Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

244.  Ботқа жеп жүрсең—әурешілік артады. 

245.  Бөрі—бір залым ұры, яки өтірікші ұлыққа кездесу. 

246.  Бөтелке көрсең—ажырасуың мүмкін. 

247.  Бөтен әйел сіздің күйеуіңізді өлтірсе—ажырасуыңыз 

мүмкін. 

248.  Бөшке көрсең—қуанасың. 

249.  Бура қуалайтын болса—құрбандық беру керек. 

250.  Бұқа көрсең—қайғы, ауру тап келеді. 

251.  Бұлақ—үлкен жаңалық, қуану. 

252.  Бұлақ ағызбақ, бір үйден оның аққанын лайықсыз 

көрсе, ол күйініш, қайғы, жылау болады. 

253.  Бұлақты ашу—жаңалық ашу. 

254.  Бұлбұл—малы көп, бақуат ер кісіні немесе бақуат 

әйелге жорылады. Кейбір түс жорушылар бұлбұлды 

Құран оқитын балаға жорыған. Түсінде бұлбұлдың 

тор да отырғанын көрсе—отбасындағы ұрысты білдіре-

ді. Бұлбұлдың дауысын есту—көтеріңкі көңілді және 

ғашық болудың белгісі.

255.  Бұлбұл көрсең—қуанышты хабар келер. 

256.  Бұлт басқан аспан—мазасыздық белгісі. 

257.  Бұлт: Түсінде бұлт көру—халықты бақытқа жетелей-

тін ислам діні деп жорылады. Бұлт—тіршілікті сусын-

дататын болғандықтан, Алла Тағаланың мейірімі деп 

жорылады. Кейде бұлт—ғылым мен білімді, сырды 

білдіреді. Бұлттардың үстімен жүргенін көрген адам—

салихалы (жан дүниесімен таза) қызбен үйленеді. 

Егер арман-тілегі болса, орындалады және сапарға 

шығады. Білім ізденуші болса, түбіне жетіп атақты 

болады. Кімде-кім бұлттардың арасына кіріп, ол жер-

ден ештеңе алмаса, ол адам ғалымдармен бірге отырып 

сұхбаттасады, бірақ олардың ғылымынан ештеңе ал-

майды. Егер бұлт қара болса—қуаныш пен бақытты 

5-0185


66

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

білдіреді. Бұлтты көргенде жүрегінде қорқыныш 

болса—ол адамға қуатты адам тарапынан қорқыныш 

келеді. Кейбір түс жорушылар бұлтты мезгілінде 

көрсе, нығмет пен берекетке мал-мүлікке ие болаты-

нын білдіреді деп айтады. Жаңбыр жауып жатқанын 

көрсе—Алла Тағаланың сол аумаққа рызықты мол 

беретініне жорылады. Егер халық қуаңшылық көріп 

жатса, Алла Тағала олардың рызығын молайтып, 

құрғақшылықтан құтқарады. Жаңбырсыз қара бұлт 

көрсе—ол адам көп табыс табады. Кейде бұлт—қатты 

аязға немесе уайымға жорылады. Қызыл бұлт—сол 

аумақта бүліктің, аурудың шығатынын білдіреді. Егер 

аспанның жерден аспан әлеміне көтеріліп, қаланы 

көлеңкелегенін көрсе—жақсылық пен берекет бола-

тынын білдіреді. Түс көруші сапарға шығатын болса, 

сапары сәтті болады, басында уайымы болса, қуанады. 

Қызыл бұлт—жұмыссыздықты; қара бұлт—қайғы-

мұңды білдіреді. Егер түсінде бұлттан бір нәрсе алға-

нын көрсе—ғылым мен білімде едәуір ілгерілейді деп 

жорылады. Бұлтқа мініп, үстінде жүргенін көрсе—ол 

адамның жақсылықты, сырды сезетінін білдіреді. 

Түсте бұлт көру тоғыз түрлі жорылады: сыр, басқару 

ісі, мемлекеттің дамуы, мейірім, намыс, азап, жоқшы-

лық, бәлекет және бүлік. Түсінде аспандағы бұлттың 

өзімен бірге қозғалғанын көрсе—ол адам молшылыққа 

жетеді. Бұлт аспанда қаптап, жаңбырдың орнына қар 

жауғанын көрсе—сол жерде бір бәлекеттің болатынын 

білдіреді. Бұлттан жаңбырдың орнына сүт жауға нын 

көрсе—берекетті, молшылық жыл болатынына, бал 

жауғанын көрсе—бақытты өмір сүретінінің белгісі.

258.  Бұрғы: Түсіңізде бұрғы көрсеңіз—өмір және филосо-

фия тұрғысындағы көзқарасыңыз тереңдей түсетініне 

жорылады. Мұндай түс істің оңайлығын білдіреді. 

Бұрғымен бір жерді тескеніңізді көрсеңіз—мүмкін-

ді гіңізді дұрыс пайдаланатыныңызды білдіреді. Бұр-

ғыны сатқаныңызды көрсеңіз—біліміңізден өзгелер де 

пайдаланатынына жорылады.

259.  Бұршақ көрсе—көз жасының белгісі. 



66

67

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



260.  Бұрыш: кімде-кім өзін қорғанның бұрышында тұрға-

нын көрсе—ол адам жақсы көретін адамдарына кү-

мән келтіретінін білдіреді. Егер науқас болса—көз 

жұмады.


261.  Бұрыш: түсте бұрыш көру—қайғы-мұңды және сақ 

болу керектігін білдіреді. Түсте бұрыш сатып алу—

қиыншылыққа; сұрап алу—жұмысыңыздағы ке 

лең-


сіздікке; бұрыш беру—науқастан құтылуға жоры-

лады. Түсінде жасыл бұрыш жеу—досыңыздың се  німді 

адам екендігіне, бірақ істеген ісіңіздің әсерінен өкі-

нетініңізді білдіреді. Бұрыш кейде жақсылыққа, кей-

де жамандыққа да жорылады. Қара немесе қызыл 

бұрышты тамағына қосқанын көрсе—жайсыз хабар 

алатынын білдіреді.

262.  Бұтақ: көктем гүлдерімен немесе жемістерге толы 

ағаш бұтақтарын көру—сабыр етер болсаңыз, үміт ет-

кен нәрселерің бірте-бірте орындалатынын білдіреді. 

Түсінде құрғақ, жапырақсыз, гүлсіз, жеміссіз ағаштың 

бұтағын көру—жақсылық емес. Жақында кедейлікке 

душар болатынын білдіреді.

263.  Бүйрек: түсінде бүйрегінің ауырғанын көрсе, мін-

детті түрде денсаулығын тексерту керектігіне ес-

керту деп білу керек. Бұл түс өсекті, адамдарды ша-

ғыстыру сияқты жаман ниетті де білдіреді. Түсінде 

бүйрегінен тас шыққанын көрсе—бітіре алмай жүрген 

жұмыстарын достары арқылы шешетінін білдіреді. 

Бүйрек қуырып жегеніңізді көрсеңіз—күткен жерден 

ақша алатыныңызды білдіреді.

264.  Бүкір: түсінде бүкір болғанын көру—байлыққа, мол 

табысқа кенелетінін білдіреді. Кейбір кезде бүкір 

болуды—күнәлардың көптігі деп те айтылады. Тү-

сін де бүкір болғанын көру—ұзақ өмір сүретіндігін 

біл ді ре ді. Түсінде бүкір кісімен танысу немесе сөй-

ле су—қиыншылыққа тап болатынын білдіреді. Ибн 

Сирин бүкір болуды—үлкен қарыз деп жориды. Тү-

сінде бүкір екендігін көру—көп балалы болатын ды-

ғын білдіреді.



68

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

265.  Бүлдік ит: түсте бүлдік ит көру—адал дос деп жоры-

лады. Түсінде бүлдіктің тістеп алғанын көру—дұш-

пандарыңыздың кесірі тиетінін білдіреді. Талап 

жат қан бүлдікті таспен немесе ағашпен қуғанын көр-

се—дұшпандарынан қорықпайтынын білдіреді.

266.  Бүлдірген көрсең—сырқаттанасың. 

267.  Бүлікші: түсінде бүлікшіні көру—көңілсіздік пен дос-

тарымен араздасуды білдіреді.

268.  Бүркіт көру түсінде—қуатты сұлтан болады. 

269.  Бүркіт: түсінде бүркітке ие болғанын көру—абырой, 

атақ-даңқының, беделінің өсетіндігін білдіреді. Тү-

сін 


де бүркіттің балапанын алу—балалы болатынды-

ғын білдіреді. Бұл түсті күндіз көрген кісі ауруға 

шалдығады. Бүркіттің балапаны сізді шоқыса—ауру-

дың асқындап ұзайтындығын білдіреді. Түсінде бүр кіт 

етін жегенін көру—ұзақ молшылықты білдіреді. Тү-

сінде бүркітке мініп ұшқандығын көру—ұзақ сапарға 

шығатындығын білдіреді.

270.  Білезік: түсте білезік көру—көбіне жақсылыққа жо-

рылады. Бойдақ жігіт түсінде білезік көрсе, көп 

кешікпей үйленетініне жорылады. Бір әйелге білезік 

сыйлағаныңызды көрсеңіз—дос болғыңыз келген 

адамнан теріс жауап алатыныңызды білдіреді. Әйел-

дің қолынан білезік көру—қуанышты хабарды; біле-

зікті өз қолынан көру—қайғы-мұңды білдіреді. 

Өлген адамның қолында білезік көрсе—ол адамның 

сізден разы болатындығын білдіреді. Түсінде беделді 

адамның қолынан білезік алса—ол адамның өзі не-

месе бауыры балалы болады. Қолына білезік тағып 

алғанын көрсе—қиыншылық пен таршылық жоры-

лады. Егер алтын білезік тағып, оның қолына кең 

болғанын көрсе—басынан қиыншылық өтетіндігінің 

белгісі. Басқа біреулердің білезік тағып жүруі—қиын 

жағдайда сізден көмек сұрайтынын білдіреді. Біле-

зік жоғалтып алсаңыз—ешқашан орындалмайтын іс 

үшін көңілсізденетініңізді білдіреді. Білезікті иесіне 

қайтарып бергеніңізді көрсеңіз—жақында басыңызға 

қуанышты оқиға келетініне жорылады.


68

69

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



271.  Білек: түсіңізде білек көрсеңіз—сенімділігіңізбен 

жұрт  қа танымал болып, оларға пайдаңыз тиеді. Түсін-

де қол күрестіріп жатқанын көру—оның өмірде құр-

быларымен жарасып жүргенін, ал егер қарсыласын 

жеңген болса—сол жарыстан жеңетінін білдіреді.

272.  Бір жерге жиналу: түсінде дос жарандармен бір жерге 

жиналу—үйленуді білдіреді. Жақсы көретін досымен 

бірге отырғанын көрген әйел адам—жақсы көретін 

жігітімен тұрмыс құрады.

273.  Бір көзді болу: кімде-кім түсінде бір көзді болып жүр-

генін көрсе—ол малының жартысынан айрыла ды. Әрі 

күнәға батады. Сондықтан да ол тәубе етіп, Аллаға жал-

барынуы қажет.

274.  Бір кісі дирһам күміс тапқанын көрсе—ол дирһамдар 

кетік болмай бүтін болса, оның қатыны жүкті болса, ер 

бала табар, егер күміспен біреумен әңгімелессе, досы-

нан көркем сөз естір, егер жарлы болса, ол көргеніндей 

ояуында олжаға кездесер. 

275.  Бір кісі есегіне мініп, һәр жерді кезіп жүрсе—бір 

мұсылман жамағатынан айырылар, яки бір күнәға ба-

тар. 

276.  Бір кісі жігіт болып көрінсе—ол дұшманы болар. 



277.  Бір кісі өзін екі тілді көрсе—әуелгі ғылымының үс ті-

не басқа ғылым білер. Әуелгі қажатынан тыс бір қажат 

берер, дұшманына үстемдік табар. 

278.  Бір кісі өзін сақалсыз, мұртсыз көрсе—анасынан мирас 

алар. 

279.  Бір кісі Пайғамбарымызды түсінде көп көрсе—дауам 



ісінің жеңілдігі болар, дүниеге һеш қажаты қалмас, 

түгел болар, һәм Алла тағаладан қорлық көрмес. 

280.  Бір кісі сафар, жол көрсе—сафарменен жорылар. 

281.  Бір кісі түсінде кағбаға имамдық қылса—имамдарға 

имам болар. 

282.  Бір кісі түсінде оны шайтан жаңылтар көрсе—ол кісі 

пара жер һәм ол кісі дұшманы ұстап, қатынына сөгіс 

берер, яки айырар. 

283.  Бір кісі тісін күштеумен сүртсе—оған шадлық кезде-

сер. 


70

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

284.  Бір құшақ немесе арбалап отын әкелсең—дәулетті өмір 

сүресің. 

285.  Бір нәрсені қазып алу—сүйіктісіне қолы жетеді немесе 

көп тостырған хат келеді. 

286.  Бір топ ақ кептер—келешектегі табыс пен қуаныштар. 

287.  Бір ірі балық, яки екі балық тұтса—бір қатын, яки екі 

қатын болар. 

288.  Бірдеңені өртесең—ұрыс-жанжалға кезігерсің. 

289.  Бірдеңені іліп жүрсең—ақша аласың. 

290.  Біреу шұңқырда қажатын істер көрсе—қылмас істі 

сөйлеуші болар. 

291.  Біреуге бал ашып жүрсең—ойыңдағыны іске асыруға 

асықпа, күтпеген қауіпке кезігуің мүмкін. 

292.  Біреуден бір заттарды алып жатсаң—онда алдағы 

уақытта олжа пайдаға кезігесің. 

293.  Біреуден таяқ жеу немесе өліп қалу—мұндай жағдай-

да құрбандық беруге тура келеді. 

294.  Біреуді балағаттау—табыс. 

295.  Біреуді сабау—дұшпандардан үстем болып шығумен 

пара-пар. 

296.  Біреуді сөзбен тілдеу—сәтсіздік. 

297.  Біреудің сүйіскенін көрсең—мұңаясың. 

298.  Біреудің шашын алып жатсаң—оның қаза табуы мүм-

кін. 


299.  Біреулерді кездестіру—ақтарыла сырласудың орайы 

келгені. 

300.  Бір нәрсені сандықтан алып жатқан кісі өңінде қа-

мығар, ал түсінде сандыққа бір нәрсені салып жатқан 

кісінің көңілі қам-қайғыдан арылар.

301.  Бір адам түсте өзінің ұйықтап жатқанын көрсе—онда 

өңінде табысқа жетеді.

302.  Бір жаққа барып, жолдан қайтсаң—ертесінде жолың 

болмайды.

303.  Біреудің құлағын көрсең—таңқаларлық қызық хабар 

естисің, оң құлағың түсіп қалса—қызың күйеуге шы-

ғады, сол құлағың түсіп қалса—әйеліңмен рен жі сесің.

304.  Біреу үйінің шығыс жақтағы қабырғасының құла ға-

нын көрсе—өңінде шешесінің туысы қайтыс болады, 



70

71

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



үйінің оңтүстік қабырғасы құласа—қызына бір қатер 

бар, үйінің батыс жақ қабырғасы құлағанын көрсе—

әкесінің туысы қайтыс болар.

305.  Біреу түсінде қызыл киімді әйел немесе сары сиыр 

көрсе—бұл аурудың нышаны. 

306.  Бір жағынан күн шығып, екінші жағынан жаңбыр 

жауса—ойлаған істері орындалады. 

307.  Бір үлкен молда бата берсе—өңіңде ойлаған ісің оңға 

басады. 

308.  Біреу өзін жылан қуып жүргенін көрсе—өңінде бір 

пайдаға жолығады. 

309.  Бос сандық—кедейліктің, затқа толы сандық—бай-

лықтың белгісі. 

310.  Бір затты сандықтан алған кісі өңінде қамығады. 

311.  Бір затты сандыққа салған кісінің көңілі қам-қайғы-

дан арылар. 

312.  Гауһар тасың болса—табыс. 

313.  Гүл—қуаныш, кездесу. 

314.  Ғашық болу—жаңа дос табу. 

315.  Ғұсыл алу: түсінде жұма намазына бару үшін ғұсыл 

алу—күнәларына тәубе етуді, ата-анасы мен туған-

туыстарына жәрдем беруді білдіреді. Ғұсыл алғаннан 

кейін жаңа киім кимегенін көрген адамның басы-

нан бәлекет арылады. Ғұсылды толық алған адам—

жұмысын толық бітіреді. Ғұсылды толық алмаған 

адам—жұмысын толық бітіре алмайды. Ғұсыл алу 

үшін хауызға немесе кішкене құдыққа түскенін көрген 

адам бойдақ болса, үйленеді. Түсінде ғұсыл немесе 

дәрет алғанын көрген адам—ұрланған нәрсесін тауып 

алады. Қыста мұздай сумен ғұсыл алу—қуаныштың 

белгісі. Танымайтын әйелдің ғұсыл алып жатқанын 

көру—жаңбыр жауатынын білдіреді. Түсінде өлікті 

жуу—оның қарыздарының өтелетінін; өліктің өзін-

өзі жуғанын көру—бала-шағасының молшылыққа ке-

нелетінін, балалы болатынын білдіреді.

316.  Дажжал: түсінде дажжалдың шыққанын көру—дұш-

панның шабуылын және жер бетінде қан төгіліп, бү-

ліктің шығатынын білдіреді деп жорылады. 



72

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

317.  Дақ: түсінде киімінде дақ бар екендігін көру—мұң-

қайғының белгісі. Күн көзінде дақ бар екендігін көру—

қорқыныш пен үрейдің белгісі.

318.  Даңғыл: түсінде үлкен даңғылда жүргенін көрсе—

материалдық және рухани қиыншылықтардан қиын-

дықсыз өтетінін және өмір жолында сенімділікпен 

жүретінін білдіреді. Даңғылда емін-еркін жүргенін 

көрсе—ешқандай қиындық болмайтынын, ал әрең 

жүріп келе жатқанын көрсе—кейбір қиыншылықтар 

кездесетінін білдіреді. Екі шетінде ағашы бар даң-

ғылдың бойында жүрсе—ғалым немесе беделді адам-

нан жәрдем алатынын білдіреді. Даңғылдың бойы-

на ағаш отырғызғанын көрсе—адамдарға жәрдемін 

тигізетін перзенті болатынын білдіреді. Таза әрі рет-

телген даңғыл—мемлекеттегі істердің жақ сы болаты-

нына жорылады. Даңғылдан шығу—қиыншылықтан 

құтылатынына, тірлігінің алға басатынының белгісі.

319.  Дар ағашы: түсінде өзінің дар ағашында тұрғанын 

көру—өз-өзіне көз салып жүргенін білдіреді. Дардағы 

жіпті мойнына салғанын көру—мол табыстың белгісі. 

Түсінде бір жерге құрылған дар ағашын көру—

мұратына жете алмаудың; өзінің немесе басқа біреудің 

асылып тұрғанын көру—мұратына жетудің белгісі.

320.  Дастархан: түсінде дастархан көру—молшылықтың, 

қуаныштың, дұшпанын жеңетіндігін білдіреді. Түсін-

де дастарханның үстінде отырғанын көрген адам—

жақ сы әрі жомарт адаммен әңгімелеседі. Дастарханда 

дәмді тағамдардың толып тұрғанын көру—достары-

ның көптігін; аз тұрғанын көру—достарының аздығын 

білдіреді. Дастарханнан көп нәрсе жеу—түс иесінің 

өмірі ұзақ болатынын білдіреді.

321.  Дауыл: түсінде тұрып жатқан жерінде дауыл болға-

нын көру—жұмысында яки үйінде келіспеушілік ту-

ындайтынын; дауылдан зиян шеккенін көру—айтыс-

тартыстың нәтижесі жамандықпен бітетінін; дауыл 

үйдің шатырын ұшырар болса—отбасы мүшелерінің 

біреуі о дүниелік болатынын білдіреді.


72

73

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



322.  Дауыс: түсінде дауысының гүрілдеп шыққанын көрген 

адамның халық арасында мәртебесі өседі. Баяу шық-

қан дауыс—қорқыныштың белгісі. Жан-жануардың 

дауысын есту—қуаныштың белгісі. Аттың кісінеуі—

жақсылықтың белгісі. Есектің аңырауы—ақымақтың 

көретін жамандығын білдіреді. 

323.  Дәліз: түсінде дәліз көру—үлкен істерді және адал 

нәрселерді білдіреді. Кейде ауру адамның жүретінін 

және тұрмысының жақсаратынын білдіреді. Дәліздің 

жарық әрі әсем екенін көру—жақсылықтың, қараңғы 

тар екенін көру—жамандықтың белгісі.

324.  Дән жинап жүрсең—кіріс кіреді. 

325.  Дән сеуіп жүрсең—байлыққа, мол жалақыға кезігесің.

326.  Дән—баланың белгісі. Сондай-ақ, ұрпақты да біл 

ді-

реді.


327.  Дәнді шашып алсаң—ұрысқа кезігесің. 

328.  Дәптер: жұмыссыз адамның дәптер көруі—жұмысқа 

орналасатынын білдіреді. Дәптер көру—табыс пен ры-

зықты, кейде қиыншылықты және рызық іздеу үшін 

жолға шығуды білдіреді.

329.  Дәрет алу: түсінде дәрет алу, көбінесе, жаны жай тау-

ып, рахаттануды білдіреді. Кейде түсте дәрет алу—

құрметті, сыйлы адамдардың жанында жүріп, қажет ті 

заттарына қол жеткізетінін білдіреді.

330.  Дәретті бұзатын нәрсе: кіші дәретке отырғанын көрген 

адамның қайғысы кетеді. Малы көп болса, малының 

зекетін береді. Егер дәретін бұзған нәрсе сұйық болса—

малының бәрін қаржылайды.

331.  Дәретхана: түсте көрген дәретхана—мал-мүлік, қазына 

деп жорылады. Түсінде дәретхана сыпырып жүрге-

нін көрген адам—кедей болады. Егер дәретхананың 

суының асып-тасып жатқанын, ондағы заттардың су-

дың әсерінен қирағанын көрсе—көңілсіздік пен қиын-

шылықты білдіреді. Дәретханаға су төгіп, тастарын 

жуу—ауырып жүрсе, ауруынан айығатынын білдіреді.

332.  Дәрігерге қан тапсырып жүрсеңіз—сақ болыңыз, сізді 

алдап, өз қарызын өтеуге асыққан жан бар. 



74

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

333.  Дәрігер: түсінде дәрігер көру—ғалым адамның белгісі. 

Дәрігердің дәрі бергенін көрген адам—ауруынан 

айығады. Ғалым кісінің өзіне үгіт-насихат айтып жат-

қанын көрген адам—күмәнді нәрселерден айығады. 

Кімде-кім түсінде дәрігердің бір адамды тірілткенін 

көрсе—сол дәрігердің шеберлігі халыққа жайылады. 

Науқас адам қасына дәрігер келгенін көрсе—жазы-

лады. Дәрігер болғанын көрген адам—үлкен орынға 

орналасады. 

334.  Дәрі-дәрмек: түсінде дәрі көру—діндегі беріктікті 

білдіреді. Сондықтан науқас адамның дәрі ішкенін 

көрген адам—дініне берік болады. Кімде-кім түсінде 

дәрі ішсе—білім үйренетінін білдіреді. Түсінде дәрі 

ішпесе—нәпсінің қалауында жүргенін білдіреді. Хош 

иісті нәрселерден істелген дәрі көру—бойдақтың 

үйленетінін, әйелдің балалы болатынын, кедей бол-

са, бай болатынын білдіреді. Түсінде көзіне дәрі та-

мызғанын көру—үйдегі жасырын істердің бар екенін; 

мұрнына дәрі тамызғанын көру—кейбір сырлардың 

шешілетінін, құлағына дәрі тамызғанын көру—өзінің 

өсек-аяңға ілігетінін білдіреді. Түсінде ауруына байла-

нысты дәрі ішу—діндегі ықыласын білдіреді. Түсінде 

ауырып жүргенін және дәрігердің берген дәрісін ішу—

өмірдің қысқалығын; дәрі ащы болса—өлімнің жа-

қын екендігін білдіреді. Дәрі ішіп дереу жазылғанын 

көрсе—жалаға ұшырап ұсталатынын білдіреді.

335.  Дәрісхана: түсінде бір дәрісханада жүргеніңізді кө-

ру—екі дүниеде де бақытты болатыныңызды білді-

ре 

ді. Дәрісханада сабаққа дайындалып жатқанын 



көрген адам—қуанышқа кенеледі. Қиыншылықтан 

құтылады.

336.  Дәріхана: түсінде дәріхананы көру—денсаулық деп жо-

рылады. Дәріханаға кіріп, дәрі алғанын көрген адам—

кінә тағылып қамауға алынады. Дәріхана көру жастар 

үшін—жақсылықты, кәрілер үшін—жамандықты біл-

діреді. Дәріханадан іздеген дәріңізді таба алмағанын 

көру—ауруының жалғасатынын; дәрі сатушының 

жоқ екенін көру—аурудың үдейе түсетінін; дәріхана-


74

75

ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ



ның жабық тұрғанын көру—науқас адамның өлетінін 

білдіреді.

337.  Дәу адам: түсінде ертегілердегі айтылатын дәуді 

көру—дұшпандарды білдіреді. Дәуді ұрып өлтіру не-

месе дәудің тамақ сұрағанын көру—қарсыластарының 

оған қабақ шытып жүргенін білдіреді. Сондықтан осы 

жайттарға сақ болу керек.

338.  Дәуіт (ә.с.): түсінде Дәуіт пайғамбарды көрген адам—

салтанат пен күшке ие болады. Қате іске басын ұрып, 

өкінгеннен кейін татулыққа жетеді. Түсте көрген адам 

жауыз адам болса немесе Әзірет Дәуіттің қорқытып, 

зәре-құтын алғанын көретін болса, Алладан қорқып 

шыншыл адам болуға ұмтылсын. Кейбір ғұламалар 

Дәуіт пайғамбарды көру әйелі тарапынан жамандық 

келетінін білдіреді.

339.  Дем салынған суды ішу немесе біреуге ішкізу—суды 

ішкен адамның өмірі ұзақ болады. 

340.  Дем салу: түсінде біреудің Құранның аятын оқып, 

ауруға дем салып жатқанын көрсе—ауруынан жа-

зылады, қайғысы мен мұңы кетеді деп жорылады. 

Ал Сүннет пен Құраннан басқа нәрсе арқылы дем са-

лып жатқанын көру—өтірік сөйлеу мен мақтанышты 

білдіреді. Өзінің басқа біреуге дем салғанын көрсе—сол 

адамнан жамандық көреді. Егер дем салған адамы әйел 

болса, әйел адамның кесіріне ұшырап, халықтың ал-

дында жүзі жерге қарайды, ал еркек адам болса, сол 

дем салған адамнан сақтану керек деп жорылады.

341.  Дем салушы: түсінде дем салып отырған адамның 

сөзінде Ұлы Алланы есіне алған болса—жүректегі кек-

ті кетіретін адамды білдіреді. Алланы еске алмаса—бос 

сөз сөйлейтін адамды білдіреді.

342.  Дене: түсінде айнадан денесін көру—денсаулықтың 

жақсы екенін білдіреді.

343.  Денеңде жара болса—жамандық.

344.  Дидар. Айналаңыздағылардың бақытты бет-жүзін 

көрсеңіз—жақсылықтың нышаны. 

345.  Диірмен: түсінде диірмен көру—отбасы мүшелерінің 

қиыншылық пен таршылықтан құтылатынын және 



76

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

кедейліктен байлыққа жетуді немесе бойдақ үшін 

үйленуді білдіреді. Диірмені жоқ үйден диірмен 

көру—ауыртпашылықты білдіреді. Егер диірменде 

нан, ет және бал үйіліп жатқанын көрсе—отбасы 

мүшелерінің қуанышын білдіреді. Диірменде бидай 

немесе арпа сияқты пайдалы нәрсе үйіліп жатқанын 

көру—істің оңайлайтынын, рызықтың молдығын 

және шипа табуды білдіреді. Түсінде диірменнің 

айналып жатқа 

нын көрген адамға—диірмендегі 

ұнның мөлшеріндей мал-мүлік қолына түседі. Диір-

мен нің әрең айна лып жатқанын көру—қымбатшы-

лықты білдіреді. Кім 

де-кім диірменді қолымен 

айналдырғанын көрсе—тұрмысына жәрдем тиеді. 

Диірмен тасының бидайсыз бос айналғанын көру—

жолаушы болуды, тастың немесе басқа өнімдердің 

үгітіліп жатқанын көру—дүниелік өмірінің әйтеуір 

өтіп жатқанын білдіреді. Су диірменді қолымен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет