«Мәдени Мұра» МеМлекеттік бағдарлаМасының



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата21.02.2017
өлшемі1,15 Mb.
#4615
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

шақырылған  кісілерге  сыйтабақ  таратылды.  тоқтарбайдың  алдына 

келген бас табақты сайын қағып алып, оң құлағын өзі асай салып, сол 

құлағын бір балаға берді.

—е, тоқа, бас сыбағаң толық. Құлақ ұстар балаңыздың жоғы да анық 

шығар,—деді  де,  табақты  тартып  жүре  берді.  көбентайдың  төңкере 

қараған ала көзі сайынның өкпесінен өтпегенмен жақындап қалды. «шы-

дамды  ер  жарақатты  білдірмейді»  деген  сияқты,  сайын  оны  білдірген 

жоқ.—ал той басталды. палуаныңыз шықсын дегендей,—деп көтеріңкі 

көбентай,—бол,  Қазихан!—деді.  «Жарайды»,—деп  Қазихан  да  шешіне 

берді. омырауы есіктей, балтыры бесіктей, басы жалпақ, шекесі жалпақ 

сары жігіт жалақтап ортаға түсті. шынашақтай жіп-жіңішке Қазтай да ал-

дына бара қойды. шаппа ұстасты. Қазтай сары жігіттің емшектігіне басы 

жетер-жетпестей  болды.  Үйіріп  екі-үш  толғап,  торсықтай  сары  жігітті 

салып-ақ жіберді. торс-торс томпылдаған келдек бытыр-бытыр қуырған 

бидайдай қамшы осы жерде болып қалды. күндей күркіреген даусыме-

нен  шабдар  жорға  мінген  көбентайдың  көрінген  әңгімесі:—Жалғызға 

Құдай жақ, жарайсың, сайын, жібер. бала бермеген  Құдайға кінә қылуға 

болмайды,  ендігі  әңгіме  сілтелген  оңды-солды  білекте  болсын,—деді. 

ақсұңқар құстай шүйліккен көбентайдың екі беті оңды-солды көрінеді. 

шаң  тимей  жүрген  сайын  қияттың  он  жігіті  табанда  қаза  тапты,  отыз 

жігіті жаралы болды. ойнап шыға келген көбентайға тоқтар: «Жарайсың, 

көбентай,  өзімнен  туғанда  да  осындай-ақ  болуы  керек.  Өлісін  құнға, 

тірісін айыпқа менің малым жетеді. терең жерде қымбат ерден қойныңды 

қоштандырармын, бала. енді өзіңнің бастарын қанатқан, еттерін жаралаған 

жолдастарыңды жөнде»,—деді де, қамшыны үйіріп тоқтар шеткері шыға 

бастады.  тоқтардың  соңына  елден  келген  елу  жігіттен  даңғыз  шыққан 

сұлпын  көріп,    қияттардың  көңілі  пәс  болды.  «Қараспанның  тауы  иә 

сенікі, иә менікі, көрермін, қубас»,—деді сайын. сыпырылып, жылжыған 

күймедегі сәулетті келіншек сәнді көшпен ығыса берді. сайын өліктерді 

қоюға, жарақаттарды күтуге тәртіп берді. тоқтарбайдың тойдан қайтқаны 

осымен  аяқтала  берсін.  апырмай,  осы  қубасты  қайтара  алмай  өтеміз 

140


150

160


360

361


қобыланды батыр туралы

бе? осыған бір тіршілік жасайық. Қыпшақтардың ішінде осындай дәуір 

қаншығы жоқ па? Қадірімбет дегеннің Қаншатай деген қызы бар, дәл он 

бесте. соны алуға қандай жігіттердің жүрегі жарайды?—деді сайын.—

ат, қару, азық қамтемесіз. Жарамды он жігіт қасыма ерсе, Үмбетиярды 

жіберсем деймін, дегенде,—болат бүгін Мадиярды тауып алып, Қазанбай 

көкті, ақ табан керді, ерман сұрды жүген ұстатыңыздар. он кісінің қанына 

көбентайдың қаны тұратын болсын. Жарайды, соған бата қылыңыз,—деді 

насыр.—ұрлықтан  жиған  малдарым  жоқ  еді.  Жолдарың  болсын,  аулақ 

бар,—дейді сайын. сонымен жылқышы жылқыны іздеп кетті. сайынның 

ортаншы баласы ілиястың әйелі Қазия қыпшақтың қызы еді. тез баланы 

шақырып алып: шапан тігіп қоямын, барып тез хабар етіңіз. бала немен 

барамын. тоқымды дайындап тұр да, ақ байталды мін де, жүре бер,—деді. 

елдің алды ұйқыға, арты ұйқыға бет алғанда ақ байталмен хабар келді. 

берімбет деген түске дейін 30 қамшыны дайындап берді. ол күні жер еткен 

жігіттердің басы құралмады. келесі күнге 15 жігітпен Үмбетияр құралды. 

бұлардың  ойлары—келісімінсіз  қызды  басып  алмақшы.  ауыл  торуылы 

көбентай, көбес ағайынды екеуі, ақберді, асқар ағайынды төртеуі. түн 

қоңыр  тартып,  жарыға  келді-ау  деген  мезгілде,  Қазанбай  көкпенен  ау-

ылды көлденеңдеп жүрген жеке Үмбетияр көзге ілінді. біз бір алыстан 

келе жатқан жолаушымыз. Қадірімбет деген кісінің үйін білетініңіз бар ма 

деді шеткі үйге келіп, оң жағындағы жете желіге таяу үй болу керек деді 

ақберді жиырма төрт жасында. «ақырын сөйле, аттарыңның тартпала-

ры берік болсын, жасықтықтан сақ болыңыз»,—деді көбентай. «кімдер 

барсыздар,  сусындағалы  келдік»,—деді  Үмбетияр.  «түсе  қалыңыз»,—

деді  қалтыраған  дауыспен  Қаншатайдың  шешесі.  «Мама,  асығыссың-

ау»,—деді Қаншатай. бөкендей Үмбетиярдың қолы қызға сарт ете қалды. 

«ау,  жігітім,  мұныңызға  жол  болсын,—деді  көбентай,—Құс  нашары—

күйкентай,  ел  ұсағы—қият.  бұныңыз  болмайтын  шығар»,—деді.  «бол-

май қайда бармақшы»,—деді де қызды екінші қармағанда алдына алды 

Үмбетияр. ақберді қамшыны ыңғайлай бергенде: «екі қабат әйелдер бар, 

бұзасың»,—деді  көбентай.  ақтайдың  татырашын  бетке  ала  Қазанбай 

көкпенен жорта берді Үмбетияр. көбентай: «ал, ақберді, тым жастаусың-

ау. арғынмен басып қалса, тынысың тарылып қалар мекен?»—деді. «Жас 

болып мен қайтадан туар дейсің бе, көке, көп жолдан ұстамасаң қалып 

еді». сол кезде қыздың ойбайлаған даусы ұзады. «ал талабыңа нұр жа-

усын! олай болса сен де жедел бар,—деді көбентай,—асқар көке, сіз де 

барыңыз,  шабақтарды  маған  қалдырыңыз,—деді  көбентай,—ойбайлап, 

айқайлап елдің тынышын алмаңыздар, өлсеңдер үндемей өліңіздер. ал, 

жарайды!»,—деді де көбентай ардагерді ағызып тарта берді. бара жел-



362

батырлар жыры

кеден шеңгелді салып: «балаға атты босатып беріңіз»,—деді көбентай. 

«неге?»—деді Үмбетияр. «негесін не қыласың, күшің жетпесе, көретін 

күнің  осы»,—деп  алдына  алып  жөнелді.  «Желкеннен  жіпті  кесуге  риза 

боларсыз  ба?»—деді.  «даугер  кім  болса,  жанға  сауға  дейміз»,—деді 

Үмбетияр.  «әкең  насырдың  алты  жыл  қойын  баққан  жетім  екенімді 

білесің бе?—деді көбентай,—бір күн тұз-дәмдеске қырық күн сәлем де-

ген еді. Қаныңа қапыл қан жеген төбеттей обалына қалып нетейін»,—деді. 

«Маған  сайынның  өз  шаңырағын  тура  сілтейтін  бол.  сілтейін-сілтейін 

әркімнің  жаны  өзіне»,—деді  Үмбетияр.  «шу»  деп  көбентай  ардагерді 

ағыза жүре берді. отырған, жатқан, ойбайлаған қалың топтың ортасынан 

өтті. «асқар»,—деді көбентай. «көке, йә»,—деді. «Қандайсың?»—деді. 

«бір  қамшы  етіме  тисе  бұйырмасын,—деді  асқар,—Қарынан  қағып, 

тобығынан тойтарып болдым»,—деді. «Жүр!»—деді көбентай. «төбелес 

деген де адамға қызық екен»,—деп ақберді де келіп қалған екен. «Мына-

ны босатып қоя береміз, кеше ойынымыздың шала қалғандарын қайтадан 

бастаймыз»,—деді.  «Қаршығаның  қаққан  қанатындай  жұмсауын  тапса, 

қамшы  деген  адамның  қажетті  нәрсесі  ғой»,—деді  асқар.  «біз  де  ер-

кек бала боп аталамыз ғой»,—деді ақберді. «сайынның қызы бар деген 

құлағыңызда бар ма?»—деді көбентайға. сол кезде ауылға да келіп жет-

кен екен. «келіншек келді, шығыңыздар!»—деп атой берді. «апырай, өзі 

ме?»—деп көлбеңдеп сайын шыға келді. «дәл тойға сізді шақырып жа-

тыр»,—деген көбентайдың даусы сарт ете қалды. «аттан, бауырым, тез!» 

деген  дыбыстар  шыға  бастады.  ырсылдатып  қанша  мал  жинаған  семіз 

байды шыжыған сәскеде тоқтарбайға тартуға көбентай байды әкеп берді. 

бар малды да, дүние мүлікті де, шыбын жанды да ортаға сала береді. сай-

ынды іздеуші қияттардан хабар болмады. ант, иман, ақылының бәрін са-

тып, тоқтарбай мен сайын дос болды. сол кезде сайын да, тоқтарбай 

да алпыс жеті жасында екен. достықтың қабыл болуына биекеш деген 

сайынның  үлкен  баласының  қызы  ақбибі  дейтінді  алып,  ақберді  мен 

асқар да жетті. Қызды «қайт» деуге әлі келмеген сайын мұртынан күлді 

де, отыра берді. көбентайдың көріне кекесін өлеңі: 

—көптен қалған мен өзім көбентаймын,

Жетімдіктің жасымнан себін жайдым.

ақмай беріп, салдырған мамық төсек,

Міне, бүгін ұлымын тоқтарбайдың.

он төрт жаста малшыға шабақтаттың,

алты жылдай насырдың қойын бақтым.


362

363


қобыланды батыр туралы

осы қойшы ұқпайтын ақымақ деп,

Қорасынан насырдың аластаттың.

оңғаным ба, сайын-ау, оңбадым ба,

басып алып тоқымға салақтаттым.

оңды жерге оңалтып енді шығам,

Қит еткенде қиятты қырып тұрам.

немереңнің некесін өзіңіз қи,

ақбибіні, бұйырса, қатын қылам.

осымен осы аяқталады. енді тоқтарбайдың перзент туралы толғауы:

тоқтарбай сәрсенбі күн түс көріпті,

түсінде абзал тоты құс көріпті.

Қоныпты бір тоты құс маржан таққан,

.............................................................

көз қанбас маржанында құмары бар,

тоқтарбай құсқа емес перзентке зар.

ер сүйгіш, елді жиғыш, өзі мырза,

тұмарда көзі түсті тұрған нұрға.

айтыпты осы нұрда бағасы көп:

«аянба алыс жолға барасың,—деп.

Өзіңіз өз жылқыңды үш айналып өт,

талапты бір тұлпарды табасың,—деп.

Мекені алты теңіз арасында,

шәһері ымадаттың қаласында.

Жаумітте түрікменнің тұтқан қаны,

Жансұлтан жасы елудің шамасында.

Қызы бар ата-ананың он төрт жаста,

соны сен бұйрық болса аласың,—деп.

көресің бір ұл, бір қыз одан перзент,

көңліңнің сол бітіред жарасын»,—деп.

Қуанып тоқтар кеуілін тойғызыпты,

Халқына тұра сала той қылыпты.

«Ханымды өзімізге қайтып бер» деп,

Қияттан Үбжар деген палуан шықты.

денені Құдай берген аямай-ақ,


364

батырлар жыры

көбентай жігіт еді қалың қабақ:

—уа, тоқа, кешегі күн қайта туды,–

деді де, шешінді де белін буды.

бурадай бір-біріне қабағы мас,

шешінді екеуі де тыр жалаңаш.

шарт та шұрт шартылдатып салды қолды,

аса алмай бір-бірінен қинап жанды.

бүркіттей қызыл топшы қиғаштанған,

төгілді мұрынынан дірдектеп қан.

айқайлап ақырғанда тісті қайрап,

Қызарды көбентайдың көзі жайнап.

ақ пейіл, ықыласың, адал көңілің,

шапақат етер ме екен «тоқтарбайлап».

еш дауа болмайды екен қайратты ерге,

көтеріп Үбжарды алып ұрды жерге.

сол жерде ұрды кетті, жан да кетті,

орнады ауыр қайғы сайын ерге.

бұл өлең осымен аяқтала тұрсын, енді жолаушыларға ораламыз.



Тоқтарбайдың әңгімесі:

—Құлақ сал, көрік егесі көбентайым,

көп шектім жалғыздықтың зәбір жайын.

Өзіңе мал да аманат, жан да аманат,

көргенше тұрса жаның сау-саламат.

Өзіме тәжірибе боп көрген түсім,

Мен безем мал мен жаннан перзент үшін.

сол жерде жазым болып кетсе жаным,

тапсырдым аманатқа түгел бәрін.

көріп тұр көз жеткенше кәзір мені,

орныма еге қылдым, көбен, сені.

Мен сені есер, ерке етіп едім,

кездескен сен ғайыптан жетім едің.

кез болып өлер таяқ қамаған жау,

басыма айналғанда бітпейтін дау.

сен маған тумам ісін етіп едің,

170

180


364

365


қобыланды батыр туралы

есіңе сақтап едің ар мен ұят,

көріне менің жауым қалың қият.

сайынға өз көзімше азаттық бер,

Жолыма кесел болар тұтқындағы ер.

тағы да иттік қылып кесе тұрса,

тәуекел, не де болса көзіңмен көр.

кәзіргі ағам да сен, інім де сен,

Қош, көбен, өз қолыңнан ұлықсат бер.

Жал құйрығын шарт түйіп,

торы атқа тоқтар ер мініп.

Қара қыпшақ жайлаған,

Қараспанды көз қиып.

Қару-жарақ қолында,

Қарасы жоқ соңында,

бір сілтеп қолды жол шекті.

Жан ашыр жоқ қасында,

алпыс сегіз жасында.

Қабыртқасы қамбардай,

Құйрықтары қанжандай.

толқығанда ашылды

Қой мойынды қоян жақ,

бөкен қабақ, ақ сағақ.

ойынды еті бұлтылдап,

шақпақтай оты жылтылдап,

Қызған сайын толықсып,

тау құсындай сыңқылдап,

омырау тері төгіліп,

Жалмауыздай емініп,

сансыз-сансыз жер алды.

екі иіннен солықтап,

таңлақ тастан толықтап,

күн мен түнді тең алды.

аузын ашып есінеп,

Қос танаудан дем алды.

сол мезгілде он мезгіл,

бір бұлақтан суарды.

баста көңлі толмаған,

190

200


210

220


366

батырлар жыры

тоқтар да атқа қуанды.

су ішіп өкім жабысты,

бермеді тұлпар намысты.

Қарыштады жарысты,

ауыздықпен алысты.

сары дала сала айдан,

Қу құла дүз маңайдан.

бетегелі боздардан,

шұбарлы жатқан борлардан,

Мал жейтұғын шөбі жоқ,

адам жұтар суы жоқ.

ит жортпаған тастардан,

Үстінде шоқтар басқарған.

кесе тартқан келеңнен,

бұлдыр тартқан белеңнен.

Қарағай, қайың, қызыл тал,

түнерген құз, терең жар.

шырша сынар емен бар,

бұрқылдаған борбастан,

табанында қалғандай, 

ақбөкен менен марал аң.

түнерген түсті түнекті,

көп тілейден шын өтті.

бөкейге қоныс—бөрлі тау,

түс қыза мұнан тағы өтті.

болмайтын топтар басталған,

бір кезде қиқу шаң салған.

алты мың елдің орыны—

Жармантай салған кең жайылым,

күн бата мұнан тағы өтті.

буалдыр көрінеді көзге сағым,

білмейді бұл сағымда ненің барын.

сол кезде жалғыздығы еске түсіп,

азғантай сөз бастайды тоқтар нарың:

—о, дариға, түрді жараттың,

Қыдырдан қилы пендені.

230

240


250

366

367


қобыланды батыр туралы

Қасіретіңді өзің аш,

Жабырқаған мен бегі.

Қатын-бала, қалың ел,

Қара қыпшақ елдері.

көрінбейсің көзіме 

Қараспанның белдері.

алдымдағы не сағым,

көтеріле көр, кел, бағым.

осынша мені сандалтқан,

кемістігі ғой миуаның.

бір перзент үшін қылдым зар,

ұшан теңіз ойда бар.

Жазым болсам далада,

ақсүйекті кім алар?

Жалғыздықтан мінім жоқ,

туысқан аға, інім жоқ.

кетемін бе көз ашық,

артымда қалар құлын жоқ.

айт, жануар, торыма,

сансыз малдан бұйырған

сенен басқа дымым жоқ.

Гу-гу етіп гүл бітті,

торша атқа тіл бітті.

сонда торы ат сөйлейді,

солқылдап тұлпар еңірейді:

—Мынау жатқан алдыңда,

бинаиз теңіз кең,—дейді.

сол теңізге барғасын,

айрыласың сен,—дейді.

Жарамаймын серікке,

су ішінде мен,—дейді.

суға шамам келмейді,

Үйірімнен айырдың,

Малда сорлы мен,—дейді.

туған жерден айырдың,

адамда сорлы сен,—дейді.

алтын жарға қауышып,

Қайырсаң елге ер,—дейді.

260


270

280


290

368

батырлар жыры

көбентайға қауышсаң,

тойдың басы мен,—дейді.

енді айтар сөзім жоқ,

Өзіңе ие бол,—дейді.

толық дәлел тоқтардан басталады,

теңізді көріп қысылды,

аққа мойын ұсынды.

Қағып-қағып қапталға,

торы аттың ерін сыпырды.

Жылқышы Қамбар піріне,

тапсырып жатқан сықылды:

—Жылқышы Қамбар піріміз,

торы атым сізге аманат.

рухы жетсе өмірдің,

Қосылармыз саламат.

Қылат түсті бөріден,

Жолбарыс аңның ерінен.

Жылқыға жайыз кездескен,

Жамалдатудың кенінен, 

Құрышты күннің көзінен,

әр суықтың кезінен.

сақтарсың өзің, жамағат,

Жазым болып жауға өлсем,

Өзі өлгенше аманат.

тоқтарбай осыны айтып түсті суға,

теңізде әрбір толқын—есер бура.

бойлады біраз жерге бойы  лайық,

келе жатыр қорқынышпен күйі тайып.

бір кезде бойламайтын халге ұшырап,

«Құдайға тәуекел!» деп қанат жайып.

алдынан кез болып қалды бір миясар,

көлденең түсі суық қара шұбар.

осыған қарманған ер қолын салды,

бетімен дуылдаған бұл жоғалды.

арада үш күн, үш түн түгел өтті,

300


310

320


368

369


қобыланды батыр туралы

көк көбік, неше толқын әсер етті.

бір кезде табаны кеп жерге тиіп,

тоқтарбай:—шүкір аққа, тәубе!—депті.

Қарады өз ойынша көзін салып,

Манағы қара шұбар тұрды барып.

соншама құшақтаған құйрық екен,

кит деген нәһан екен осы балық.

Қолына ақ сүңгіні таяқ қылып,

судан да кетті тоқтар аман шығып.

осымен осы бір жер тұра тұрсын,

бастайық ибадаттан бір сөз қылып.

шәріде түс көреді ханның қызы,

бетіне шаң тимеген жалғыз қызы.

Қыздардың жауы дағы, дұшпаны да,

Жеңгесі сезсе керек барлық мұны.

—ау, жеңеше, көрдім түс,

Өзіме жеңіл, жұртқа ауыр.

бүгін таңның алдында,

орнаған екен бір дәуір.

тау домалап, су көшіп,

соққан екен бір дауыл.

Өте қатты қаһары,

бір бұлттың жаман заһары.

Қанаты жауып шаһарды,

бұлт айналды қаһарлы.

тыңдамай тасты, тауды да,

борады да жауды да,

кіргізді-ау деймін әкемді

көп кешікпей қауымына.

тас төбемнен ілді де,

Мені де тартты бауырына.

дәл бабамның қатары,

ала бурыл сақалы.

Қобаған мұрын, қой көзді,

ауыр лебіз, шын сөзді,

330

340


350

360


370

батырлар жыры

түсі суық кісі екен.

болат тұмсық, мұз қанат,

ақ төсті қыран құс екен.

осыны көрген мезгілім,

таң атқан мезгіл тұсы екен.

Бикештің түсін жеңгесінің жоруы: 

—ойпырмай, ойда жоқ жау келер деймін,

Жауындай елдің терін төгер деймін.

тау бөктеріп, су кешкен секілденіп,

ерлерім көп миқанат көрер деймін.

бүркіттей бөрілерді желкелейтін,

бір дұшпан келе ме елге еркелейтін.

аяғы ақырында саған тиіп,

сен дағы қуанасың-ау бір бай сүйіп.

түсіңді біздің жору осылайша,

білмеймін артық-кемін әлдеқанша, 

 

 



—деп түсті жору аяқталады.

Қысада қиюы бар түрлі кектің,

бұл өзі ертек сөзі ертеректің.

сәрсенбі сәтті күнгі мархабаттай,

шәріде тойлары бар Мүсірептің.

арнаулы ат бәйгісі жұрт сүйетін,

атылған алтын қабақ көп құрметін.

Мақтаулы палуандар бар күресетін,

тағы да сәнді бәйгі, сыйлы табақ,

Қалдырмай той мүшелі түрлі шетін.

Құрметке ханды әкеліп, хан шақырып,

Жиналған жұмыла халық сан сапырып.

бағылған алуан-алуан бағландар бар,

сыйлыққа бағып жатқан палуандар бар.

әр жұрттан, әрбір елден келгендер бар,

сайланып оққа тұрған мергендер бар.

осындай той құралы тойланғанда,

Жетіпті есін жиып тоқтарбай шал.

бұған төрге шық дейтін көзі түсер кісі жоқ,

370


380

390


400

370

371


қобыланды батыр туралы

тойдан табақ беретін ешкімнің де ісі жоқ.

Жағалап келіп сусындап,

түсі суық, бөп-бөлек,

таңырқайды көрген көп.

«Қайдан жүрсің?» дейтұғын,

кездеспей тұр халқынан.

түнекті шаһар таңырқап,

кеуілі түрлі талпынған.

келіп қалды тойбастар,

көре салып тоқтарды,

айқайлайды бір кәрі шал:

—әй, жамағат, жамағат,

той қазына, көңіл шат.

түсі бөлек, түрі өзге,

кез болды мынау азамат.

тойды осыған бастатып,

тыңдаңыздар сияпат.

«бастасын, бастасын»,—деді ғой Мүсіреп хан.

—Хан тойына келдім сал, 

Жегенім жоқ сыбаға.

тәкаппар иттің заһары

кездесті ме екен, сірә да,

той бастаймын, жар-жар.

бір перзенттің зарпынан,

Қаңғып жүрген мен бір шал.

Құтты болсын той, ау, жар-жар.

сәрсенбі сәттің күні екен,

бұл туған кімнің қызы екен.

шешесі қандай нұр екен,

Халқы қандай гүл екен.

сөзінен кәрі шалдың қате табар,

сый шарты—қыз анасы шапан жабар.

Қоштыққа ел қуанар,

анасына белгілі

Қалы кілем, құба нар, ау, жар-жар.

Жүргенімде баяулап,

ел қыдырып жаяулап.

410

420


430

372

батырлар жыры

орындалып қалса сый,

әкесіне белгілі

Қару-жарақ ат пен сый.

Қандай дәуір тап болар,

кімге қалай бақ қонар, жар-жар.

сөз  құлағына  ұнағандай:—айтсаңыздаршы  той  салтанатын,–деді. 

Қолтығынан сазды қолына алған рахымбай: 

—Жарайды, қарияның бастау тойы,

әр түрлі сөз тапқандай жетет ойы.

кәделі, қызғылықты, осал емес,

осы той қара да емес, ханның тойы.

бұл тойда алқалаған бағлан да бар,

Жаралған сансыз тұлпар тарлан да бар.

ақ балтыр, қасқыр қабақ, 

 

 

болат білек палуан да бар,



Қиядан көз тартатын қыран да бар.

ататын алтын қабақ ұран да бар,

көкбөрі дүһілдетіп күш сынасар бұлар да бар.

көлбеңдеп қалы кілем, нарды жайлап,

ортаға қыз анасы келді жайнап:

—Мінекей, ана сыйлық, ақсақал,—деп,

кейінге шығып кетті қойып байлап.

бес қару сайма-сай боп жалтылдаған,

Құбагер ат жетектеп келді Маман:

—Мінеки, қыз атасы—біздің сый,—деп,

көрсетті ер-тұрманын абзалдаған.

ал енді толы тойға халық шықты,

шақырды палуандарды мықты-мықты.

ішінен айрықша боп нар түйедей,

бір палуан айрықша отыр қызғылықты.

бұл палуанның енді айтайық сыр-сипатын,

Қалыңсыз күшпен алған алты қатын.

баласы берімбеттің жеке туған,

440

450


460

372

373


қобыланды батыр туралы

бекен деп атайтұғын мұның атын.

Жансұлтан осы палуанды алып келген,

бекеннен тітірейді халық көрген.

айқайлап алқа салды шықты бәрі,

түп-түгел көзін салған жас пен кәрі.

—Мүсіреп, бәйгіңізді нұсқа,—деді,

бәйгіңіз алтын ба, не мыс па?—деді.

—Мыс та емес, алтын да емес, бәйгім—адам,

Қараңдар көзің салып болмай алаң.

аяйтын өкпемдегі текке жан тұр,

Үйленген осы тойда жалғыз балам.

Мысың да, алтының да бәрі—тасың,

пұл үшін қиналмайды халық басың.

толғаулы тойға шыққан біздің бәйгі—

Өзіммен бірге туған қарындасым.

бұл дәуір енді маған бар ма, жоқ па,

кәзірде қырық үште тұр менің жасым.

Қайырын құдай берсін қонған бақтың,

Өзіңнен кем адамды қайдан таптың.

Қолымда барым да сол, балым да сол,

Жалғызым аналықты мен де тіктім.

Қалшылдап заһар шашып қалың қабақ,

төңкеріп жан-жағына көзін қадап:

—ау, енді тұрамыз ба, болсаңдар!—деп,

дауыстап талпынады етіп талап.

—білмейміз елдің сырын келгеніміз,

Жас басқан, көңілі ұласқан пендеміз біз.

біріне-бірі беріп, бірі ала ма,

болмаса шыққандарға ере ме қыз.



Жауап беруші Жансұлтан:

—таланты кімнің жеңсе, сол алады,

кім жықса, қызға сол ие бола алады.

сыбанып ақ балтырды аямай-ақ,

түріпті ақ білекті жалаң аяқ.

470


480

490


500



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет