Технология және биоресурстар факультеті


Тауық  жұмыртқасының  құрылысы



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#4559
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тауық  жұмыртқасының  құрылысы.  Тауық  жұмыртқасы  полилецитті  және 

телолецитті  овоцитке  жатады.  Жұмыртқа  торшасына  аналық  жыныс  безі  – 

жұмыртқалықта түзілетін – тек жұмыртқаның саруызы мен оның қабығы  – плазмолемма 

жатады. Ал қалған бөліктері үшіншілік қабықтарды құрайды. Жұмыртқа торшасы саруыз 

қабығымен  қапталған  цитоплазма  мен  ядродан  құралған.  Овоцит  ядросы  саруызы  жоқ, 

органеллалар  топтасқан  цитоплазманың  жұқа  қабығымен  қоршалып,  цитоплазманың 

жоғарғы  анимальды  полюсінде  орналасады.  Цитоплазманың  қалған  бөлігінпротейдті  – 

липидті  күрделі  қосылыстардан  түзілген  саруыз  түйіршіктері  толтырып  тұрады. 

Саруыздың  тым  көп  жиналған,  анимальды  полюске  қарама  –  қарсы  цитоплазманың 

төменгі  бөлігін  – вегетативті полюс дейді. Саруызды кезегімен қабаттаса орналасқан екі 

түсті:  ақшылсары  және  қоңырсары  қабаттар  құрайды.  Саруыздың  ортасындағы  пішіні 

колбаға  ұқсаған  ақшылсары  бөлігін  –  латебра  деп  атайды.  Ақшылсары  саруыз  түнгі 

мезгілде,  ал  қоңырсары  саруыз  күндіз  түзіледі.  Жаңа  түзілген  саруыз  түйіршіктері 

құрамында фосфолипидтер көп болады. Кейінірек,  саруызда қаныққан май қышқылдары 

көбейеді.  Тауық  жұмыртқасы  саруызының  құрнамында  бос  холестирин  болады.  Овоцит 

цитоплазмасының шеткі жағын – кортикальды қабат дейді. Белокты – көмірсулы кешенді 

қосылыстардан  құралған,  ширатылған  талшықты  жіпшелер  –  халаздар  (градинкалар) 

овоцитті жұмыртқаның ортасына бекітіп, ұстап тұрады. Олар саруыз қабығының қарама – 

қарсы  екі  бүйірінен  басталып,  жұмыртқаның  доғал  және  сүйір  ұштарына  барып  бекиді. 

Овоциттің  ядро  орналасқан  анимальды  полюсі,  жұмыртқаны  қаншама  аударғанымен,  әр 

уақытта  цитиоплазманың  жоғарғы  жағында  болады.  Саруыз  сыртынан  белокпен,  оның 

сыртынан  қос  қабаттан  құралған  –  қауызасты  қабықпен,  сыртқы  жағынан  –  қауызбен 

(ізбест  қабық)  қапталған.  Жұмыртқа  белогы  –  даму  сатысындағы  ұрық  үшін  негізгі 

қоректік  заттардың  және  судың  көзі  болып  саналады.  Себебі  оның  құрамында  80  –  90 

пайызы – су, қалған құрғақ затының құрамында: белоктар,  гликопротейдтер, көмірсулар, 

аздаған  липидтер,  минералды  және  бактерицидті  заттар  болады.  Белоктың  сыртындағы 

қауызасты  қабық:  сыртқы  және  ішкі  қабаттардан  құралған.  Оның  қалыңдау  сыртқы 

қабаты (50 – 55 мкм)  ізбест қабығымен тығыз байланыста болады. Ішкі  жұқалау қабаты 

(15 – 16 мкм) белокты тікелей қаптап жатады. Бұл қабаттарды диаметрі 2  – 10 мкм мүйіз 

тәрізді  заттан  құралған  талшықтар  жасайды.  Жұмыртқаның  доғал  ұшында  қауызасты 

қабықтың қабаттары бір – бірінен ажырап, ауалы камера түзеді. 

Жұмыртқаның  сыртқы  қабығы  –  қауыз  органикалық  және  минералды  заттардан 

тұрады. Оның органикалық бөлігін бір – бірімен торланып жатқан белокты талшықтар, ал 

минералды затын – жұмыртқа ішіндегі шөженің қаңқасын түзуге керекті кальций, фосфор 

және  т.б.  тұздар  құрайды.    Ізбест  қабығын  сыртынан  жауып  жатқан  қауызүсті  үлдір  – 

кілегейлі  заттан  (муцин)  түзілген.  Ол  сыртынан  зиянды  микроорганизмдер  мен 

саңырауқұлақтар  спораларын  өткізбейді,  бірақ  ізбест  қабығындағы  тесіктер  арқылы 

шөженің дамуына қажет ауаны өткізеді. Қауыз қорғаныс қызметін атқарады. 



5-сұрақ.  Эмбриондық  дамудың  негізгі  кезеңдері  (эмбриогенез).  Ұрықтану  және 

оның 


биологиялық 

маңызы. 


Ұрықтану  — 

аталық


 және 

аналық 


жыныс

 

клеткаларының



 қосылуынан 

зиготаның

 пайда  болуы.  Ол  –  эмбриондық  дамудың 


бірінші  кезеңі.  Ұрықтанған  жұмыртқа  жасушасы  –  зиготада  хромасомалардың  саны  екі 

еселенеді де, диплойдты жиынтыққа ауысады. Демек, ДНҚ – ның массасы да екі еселеніп 

көбейеді,  оның  зат  алмасу  белсенділігі  артады.  Ұрықтану  күрделі  биологиялық  процесс. 

Ол түрлі жануарларда әр түрлі жүреді. Суда тіршілік ететін жануарларға сыртқы ұрықтану 

тән. Олар жыныс жасушаларын сулы ортаға шығарып, ұрықтану сол сулы ортада жүреді. 

Ал  құрлықта  тіршілік  ететін  жануарларға  ішкі  ұрықтану  тән.  Ұрықтану  –  ұрғашы 

жануарлардың жұмыртқа жолында жүреді. 

Күйлеген  ұрғашы  жануар  еркек  жануармен  шағылысқан  соң,  ұрғашы  жануардың 

жыныс  жолына  (қынапқа,  немесе  жатырға)  түскен  сперматозойдтар,  өздерінің  қимыл 

аппараты – құйрықтарының толқынды қозғалысы және жыныс жолдары қабырғаларының 

жиырылуы,  хемотаксис  пен  реотаксистің  арқасында  жұмыртқа  жолының  жоғарғы  1/3 

бөлігіне  5  –  9  сағатта  жетеді.  Осы  кезде  ұрғашы  жануар  жұмыртқалығынан  жарылу 

(овуляция)  арқылы  шыққан  жұмыртқа  торшасы  жұмыртқа  жолы  құйғышына  фолликул 

сұйығымен  бірге  құйылып,  сперматозойдтармен  жоғарыдаайтылған  жұмыртқа 

жолыбөлігінде  кездеседі.  Ұрықтану  процесі  төрт  сатыдан  тұрады:  1.Жыныс 

жасушаларының  жақындасуы;    2.Сперматозоидтың  овоциттің  мөлдір  қабығына  енуі; 

3.Сперматозоид  басы  мен  мойнының  овоцит  цитоплазмасына  кіруі;    4.Жыныс 

жасушалары  ядроларының  қосылуы.  Жыныс  торшаларының  жақындасуы  кезінде 

сперматозойдтар  бастарндағы  акросомалар  ферменттері  (протеаза  –  трипсин, 

гиалуронидаза)  овоциттің  сәулелі  тәжін,  яғни  сыртқы  фолликулалы  қабығын  ерітеді. 

Спермотозойдтың  овоцит  мөлдір  қабығына  жанасу  кезінде,  жұмыртқа  торшасында 

ұрықтану  төмпешігі  пайда  болып,  оның  мөлдір  қабығы  арқылы  сперматозойдтың  басы, 

мойны  және 

құйрығының 

бастапқы 

бөлігі 


овоцит  цитоплазмасына 

енеді. 


Спермотозойдтың  овоцит  цитоплазмасына  енуі  –  жұмыртқа  торшасының  зат  алмасу 

процесін  күшейтіп,  оның  екінші  мейоздық  бөлінуіне,  тезірек  пісіп  жетілуіне  әсерін 

тигизеді.  Овоциттің  кортикальды  аймағындағы  гранулалар  мөлдір  қабыққа  жанаса 

жарылып,  олардың  ішіндегі  сұйық  зат  плазмолеммаға  қарай  құйылады  да,  кортикальды 

реакция  дамиды.  Нәтижесінде  мөлдір  қабат  овоцит  плазмолеммасын  ажырап, 

саруызсырты  (перивителлинді)  кеңістік  пайда  болып,  саруыз  қабығы  қатаяды  да, 

ұрықтану  қабығына  айналады.  Сперматозойд  ядросынан  аталық  тұқым  қуалаушылық 

қасиеттерді ұрыққа беретін – аталық пронуклеус (ядроалдылық, немесе кіші ядро), овоцит 

ядросынан  аналық  геномды  жеткізетін  –  аналық  пронуклеус  түзеді.  Екі  пронуклеусте  де 

хромосомалардың жартылай (гаплойдты) жиынтығы болады. Олардың әр қайсысында тек 

бір  жыныс  хромосомасы  болады  ,  қалғандары  –  аутосомалар  (дене  хромосомалары). 

Аналық  және  аталық  пронуклеустердің  қосылуы  нәтижесінде  зигота  ядросында 

жануарлардың  түрлеріне  тән  хромосомалардың  толық  (диплойдты)  жиынтығы  қалпына 

келеді.  Екі  жыныс  торшалары  пронуклеустерінің  қосылып,  бір  зигота  ядросын  түзу 

процесін  –  синкарион  (карион  –  ядро,  син  –  қосылу,  байланысу)  деп  атайды.  Зигота 

түзілген бойда, бір торшалы ұрықта зат алмасу процесі күшейіп, сперматозойд мойнымен 

келген  центросоманың  белсенді  қатысумен  бөліну  процесі  басталады.  Овоциттерде 

центросома болмайды. 



6-сұрақ.  Сүтқоректілерде  ұрықтың  болашақ  жынысын  сперматозойд  ядросындағы 

жыныс  хромосомасы  анықтайды.  Олардың  овоциттері  ядроларында  тек  Х  –  жыныс 

хромосомасы, ал ұрықтануға қатысатын сперматозойдтардың ядроларында не У -, не Х – 

хромосомалар  болады.  Егер  ұрықтану  процесіне  ядросында  У  –  хромосомасы  бар 

сперматозойд  қатысатынболса,  онда  зигота  ядросында  ХУ  жыныс  хромосомалы  болады 

да,  еркек  ұрық  организмі,  ал  ұрықтануға  ядросында  Х  –  жыныс  хромасомасы  бар 

сперматозойд қатысса, онда зигота ядросында ХХ жыныс хромосомалары болып, ұрғашы 

ұрық организмі дамиды. Сүтқоректілерде ұрықтану кезінде жұмыртқа торшасына тек бір 

ғана  сперматозойд  енеді  де,  ұрықтану  қабығы  жедел  түзіліп,  басқа  сперматозойдтардың 

енуіне мүмкіндік бермейді. Бұл процесті моноспермия деп атайды.  



Құйрықты  қосмекенділерде,  бауырымен  жорғалаушыларда,  құстарда  ұрықтану 

кезінде  ұрықтану  қабығы  баяу  түзіліп,  жұмыртқа  торшасына  жүздеген  сперматозойдтар 

енеді. Бұл процесті полиспермия дейді. Бұлардың ішінен ұрықтануға тек бір сперматозойд 

ғана  қатысады.  Қалғандары  ыдырап,  қоректік  заттың  қызметін  атқарады.  Құстарда, 

керісінше, жұмыртқа торшалары ядроларында не Z – жыныс хромосомасы, не W – жыныс 

хромосомасы,  ал  барлық  сперматозойдтар  ядроларында  тек    Z  –  жыныс  хромосомалары 

болады.  Демек,  бұларды  ұрықтың  жынысын  жұмыртқа  торшаларындағы  жыныс 

хромасомалары анықтайды. 

Ұрықтану нәтижесінде аналық және аталық геномдар қосылып, белгілі бір қоршаған 

ортада  дамуға  бейімделген  жаңа  организм  пайда  болады.  Ұрық  организмі  ата  –  енесінің 

тұқым  қуалаушылық  қасиеттеріне  ие  болғанымен,  онда  аталық  және  аналық 

хромасомалардың  өзара  әрекеттесуінен    ата  –  енесіне  ұқсамайтын  жаңа  қасиеттер  пайда 

болып, жануарлар ұрпақтарында көптүрлі жаңа генофондтар түзіледі. 

 Бөлшектену—бір торшалы ұрық—зиготаның митоз арқылы бластомерлерге бөлініп, 

көп  торшалы  ұрық-бластулаға  айналатын,  эмбриогенездің  екінші  кезеңі.  Бөлшектену 

нәтижесінде  пайда  болған  торшаларды  ұрықтың  бөліктері  немесе  бластомерлер—  деп 

атайды. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Бөлшектену кезінде митоздық 

айналым қысқа болғандықтан, бластомерлердің мөлшері бөлінген сайын кішірейе береді. 

Бірақ,  бластомерлер  ядроларының  мөлшері  кішіреймей,  ұсақталу  тек  цитоплазманың 

есебінен  жүреді.  Бластомерлердің  саны  көбейгенімен,  коп  торшалы  ұрықтың  жалпы 

көлемі  зиготаның  молшеріндей  болады.  Бөлшектену  бластомерлер  ядролары  мен 

цитоплазмаларының ара қатынасы дене торшаларындағы қатынасқа жеткенше жүреді де, 

сонан  соң  бластомерлердің  бөлінуі  тоқтайды.  Бөлшектену  кезеңі  нәтижесінде  пайда 

болған көп торшалы үрықты бластула— деп атайды.  

Зиготаның  бөлшектенуі  әр  түрлі  жануарларда  түрліше  жүреді.  Бөлшектенудің 

түрлері  жүмыртқа  торшаларындағы  сарыуыздың  мөлшеріне  және  сарыуыздың  овоцит 

цитоплазмасындағы  таралу  сипатына  байланысты.  Бөлшектену  процесі  ұрықганған 

жұмыртқа  торшасы  цитоплазмасының  сарыуызы  аз  болігінде  жүреді.  Ал  жұмыртқаның 

сарыуызы  коп  молшерде  жинақталған  цитоплазма  бөлігі  бөлшектенуге  қатыспайды. 

Осыған 


байланысты 

бөлшектенудің 

екі 

түрі 


ажыратылады. 

Олар: 


толық 

(голобластикалық)  бөлшектену  және  жартылай  (меробластикалық)  бөлшектену. 

Голобластикалық  бөлшектенудің  түрінде  зигота  толығымен  бөліну  процесіне  қатысады, 

ал  меропластикалық  бөлшектену  зиготаның  тек  сарыуызы  аз  жоғарғы  анимальды 

полюсінде  ғана  жүреді.  Саруыз  көп  мөлшерде  жиналған  цитоплазма  бөлігінде  бөліну 

процесі  жүрмейді.  Ұрықтанған  жұмыртқа  торшасында  саруыз  аз  мөлшерде  болып 

(олиголецитті  овоцит),  ол  цитоплазмада  біркелкі  таралса  (гомолецитті  овоцит),  онда 

бөлшек  –  толық  және  біркелкі,  ал  саруыз  орташа  мөлшерде  (мезолецитті  овоцит)  және 

зиготаның  төменгі  вегетативті  полюсінде  көп,  жоғарғы  анимальды  полюсінде  аз  болса 

(телолецитті овоцит), онда бөлшектену – толық және әркелкі, сондай – ақ зиготада саруыз 

тым  көп  жиналып  (полилецитті  овоцит),  цитоплазмада  әр  түрлі  деңгейде  таралса 

(телолецитті  овоцит), онда бөлшектену  – жартылай және әркелкі  болып жүреді.ұрықтың 

бөлшектенуі  белгілі  бір  тәртіппен  жүреді.  Бірінші  және  екінші  бөліну  сайлары  ұрықтың 

жоғарғы  анимальды  полюсінен  төменгі  вегетативті  полюсіне  қарай  өтіп,  меридианды 

сайлар  деп  аталады.  Үшінші  сай  ендік  бағытта,  одан  соң  меридианды,  ендік  және 

тангенциальды  (ұрықтың  сыртқы  бетіне  параллельді)  бағыттардағы  сайлар  кезегімен, 

әркелкі және әр мезгілде жүріп, түзілген бластомерлердің орналасу тәртіптері бұзылады. 

Бластомерлердің  қалыпты  да  дұрыс  орналасу  тәртібі  толық  және  біркелкі  бөлшектенуде 

(целобластулла – қандауыршада) ұзағырақ сақталады, ал жартылай бөлшектенуде 2 – ші, 3 

– ші бөлінуден кейін – ақ бластомерлердің қалыпты орналасуы бұзылып, олар әр мезгілде 

бөлініп, мөлшері әр түрлі торшалар түзіле бастайды (дискобластулла – құста). Бөлшектену 

нәтижесінде  түзілген  бластомерлер  бастапқы  кезде  бір  –  бірімен  тығыз  байланысып, 

торшалар  жиынтығы  қалыптасады.  Мұндай  ұрықты  –  морула  дейді.  Бөлшектенудің 


соңына қарай бластомерлер аралығында қуыс пайда болып, әр түрлі жануарлар пішіні әр 

түрлі  қуысты  ұрық  –  бластуллаға  айналады.  Бластулланың  бластомерлерден  құралған 

қабырғасын бластодерма, ішіндегі қуысын біріншілік дене қуысы, немесе бластоцель деп 

атайды. Ұрықтың анимальды полюсінде орналасқан бластомерлер – бластодерма төбесін, 

вегетативті полюсіндегі бластомерлер – бластодерма түбін құрайды. Олардың аралығында 

бластомерлерден құралған жиекті аймақ орналасады. 

Қарапайым хордалылар өкілі қандауыршада (олиголецитті және гомолецитті овоцит) 

бөлшектену    -  толық,  біркелкі,  бір  мезгілде  (синхронды)  жүріп,  бластодерма  мөлшері 

біркелкі  бластомерлерден  құралған,  іші  қуыс,  пішіні  шар  тәрізді  целобластулла, 

қосмекенділер  өкілі  –  бақада  (мезолецитті  және  телолецитті  овоцит)  бөлшектену  толық, 

әркелкі,  әр  мезгілде  (асинхронды)  жүреді.  Нәтижесінде  бластодермасының  түбі  ірі 

бластомерлерден  (макромерлер),  төбесі  ұсақ  бластомерлерден  (микромерлер)  құралған, 

қуысы  тар  және  бір  жаққа  ығысып  орналасқан  –  амфибластулла  түзіледі.  Бауырымен 

жорғалаушыларда,  құстар  мен  жұмыртқа  салатын  сүтқоректілерде  (полилецитті  және 

телолецитті  овоцит),  бөлшектену  жартылай,  әркелкі,  асинхронды,  дискоедальды 

зиготаның  анимальды  полюсінде  ғана  жүріп,  пішіні  дөңгелек  табаққа  ұқсаған,  төменгі 

жағында  қуысы  бар,  көпторшалы  ұрық  –  дискобластулла  түзіледі.  Сүтқоректілерде 

(олиголецитті  және  гомолецитті  овоцит)  бөлшектнеу  толық,  әркелкі,  асинхронды  жүріп, 

пішіні  көпіршікке  ұқсас,  іші  қуыс  –  стеробластулла  түзіледі.  Көпіршік  тәрізді  ұрықтың 

ақшыл  ұсақ  –  бластомерлерден  құралған  сыртқы  қабығын  трофобласт,  ал  ішінде 

орналасқан  ірі  бластомерлерден  түзілген  бөлігін  эмбриобласт  деп  атайды. 

Эмбриобласттан  ұрықтың  денесі  мен  ұрықтық  қабықтар  дамиды.  Трофобласт 

эмбриобластты  жатыр  қабырғасындағы  бездер  бөлген  сөл  құрамындағы  қоректік 

заттармен  қамтамасыз  етеді.  Полилецитті  және  центролецитті  овоциттерде  (омыртқасыз 

жануарларда) бөлшектену жартылай және беткей жүріп, жұмыртқа ортасындағы саруызды 

сыртынан қоршай орналасқан бластомерлерден құралған, перибластулла түзіледі.  



7-сұрақ.  Гаструляция  бластула  жасушаларының  одан  әрі  көбеюімен,  өсуімен, 

жетіліп  бағытты  орын  ауыстыруымен  және  сапалы  айырмашылықтар  мен  өзгерістердің 

жүруімен  сипатталатын  күрделі  биохимиялық  және  морфогенетикалық  процесс. 

Эмбриогенездің  гаструляция  кезеңі  алғашқы  кездерінде  бластуланың  бір  қабат 

жасушаларынан  тұратын  бластодермадан  екі  қабат  ұрық  жапырақшаларынан  құралған 

ұрық  –  гаструла  дамиды.  Оның  сыртқы  ұрық  жапырақшасы  –  эктодерма  (грек.  ektos  – 

сыртқы, derma – тері, қабық), ішкі ұрық жапырақшасы – энтодерма (грек. endon – ішкі). 

Гаструляцияның  соңғы  кезеңінде  эктодерма  мен  энтодерманың  аралығында 

хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан  хорда  және мезодерма (грек. mesos – 

аралық, ортаңғы қабық) дамып жетіледі.  

Гаструляцияның дамып жетілуі бластулланың құрылысына байланысты. Сондықтан, 

әр түрлі жануарларда гаструляция процесі түрліше жүреді. 

Гаструляцияның төрт түрі бар. Олар: 

І. Инвагинация -   қынаптану,  қандауырша  ұрығында  екі  қабат  жасушалар 

қабатының  пайда  болу  процесі  (гаструланудың  бір  түрі).  Қандауыршаның 

(ланцетник) 

шар

 тәрізді  іші 



қуыс

 бластуласының  бір  қабат  бластомерлерден  құралған 

бластодерма 

түбінің 


қабырғасы, 

ішіндегі 

қуысқа 

(бластоцельге) 



қарай,

бластодерма

 төбесіне  қарама-қарсы  бағытта  майыса  еніп,  пішіні  қынапқа 

ұқсас 


қапшық

 тәрізді  екі  қабат  ұрыққа  (гаструлаға)  айналады.  Оның  сыртқы  қабатын  —

 

эктодерма



,  ішкі  қабатын

энтодерма

,  энтодерманың  ішінде  пайда  болған  қуысты  — 

біріншілік 

ішек  қуысы

 немесе 


гастроцель

 деп, 


ал  гастроцельдің  сыртқы  ортамен 

қатысатын тесігін — біріншілік 

ауыз

 немесе 


бластопор

 деп атайды. 



ІІ. Эпиболия – қаптап өсу. Бластулланың төбесін құрайтын ұсақ бластомерлер 

жедел бөлініп, түбіндегі ірі бластомерлерді сыртынан қоршай өсіп қаптап, ұрық екі 

қабат гаструллаға айналады.  

ІІІ.   Иммиграция -  ішке  көшуі.  Бластодерма  түбінің  бластомерлері  көбейіп, 

бластоцельген,  яғни  бластулла  қуысының  ішіне  қарай  өсіп,  сыртқы  эктодерманың 

астындағы ұрық жапырақшасы – энтодерманы түзеді. 

ІV. Деляминация-  жасушалар  қабаттарына  жарылу.  Бауырымен  жорғалаушылар, 

құс  дискобластулласының  ұрық  табақшасы  және  сүтқоректі  жануарлар  ұрық  түйінінің 

(эмбриобласттың)  бластомерлері  тангенциальды  бөліну  арқылы  көпқабатты  ұрыққа 

айналады  да,  өз кезегінде  екі  қабат  тақташаға  жарылып,  сыртқы  эктодерманы  және  ішкі 

энтодерманы түзеді. 

Ұрық жапырақшалары арасындағы қуыс гастроцель. Жануарлар әлемінде жоғарыда 

баяндалған  гаструляция  түрлері  көбіне  аралас  жүреді.  Мысалы,  құстар  мен 

сүтқоректілерде гаструляция деляминация және иммиграция түрінде өтеді. 

Хордалылар  типіне  жататын  жануарлар  ұрығы  гаструляция  сатысының  алғашқы 

кезеңінде  эктодерма  және  энтодерма  ұрық  жапырақшалары  мен  олардың  аралығындағы 

қуыс  –  гастроцель,  ал  екінші  кезеңінде  эктодерма  мен  энтодерманың  арасындағы 

гастроцельде  аралық  ұрық  жапырақшасы    -  мезодерма  мен  хорданың  біріккен  өскіні 

жетіліп,  кейіннен  мезодерма  мен  хорда  ажырайды.  Хордомезодермалық  өскін  – 

жануарлардың  түрлеріне  байланысты  түрлі  бастамадан  дамып  жетіледі.  Мысалы, 

қандауыршада, балықта, бауырымен жорғалаушыларда ол энтодермадан, қосмекенділерде 

энтодерма мен эктодерма аралығындағы көшпелі торшалардан жеке қалыптасып жетіледі, 

ал  құстар  мен  сүтқоректілерде  –  эктодермадан  бөлініп  жетіледі.  Мезодерма  өз  кезегінде 

үш  бөлікке:  дорсальды  (арқалық)  мезодерма  сомиттерге  (сегменттелген  бөлік), 

вентральды (құрсақтық) мезодерма – сплахнотомға (сегменттелмеген бөлік) және бұл екі 

бөлікті  байланыстырып,  аралық  орын  алатын  сегменттік  аяқшаларға  (нефрогонотом) 

бөлінеді. Сомиттер: дерматом, миотом, склеротом болып үш бастамаға бөлінеді. 

Ұрық  жапырақшаларынан  ұрықтың  болашақ  денесі  білігін  анықтайтын  біліктік 

мүшелер;  жүйке  түтігі,  хорда  және  ішек  түтігі  дамиды.  Жүйке  түтігі  біріншілік 

эктодермадан,  ішек  түтігі  біріншілік  энтодермадан  жетіледі.  Ұрық  жапырақшаларының 

жетілуі  мен  бір  –  бірінен  ажырап  бөлінетінгаструляцияның  екінші  кезегінде,  негізінен 

мезодерма  мен  эктодермадан  пайда  болып,  ұрық  жапырақшалары  арасындағы 

гастроцельге қоныс аударған көшпелі өсінділі торшалардан – эмбриондық дәнекер ұлпасы 

мезенхима дамып жетіледі. 

Сонымен,  барлық  жануарларда  эмбриогенездің  гаструляция  сатысы  ұрық 

жапырақшалары мен біліктік мүшелердің түзілуімен аяқталады, яғни гаструляция процесі 

хордалы  жануарлар  ұрықтарында  ұқсас  жүреді.  Ұрықтардың  онто  және  филогенездік 

ұқсастығы жануарлар шығу тектерінің туысқандықтарын көрсетеді. Бұған тағы бір дәлел 

барлық 


хордалы 

жануарларұрықтары 

гаструляция 

процестерінің 

бластулалар 

бластопорларының 

дорсальды 

ернеулерімен 

байланысты 

басталуында. 

Олар: 

қандауыршадағы  қынаптану,  қосмекенділердегі  орақша  сай,  балықтар  мен  кейбір 



бауырымен  жорғалаушылардағы  жиектік  ойық,  бауырымен  жорғалаушылардағы,  құстар 

мен  сүтқоректілердегі  біріншілік  жолақ  пен  біріншілік  түйін.  Осы  аталған  аймақтардың 

бластомерлері  тым  белсенді  қызмет  атқарып,  ұрықтардағы  басқа  да  эмбриондық 

бастамалардың  жедел  дамуына  әсерін  тигізеді.  Мысалы,  бластопордың  дорсальды 

ернеуінен  шыққан  көшпелі  бластомерлерден  болашақта  хорда  түзіліп,  оны  өзі  көрші 

эмбриондық бастамалардың дамуына септігін тигізсе, дорсальды ернеу бластомерлерінің 

әсерінен  біріншілік  эктодермадан  жүйке  түтігі  жетіледі.  Сол  сияқты,  барлық 

хордалылардағы хордомезодермалық өскіннің дамып жетілу процестері де ұқсас жүреді. 

Гистогенез  ұрық  жапырақшалары  мен  біліктік  мүшелерден  ұлпалардың  даму 

сатысы.  Біріншілік  эктодермадан  жүйке  түтігі,  одан  жүйке  ұлпасы  дамиды.  Біріншілік 

эктодермадан  жүйке  түтігі  бөлінгеннен  кейін,  эктодерма  ұштары  бір-бірімен  жалғасып, 

екіншілік  эктодерма  деп  аталады.  Екіншілік  эктодермадан  тері  эпидермисі,  майтабан, 

мүйізді тері туындылары: тері түктері (қыл, қылшық, түбіт, жүн, қауырсын, мамық), мүйіз 

тұяқ,  тырнақ,  мүйіз,  тері  бездерінің  паренхимасы  (май,  тер,  сүт  бездері),  ішек  түтігінің 



алдыңғы  және  соңғы  бөліктерінің  эпителий  ұлпасы  мен  олардың  қабырғалық  бездері, 

тыныс  алу  жүйесінің  кіреберіс  бөлігінің  эпителий  қабаты  дамиды.  Энтодермадан  ас 

қорыту мүшелерінің эпителий қабаттары мен қабырғалық және қабырғадан тыс ас қорыту 

бездерінің  паренхимасы,  тыныс  алу  жүйесі  мүшелерінің  эпителий  қабаттары  мен 

қабырғалық бездері жетіледі. Мезодерма дерматомынан терінің нағыз тері (дерма) қабаты, 

мезодерма склеротомынан омыртқа бағанасының сүйектері мен шеміршектері, мезодерма 

миотомынан қаңқаның бұлшық ет ұлпасы, мезодерма нефрогонадотомынан несеп-жыныс 

мүшелерінің  эпителий  қабаттары  мен  олардың  қабырғалық  бездері,  мезодерма 

спланхнотомынан  сірлі  қабықтар  (өкпеқап,  жүрекқап  және  енқаптағы  сірлі  қабықтар, 

ішперде)  және  олардың  туындылары  (париетальды  және  висцеральды  жапырақтар, 

шарбылар,  байламдар,  шажырқайлар,  үңгілер),  жүректің  миокард  және  эпикард 

қабықтары, бүйрекүсті безінің қыртысты заты дамиды. Мезенхимадан бірыңғай салалы ет 

ұлпасы,  қан,  лимфа,  ретикулалы,  май,  борпылдақ  және  тығыз  дәнекер  ұлпалары, 

шеміршек және сүйек ұлпалары дамып жетіледі.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет