Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45

__________________________________ 
1.«Ғасырға татырлық 10 жыл» Н.Назарбаев  
2.« Ақ  жол » газеті   Білім – қоғам дамуының  кепілі. №90-93       08.02.2011 жыл 
3.« Қазақстан  мұғалімі » 01.03. 2003 жыл 
4.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауы  28.02.2011жыл № 2.1 
5.12 жылдық білім журналы   №2  12 жылдық білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары. 
6.« Қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті »    журналы . 12. 2001  жыл 
7.« Қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті »  журналы 03.2007 жыл     
8.« Қазақ  тілі  мен  ҽдебиеті »  журналы 02. 2003  жыл     
9.« ДАЛА  мен ҚАЛА » газеті  16.02.2007 жыл 
10.« ДАЛА  мен ҚАЛА » газеті  11.05. 2007 жыл 
 
 
К.Т. Кенжебаева 
 
ТЕХНОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
ТАЛҒАМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
ӘОЖ  371. 38 
           К  30 
 
Тҽуелсіз  Қазақстанның  ХХІ-ғасырдағы  басты  міндеттерінің  бірі  –  ел  азаматтарының  жаңаша 
ҿркениетті  мҽнде  қалыптасуы,  кҽсіби-шығармашылық  деңгейлерінің  дамуы  мен  ұлттық,  жалпы 
адамзаттық    ҿнер  мен  мҽдениет  құндылықтары  негізінде  ғылым  мен  рухани  жетістіктерге  жету 
мақсатын жүзеге асыру.  
Жас ұрпаққа үшінші мыңжылдықта ҽлемдік ҿркениет деңгейіне сҽйкес білім мен тҽрбие берудің 
жҽне  ұлттық  ерекшеліктерімізге  сай  үйлесімді  дамытудың  негізгі  стратегиялық  бағыт-бағдары  мен 
идеялары Президентіміздің «Қазақстан-2030»    бағдарламасында, ҽр жылғы халыққа жолдауларында, 
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім туралы»Заңдарында, Білім министрлігінің «Тҽрбие 
тұжырымдамасында»,  «Этномҽдениет  тҽрбиесі»  т.б.  құжаттарда  айырықша  атап  кҿрсетілген. 
Еліміздің ертеңі болашақ ұрпақтың біліміне, рухани байлығы мен мҽдениетіне, саналы ұлттық ойлау 
қабілеті мен іскерлігіне, кҽсіби шеберлігіне байланысты.  
Жас  ұрпақтың  рухани-эстетикалық,  дүниетанымдық  кҿзқарасының  жарасымды  қалыптасуына, 
кҿркемдік сезімталдығы мен эстетикалық талғам ҿрісінің дамуына ықпал ететін эстетикалық тҽрбие 
құралдарының бірі – кҿркем еңбек пен ҿнер. 
Ҿнер  арқылы  жас  ұрпаққа    тҽрбие    беру,  оларды  халқымыздың  кҿркемдік  мҽдениетімен 
қауыштыру,  ҿнер  туындыларын  пайдалана  отырып,  ондағы  халық  дҽстүрлеріннің  бейне-болмысын 
игерту арқылы имандылық-эстетикалық тҽрбие беру, ҿзі ҿмір сүрген ортаның, туған жері мен елінің 
табиғат  сұлулығын  сүюге,  тануға    баулу,  мемлекетіміздің  тҽрбие,  білім  туралы  құжаттары  мен 
заңдарында, барлық оқу орындарының басты міндеті етіп белгіленген.  
Ҿнердің  қандай  түрі  болмасын,  қоршаған  шындық  болмысының  сұлулығын,  құбылыстарын, 
ҿзіне  тҽн  мҽнерлік  құралдары  мен  кҿркем  образдары  арқылы  адам  санасына  ҽсер етеді  ҽрі  ҽсемдік, 
сұлулық  туралы  түсінікті  танымдық  деңгейге    кҿтере  отырып,  ҿмір  шындығына  деген  эмоциялық 

 
125 
қатынастың  қалыптасуына  зор  ықпал  жасайды.  Түрлі  ҿнер  туындыларын  (пластикалық  жҽне 
кеңістіктік ҿнер) адамның қызығушылықпен, ҽсерлі сезімталдықпен қабылдауын жҽне оның ҿнерден 
сұлулықты  ҿз  қолымен  жасауға  деген  ықыластылыққа,  шығармашылық  талпынысқа  жетелеу,  сол 
ҿнерге баулудың педагогикалық жүйесін «Ҿнер заңдылықтарына» сай құруды талап етеді. 
Қазіргі  эстетикалық  білім  мен  тҽрбие  үрдісінде,  жеткіншек  ұрпаққа  туған  халқының  ҿнер 
саласындағы  рухани-мҽдениет  құндылықтарын  игерте  отырып,  ұлттық  мҽнде  тҽрбиелеу  қажеттілігі 
артып отыр. Ол қажеттіліктерді жүзеге асыру құралдарының бірі – мектептегі кҿркем еңбек пен білім 
үрдісіндегі „Технология― пҽні.  
Кҿркем еңбекке баулу тек сарамандық жұмыстар орындатумен ғана шектелмейді. Оқушыларға 
ҿнер  туралы,  оның  мҽнерлік  құралдары  мен  жасалу  заңдылықтары  туралы    кҿркемдік  білім  негізін 
игерте  отырып,  олардың  шығармашылық  қабілеттіліктері  мен  эстетикалық  тҽрбиесін  дамытуды 
жүзеге асыру басты міндет саналады. 
Ҿмір шындығы мен ҿнерді қабылдау жҽне практикалық іс-ҽрекеттері ҿзара тығыз байланыста, 
мектептегі  кҿркем-эстетикалық  оқу-тҽрбие  үрдісін  құрайды.  Сонымен  бірге,  бұл  екі  түрлі  іс-
ҽрекеттің, практикалық кҿркем жұмыстарды,кҿркем қызмет,іс-ҽрекеттерді сапалы деңгейге кҿтеретін 
ҿзіндік  мазмұнға  ие  екенін  педагогикалық  тҽжірибе  кҿрсетіп  отыр.  Кҿркем  еңбек  пен  қызмет 
ҽрқашанда–  адамның  ҿнерді  түсіну,  сезіну,  талдау,  бағалау  сияқты  қасиеттерін  дамытуға,  оның 
эстетикалық дүниетанымын тҽрбиелеуге мол мүмкіндіктер туғызады. 
Оқушыларды,  кҿркем  қызмет  түрлері  мен  дҽстүрлі  ұлттық  сҽндік  қолҿнердің  ҽсемдікті 
жасаудағы  құндылықтарын  игерте  отырып,  олардың  ҽсемдік  туралы  эстетикалық  сезімін,  сҽндік 
қолҿнерінің  жасалу  заңдылықтарын  технология  сабақтары  барысында  машықтандырып,  ҿз 
мүмкіндіктерінше сұлулықты жасауға деген ықыластылығын, кҿркемдік талғамын дамытып, олардың 
бойында рухани мҽдениеттілікті тҽрбиелеу, мектептегі эстетикалық тҽрбие үрдісінің басты міндеттері 
саналады. 
Бұл  міндет,    эстетиканың,  психологияның,  педагогиканың,  тҽсілдеменің  жҽне 
мектептегі  оқушыларға  кҿркемдік  білім  мен  эстетикалық  тҽрбие  беруде  жинақталған  озық 
тҽжірибелер  жетістіктерін,  ғылыми-теориялық,  практикалық  зерттеулер  мен  үлгілердің  ескеріле 
отырып жоспарланып, ұйымдастырылуы арқылы жүзеге асады. 
Мектептегі  технология  -  басқа  оқу  пҽндерінен  ерекше,  ҿзіндік  тҽлім-тҽрбиелік  атқаратын 
қызметі  бар,  тҽрбиелік  ҽдіс-тҽсілдері  мол  пҽн.  Технология  пҽні  тҽлім-тҽрбиенің  сан-алуан  түрлерін 
(адамгершілік,  эстетикалық,  отансүйгіштік,  экологиялық,  еңбексүйгіштік  т.б.)  толық  қамтиды  деуге 
болады.  Ол,  ең  алдымен  оқушының,  қоршаған  ҿмір  шындығын  танып  білуге,  табиғат  сұлулығын, 
құбылыстарын,  адам  ҿміріндегі  еңбектің,  оның  жемісінің  мҽнін,  мҽдени  дүниенің  маңызын,  туған 
халқының  ҿнерін,  салт-дҽстүрін,  эстетикалық  құндылықтарын  т.б.  игертіп  шығармашылықты 
қамтамасыз ететін ҿнер пҽні. 
Сондықтан, педагогикалық білім мен тҽрбиенің тұтастығы туралы қағидасын тікелей пайдалану, 
технология  пҽнінің  ҿзіне  тҽн  тҽлім-тҽрбиелік  мақсаты  мен  міндетін  жүзеге  асырудың  бірден-бір 
талабы.  Мектептегі  технология  пҽнін  оқыту  жүйесінде,  оқушылардың,  кҿркемдік  бейнелеу  іс-
ҽрекеттерінде,  қоршаған  шындық  құбылыстары  мен  ҿнер  туындыларын  кҿркемдік  қабылдау  іс-
ҽрекеттерімен  мақсатты  түрде    ұштастыра  отырып  ҿнер  мазмұнына  негіздеп  жүргізгенде  ғана,  бұл 
пҽннің, оқушыларға кҿркемдік білім мен тҽрбие берудегі мҽні рухани-танымдық, эстетикалық тҽрбие 
құралы дҽрежесіндегі сапалы мазмұнға кҿтеріледі.  
Бүгінгі  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп  қоғамның  алға  қойған  міндеттерін  орындау  үшін 
баланың  табиғи  мүмкіндіктерін,  қабілетін  дамытып  кең  профильді  жҽне  дүниежүзілік  деңгейдегі 
жоғары  мҽдениет  пен    қажетті  білім  қорын  жинақтаған,  ҿз  алдына  жауапты  шешімдер  қабылдай 
алатын, ҽр істе белсенді шығармашылық ҽрекет жасауға қабілетті жас ұрпақты тҽрбиелеуі тиіс. 
Оқушының даму деңгейіне сай білім беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың белгілі ғылым 
саласына  қатысты  қабілетін  дамытуға,  ҿз  ортасындағы  ҿзгерістерге  сай  білімін  ҿз  бетінше 
толықтыруға  жҽне  оны  жаңа  жағдайларға  шығармашылықпен  қолдана  білуге  дағдыландыру  басты 
міндет. Сондықтан оқушылардың оқу процесіндегі таным қызметінің белсенділігін арттыру арқылы 
практикалық  сабақтарда  кҿркем  тҽрбие  мен  шығармашылыққа  баулу  бейнелеу  ҿнерін    оқытудың 
негізгі нысаны ретінде біздің зерттеу жұмысымыздың кҿкейкесті мҽселесі болып табылады. 
Қазақтың кемел ойлы ұстазы А.Байтұрсынов: «Мұғалім нашар болса,  мектепте отырып сабақ 
бере  алмайды.  Мұғалімдік  оңай  нҽрсе  емес.  Тҽртіппен  жасалған  оқу  құралдарымен    оқытуға, 
тҽртіппен  оқыта  білетін  мұғалім  керек.  Оны  білмейтін  мұғалімдер  тҽртіппен  жасалған  оқу 
құралдарын, тҽртіпсіз жасалған құралдар орнында тұтынады», - дейді. Біздіңше, бастауыш  мектептің 
оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту ғылыми педагогикалық ҽдебиеттерде 
жеткілікті қарастырылмаған жҽне  жаңа оқулықтар мен бағдарламалар ҽлдеде оған бейімделмеген. 

 
126 
Жұмысымыздың  ҿзекті  мҽселелерінің бірі-оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін  ескере 
отырып, олардың ҽртүрлі деңгейдегі шығармашылығы мен кҿркем эстетикалық қабілетін дамыту, сол 
арқылы  ақыл-ойының  кемелденуіне  мүмкіндіктер  тудыру.  Зерттеу  тақырыбы  бойынша  ғылыми-
ҽдістемелік  ҽдебиеттермен,  мақалалармен  танысып,  мектеп  практикасына  талдау  жасай  отырып 
ҽлдеде оқушылардың кҿркемдік тҽрбиесіне, шығармашылық қызмет түрлеріне жеткілікті түрде назар 
аударылмайтындығын  байқадық.  Ал  бұл  оқушының  жеке  басының  ақыл-ойының  даму  деңгейіне 
кедергі  келтіреді,  сонымен  қатар  оқушылардың  оқу  мен  шығармашылық  қызметке  деген 
қызығушылығын  тҿмендетеді.  Сондай-ақ  технология  пҽнінің  практикалық  сабақтарында  рухани, 
кҿркем-эстетикалық  тҽрбиеге  баулу  мҽселелері  ҽлдеде  кҿптеген  кҿркем  танымдық  тұрғыдағы  іс-
ҽрекет қызмет түрлерін қажет етеді.  
Бұл жұмысымыздағы басты мақсаттардың бірі, технология пҽнінің практикалық сабақтарында 
оқушыларды  кҿркем  тҽрбиеге  баулу  мен  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  қамтамасыз  ететін 
кҿркем  жұмыстар орындаудың мазмұнын анықтап, оның ҽдістемелік жолдарын кҿрсету.  
Егер  технология  пҽнінің  практикалық  сабақтарында  кҿркем  шығармашылық  қызмет 
компоненттерін  анықтай  отырып,  оқу  проблемаларын  –кҿркемдік  ұғым  мҽселелерін  орынды 
қолданып,  кҿркем  образдық  ҽдіс-тҽсілдер  қолданса  оқушылардың  кҿркемдік  қабілеттері  артып, 
шығармашылық  қабілеттері  дамиды  жҽне  соның  негізінде  кҿркем-эстетикалық  тҽрбиеге  баулу 
мүмкіндігі артады.   
Ҧсынылатын  негізгі  қағидалар:  Технология  пҽнінің  практикалық  сабақтарында  кҿркем 
тҽрбиеге баулу оқушылардың кҿркемдік білімі мен танымын қалыптастырып, шығармашылық қорын 
молайтады, жас  буынның  кҿркемдік  сезімін  қалыптастырып,  ҿз  халқын, отанын  сүюге  тҽрбиелейді, 
ұлттық-халықтық  салт-дҽстүлерді  құрметтеуге  баулиды,  алған  білімін  ҿмірде  пайдалануға 
үйретеді.Оқу-тҽрбие  мазмұны  жаңа  инновациялық  бағытта  ҿрбиді.  Жас  буындардың  ҿмірге  деген 
кҿзқарастары мен дүниетанымы жаңа заман талаптарына сай дамиды.  
Жоғарыда  анықталған  ғылыми-ҽдістемелік  тұжырымдарға  технология  сабағынан  практикалық 
мысал келтіреміз:  
Сабақтың тақырыбы: «Витраж» қҧрағы 
Сабақтың мақсаты:    
 
Білімділік:  
Оқушыларға  ҽр  түрлі  материалдардан  құрақ  бҿліктерінің  үлгілерін  дайындау 
жолдарын, ҿрнектер жасаудың технологиялық реттілігін үйрету. 
Дамыту: Қолҿнерге  деген  қызығушылықтарын, шығармашылық  белсенділіктерін  арттырып, іс 
– тҽжіриебеде білім мен шеберлікті, икемділікті, орындау машықтары мен қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: 
Оқушыларды  ҿзбетінше  жұмыс  істеуге,  еріктілікке,  еңбек  сүйгіштікке, 
жинақылыққа, икемділікке тҽрбиелеу, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру. 
Болжамдап отырған нәтиже: «Витраж» құрағында ҿрнектер жасауды меңгерту. 
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. 
Сабақтың тҥрі: Сарамандық сабағы. 
Сабақтың әдісі: Топтастыру,түсіндірмелі-иллюстрациялық, репродуктивтік, сұрақ – жауап. 
Кӛрнекі қҧрал - жабдықтар:  Жіп  түрлері,  қайшы,  ине,  жіп,  нұсқау,  карталар,  кҿрнекіліктер, 
интерактивті тақта, ілгек түрлері. 
Пән аралық байланыс:Сызу, сурет. 
Сабақтың жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі 1 минут 
2. Ҿткен тақырыпты қайталау 
3. Жаңа сабақ 

 
Мұғалімнің кіріспе сҿзі 5 минут 

 
Сұрақ – жауап 1 минут 

 
Сарамандық жұмыс 35 минут 

 
Қорытындылау 
4. Жалпы қорытындылау 2 минут 
5. Бағалау. Үйге тапсырма беру.  1 минут 
Сабақтың барысы: 
І.Ҧйымдастыру кезеңі. 
Оқушылармен  сҽлемдесу,  келмегендерді  белгілеу,  жұмыс  киіммен  сабаққа  ҽзірлікті  тексеру, 
оқушының назарын сабаққа аудару. 
Тақырыпты тақтада кҿрсету, сабақ мақсатымен таныстыру. 
ІІ.Ӛткен тақырыпты қайталау 

 
127 
ІІІ.Жаңа сабақ 
Мҧғалімнің кіріспе сӛзі 
Халқымыздың «Ҿнерді үйрен де жирен» деген мҽтелі текке айтылмаған. Қазіргі кезде құрақтың 
кҿптеген  түрлерін  кездестіруге  болады.  Солардың  бірі  «Витраж»  құрағы.  «Витраж»  деген  сҿздің 
мағынасын түсіндіру. Витраж ҿз негізінде түрлі – түсті бояулармен жасалатын болса, біз жіптерден 
жасап, күнделікі ҿмірде пайдаланатын бұйымдар дайындаймыз. 
Құрақ  -  ҿрнек  –  ол  халықтың  қолданбалы  қолҿнерінен  бастау  алады.  Құрақ  ҿрнек  –  дегеніміз 
түр  түсі  жҽне  геометриялық  пішіні  ҽр  алуан  мата  қалдықтарынан  құрастырылған  ҿрнек.  «Витраж» 
құрағын ілгек бізбен тоқиды. 
                                                              

 
128 
Ілгек бізбен тоқу 
Ілгек бізбен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады. Бҿлшектердің сыртықы пішіні мен 
есепке алуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек немесе жиі тоқу арқылы жасалады. 
Ілгек бізбен тоқу әдістері 

 
Тізбекше  (цепочка).  Бірнеше  шалудан  жасалған  тізбектер  алғашқы  қатар  болып  саналады. 
Ілгек біздің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілгек бізде орап, алғашқы шалудың ортасынан ҿткізіп 
алады. 

 
Жарты  бағанша  (полустолбик).  Ілгек  біздің  тізбектегі  3  –  шалудың  алдынан  кері  қарай 
ҿткізеді. Содан соң ілгек бізге жіпті, оны ілгек біздегі екі шалудан ҿткізіп алады. 

 
Шалмасыз  бағанша  (столбик  без  накида)  Ілгек  бізді  тізбектегі  3  шалудың  алдынан  кері 
қарай ҿткізеді. Ілгек бізге жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілгек біздегі екі 
шалудан ҿткізіп алады. 

 
Нық  бағанша (прочный  столбик).  Ілгек  біздің сабына жіпті  орап, алып,  оны  тізбектің  3  – 
шалуына алдынан артына қарай ҿткізеді. Ілгек бізге жіпті орап шалып алады да жіпті тағы да орап, 
енді оны ілгек біздегі үш шалудан ҿткізіп алады. 

 
Шалмалы бағанша (столбик с накидками). Шалудың биіктігін кҿтеру үшін оны бір немесе 
бірнеше  бос  шалу  тастап  тоқу  керек.  Ілгек  бізге  жіпті  орап,  бұрынғы  қатардағы  не  тізбектегі  4  – 
шалуда тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілгек біздегі шалумен бос жіптен (2 - шалу) ҿткізеді, 
жіпті  тағы  орап,  оны  да  ілгек  біздегі  соңғы  2  шалудан  ҿткізіп  алады.  2  не  3,  одан  да  кҿп  бос  жіп 
қосылған бағанша жасау үшін соған сҽйкес ілгек бізге 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, 
содан  соң  біртіндеп  ілгек  бізге  қалған  1  жіп,  2  жіптен  қосып  тоқи  береді,  ол  үшін  ілгек  бізді  оған  
сҽйкес  5-,  6-,  7-  т.б.  шалулардан  ҿткізіп  отырады.  Ал  ілгек біздің  ұшында ҽрқашан бір  шалу  қалып 
отыру керек. 

 
Қарапайым ӛрнекті орындау. 
Тоқылған  жайманың  суреті  қайталанған  бірдей  суреттерден  тұрады.  Ҿрнектің  қайталанатын 
бҿлігі – мотив деп аталады. Ҿрнек тоқу үшін жоғарыда берілген шартты белгілер қажет. Ҿрнекті салу 
үшін  мҽтінді  ғана  қолданбай,  сұлбаны  да  қолдануға  болады.  Сұлбаны  тҿменнен  жоғары  қарай, 
барлық тақ қатарларды оңнан солға қарай, ал жұп қатарларды солдан оңға қарай қарастырады. 
  Мотивті  жоғарыдан  тҿмен  тоқып  болғаннан  кейін  сұлбадағы  1  –  қатардан  бастап  қайта 
тоқиды. Ал кейбір жағдайларда тоқу екенші, үшінші немесе тҿртінші қатардан басталады. 
1.
 
Шалмасыз  бойынша  жҽне  бос  шалудан  құралған  ҿрнек.  Тізбекше  тоқып,  6  –  ілмекке 
шалмасыз бағанша тоқып, 2 – бос шалу алып, 1 – бағаншасынан бастап санағанда үшінші шалуда бір 
шалмасыз бағанша тоқиды. Осылай тізбекше біткенше тоқиды. 
2.
 
Бір шалмалы бағаншадан құралған ҿрнек. Негіздің бесінші шалуында 2 бағанша тоқтап, 6 
–  шалуды  бос  тастайды.  7  –  шалуда  тағы  2  бағанша  тоқып,  8  –  шалуды  бос  жібереміз  –  осындай 
ҽдіспен, негіздің ҽрбір екінші шалуында 2 бағанша тоқи отырып, тізбекше біткенше тоқиды. 
3.
 
Желпеуіш немесе ұлутас ҿрнегі. 1 шалу негізінде орындалған шалмалар тобынан тұрады. 
Ҽрбір  ұлутас  ҿрнегінде  5  бағаншаны  тізбекшенің 6  –  шалуына  бастап  тоқиды.  Ұлутастар  арасында 
тізбекшенің 4 шалуы бос тасталады. Осылай тізбекше біткенше тоқиды. 
4.
 
Бір шалмалы бағанша, шалмасыз бағанша жҽне шалудан құралған ҿрнек. Тізбекшенің 5 – 
шалуында 2 бір шалмалы бағанша тоқып, 2 бос шалу шалып жҽне қайтадан 2 бір шалмалы бағанша 
тоқып  екі  шалудан  бос  жіберіп,  келесісінде  1  шалу  жасайды  ҽрі  қарай  тізбекшедегі  2  шалуды  бос 
жібереді,  1  шалу  шалу  жасайды  да,  2  бағанша,  2  бос  шалу  жҽне  негіздің  1  шалуындағы  2  бағанша 
тоқылады. Осылай тізбекше біткенше тоқиды. 
 
Сарамандық жҧмыс 
Сарамандық жұмыстың алдында қол жұмыстарына қолданатын техника қауіпсіздігі ережелерін 
қайталаймыз. 
Екі  топ басшылары құрайтын  құрақ  түрін  таңдап  алады,  екі қоржынның  ішінде  кҿлемі  бірдей 
екі жұмыс беріледі. Бүгінгі сабақ жинақтау пысықтау болғандықтан  сіздердің бүгінгі жұмыстарыңыз 
араларыңыздағы дайын мата қиындыларынан құрақ бҿліктерінің үлгілерін дайындап шығару. Нұсқау 
кесте  бойынша  тігу  технология  рет  –  тҽртібін  орындау  керек.  Жұмыс  кҿлемі  үлкен  болғандықтан 
сіздерге сарамандық жұмысқа 35 минут уақыт беріледі. 
Іске сәт! 
Сарамандық  жұмысты  қорытындылау:  Уақыт  ҿткен  соң  оқушылардың  жұмыстарын  тоқтату, 
бұйымдарын тексеру. 

 
129 
ІІІ. Жалпы қорытындылау 
Бүгінгі сабақты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың еңбек туралы нақыл сҿзімен бекітейік, ол үшін 
қандай нақыл сҿз екенін білу үшін тақтадағы ребусты шешу керек. 
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық  айырылмас азап». 
Абай Қҧнанбаев 
Бүгінгі  сабағымызды  қорытындылай  келгенде,  витраж  құрағын  құрау  технологиясының,  тоқу 
жолдарын жақсы меңгергендіктеріңді кҿрсеттіңдер. 
Ҥйге тапсырма беру, бағалау. 
Құрақ түрлерінен буклет жасап келу. 
Оқушының жұмысына баға қою, белсенділік танытқан оқушыларды атап ҿту. 
 
Аннотация. В статье рассматриваются пути и методы формирования эстетических вкусов учащихся 
на уроках технологии. Представлены примеры конспектов уроков. 
Annotation.  In  article  deals  with  the  ways  and  methods  of  forming  aesthetic  tastes  of  pupil    in  class 
technology. The examples of summaries of lessons. 
  
  
Э.Т. Копбаева 
 
«ӚЗІН-ӚЗІ ТАНУ» РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ                                                                             
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҦЛҒА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РӚЛІ 
 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2011  -  2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік  бағдарламасына  сҽйкес  адамның  тұлғалық  жҽне  кҽсіби  шыңдалуына  қол  жеткізу 
мақсатында  бҽсекеге  қабілетті  тұлға  тҽрбиелеу  бағытын  жүзеге  асыруға  қолайлы  жағдайлар 
жасалуда. 
XXI  ғасырдағы  адамның  руханилығы,  оның  шығармашылық  интеллектісі,  жаңалықтарға 
ашықтығы  қоғамның  негізгі  капиталы  ретінде  бағаланады.    Сонымен  бірге,  Қазақстан 
Республикасындағы  қазіргі  білім  беру  жүйесі  адамгершілік  пен  руханилықты  дамытуға 
бағдарланғаны  анық.  Адамгершілік  адамның  жалпы  мҽдениетінің  кҿрсеткіші  ретінде  оның 
абыройын, жалпыадамзаттық құндылықтарды ұстануын білдіреді. Руханилық-адамның  материалдық 
емес,  адамгершілік  құндылықтар  басымдығына  негізделген  адам  мен  адамзат  ҿмірінің  рухтық-
сезімдік жақтары, адамдардың ҿзгеше ойлау бейнесі мен тіршілік ҽрекеті.  
Ҽлемді  құндылық  тұрғысында  ұғыну  барысында  ҿзін-ҿзі  танудың  ролі  шексіз  арта  түсуде. 
Мұның ҿзі бҽсекеге қабілетті   тұлға тҽрбиелеуге  кҿмектеседі. [1]   
Қазіргі  ҽлемдік  білім  беру  кеңістігінде  жастардың  бойында  ҽлемнің  біртұтас  бейнесін 
қалыптастыруға,  кҿп  түрлі  мҽдениеттерді  құрметтеуге  тҽрбиелеуге,  руханилыққа,  адамгершілікке 
қызығушылығын  оятуға,  ҿскелең    ұрпақтың    ҽлеуметтік  белсенділігін  дамытуға  баса  назар 
аударылып отыр.   
Білімді  жаңартудың  мҽдени-ҽлеуметтік  маңыздылығы  жалпыадамзаттық  құндылықтарға 
басымдылық  берілетін  бірегей    ҽлемдік  қауымдастық  құру  болып  табылады.  Сонымен  қатар  ҿз 
ойына,  сҿзіне,  іс-ҽрекетіне  жауапкершілікпен  қарайтын,  табысты  еңбек  етуге  дайын,  ҿмірдің  мҽнін 
түсіне  білетін  бҽсекеге  қабілетті  тұлға  тҽрбиелеу  аса  маңызды  рол  атқарады.  Рухани-адамгершілік 
білім  беру  жеке  тұлғаның    ҽлеуетін  барынша  ашуға,  ҿзін-ҿзі  тану  процесінде  жақсы  адамды 
тҽрбиелеуге бағдарланған. 
Рухани-адамгершілік білімді іске асыру процесі:  
ҽрбір тұлғаның ҿзін-ҿзі тану, ҿзін-ҿзі анықтау жҽне ҿзін-ҿзі  іске асыру қажеттілігін түсінуі үшін 
жағдай туғызу негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарға қатыстыруды; 
мектепте оқытылатын пҽндердің тҽрбиелік ҽлеуетін жҽне 
олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы ролін күшейтуді;  
ҽрбір  оқу  орындарында  жеке  тұлғаның  рухани  -  адамгершілік  сапасын  дамытуды 
ынталандыратын ізгілікті білім ортасын құруды; 
оқушылардың қоғамға қызмет етуге бағытталған жасампаздық белсенділігін арттыруды; 
Қазақстандық  қоғамда  ҿскелең    ұрпақты    рухани-адамгершілікке  тҽрбиелеу  мҽселесіндегі  кең 
кҿлемді ҽлеуметтік серіктестікті дамытуды кҿздейді. Осы бағыт тұлғаның сҿзсіз құндылық екендігін, 
оның  жоғары  деңгейдегі  ҿзіндік  санасын,  ҿз  абыройын,  ҿзін-ҿзі  құрметтеуге,  пікір  дербестігін 
сезінуге,  ҿзін-ҿзі  жетілдіру  қабілеттеріне,  рухани  ҽлемдегі  жҽне  қоршаған  ҿмірдегі  жағдаяттарды 

 
130 
бағдарлай алу іскерлігін, ҿз бетінше шешім қабылдай алуға жҽне ҿз ҽрекеттері үшін жауапты болуға 
тҽрбиелеуді  үйретеді.Міне  осылай  бҽсекеге  қабілетті  ҿскелең  ұрпақ  ҿзін-ҿзі  танудың  нҽтижесінде 
азаматтықтың  құндылықтары  мен  адамгершіліктік  идеалдарына  тартылады,  тұлғаның  ҿзін-ҿзі 
жағымды қабылдауы қалыптасады, адамның  ҿмірлік мұратын саналы түрде ұғына бастайды. 
Балалар  ар-ұят  пен  абыройды  бағалауға,  жаңалықты  қабылдауға  ҽзір  болуға,  ұлттық  жҽне 
жалпыадамзаттық мҽдениетті дамытуға, рухани байлыққа ұмтылуға үйренеді. [2]   
Ҿзіңді-ҿзің таны да, 
Тағы да ойлан, тағы да, 
Қандай боп осіп келесің, 
Қазақтай  елдің  бағына?!  -  демекші  қазіргі  кезде  ҿскелең  ұрпақты  тҽрбиелеуде  алға  қойып 
отырған мақсаттардың бірі – қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет кҿрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, 
мемлекетіміздің болашағы – жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осы 
кезде  ҿскелең  ұрпақ  ҿзінің  ішкі  жан  дүниесін,  алуан  түрлі  сырларын    жақсы  білсе,  ол  сыртқы 
дүниенің  тҽнге    күнбе  -  күн  жасайтын  ықпалын  түсініп,  адамзат  қоғамына  пайдалы  істер  жасауға 
тырысады.  Адамдардың  ҿмір  сүру  құштарлығы,  олардың  мақсаттары,  бҽрі  адамның  ҿзін  -  ҿзі  тани 
білуімен  сабақтас.    Дҽл  осы  кезеңде  баланың  жеке  тұлға  ретінде  үйлесімді  қалыптасуы  мен  дамуы 
ҿзін-ҿзі тани білгенде ғана жүзеге аспақ. Осы орайда кҿптеген жылдар бойы бар балаға қамқорлық 
нұрын  тҿккен,  аналық  жүрек  жылуын  бала  ҿміріне  еңбек  ету  жолына  арнап  келе  жатқан  «Бҿбек» 
қорының президенті Сара Алпысқызының авторлығымен енгізілген «Ҿзін  - ҿзі тану» адамгершілік-
рухани білім беру бағдарламасының маңызы ҿте зҿр, сырлы ҽлемге толы дүние. «Ҿзін - ҿзі тану» пҽні 
оқушылар ҿздерін қоғамның бір бҿлігі ретінде сезіне білуіне жҽне ҿз ұлтының рухани - адамгершілік 
құндылықтары негізінде ҿзінің орнын білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған 
тҽрбие сабағы. 
«Ҿзін  -  ҿзі  тану»  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  -  адамның  қоршаған  ортаны  біліп,  ҿзінің 
ішкі  жан  дүниесіне  үңіліп,  ҿзін  -  ҿзі  басқару  негізінде  адамгершілік  -  рухани  ҽлеуетті  кҿтеру.  Сол 
себепті қазіргі ұрпақ тҽрбиесіндегі басты мҽселе тұлғаны адамгершілік - рухани тұрғыдан дамыту, ар 
-ұятымызды  молайтып,  адамгершілік  қасиеттерімізді  жетілдіру  арқылы  ізгілікке,  инабаттылыққа, 
парасаттылыққа үйрету. «Ҿзін - ҿзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы 
Қазақстанның  білім  жүйесінде  педагогтарды  жеке  тұлға  тҽрбиесін  ізгілендіруге  бағыттап,  ҿскелең 
ұрпақтың ҿзіндік «менін» қалыптастыруды кҿздеуінде болып отыр.  
«Ҿзін  -  ҿзі  тану»  пҽні  арқылы  жан-жақты  дамыған,  рухани  адамгершілігі  мол,  бір-біріне 
сүйіспеншілікпен,  құрметпен  қарайтын,  ҿмір  сүруге  деген  құштарлығы  жоғары  тұлға  тҽрбиелей 
аламыз. 
         

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет