеңдер.  Құраст.  С. Дәуітов.  –  Алматы:  Мектеп, 
1985. – 162 б. 
123. Есдәулет Ұ. Алтайдың алтын тамыры. – Алматы: Жазушы, 1979. 
– 160 б. 
124. Есдәулет Ұ. Жаратылыс. – Алматы: Жазушы, 1989. – 128 б. 
125. Тынянов Ю.Н. Поэтика. История литературы. Кино, – М., 1977. 
126. Бахтин.  Эстетика  словестного  творчества.  –  Москва:  Искусство, 
1986. – 487 с. 
127. Шапай  Т.  Шын  жүрек  –  бір  жүрек.  –  Алматы:  Жазушы, 1999. – 
256 б. 
128. Мәуленов  С.  Өлеңім  –  өмірім  менің.  –  Алматы:  Санат,  1997.  – 
576 б. 
129. Мақатаев  М.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.3  –  Алматы: 
Жазушы, 1993. – 352 б. 
130. Мырзалиев Қ. Жерұйық. – Алматы: Жалын, 1976. – 184 б. 
131. Оңғарсынова Ф. Мазасыз шақ. – Алматы: Жазушы, 1972. – 103 б. 
132. Оңғарсынова  Ф.  Таңдамалы  шығармалар.  Екі  томдық.  Т.2.  – 
Алматы: Жазушы, 1987. – 368 б. 
133. Ахмадиев Ж. Үш ақын – үш ағын. // Қазақ әдебиетi, 1997. №16. 
– 6-7 б. 
134. Ахметова К. Наурыз нұры. – Алматы: Жазушы, 1991. – 198 б. 
135. Мақатаев М. Өмір – өзен. Алматы: Раритет, 2005. – 288 б. 
136. Мырзалиев  Қ.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.3  –  Алматы: 
Жазушы, 1990. – 432 б. 
137. Мырзалиев  Қ.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.2.  –  Алматы: 
Жазушы, 1989. – 432 б. 
138. Мырзалиев  Қ.  Үш  томдық  шығармалар  жинағы.  Т.1  –  Алматы: 
Жазушы, 1989. – 448 б. 
139. Айтқожина М. Перне. – Алматы: Жазушы, 1981. – 256 б. 

 
150 
140. Салықов К. Шын жүректен. Алматы, 1986. – 336 б. 
141. Есдәулет Ұ. Ұлыстың ұлы күні. – Алматы: Жазушы, 1982. – 170 б. 
142. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995. – 208 б. 
143. Негимов  С.  Ақын-жыраулар  поэзиясының  бейнелілігі.  –  Алма-
ты: Ғылым, 1991. – 200 б. 
144. Веселовский  А.Н.  Историческая  поэтика.  –  Москва:  Высш.  шк., 
1989. – 406 с. 
145. Абрамович Г.Л. Теория литературы. – М.:Высш. шк., 1978. – 341 с. 
146. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 
272 б. 
147. Асқар О. Балқарағай. – Алматы: Жазушы, 1981. – 84 б. 
148. Айбергенов Т. Мен саған ғашық едім. – Алматы: Жазушы, 2002. 
– 224 б. 
 
149. Айтқожина М. Жапырақтар жауғанда. – Астана: Елорда, 2002. – 
296 б. 
150. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. – Алматы: Мектеп, 1978. – 200 б. 
151. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 240б.  
152. Тимофеев  Л.Н.  Основы  теории  литературы.  –  М.:  Просвещение, 
1976. – 548 с. 
153. Введение  в  литературоведение.  Под  ред.  Г.Н. Поспелова.  – 
Москва: Высш. шк., 1988. – 528 с. 
154. Хасанов Б. Қазақ тілінде сөздердің метафоралық қолданылуы. – 
Алматы: Мектеп, 1973. – 296 б. 
155. Серiкқалиұлы  З.  Тағдыр  және  бiз.  –  Алматы:  Ана  тiлi,  1996.  – 
320 б. 

 
151 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет