Sauap.org
83
Екі ат шылбырын тартып оқыранды. Шығыста жарқырап Есекқырған
туды. Бүкіл дала кӛгілдір бозамық түрге еніпті. Жер бауырлай тұнған
қараңғылық буалдырлана еріп барады. Ауа дымқыл, шӛлім қанып қалған
сияқты. Қанған жоқ, әрине. Бұрынғы қалпында. Күшеймеген. Бұл да жақсы.
Шӛп басын сипалап кӛрдім. Шық жоқ. Бірақ құрғақ та емес. Сыз бар. Екі
аттың да ерін сыпырып, ауыздығын алдым. Оттамады. Бірақ жусан, бұйырған
басын иіскеп, тыныс тапқандай. Сүйкене оқыранысып, жерге аунады. Кӛп
бӛгелуге болмайтын еді. Мен аттарды ауыстырып ерттеп, жирен қасқа
айғырға міндім де, шолпан кӛтеріле терістік-батысқа қарай жүріп кеттім.
Әуелде еңсеміз кӛтеріңкі еді. Уақыт озған сайын кӛңіл лайлана бастады.
Әуелде жүрісіміз ӛнімді еді. Уақыт озған сайын саябырлай берді. Сәске түс
кезінде мен жолдан адасқаныма әбден кӛзім жетті. Қайтпек керек? Оңға
бұрылам ба, солға бұрылам ба? Жоқ, алға тарта берем бе. Осыған тоқтадым.
Мен кешегі қуғыннан соң, шӛлдеп, шаршап, аяңдай берген ӛнімсіз жүрістен
соң қай араға келгенім түгілі, қанша жол ұтқанымды мӛлшерлей алмайды
екем. Ауыл — суы мол, кеніш мекен Кӛкжайлау алда. Сірә, жер ортаға жаңа
іліндім. Межелі тұсқа жеткем жоқ. Межелі тұсқа жетейік, содан соң оңды-
солды ойқастаймыз, Шама келсе, әрине.
Бесіннен ауғанда шама келмесін андадым. Күн аптап емес. Қоңыржай
салқын да емес. Мақпал жылымық. Шӛлің қанық, бойың сергек болса, жанға
жайлы тиер, шуақты кӛкек. Мен кӛлікті қинамадым. Күнұзақ аршынды
аяңнан танбадық. Екі-үш рет сүт пісірімнен аял жасадық, түс кезінде
аттардың ерін алып, аунатып, ӛзім торсық түбіндегі үш қасық, ең соңғы суды
ішкем. Екі жануарға тым құрса бір аяқтан тисе, ертең түске дейін сыр бермес
едік-ау. Амал не, тамшы су жоқ. Кеше таңнан бері татқан екі жұтым су
шелімді қандырмаса да бойыма күш құйганымен, ӛзімді кінәлі сезіндім. Мен
адаспасам, Кӛкбесті мен Жиренқасқа да осыншама азапқа ұшырамас еді ғой.
Бірақ хайуанда тіл жоқ, ӛкпесін, ренішін айта алмайды, еркіме кӛніп, алға
тарта берген. Енді міне, екінтіде Кӛкбесті иесіне бағынышты кептен
жаңылды. Әбден болдырған сияқты. Жетекке ілеспей, тартыншақтай береді,
Аздан соң мойны сол жағына қарысып, табандап тұрды да қалды. Қамшылап
әрең жүргіздім. Бірақ кӛп ұзамады. Дір-дір етіп, тӛрт тағандай тоқтады. Мен
шыпасы біткен жануарды бұдан ары қинауды жӛн кӛрмедім. Атып кетуге
тағы қолым бармады. (Адам санасы деген қызык. Серік болған күлігімді
атсам ба, атпасам ба деп аз-маз толқыған соң, маузерімді соншама ауырлап
кеткен ағаш қынына қайта салып тұрып ойладым: "Осы мен қазақ емсспін-ау.
Қазақ шығып жарытпаймын-ау. Астындағы атын атқан деген... біздін кәпір
жұртына ғана тиесілі мінез еді, жаман романдарда кездесетін жасанды әрекет
еді... Ал қазақ... қазақ дәл бұлай... адаса ма?") Мүмкін, кӛкбестіні емес, ӛзімді
атуым керек шығар? Бірақ қазақ... Кез келген адам... ақырына дейін күресуге
тиіс. Ӛзіме де, атыма да жаным ашыды. Ертоқымын алып, үстін
жеңілдетсем... онсыз да санаулы қаншама минуттан ұтылам. Ер үстінде
отырған калпымда шылбырын мойнына, тізгінін жүгенге іле байладым да,
кешу сұрап, қоштасып, алға қарай жүре бердім. Арада жарты сағат, мүмкін,
Sauap.org
84
он, он бес минут ӛ ткен соң бұрылып артыма қарасам, жануар, тӛрт аягын
сағым кӛтеріп, түстікке бет бұрып, кӛлденеңдеп тұр екен. Тың, зор. Мүмкін,
Кӛкбестінің ӛзі емес, ӛзі мана, мен кете бергенде мойны қайрылып, корқырай
жығылған — тұлпар туған сүлдссі шығар. Мен жылап жібердім. Бірақ
кӛзімнен жас шыққан жоқ.
Алға карай жылжи бердім. Күн еңкейе берді. Мен де кӛлеңкелер
патшалыгына жакындай түскендеймін. Межелі, біршама таныс жердің
шстіне ілінсем керек еді. Ойша долбарладым. Барарда ғой, суыт болмаса да,
тоқтаусыз, ӛнімді жүріппін. Кештете шыққам, екі қонып, азанда жеттім. Есеп
дүрыс еді. Сосын... Суыт жүрдім. Араға бір қонсам да, жол үстінде соншама
сағат ӛткердім. Жоқ, одан аз. Азырақ. Әрі жүрісім ӛнімсіз болды. Суыт...
Ӛнімсіз... Демек... Бірақ бағдарым түзу... Түзу болса, қызыл іңірден соң, түн
ортасында ел қарасын кӛруім керек. Дұрыс. Балаша қуандым. Батар күн
шапағына шомылып, бірер сағат тыныстап алдық. Ендігі қауіп — тура
бағыттан айнып кетпеу. Баяғыда, ауыл мен қостағы жылқы арасында бір
адасқаным бар. Кӛп емес, азғана ғана. Сонда шыр кӛбелек айналып жүре
беріппін. Ақыры, боран тұра бастағанда Нұрымбет аулының жылқысына
кездесіп, жаным қалған. Ол кезде айдалада адасқанның ӛзі қызық екен -ау.
Қаншама әнгімеге ӛзек болған. Енді міне... Күн батты. Сарғая солып кешкі
Венера шықты. Қазақтар мұның Шолпан екенін білмейді, білсе, таңертеңгі
сұлу қыз емес, кешке дейін байынан да, бағынан да айырылған жесір бейбақ
санаса керек — Тұл қатын деп атайды, осы жалғыз жұлдызды шекеге алып,
атқа міндім. Алға жылжыған сайын қараңғылық қоюлана берді. Мен
кӛлеңкелер патшалығының қақпасын ашқандаймын. Бірақ шегінер, бұрылар
жол жоқ, басқаша амал калмаған. Жануар, біз сияқты бір сорлының неше қос
жылкысының құты болған жирен айғыр қайратты екен, қажырлы, жүректі
екен, ӛзі пырақ, ӛзі қорған, қамқоршы, салқын ауамен кеудесін кере тыныс
алып, қоймалжың қара түнді қақ жарып, еркін аяңдап келеді. Астымдағы
атымның жалын сипап, бар жылуын сезініп, мен де ес жидым. Ақыры, түн
ортасына жақындағанда қалың кӛкпек ортасына тоқтадық.
Ес пен түстің арасында таңнын қалай атқанын білмеймін. Бірнеше рет,
ұйықтап емес, есім ауып, талықсып бара жатқанымды аңдадым. Кӛкпекті
бытырлата жұлып, ащы бүрлерін шайнағам. Жан серігім жалғыз атым,
қандай қиында да тік тұрып тыныстайтын жануар, боз татырға бауырын
басып, тӛрт аяқтап жатыр. Таңертең тұра ала ма, тұра алмай ма — менің бар
тірлігім соған байланысты. Таң бозаңда атып тұрды. Дүр сілкінді. Соншама
ширақ. Қуатты. Аузын ашып есінеп, тісін қайзады. Маған қарап
оқыранғандай болды. Кӛмейінен күмбір емес, тұншығыңқы қырыл сияқты
дыбыс шықты. Мүмкін, қ орқыраған — ат емес, менің ӛзім шығармын.
Шӛкелеген қалпымда, кӛкпек шайнап, таң атқанша отырдым. Таң аппақ
атқан соң орнымнан тұрып, тӛңірекке қарадым. Сол жақта боз тақыр
кӛрінеді. Тақыр болғанда, қылтанақсыз, теп-тегіс ӛлі тақыр. Ӛлі дейтінім,
мұндай тақырлардың кӛбінің ортасы ойыс келетін де, кӛктемде қақ тұратын.
Кейбір бай тақырлардың ойпаңы кішігірім кӛлшікке парапар, тіпті, жаз
Sauap.org
85
ауғанша құрымас тіршілік ұйтқысы болар еді. Ал мынау — аспаннан топан
құйса да тамшы іркілмес тұл тақыр. Оң жағым — шұбартқан сұрғылт жон —
итсигек пен жантақтан басқа қылтанақ жоқ жетім дала. Алда да, артта да
таныс белгі кӛрінбейді. Жан баспаған, құс ұшпаған тұлдырсыз иенде —
безірейген Бетпактың қақ ортасында тұрмын. Қайда барам? Жақсы білем.
Түстікте Шу — қос аттыға үш қонақтық жер. Терістікте, әрине, Сары-
Арқа...— мүмкін бір апта, мүмкін бір ай... Тек алда... алда ғана үміт сәулесі
бар. Тура батысқа қарай тарта берсем, сӛз жоқ, ұзын аққан Сарысуға шығам.
Бірақ қашан? Ертең кешке анық. Асса арғы күні! Ертеңді айтасың, арғы күнді
айтасың, бүгінгі кешке жету-жетпеуім неғайбыл сияқты. Бірақ амал жоқ —
жылжып кеттік.
Мен шӛлді ұмытқалы қашан. Апта бойы су ішпесем кыңқ етпейтін
халдемін. Түгел кепкен. Терім сүйегіме кӛн болып жабысқанға дейін
шыдауым мүмкін. Осылай ойлаудын ӛзі қызық еді. Күлкім келді. Күлгем
жоқ. Жүрегім суып кетті. Астымдагы атты ойлағам. Боранға да, дауылға да
шыдайтын қазекемнің қайран қазанаты — шӛлге де болмай келеді. Бірақ кез
келген сәтте ұшуы мүмкін деген ой менің кӛңлімді үрейге толтырды. Осы
кезде тӛңірегім түгел түрлі түсті суретке тола бастады. Сұрғылт Бетпақ емес,
кӛкжасыл жазира. Қора-кора қой, үйір-үйір жылкы. Шоқ терек, саялы тоғай.
Кӛз жетер жер шалқыған кӛл. Кӛл де жоқ, мал да, қалың ағаш та жоқ. Кӛл
дегенім — боз тақыр, қоралы қойым — беткейдегі бортылдақ қара жусан,
үйір-үйір жылқы, ен тоғай — кейде бытырай, кейде ұйып ӛскен итсигек пен
жантақ, теріскен. Солай екені анық. Бірақ кӛз алдымнан мал да, кӛл де кетпей
қойды. Аттан түстік. Тоқтамадық. Тоқтасак, сол арада қаламыз. Жетектеп,
жаяу жүрдім. Табаным жерге тимей, шауып келем. Астымдағы атты арқалап
алғам. Жарты жалғанды, Бетпақтың бір ӛңірін тұтасымен, тулақ терідей ойып
кесіп алып, арқалап келем. Әуелде жеңіл еді, қадам басқан сайын ауырлай
берді. Сәскеге таман бұдан ары кӛтеріп жүре алмай әлім құрып жығылдым.
Шылбыр қолымда, қоя берсем де жирен айғыр мені тастап, ешқайда кетпес
еді, бірақ шылбыр — мені тіршілікпен жалғастырған жалғыз жіптік — сол
шылбырды білегіме орап, ащы қара жусанға тұмсығымды тығып, солығымды
баса алмай, етпеттей сұлап ұзақ жаттым. Сұлап жатып ойладым. Менің арғы
бабаларым — кӛне түріктер ӛлгенде атымен қоса кӛміледі екен, егер осы
арада жан тәсілім кылсам, ең соңгы серігім болған жирен айғырмен бірге
қалмақпын, осы оймен шылбырды беліме орай байладым, қалжаураған,
аңқаған, бірақ тӛрт аяғын тең басып тұрған тұлпарымның астына, салқын
кӛлеңкеге қарай жылжып жаттым. Ұйыктадым ба, талықсыдым ба,
ессңгіредім бе — білмеймін, бір кезде карасам, атымды жетектеп, ауыр
аяңдап, әуелгі кескен бағытыммен күн астына қарай маңып келеді екем.
Екінтіден асыпты. Омыраудан қоңыржай, барқыт жел есіп түр. Бой жазып,
қабағымды әрең кӛтеріп, қиыр батысқа кӛз салдым. Қарсы алдымнан тіршілік
белгісі — ӛзгеше сурст сызылған. Жақындаған сайын айқындала берді. Жал-
жал құм, құм тӛбелердің басында шоқ-шоқ жыңғыл; шагылдардың ара-
арасында, етегінде қалың сексеуіл. Әлбетте, елес. Әлбстте, дәйексіз сағым.
Sauap.org
86
Бірақ шын болып шықты. Құм да, тоғай да. Тек су ғана жоқ. Атты етекке
тастап, тӛбесінде екі шоқ жыңғыл ӛскен жалаңаш шағылдың басына
шықтым. Әрине, ӛліп-талып, енбектей жығылып, естен айрылып. Шың
басынан алға — батар күннің астына қарап едім, бергі беті қарауыта
кӛлеңкеленіп, тӛбесі қызыл жалқындана құбылған, иін тірескен, шетсіз-
шексіз барқандардан басқа ештеңе кӛрінбеді. Кӛрінуге тиіс емес-ті. Мен ӛз
ӛмірімнің шегіне жетіппін.
Ештеңе де ойлағам жоқ. Тіпті, балам мен әйелімді де. Сорлы әкемді де.
Кӛңілде аяушылық та, ӛкініш те қалмаған. Ӛлімге біржола бет қойдым.
Ӛткенді таразыладым ба — білмеймін, бірақ дәл сол сәтте мен бақытсыз емес
едім. Кесімді күнімнен әлдеқайда кӛп ғүмыр кешіппін. Каторга кӛргем жоқ.
Қорлыққа, мазаққа ұшырағам жоқ. Отыздың тура үшеуіне — Иисус
Христостың жасына жетіппін. Бақыттымын. Тек иман айту ғана қалды.
Бірақ... мен қай діндемін? Арғы атам, сірә, мәжуси болған, түп нағашым
мұсылман, бергі аталарым түгел Христос пен патшаға адал кызмет атқарды,
ал мен сүндетке отырмасам да, кәләм шарифты таза жүрегіммен қабылдаган
пайғамбар үмбетімін. Әйткенмен, ең соңғы тәсілім сәтіңде қиын екен.
Шаранамнан шықпай шоқынғаным рас қой. Шоқынғам жоқ, шокындырған.
Санасыз сәби кезімде. Ал саналы азамат шагымда ешкім күштемей-ак ислам
жолын таңдадым. Мүсылманмын! Сонда... о дүниеде туған анаммен,
бабаларымның неше әулетімсн жүздеспей кеткенім бе?.. Екінші кайтара, жоқ,
осымен нешінші мәрте діннен безу тағы әбес... Опасыздық. Ендеше... Қиын
екен. Шешінбсй тағы болмайды. Айса мен Мұхамедтің қайсысын ауызға
алуым керек? Таптым! Екеуін де. Ӛйткені, құдай біреу. Қалай аталса да,
жаратушы — хақ. Осыған тоқтадым. Ӛте жеңіл болды. "Отче наш" пен
"Фатиқаның" кайсысын айтқаным есімде жоқ. Мүмкін, ешқайсысын да
айтпаган шығармын. Мүмкін, құдай туралы, ӛтксн ӛмір, қу далада қалмақ
мүрде туралы кейін ғана ойланған шығармын. Білмеймін. Бірақ дәл сол сәтте
ӛмірмен ӛкінішсіз қоштасқаным, тәубама келіп, тіршілік мәнін түйсінгенім
күмәнсіз.
Мүрде демекші, етекке түскен жӛн. Етекке түссем, арада бірер сағат
ӛтпей-ақ денемді сусыма құм жасырар еді, кӛмусіз қалмас едім. Әйтсе де мен
биікте ӛлгім келді. Жарық күнмен, кең дүниемсн тӛбе басында отырып
қоштасқан абзал. Бірақ қоштаса алмадым. Күннің қай уақытта батқанын
білмеймін. Талықсып кетсем керек. Мүмкін, бір емес, әлденсше рет ӛліп
барып кайткан шығармын. Жер караңғы — тұңғиық түнек. Аспан жарық —
жұлдыздар жап-жақын, самаладай. Қайтадан тұманға баттым. Тағы да
ӛлмеппін. Ӛлмегенім — түс кӛрдім. Кешегі түстің жалғасы. Екі қапталына
тірі бастар қатарласа тізілген теп-тегіс жолмен еңбектеп келем. Алда — кӛз
ұшында сағымға ілінген су бар. Жету керек. Кӛкке ӛрлеу керек... Басым зіл
коргасын. Аяғым темір батпан. Әрең кӛтерем. Азаппен жылжимын.
"Стамбек!"— деген айқай естілді лүңгірлеп. Әкемнің даусы. Тірі бастардан
қаланған бӛгесіннің ар жағында тұр. Кӛктеңбіл айғырға алшия мінген.
"Стамбек! Қайдасың?.." Мен кӛзімді ашып алдым. Тып-тыныш. Кенет
Sauap.org
87
кӛктеңбіл айғырдың, кісінеген даусы құлағыма жетті. Арқырай оқыранып,
қайта кісінеді. Оған тағы бір ат үн қосты. "Стамбек!" "А-а-а..." Дыбысым
шықпады. Айқай — анық, кісінеу — рас, бірақ мен үн бере алмадым. Келер
мезетте қайтадан түнекке баттым.
Кӛзімді ашсам, әкемнің тізесіне басымды сүйеп, жұмсақ құм үстінде
жатыр екем. Кӛгілдір жарық. "Иә, алла, бергеніңе тәуба! Қозғалма, құлыным!
Мен бармын. Бәрі дүрыс... Ақырын.. Су мол. Түйіліп қаласың. Ептеп іш..."
"Кӛкбесті..."— дедім мен аузыма сыздықтай құйылған суды құныға жұтып
жатып. "Иә, қалқам... Ештеңе ойлама..." "Жиренқасқа айғыр... шӛлдеді..."
"Қайырымен болсын, жауға кеткен мың жылқының тӛлеуі — құт әкелетін
мал екен. Оған да аздап су бердім жаңа, сен талықсып кеткенде... Су кӛп.
Қатарынан екі торсықты толтырып алып шыққам..."
Загираш айтады. Үшінші күні (бұл — мен Сорбұлақтан бері оралған,
жолдан жаңылған алғашқы кеш) қызың дӛңбекшіп ұйықтай алмай қойды.
Қайта-қайта оянады. Е-е, жолаушының қамшысы тиіп жатыр ғой деп
ойлағанмен, кӛңілім тыншымады. Атам да ауық-ауық күрсініп, сыртқа
шыққыштап кетті. Таң атты. Әлі оралар мезгілі болған жоқ деп жұбатып
қояды мені. Түске таман ат ерттеп, құнан шаптырым жерге дейін оңды-солды
тӛңіректі шалып қайтты. Кешпен бірге уайым, қайғы келді. Қу шӛп, тікенек
бұта жинап, үйдегі бар тезекті косып, лаулатып от жақтық. Кез ілгеміз жок.
Таң бозында атам әбден бекініп, қайраттанды. Асығыс ат ерттеді. Қосарға
кӛк айғырды алды: "Бұлақ басында тосқауылға ұшырамаса, адасып кетті"
дейді. "Келер мезгілі жаңа болды ғой, сәскеде кӛрініп қалар",— деймін,
атамның іздеуге шығуын кӛңілім қалап тұрса да. "Онда бірге қайтамыз",—
деп, аттарын суғарып, кӛктеңбіл айғырдың беліне екі торсықты айқастыра
теңдеп, бесатарды мойнына асып, аттанып кетті. "Күн кӛтерілгенше суыт
жүрдім,— дейді әкем.— Кеткен ізіңнен баска белгі жоқ. Аман қайтсаң,
адаспасаң, ендігі кездесіп калсақ керек еді. Жаманатқа жүрегім сенбеді, ілгері
тарта бергенде тағы мән жок. Екі қапталдан із кесу керек. Терістік тарапты
таңдадым. Неге дейсің бе? Жүріс ыңғайы солай. Біз Сорбұлақтан бері ӛрге,
қырын тарттық қой. Тіпті, түстік бетке еңкейіп кетсең, ол жақ саған аз-маз
таныс, айналып, адасып жүріп, ақыры ойға — сулы, қамысты ӛлкеге ілінуге
мүмкіндік бар. Ал терістік — Бетпактың тӛрі, бір түссен, қайта шығу жоқ.
Солай шамалап, тәуекелге жүгіндім. Алға тагы біраз озып, тӛңіректі
қарауылдап, ат шалдырдым да, терістік шығысқа қиғаштай тарттым. Жер
бейтаныс, кӛз де бұрынғыдай емес, сәскеде енді жүз шақырым жүрсем де із
шалмасымды аңдап, кері бұрылдым. Қара басканда, мана, аялдаған жерімнен
шыға бергенде-ақ айрылыппын. Бұрынғы сорапқа тым жақын етеді деп
ойламағам. Міне, былай. Сӛзіңе қарағанда, қуғыннан соң әжептәуір қиыс —
түстікке қарай ауғансың. Содан соғ қатені аңдап, бетінді түзедің. Бірақ тағы
да кӛбірек киып алыпсың. Барған Ізіңді кесіп ӛтіп, бірте-бірте тура бағдардан
алыстай бересің. Содан, Жетіқоңырдың құмынан бір-ақ шығыпсың!.." "Қу
даладағы жалғыз аттың ізін қалай кӛресің?"— деймін. "Ойбай-ау, сайрап
жатыр емсс пе! Сен сияқты алаңғасар ғана аңдамайды. Бір емес, екі ат, екеу
Sauap.org
88
емес, сегіз тұяқ. Мал баспаған, жан баспаған тың жер. Кӛргіш болсам, бірден
таппаймын ба. Бар кесел сонда болып тұр ғой. Әйтпссе, кеш батпай қуып
жетеді екем... Бұған да тәуба. Енді бір бие сауым кешіксем...
Иә, алла, бергеніңе шүкір! Сонымен, әйтіп-бүйтіп із шалғанда, қасында
серігі бар екен дедім. Аздан соң, тұяк ізіне карап, жетек екенін білдім. Айғыр,
немесе азбан. Бір шамада аз-маз аялдап, ауыстырып мініпсің. Саптаманын ақ
сортаңға айқын түскен ізін кӛргенде, етпетімнен жата қалып сипаладым. Ӛз
бетіңнен ӛпкендсй болдым. Енді қос атпен кезектесе шабуылдадым да
отырдым. Сен де бір тоқтамапсын. Ауылдың тұсымен деңгейлескенде
Кӛкбесті тартыншақтай бастаған. Ерік берсең, жетелеп үйге ӛзі әкелетінін
білмегенсің. Жылқыны аз баққан жоқсың, қалай ұмытқансың. Біздің казақ
жылқысы, басына ерік берсең, қаптаған боранда да, түнек тұманда да ӛз
мекеніне алып келеді ғой!.." "Білем,— дедім мен.-— Баяғыда, Сарысуда,
қысқы қостан шығып адасқанда тоқпақ жал торы азбан ауылға ӛзі
жеткізген..." "Білесің, бірақ шӛлдеген кісіде ес қалмайды. Содан, із екі
айрылыпты. Кӛкбесті сендерді қимай, біраз тұрған да, сүріне аяңдап, ауылға
қарай тартқан..." Кӛкбестіні таң ата, жӛнекей тауып алғамыз. Ауылға тай
шаптырым жерде жығылыпты. Тілі шығып, кӛзі аларып кеткен, аяқтары
серейіп, қарны қабысып, қимылсыз сұлап жатыр. Бірақ ӛлмепті. Екеулеп
басын сүйеп, қасықтап су беріп, тірілтіп алдық. "Кӛкбестінің ауылға жетпесін
білдім,— дейді әкей әңгімесін одан ары жалғастырып.— Бірақ амал не, уақыт
тығыз. Сенің ізіңе түстім... Жануар, мал-ақ екен,— дейді жирен айғырды
мақтап.—Нағыз қазанат. Содан да ғой, тым ұзап кеткенің. Күн бата ізден
айырылдым. Бірак тартқан сорабынан айнымас дедім. Қызыл іңірде құмға
жеттім. Үнсіз, тілсіз, суық тӛбешіктер. Тағы да үміт үздім. Жануар,
Кӛктеңбіл мен Жиренқасқа табыстырды екеумізді..."
Сӛйтіп, әкемнің айтуынша, адамнан мал ақылды болып шықты.
Шынында да. Қай жандық ӛзін ӛзі қырып тауысуды мұрат тұтыпты?
Жыртқыш деген қасқырдың ӛзі мәрт емес пе! "Қасқыр да қас қылмайды
жолдасына!"— деген ӛлеңі бар қазақтың, Қоныстас, табақтас жолдас түгілі,
қаны бір туыстың ӛзі жау шықты. Сонда тапқан пайдасы бар ма? Жоқ.
Қорқаудын бір сәттік қана қуанышы. Таладым, мұқаттым, жойдым деген.
Келесі кезекте таланатын, мұқалатын, жойылатын ӛзі екенін білмейді. Оған
ақылы жетпейді. Ал басына іс түскен кезде қайта айналар жол жоқ —
жаншылады да қалады.
Бір кездегі орыс ұлы, социал-революционер, қанішер террорист, болмай
қалған тарихшы, жетпей қалған юрист Станислав Юрьевич В., кейінгі мың
жылқылы мырза Стамбек Сыпатайұлы,— қазіргі қандықол қашқын, жапан
түзді мекендеген Сары қазақ осы сапардан соң тәңірі алдындагы, табиғат
алдындағы ӛзінің дәрменсіздігін біржола мойындады, тәубаға келді. Ал
қоғам, заман ағымы ше? Ол да құдай ісі екен. Бір күнде болған, бір күнде
шыққан пәлекет емес. Бұдан үш жүз жыл бүрын, Смута дәуірінен басталған.
Содан бері бір толастамаған. Құз жартас, меңіреу шың астында әлденеше
мын градус қызумен кайнап, булыға кыстығып жата берген. Халықшылмыз,
Sauap.org
89
революционерміз деп, жұртты бақытқа жеткіземіз, зорлықшылдан,
қанаушыдан құтқарамыз деп, ел тыныштығын бастап бұзған мына біз —
әлдебір саңылаудан қыстығып шыкқан хабаршы ғана екенбіз. Лай бетіндегі
кӛпіршік, нәжіс бетіндегі бу. Бізден кейінгілер — лық еткен алғашқы құсық
қана. Лаваның қақпағы жаңа ашылды. Қазір аспанға ӛкіріп ұшқан отты тас —
түйіршік пен күл ғана. Шын жаһаннам алда. Ӛткенге қарап, бұл да тынар деп
кӛніл алдарқатпаңыз. Француз революциясы — лиллипут сарайындағы
бықсық еді. Куинбус Бонапарт шашақты қалпағымен жауып, оп-оңай ӛшірді
де, бар қуатынан айырылып, Әулие Еленаға қоныс аударды. Біздің советтік
қызыл революция — жарты жалғанды жалмаған ӛрт. Әлемдегі барлық
алыпты жинап, несепке айналған тӛрт мүхитты түгелімен қотарып құйса да
басылмайды. Бастилияны алу, Вандеядағы қырғын — ереуіл мен серуен:
шулады, тыпырлады, тыншыды. Біздегі азамат соғысы аталы жұрттын,
тұқымын тоздырмай толастамайды. Гильотина дегсн — ойыншық. Біздің
конвент адам басын санамалап отырып, баппен, бір-бірлеп шаппайды. Миын
бырқыратып, жұлынын уатып, жүз мыңдап әкетеді. Якобилердің терроры
деген тым үстірт. Түгесе алмады, ақыры ӛз бастарын жойды. Біздің мұртты
таулық бес-ондаған бақталастарын қақшумен қанағаттанбайды. Таяудағы жүз
жылда бас кӛтеруі мүмкін миллиондаған адамды жер бетіндегі тозаққа
тығады. Мен әуелде осының бәрі орысқа қарсы бағытталған зұлымдык деп
ойлап едім. Ӛткен жұртым үшін жаным ауырған. Одан соң қазаққа —
бұратана аталатын халыққа қарсы жасалмақ геноцид деп түсініп едім. Келген
жұртыма жаным ашыған. Алғашқысы теріс емес, соңғысы акиқатка айналып
барады. Сонда бұл не пәлекет? Қолдан ұйымдастырылған, орысқа да, қазаққа
да, басқаға да — адам атаулыға қарсы бағытталған зұлмат. Бірақ осының
бәрін қозғаған қандай күш? Әділдікке ұмтылу емес. Теңдікке құмарту смес.
Ӛмірді, тіршілікті сәулеттендіру емес. Сонда не? Қирату. Жою. Не үшін? Ең
түйте, ең жабайы сезімдерді қандыру үшін. Зұлым қарақшы кісіні тек тонау
үшін ғана ӛлтіре ме. Ессіз бала ойыншықты тек ішінде не барын кӛру үшін
ғана сындыра ма. Тұнық лайланып, тасқын кӛтерілгенде, құйынды дауыл
Достарыңызбен бөлісу: |