Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

гін білдіреді. 

839.  Кекілік—әйелдерді және жақсы мінезді адамдар-

ды білдіреді. Түсінде бір топ кекілік бір төбеге ба-

рып қонғандығын көру—қызметінің өсіп, көп ақша 

табатындығын білдіреді. Түсінде кекілік етінің 

қуырылғандығын көру—жаңа киім алатындығын, ал 

кекілік аулағанын көру—әдемі, әдепті бір қызбен не-

месе еркекпен танысатындығын білдіреді.

840.  Келіншек: түсінде келіншек болғанын көру—тұрмыс 

құруды, табысты іс әрекетті білдіреді. Тұрмысқа 

шыққан әйел келіншек болғанын көру—қыз туа-

тынын немесе игі іске бастауын себепші болатынын 



112

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

білдіреді. Жас, сұлу келіншек көру—адал табыс пен 

молшылықты білдіреді. Жиіркенішті кәрі келіншек 

көру—берекесіз табысты білдіреді. Түсінде көрген 

келіншек әдемі болса, молшылық пен арзаншылықты 

білдіреді.

841.  Келіспеушілік: түсінде жұбайыңызбен араңызда тү-

сін беушілік туындаса—істеген істеріңізді міндетсі нуді 

доғару керектігін білдіреді. 

842.  Келісім-шарт: түсіңізде келісім-шартқа келісіп қол 

қоюыңыз—қандайда бір іске кірісер болсаңыз, қатты 

көңіл бөліп істеуіңізді, сезім, көңілге мән беруіңізді 

білдіреді. 

843.  Келісім: түсінде дұшпандармен келісім жүргізгенін 

көрсе—қорқынышы кетіп, қиыншылықтың соңы жақ-

сылық болады деп жорылады. Науқастың шипа та-

уып, рызықтың артып, табысқа кенелетініне жорыла-

ды. Бойдақ болса, үйленіп, намазды, оразаны бастап, 

қайырлы істер істейтінін білдіреді. 

844.  Кеме—ауырып, қиналып, қатты абыржып жүрген 

адам үшін қайырлы болады. Кеменің жағада тұрға-

нын көру—жолы болатынын білдіреді. Түсінде кеме-

ні жағаға қарай сүйреп жүргенін көрген адам—екі 

жүзділік көрсетеді. Салихалы адамдармен бірге ке-

меге мінгенін көрген адам—күнәдан тазарады. Кеме-

ден шыққанын көрсе—бақытқа кенеледі. Кімде-кім 

жағада тұрып, теңізде бір кеменің бос қалқып жүргенін 

көрсе—оңды сапардың белгісі. Кеме, надандық пен 

бүліктен құтқаратын Ислам деп жорылады. Науқас 

адам өлген адаммен бірге кемеге мінгенін көрсе—ол 

адам бүліктерден арылады. Қарызы көп адам кемеге 

мінгенін көрсе—қарызын өтеп, қайғы-мұңнан ары-

лады. Егер жағдайы нашар адам көрсе—Алла тағала 

оған күтпеген жерден молшылық береді. Жұмыссыз 

жүрген адам кемеге мінгенін көрсе—жұмысқа орнала-

сатынын білді реді. Өлім төсегінде жатқан адам кемеге 

мінгенін көрсе—оның өмірін ұзартады. Түсінде кеме-

нің бат қанын және тақтайдан ұстап құтылғанын көр-


112

113


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

се—жұмысында кездесетін кедергілердің қысқа уақыт-

тың ішінде ретке келетінін білдіреді. Түсінде бос кеме 

көру—саудадағы табыс пен пайданы білдіреді. Түсінде 

теңіздің жағасында тұрып, ол жердегі кеменің бейпіл 

жүзіп жүргенін көру—қайырлы істі білдіреді. Бойдақ 

жігіт түсінде кеме сатып алса—үйленеді. Түсінде Нұх 

(ә.с)-ның кемесін кө ру—қуанышты, жаңбыр жауаты-

нын білдіреді. Мінген кемесінің ауада жүргенін көр-

ген адамның өлімі жақындағанын білдіреді. Кеменің 

құрлықта жүргенін көру—жаманшылықтың белгісі. 

Үлкен кемелер—жақсылықтың белгісі. Кішкентай 

кеме лер—қарақшылықтың белгісі. Бұзылған кеме—

қай ғы-мұңның, батқан кеме құтылудың белгісі.

845.  Кемеге міну, кеме көру—қорқынышынан құтылар. 

846.  Кемеде жүзсең—хат-хабар аласың.

847.  Кемежай, порт: бұл түсті көру—жақсылықтың бел-

гісі. Кемежайда жүріп көп кеме көру—үйіңізге ке-

летін қонақ немесе көптен көрмеген достарыңызбен 

кездесетіңізді білдіреді.

848.  Кемпірқосақ көрсең—ұнамды хабар естірсің.

849.  Кең соқпақпен жүрсең—жақсылық.

850.  Кептер көрсең—қуанышты өмір сүресің. 

851.  Кептер сізге хат әкелсе—араздасқан ғашықтар қайта 

жарасады немесе жағымды хабар келеді. 

852.  Керуен: түсінде бір керуенмен сапар шегу—саудаңыз-

дың жүретіндігін, қызметіңіздің өсетіндігін білдіре ді. 

Керуеннің қалаға кіргенін көру—үлкен мирасқа еге 

болатындығын білдіреді. 

853.  Кесілген ағаш—өлім мен қаралы күндер белгісі болуы 

мүмкін.

854.  Кетік: өзіңізді кетік көрсеңіз—жұмысыңызды алып 



кету мүмкіндігіңіздің жоқ екенін меңзейді. 

855.  Кеуде: егер жас әйел өз кеудесінің жараланғанын 

көрсе—оған бақытсыздық келеді. Егер әйелдің 

көкірегі толық әрі аппақ болса—жақын күндері үлкен 

байлықтың мұрагері болмақ. 

856.  Кешіру: түсінде біреудің кінәсін кешіргенін көрген 

адам Алла тағаланың мейіріміне бөленетін іс істейді. 

8-0185


114

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Түсінде кінәсі кешірілген адамның ғұмыры ұзақ болып, 

құрметке ие болады. Түсінде біреудің істеген қателігін 

кешіру—рухани дүниенің тазаланып, білімінің артып, 

жайдары адам болатынын білдіреді. 

857.  Кешірім сұрау: түсінде кешірім сұрап, тәубе ету—мол-

шылықтың белгісі. Түсінде Алладан кешірім сұраға-

нын көрсе—Алла тағала оның күнәларын кешіреді, ол 

адамға бала беріп, жұмақты нәсіп етеді. Түсінде теріс 

қылығы үшін кешірім сұрағанын көру—сыйлы адам 

екеніңіздің белгісі. 

858.  Киім—жолға шығу. 

859.  Киім жуу—қиын істерден құтылу. 

860.  Киім тоқу—ұзақ жерге сапарға шығу. Жүннен киім 

тоқу—ауа-райының бұзылуы. 

861.  Киімдегі жамау—сәтсіздік нышаны.

862.  Киімдерді үтіктеу—ісі ретке келу. 

863.  Киімшең жуынсаң—зиян мен сырқат белгісі.

864.  Көбелек гүлге немесе жасыл желекке қонып тұрса—

жетістік. 

865.  Көбік көрсең—өтірік хабар аласың.

866.  Көгерген нан—зекеті берілмеген пайдасыз мал. 

867.  Көгершін—ұзақтан келетін жақсылық, пайда. 

868.  Көгершін басына немесе иығына қону—үлкен қуаныш. 

869.  Көгершін етін жеу—қолына мал-мүлік келу. 

870.  Көгершін көп болу—бір жерге басшы болу. 

871.  Көгершін өзіне қарай ұшу—ұзақтан келетін қайырлы 

хабар. 

872.  Көгершін түсінде—қатынға кездесу. 



873.  Көгершін ұстап алу—үйлену, қызды болу. 

874.  Көгершін ұстау үшін жерге тары себу—халықты 

жамандыққа бастау. 

875.  Көгершін ұшып кету—әйелінен немесе күйеуінен ай-

рылу. 

876.  Көгершін ұя салып жатса—қуаныш, мамыражай өмір. 



877.  Көгершінге оқ ату—бір әйелге жала жабу. 

878.  Көгершінді өлтіру, біреуге сату—жамандық. 

879.  Көгершіннің қанатын жұлу яки кесу—әйелінің үйінен 

кетуге кедергі болу. 



114

115


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

880.  Көгілдір аспан—биіктен көріну, отбасындағы бақыт. 

881.  Көз—адам діні, тура және теріс жолды көретін жүрек 

көз. 


882.  Көз ауру—кедергі, жолы болмау, дініне немқұрайлы 

қарау. 


883.  Көз ауруын сезу—баласы үшін қайғылану. 

884.  Көз жасының жүзіне аққанын көрсе—жыламайынша 

нәсәп, нәсіл тарафынан шілте, яки шілте қылушының 

сөзі өту. 

885.  Көз жасының салқындықпен бір ағар көрсе—шадлық, 

яки кемшіліктен құтылу, жарылқану болады. 

886.  Көз қабағының жарақаты болып көрінуі—қайғыға кез-

десу. 


887.  Көз қабақтарын көрмек, сәламат көрсе—жақсы бола-

ды. 


888.  Көз тию—өткінші қиыншылық, қасірет. 

889.  Көз—ол жауларыңыздың көзі сіздің ісіңізде екенін 

білдіреді. Коңыр көз—алдану. Көк көз—көздеген мақ-

сатқа жетудегі әлсіздік пен жауапсыздық. Бір көзсіз 

қалу—күрделі мәселелердің туындайтынын хабардар 

етеді. 


890.  Көзді ойып алу—ұзақ өмір. 

891.  Көзді шығару—көз ауру. 

892.  Көздің екеуінде кірпік болмау—Ислам дініне кесірін 

тигізу. 


893.  Көзі әдемі болу—білімнен сусындау, парасаттылыққа 

кезігу. 


894.  Көзі көктер мен қара көрсе—дінінде хилафлық бол-

мақ. 


895.  Көзі көр болу—баласы өлу. 

896.  Көзі көр болуға жақын қалу—сауапқа кенелу. 

897.  Көзі қою түсті болу—достың әйеліне көз салу. 

898.  Көзі үлкею немесе бөгде адамның үлкен көзі—Алла 

тағаланың жәрдемімен тура жолға түсу. 

899.  Көзілдірік—бөтен біреулер өміріңізге өз кесірін тигі-

зеді. Уақытында сақтық жасап алданып қалмағаны ңыз 

жөн. 


116

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

900.  Көзімен көру, құлақпен есту—қыздары, қатыны болмақ. 

901.  Көзіне ақ түсу—қайғы-мұң, жақсы адамынан айрылу. 

902.  Көзіне дәрі тамызу—балалы болу, жасырын істер бар болу.

903.  Көйлегін теріс кию—жағдайы өзгеріске ұшырау. 

904.  Көйлегінің жағасы жыртылу—ақыретте мол табыс пен 

сауап берілу. 

905.  Көйлек—Алладан қорқу, білім, сүйінші хабар, жаңа-

лық есту. 

906.  Көйлек кию—діні мен дүние-мүлкі халы. 

907.  Көйлек көрсең—хабар, жаңалық естисің. 

908.  Көйлек, тонның таза, кең, ақ, жаңа болмағы—дінінде 

көркемдігі болады. 

909.  Көк түс—үлкен әңгіме, салмақтылық.

910.  Көк түсті киім киетін болса—барша тілектері қабыл бо-

лып, мұратына жетеді. 

911.  Көкек—жоғы түгелденеді. 

912.  Көкнәр—жетіліп, ер жеткен адам. Көкнәр жемісі—

дүние-мүлік.

913.  Көкөніс жесең—қуаныш келеді.

914.  Көкпар шабу—бір нәрсеге таңырқау.

915.  Көктем—қуаныш, махаббатта жолы болу. 

916.  Көктем гүлі—ризық, құсалықтан құтылу, қалауына 

жету. 

917.  Көктем келу және айналадағы ағаштар гүлдену—ұлды 



болу, үйлену, ұзақ өмір. 

918.  Көктен қайшы түсу—өмірі біту. 

919.  Көктен құс түсіп, жанына қону—сүйіншілі хабар. 

920.  Көл көрсең—жаңалық, хабар. 

921.  Көлбақа көрсең—біржақты сүйіспеншілік нышаны.

922.  Көң көрсең—кіріс көбейеді.

923.  Көң үйіндісін қазып жүрсең—қазынаға кезігесің.

924.  Көң үйіндісінде ұйықтап жүрсең—жазыласың.

925.  Көңілденіп жүрсең—қауіптің белгісі.

926.  Көңілді адамдарды көрсең—қуанасың.

927.  Көңілді түрдегі отырыста отырсаң—сырқаттанасың.

928.  Көп құмырсқа—өмірінің ұзын болуы, бала, малдың 

көптігі. 


116

117


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

929.  Көп сиырлар көрсе—дәулет, жақсылықтар көрмек. 

930.  Көпір—күдікті және осы дүние, байлық, ұзақ өмір не-

месе ауру, сөзінде тұру, тура жол, һидаят намаз, ораза. 

931.  Көпір салу—дініне берік болу. 

932.  Көпірден кейін көгалды жерге бару—пайда, табыс. 

933.  Көпірден кейін мешітке кезігу—мұратына жету, келе-

шекте қажылыққа бару. 

934.  Көпірден өту—жақсы қызметті қалдырып, одан да 

жақсы қызметке бару. 

935.  Көпірді құлату—дініне салғырт болу. 

936.  Көрстан қабір көрсе—ғибрат алмақ, қылмыстарынан 

тәуба қылмаққа ишарат. 

937.  Көсеу—перзент. 

938.  Көсеуді өлген адам беру—перзент сүю. 

939.  Көсеуді өлген адам қайтып алу—перзентті қайтып алу. 

940.  Көтерем түйеге мінсе—жақсы емес. 

941.  Көшеде жас еркек көрсең—жаңа табыс көзі ашылады.

942.  Көшет ексең—бақыт, байлық.

943.  Көшу: түсінде көшкенін көру—маңызды өзгеріс болып, 

аз уақыт қиындық көрген соң көңіліңіз жай табады. 

944.  Күбі: түсінде күбі көру—үйдің отағасын немесе жүкті 

әйелді білдіреді. Шараптың күбісі—қазына. Суға 

толы күбі—бай әйел. Сірке суына толы күбі—тақуа 

адам. Ер адамның күбіні сындыруы—әйелімен ажы-

расатындығын білдіреді. 

945.  Күз—тұрмыстағы сәттілік пен бақытты болуды біл-

діреді. 


946.  Күз, жартас, үңгір көру—қиналу белгісі. 

947.  Күйе көрсең—сәтсіздік белгісі.

948.  Күйе-көбелек көрсең—шығын, ұнамсыз шашылып-тө-

гілу.


949.  Күйеуі қуанышты болса—бақытты өмірдің белгісі. 

950.  Күйкентай—қапалық. 

951.  Күлсең—көз жасының белгісі.

952.  Күміс ақша—сөз деп жорылады. Егер күміс таза болса—

ол ақшалар білім мен жақсы сөздің, яки қажеттілігін 

өтеудің белгісі. Күміс ақша алтынмен аралас болса—



118

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

дұғаның қабыл болатынын, ауруға шипа болатынын 

білдіреді.

953.  Күміс көру—бақытты әкім болу, бай болу. 

954.  Күн—мәртебең көтеріледі. 

955.  Күн батысқа қарап намаз оқыса, оның кағба артында 

тұрса, бір үлкен күнәға кіріптар болар, яки жалған іске 

ант еткен болар, яки бір істеген зинасына сөгіс алар. 

956.  Күн сәулесі—оң өзгеріс болады. 

957.  Күн шығып, жаңбыр жауып тұрса—ұтыс.

958.  Күн шығып келе жатса—өмірің жақсара түсер.

959.  Күн шығысқа қарай намаз оқыса—ол кісінің тұтқан 

жолы бұзылар. 

960.  Күнді көрсе—дұшпандарынан мерейі үстем болып, 

дәулеті тасиды. 

961.  Күннің ыстық болуы—біреуге қатты ғашық болуың не-

месе саған біреудің ғашық болуы. 

962.  Күң көрмек—өзіне еңбек істейтін қатын хайырлы іс 

болмақ. 


963.  Күрек көрсең—жақсылыққа тап боларсың.

964.  Күріш көрсең—біраз ғана ақша аласың.

965.  Кілт көрсең—жаңа махаббаттың нышаны.

966.  Кімде-кім семіріп, не арықтап жүрсе—аурудың бел-

гісі.

967.  Кір жусаң—жолға шығасың.



968.  Кір көйлек кисең—кедейлік.

969.  Кір-кір тырнақ—өсек. 

970.  Кірпіктің жоқ болмағы—дін шариғатының жоқ бол-

мағы. 


971.  Қабылан көрсең—қауіпті достың белгісі.

972.  Қабылды көрсе түсінде—азады, бір кісі өлтірер. 

973.  Қабырға көрмек түсінде—қатындар үшін жорылар. 

974.  Қағаз ақша көрсең—әурешілік, ұрыс-керіс, хат.

975.  Қағаз парақтасаң—шығынның нышаны.

976.  Қаз көрсе—азық-түлік қоры көбейеді. 

977.  Қаз санап жүрсең—алданасың.

978.  Қазан: түсінде қазан көру—сол үйдің егесі мен әйелін 

білдіреді. Қазанда тамақ пісіп жатқанын көру—күшті, 

қуатты кісінің белгісі. Қазаншы көру—ұзақ өмір. 



118

119


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

979.  Қазына тапсаң—қуанасың.

980.  Қаймақ көрсең—молшылық, қуаныш. 

981.  Қаймақ, балқаймақ көрсең—хат-хабар келер.

982.  Қайнаған су—бақыт белгісі.

983.  Қайықта жүзсең—жолға шығарсың.

984.  Қайың көрсең—қуаныш.

985.  Қайыр-садақа беріп жүрсең—жәрдем аласың.

986.  Қайыршы: өзіңізді немесе достарыңызды қайыршы ор-

нында көрсеңіз—бұл, сірә, көп шығын мен уайым әке-

леді. Бейтаныс қайыршы көрсеңіз—өзіңізге сәл болса 

да көңіл бөлгеніңіз жөн. 

987.  Қайыршымен кездессең—ұнамсыздыққа тап болуың 

мүмкін.


988.  Қақтың суын көрсе—ісіндегі қолайсыздық. 

989.  Қала: түсіңізде беймәлім қалада жүрсеңіз—жағымсыз 

жағдайлардың нәтижесінде үйіңізді ауыстыруға мәж-

бүр боласыз. 

990.  Қалайы—кері кеткен іс ілгері басады. 

991.  Қалампыр: түсінде қалампыр көру—ақ көңіл, жәрдем, 

сүйер кісіні білдіреді. Кейбір кезде үлкен махаббатты 

білдіреді. Түсінде қалампырды дәрі ретінде қолданып 

жатқанын көру—құрмет, данқ, атақтың белгісі.

992.  Қалқан: түсінде қалқан көру—жамандықтан құты-

латынын білдіреді. Қалқан—ораза деп айтылады. Пай-

ғамбарымыз (с.а.с) хадисінде: «Ораза—қалқан» деп 

бұйырған. Ақ түсті қалқан—тақуа кісіні; жасыл түсті 

қалқан—сыйлы кісіні; қызыл түсті қалқан—мейі рім-

ді, көңілді кісіні; қара түсті қалқан—бай кісіні білді-

реді. Қалқанмен бірге басқа да қаруларды көру—бұл 

кісінің мықты екендігін, дұшпаны одан қорқатынын 

білдіреді. Түсінде қалқан көрген кісінің еркек бала-

сы бар болса, баласы бұл кісіні бағып қағатынын, әрі 

жаманшылықтардан сақтайтынын білдіреді. Түсінде 

көрген қалқан қымбат болса—жақсы әйелдің, ал егер 

құнсыз болса—жаман әйелдің белгісі.

993.  Қалта: түсіңізде қалта көрсеңіз—басыңызға келетін 

ұрлықты, таршылықты білдіреді. Түсінде киімінің 



120

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

қалтасы тесік болғанын көрсе—мүсәпір адам екендігін; 

қалтасының бос болғанын көрсе—ақылға қонымсыз 

әрекет жасайтынын; қалтасы толы болса—жағымсыз 

істермен айналысатындығының айғағы.

994.  Қалуа: түсінде қалуа көру—діндегі ықыласын, түр-

медегінің құтылатынын, жолаушының оралатынын, 

аурудың шипасын табатынын, бойдақтың үйленеті  нін, 

тура жолға түсуді де білдіреді. 

995.  Қалың шаш көрсең—табыс әкеледі.

996.  Қамат: түсінде намазға қамат айтып жатқанын кө-

ру—қалағаны болып, қиыншылықтан құтылатынын 

білдіреді. Түсінде түрмеге түскендігін, түрмеге намаз 

үшін қамат айтып жатқанын көру—бостандыққа шы-

ғатындығының, жақсылықтың белгісі. Түсінде қа мат 

айтқан кісі саудагер болса—мол байлықтың бел 

гісі. 


Түсінде азан айтып, қамат келтіргенін көру—ақкө ңіл, 

пәк мінезді адам екендігін білдіреді. 

997.  Қамба: түсінде қамба көру—түс иесінің ахлақ мінезі-

нің жақсы-жаман жақтарын білдіреді. Үйінде қолдан-

ба ған қамба бар екендігін көру—Алла Тағалаға деген 

сүйіспеншілігін, құлшылығын одан әрі күшейтуін 

білдіреді.

998.  Қамшы ұстаса—ұл сүйеді. 

999.  Қамшы—қиыншылықтардың кетуін, дұшпандардың 

жеңілуін білдіреді. Қамшы—бала-шағаның да белгісі. 

Түсінде аспаннан қамшы түскенін көру—Алла таға-

ланың қаһар, қарғысын білдіреді. Түсінде атын қам-

шысымен сабағанын көру—жақсылық үшін Алла 

Тағалаға дұға қылуын білдіреді. Түсінде бір адам-

ды қамшымен ұру—ол кісіге уағыз, насихат айтуды 

білдіреді. Түсінде бір адамды қамшымен ұрғанда, ол 

кісіден қан шашырағанын көру—жаманшылық пен 

қиыншылықтың белгісі. Түсінде дұшпанын қамшы-

мен ұрғанын көру—абырой, атақ-данқтың белгісі. Тү-

сін де жер тепкілеп жатқанын көру—жолаушылықты 

білдіреді. Егер біреу түсінде марқұм болған кісіні ұрып 

жатқанын көрсе—ол кісінің бір күнә іс істегенін немесе 



120

121


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

істейтіндігін білдіреді. Ал егер, керісінше, марқұм кісі 

сізді ұратын болса—жоғалтып алған нәрсесінің табы-

латынын білдіреді.

1000. Қамыр илеу—үміттің белгісі. 

1001. Қамыр ашу—жағдайы нашарлау.

1002. Қамыр: түсінде қамыр көру—оңай бітетін істерді, 

қиыншылықтардан құтылудың белгісі. Кімде-кім 

үйінде қамыр көрсе—сауда-саттық жасау арқылы мол 

табысқа кенеледі. Қамырдың ашып қабынан тасып 

жатқанын көрген адам саудада зиянға ұшырайды. 

1003. Қамыс: түсінде қамыс көру—теріс пиғылды адам мен 

ауыр, жаман сөздерді білдіреді. Түсінде қамыстың ал-

тыннан немесе күмістен болғандығын көру—көруші-

нің бұл дүниеде табатын көп мал-мүліктің, жақсы, пәк 

мінезді әйелді әрі балалары мен ізгі істердің белгісі. 

Қамыстың бір ауылдың ішінде өскенін көру—сол ауыл 

халқының айыптарының ортаға шығуын, сол ауыл-

дың әйелдерінің жиналуын білдіреді. Кейбір кездерде 

қамысты көру—жоғалған малын тауып алатындығын, 

неке қиюдың белгісі. Түсінде қамыстан жасалған үйде 

отырғандығын көру—жақсылықтың белгісі.

1004. Қан—харам малды, күнә істі білдіреді. Өзін қанға 

бояғанын көру—мал-мүлікті, ақшаның белгісі, бірақ 

азап жолымен табылмағанын білдіреді. Өзінің денесі-

нен қан аққанын көру—бай болса, сол аққан қанның 

мөлшеріндей дүние-мүліктен айырылатындығын, ал 

кедей болса—сол мөлшерде дүние-мүлікке ие бола-

тындығын білдіреді.

1005. Қанат—отбасындағы ұл балаларды білдіреді. Түсінде 

екі қанат біткендігін көру—екі ұлының болатынды-

ғын білдіреді. Түсінде қанаты бар екенін көру неме-

се ұшып жүргендігін көру—жолаушылық сапардың 

белгісі. Түсінде қанатының сынуы—балаларының ау-

руға душар болатынын, қанатының жұлынғанын кө-

ру—балаларынан айырылатынын білдіреді. Қанаты 

өзінен үлкен, ауыр екенін көру—күнә іс істегендігін 

білдіреді.



122

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

1006. Қанжар: қолына қанжар ұстап жүргенін көрген адам—

мал-мүлікке ие болады. Қанжарды немесе пышақты 

қынына салғанын көрген адам—бір әйелмен некелеседі. 

Түсінде біреуге қанжар сату немесе беру—берген ада-

мына жәрдем беретінін білдіреді. Қанжарды сындыру 

яки жоғалту—күш-қуатынан айырылып, дұшпаны нан 

жеңілуді білдіреді.

1007. Қант көрсең—табыс келеді.

1008. Қаңқа: түсінде адамның қаңқасын көру—мал-мүлік-

ке ие болудың белгісі. Танитын адамның қаңқасын кө-

ру—оның малынан пайдаланатынын білдіреді. Қаңқа 

етін жеуге болатын малдың қаңқасы болса—адал та-

быс қа; етін жеуге болмайтын мал болса—арам табысқа 

жолығатындығының белгісі.

1009. Қаңтар—балаларға байланысты қолайсыз жағдайдың 

туындайтынын хабарлайды. 

1010. Қапас, тор: түсінде бір құсты қапастан шығарғанын 

көру—жаман жолды тастап, әділеттілікті діттейтін-

дігін білдіреді. Терезе торын көру—қызғаныш пен құ-

пияны білдіреді. Құстың қапастан шыға алмай жат-

қанын көру—әйеліңіздің бақытсыз екенін көрсетеді. 

Құстың қапастан шыққанын көру—әйеліңізбен ажы-

расуды білдіреді.

1011. Қар астындағы ағашты көрсең—ерлі-зайыптылық 

өмір де өзгеріс болуы мүмкін, жайсыздық белгісі.

1012. Қар—рызық-байлықтың, шипаның белгісі. Қарды 

өз мерзімінде жауғанын көру—қайғы-қасіреттің ке-

летіндігін, дұшпанына үстем келетіндігін білдіреді. 

Түсінде қар жауып тұрғанын көру—жолаушылық, 

сапардың белгісі. Қар үстінде ұйықтап жатқанын 

көрген кісі—түрмеге түсетіндігін білдіреді. Жауған 

қардың тез ерігендігін көру—жаманшылық, қайғы ның 

белгісі. Қар жауып тұрғанда өзін бір панада екенді гін 

көру—жақсылықтың белгісі.

1013. Қара ат көрсең—сәтсіздікке ұрынасың.

1014. Қара бұлт төніп тұрса—қайғылы хабар. 

1015. Қара бұлттар—шығын.


122

123


ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ

1016. Қара бұлттардың көшуі—сырқаттан сауығу. 

1017. Қара киінген адам—жақсылық емес. 

1018. Қара қарға—жамандық хабаршысы. 

1019. Қара қас көрсең—денсаулық белгісі.

1020. Қара сия—атақ-данқ пен үлкен мәртебені білдіреді.

1021. Қара сөз көрмек—халыс діншіл болмақ. 

1022. Қара суық, аяз—реніш машақат. Егер біраз ғана орын-

да көрсе—сол орынның халқына болмақ. 

1023. Қара тон, кірлі тонмен жер қазушы көрмегі—Алла 

тағалаға жалғаншы болмақ. 

1024. Қара түс—ұрыс-керіс, мұң.

1025. Қара түс: түсінде бетінің қарайғанын көру—оның 

өтірікші әрі дінінен бет бұратынын білдіреді.

1026. Қара шыбын—адамдардың шуласулары. 

1027. Қарағай—қартайғанша денсаулық жақсы болады. 

1028. Қарақұс—байлық. 

1029. Қарама-қарсы нәрсе: сау адамның түсінде өлгенін кө-

ру—ол адамның өмірден алатын нәсібін білдіреді. Өл-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет