Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы


Қ.И. Мауленова, Н.Ж. Мырзақов



Pdf көрінісі
бет22/45
Дата21.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#4617
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45

 
Қ.И. Мауленова, Н.Ж. Мырзақов 
 
БҤГІНГІ КҤНІ МЕКТЕПТЕ КЕЗДЕСЕТІН ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАТЫНАС 
ЕРЕКШЕЛІГІН АНЫҚТАЙТЫН КОМПЛЕКСТІ ДИАГНОСТИКАСЫ 
 
ӘОЖ 371.315.1 
  М30 
 
Қазіргі уақытта қоғамда қалыптасып қалған тұрақсыз ҽлеуметтік, экономикалық, экологиялық, 
идеологиялық  жағдайлар  ықпалынан  жеткіншектердің  мінез-құлқы  мен  тұлғалық  дамуында  түрлі 
ауытқушылықтар  туындауда.  Агрессиялық  тенденциялардың  дамуы  қоғамның  ҿзекті  мҽселелердің 
бірі болып табылады. Жастар арасында дҿрекілік, қаттыгездік, ұрып-соғу т.б. күрт ҿсуі алаңдатуда. 
Агрессивтілік  біздің  зерттеуіміз  бойынша,  белгілі  бір  жағдайларда  туындайтын,  түрлі  стимулдарға 
жауап  ретінде  туындайтын  агрессивті  іс-ҽрекет  (S  →  R).  Егер  агрессивтілік  түрлі  жағдайларда 
белгілі-бір  тұрақтылықпен  ерекшеленсе,  онда  агрессивтілік  мінез-құлық  формасы  туралы 
айтқанымыз  жҿн.  Мұндай  мінез-құлық  девиантты  мінез-құлықтың  басқа  түрлері  сияқты  баланың 
ҽлеуметтік дизадаптация кҿрсеткіші.  
Баланың  ҽлеуметтік  дизадаптациясы  –  ҽлеуметтік  дамудың,  индивидтің  ҽлеуметтенуінің 
бұзылысы. Ҽлеуметтік дезадаптация деп - баланың қоршаған ортамен ҿзара қатынаста бола алмауы, 
яғни  нақты  микроҽлеуметтік  ортада,  ҿз  мүмкіндігі  мен  сұранысқа  сай,  позитивті  ҽлеуметтік  рҿлді 
жүзеге асыра алмауы [1].   
Агрессивті  мінез-құлықтың  қалыптасуына  екі  үлген  фактор  ҽсер  етеді:  ішкі  факторларға 
жынастыстық  ерекшеліктер,  жүйке  жүйесі,  мінез-құлқы  мен  темпераменті,  негізгі  қажеттіліктердің 
қанағаттанбауы (ҿзіндік ҿзектелу, ҿзін кҿрсету, қарым-қатынас) жҽне сыртқы факторларға қоршаған 
орта жағдайы, отбасындағы қарым-қатынас стильдері, жолдастардың асоциалды ықпалы, БАҚ ҽсері 
т.б.  жатады.  Сыртқы  жҽне  ішкі  факторлар  баланың  қарым-қатынасымен  тікелей  байланыста 
болғандықтан, біз қарым-қатынаста агрессияның қай түрі басым болатынын анықтауды жҿн кҿрдік. 

 
143 
Зерттеуде  Басс-Даркидің  сұрақнамасы  пайдаланылды  [2].  А.Басс  пен  А.Дарки  сұрақнаманы  жасай 
отырып, агрессивті реакциялардың келесідей түрлерін ерекшеледі: 

 
физикалық агрессия – басқа адамға қарсы физикалық күшті жұмсау; 

 
жанама агрессия – жанама, астыртын біреуге бағытталған агрессия (ҿсек, дҿрекі ҽзіл) немесе 
ешкімге  бағытталмаған  агрессия  (бұрқ  етпе  ашу,  айқайлау,  жұдырықпен  үстелді  ұру  т.б.)  түрінде 
болуы мүмкін.  

 
қозу  (раздражение)  –  кішігірім  тітіркену  кезінде  ақ,  ашулану,  күйгелектену,  дҿрекілік 
кҿрсету; 

 
негативизм  –  мінез-құлықтың  оппозициялық  мерасы.  Кҿбіне  авторитеттерге  немесе 
басшыларға,  қалыптасқан  заң  мен  дҽстүрге  қарсы  болады,  олар  пассивті  қарсыласудан  активті 
күресуге дейін баруы мүмкін. 

 
ҿкпелеу  –  шынайы,  кейде  жалған  ойлардың  ҽсерінен  бүкіл  ҽлемге  деген  реніштен  пайда 
болатын қоршаған адамдарға деген қызғаныш пен ҿшпендік; 

 
күдіктену  –  айналадағы  адамдар  зиян  келтіруі  мүмкін  деген  ойдан,  оларға  сенімсіздікпен, 
күдікпен қарау; 

 
вербалды  агрессия  –  негативті  сезімдерді  сҿздік  жауаптардың  түрлі  формаларымен  (ұрыс, 
айқай, шыңғыру) немесе олардың мазмұнымен (қорқыту, үркіту) кҿрсету.   

 
кінҽлі  сезіну  –  субъект  ҿзін  жаман  адам  ретінде  санауы.  Оның  барлық  ҽрекеттері  ҿзіне 
жаманшылық болып кҿрінеді, содан іштей қиналады; 
Кҿрсетілген  8  шкала  арқылы  ҿшпенділікті  (враждебность)  (индексі  5  жҽне  6  шкалалар)  жҽне 
жалпы  агрессивтілікті    (1,  3,  7  шкалалар)  анықтайық.  Мұндағы  агрессивтіліктің  нормасы  21±4,  ал 
ҿшпенділік - 6,7-7±3. 
 
Эксперимент тобы бойынша: 
Негізгі тҥрлері 
№1 
№3 
№4 
№5 
№6 
№7 
№17 
№11 
№10 
№13 
№21 
Ӛшпенділік  ∕ экс 
дейін 
15 
12 

18 
17 
17 
12 
16 
18 
13 
17 
∕экс кейін 
10 
11 

10 



6,7 



Жалпы  
агрессивтілік 
27 
26 
30 
32 
34 
29 
28 
31 
30 
29 
25 
21 
20 
24 
25 
24 
20 
19 
24 
18 
17 
20 
 
Бақылау тобы бойынша: 
Негізгі тҥрлері 
№2 
№8 
№18 
№9 
№15 
№12 
№20 
№14 
№19 
№16 
№22 
Ӛшпенділік 
∕экс 
дейін 
16 
10 

19 
16 
17 
14 
16 
19 
12 
17 
∕экс кейін 
15 
12 

17 
16 
18 
12 
15 
18 
14 
18 
Жалпы 
агрессивтілік 
27 
25 
31 
31 
33 
30 
26 
25 
26 
28 
31 
26 
25 
32 
34 
30 
28 
27 
29 
30 
27 
33 
 
Жоғарыдағы кестедегі мҽліметтердің динамикалық 
ҿзгерісін тҿмендегі графиктен кҿруге болады: 
 
 
 
 

 
144 
Кҿріп тұрғанымыздай, эксперимент тобында ҿшпенділік кҿрсеткішінің орташа мҽні алғашында 
14,9  болса,  екінші  ҿлшеу  кезінде  11,5,  ал  соңында  кҿрсеткіш  8,3  дейін  тҿмендеді.  Дҽл  осы  тектес 
тенденция агрессия бойынша да кҿрінді: 29,2; 25,9; соңында 21 ұпайға дейін тҿмендеді. 
Ал бақылау тобындағы ҿзгерістерге келсек, агрессия кҿрсеткішінің орташа мҽні алғашында 28,5 
болса, кейінгі кҿрсеткіштері 28,9 жҽне 29,2 болды. 
Эксперимент ықпалының қаншалықты ҽсер еткенін біз Q критерийі арқылы дҽлелдейік: 
Ҿшпенділіктің ҿзгеруін Q критерийі бойынша есептеп, дҽлелдейміз: 
Н0:  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда  ҿшпенділік  кҿрсеткіштері  бойынша  жоғары 
дҽрежелігімен ерекшеленбейді.  
Н1:  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда  ҿшпенділік  кҿрсеткіштері  бойынша  жоғары 
дҽрежелігімен ерекшеленеді.  
Енді Q эмп формула бойынша есептейік: 
Q эмп = S1+ S2 = 7 + 6 = 13 
N = 11бойынша (сыналушылар саны) Q критикалық белгісін анықтайық: 
 
                    6 (р ≤ 0,05) 
Qкр =   {    ------------------               Qэмп  >  Qкр  
                    9 (р ≤ 0,01) 
Жауабы:  Н0  шеттетіліп,  Н1  қабылданды,  яғни  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда 
ҿшпенділік кҿрсеткіштері бойынша жоғары дҽрежелігімен ерекшеленеді.  
Агрессияның ҿзгеруін есептесек: 
Н0:  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда  агрессия  кҿрсеткіштері  бойынша  жоғары 
дҽрежелігімен ерекшеленбейді.  
Н1:  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда  агрессия  кҿрсеткіштері  бойынша  жоғары 
дҽрежелігімен ерекшеленеді.  
Енді Q эмп формула бойынша есептейік: 
Q эмп = S1+ S2 = 5 + 6 = 11 
N = 11бойынша (сыналушылар саны) Q критикалық белгісін анықтайық: 
 
                    6 (р ≤ 0,05) 
  Qкр =   {    -----------------                 Qэмп  >  Qкр  
                    9 (р ≤ 0,01) 
Жауабы:  Н0  шеттетіліп,  Н1  қабылданды,  яғни  бақылау  тобы  эксперимент  тобына  қарағанда 
агрессия кҿрсеткіштері бойынша жоғары дҽрежелігімен ерекшеленеді.  
Эксперимент  жҽне  бақылау  топтары  бҿлінгеннен  кейін,  екінші  кезеңде  экспериментік  топқа 
арнайы диагностика жұмыстары жүргізілді. 
Балалардың  ҿздері  жауап  берген  мҽліметтерін  сыртқы  кҿзбен  салыстыру  ҿте  маңызды.  Бұл 
мақсатта  біз,  Оқытушыларға  арналған  А.  Бандура  мен  Р.  Уолтерстің  схемасы  арқылы  девиантты 
мінез-құлықтың  пайда  болу  алғы  шарттарын  талдадық  [3].  Оқытушылар  девиантты  балалардың 
индивидуалды  жаралғыштығына  кҿбіне:  сыртқы  ықпалдарға  деген  үлкен  сезімталдық  -25%; 
импульсивтілік  пен  ойланбай  ҽрекет  ету  бейімділігі  -20%;  кҿңіл-күйдің  күрт  ҿзгеруі,  уайымға 
салынудың жарқын эмоционалдылығы -17% жатқызады. 
Ҿзіндік  басқарудың  бұзылуына:  Негативті  эмоционалды  күйлердің  басым  болуы:  үрей,  кінҽ 
сезімі,  үміт  үзу,  қажу,  агрессия,  түрлі  жағдайлар  алдында  ҽлсіздік,  депрессиялық  күй,  ҿзіндік 
бағалаудың  тҿмендігі  -36%;  Ҿзінің  қызығушылықтарын  қоғамда  қалыптасқан  формалармен  қорғай, 
жақтай  алмау  -19%;  Позитивті  мақсаттарды  қоя  алмау,  осы  мақсаттарға  жетуде  ҽрекеттерді 
жоспарлай алмау -16%; тиесілі деп есептесе, ҽлеуметтік қолдайтын жүйелердің жетіспеуінен: толық 
емес  отбасы  -31%;  Тҽуелділікке  байланысты  тҽуекел  топтағы  отбасы  -20%;  Ажырасу,  отбасы 
мүшелерінің  ҿлімі,  ауыр  аурулар  сияқты  отбасының  түрлі  кризистерді  басынан  ҿткізу-15%; 
Проблемалы компания -19% тиісті балаларда девианттылық дамыды деп есептейді. 
Ең қызығы, оқытушылардың соңғы тарауға толтырған пікірлерінің қорытындысы: 
Мінез-құлықты  түзетудегі  баланың  ҿзіндік  мүмкіндіктері  мен  бағыттылығын  анықтайтын 
құқыққа қарсы ҽрекеттерге қатынасы мен тұлғалық ресурстар: 

 
Тез тіл табысу, бірге жұмыс істеуге бейім болу -5%; 

 
Белсенділік, интеллект, арнайы қабілеттер-16%; 

 
Мақсатқа бағыттаушылық, атақ құмарлық-55%; 

 
Махаббат, достық, мҽнді жағымды ҿзарақарым-қатынас -2%; 

 
145 

 
Жауапкершілік, ар-намыс-13%; 

 
Жағымды ҿмірлік тҽжірибе – 1%; 
Бұдан  шығатын  қорытынды,  оқытушылар  барлық  қиын  мҽселенің  туындауын  отбасы 
жағдайына  жүктейді  жҽне  импульсивтілік  пен  жарқын  эмоционалдылықты  девианттықтың 
алғышартына жатқызады. Оқытушылардың пікірінше, девиантты балаларға демонстративті жҽне атақ 
құмарлық  тҽн.  Жағымды  ҿмірлік  тҽжірибесінің  жетіспеуі  баланы  жағымсыз  ҽрекеттерге 
итермелейтінін де ескереді. 
Бала  үшін  ең  маңызды  ата-ана  қатынасы.  Олар  кішкентай  сҽби  үшін  ең  қымбат,  ең  маңызды 
адамдар.  Жеткіншек  үшін  де  бұл  құндылықтар  ҿз  ҿзектілігін  жоғалтпайды,  бірақ  оның  махаббаты 
ҿзге түрге айналады. Ҽлеуметтік-психология отбасылық жағдайды зерттегенде, оның тұрақтылығын, 
некедегі  рахаттану  сезімдерін,  ата-аналар  мен  балалар  арасындағы  қарым-қатынасты  балалардың 
дұрыс  қабылдауын,  отбасылық  құндылық,  үлгілер,  сонымен  қатар  жеткіншектердің  болашақ 
отбасылық ҿмірі жайлы бейнені жан-жақты қарастыру арқылы ҿзінің кҿзқарасын қалыптастырады. 
Кҿптеген  ата-аналар  жеткіншек  балаларының  тым  дҿрекі  екенін  айтып,  қылықтарының 
жағымсыз болып кеткенін ескереді. Ҽрине, бұл сипаттама кҿптеген жеткіншектерге тҽн. Бірақ ҽрбір 
ата-ана бұл кезең ҿздері үшін ғана қиын деп түсінбей, бала үшін де бұл дағдарыстық кезеңнің оңай 
түспейтінін ескерген жҿн.  
Ата-ананы не мазалайтыны кҿбінесе баласымен ашық ҽңгіме барысында айта бермейді, барлық 
түсінбеушілік  осыдан  туындайды.  Бұндай  қателіктерді  болырмау  үшін,  біз,  эксперимент  топтағы 
балалардың  ата-аналарына  диагностикалық  жұмыстарды  жүргізген  болатынбыз.  Ең  бірінші  ата-
аналарға  Желдак  И.М.  ұсынған  ата-аналар  уайымының  шкаласы  қолданылды  [3].  Бұл  ҽдістеме  38 
пікірден  тұрады.  Бұл  ҽдістеме  арқылы  ата-аналарды  уайымдататын  жағдайларды,  жеткіншектердің 
қай жағдайларда мінез ауытқушылықтарын кҿрсететінін біле аламыз. 
Нҽтижелерді ҿңдеуде ҽрбір сұрақтың жауаптары бҿлек қарастырылады. 
1) егер «0» санының қасында белгі тұрса, онда ешқандай қиын мҽселе жоқ.  
2) егер «1» санының қасында белгі тұрса, онда мҽселе тек кейде ғана туындайды. Ол туралы ҿз 
балаңызбен сҿйлескен жҿн. 
3) егер белгі «2» санының астында тұрса, онда мҽселе ҿте күрделі болғаны. Оны міндетті түрде 
шешу керек. 
Астындағы  «бұдан  басқа  сізді  не  алаңдатады?»  пункті  бҿлек  қарастырылады.  Ең  басты  бұл 
мҽселе  кімге  байланысты:  балаға  ма,  ҽлде  ата-ананың  ҿзіне  ме  екенін  анықталынып,  сҽйкесінше, 
мҽселені бірінші кім шешу керектігі жҿнінде шешім қабылдануы қажет. 
22  Ата-аналардан  Желдактың  тестінен  алынған  нҽтижелері  бойынша  мынадай  кҿрсеткіштерді 
кҿруге болады: 
 
№ 
Сипаттамалардың мазмҧны 
Келіскен 
жауаптар саны 


Ұйқыға кеш жатады 
19 
86,4 

Алдайды:  мысалы,  1  жерге  барамын  деп,  мүлдем  басқа 
жерге  барады;  сабақты  істедім  дейді,  шын  мҽнінде 
істемейді; менің қалтамнан ақша алмадым дейді. 
15 
68,2 

Ҿзінен  кейін  ас  бҿлмені,  жуынатын  бҿлмені,  т.б.  еш 
тазаламайды. 
18 
81,8 

Ҿзінің 
үй 
жануарларына 
мүлдем 
қарамайды 
(тамақтандырмайды, далаға шығармайды, жинамайды). 

18,2 

Еш сұраусыз менің киімдерімді алады. 

36,4 

Кҿріксіз  кҿрінетін,  кҿзге  қатты  түсетін  киімдерді  киеді; 
косметиканы тым кҿп пайдаланады. 
17 
77,3 

Түнге дейін, тіпті түнімен қыдырады. 
11 
50 

Ҿзінің заттарына қарамайды, кез-келген жерде тастап кете 
береді. 
16 
72,7 

Менің  заттарымды  (киім,  шаш  кептіретін  фен,  косметика) 
ҿз достарына бере салады. 
13 
59 
10 
Менің заттарыма немқұрайлы қарайды, оларды жоғалтады. 
16 
72,7 
11 
Ұзақ уақыт бойы телефонмен сҿйлеседі. 
20 
90,9 
12 
Мектептен кейін киім ауыстырғысы келмейді. 



 
146 
13 
Ҽрқашан ашулы жҽне іштей жабыңқы болып жүреді. 
14 
63,6 
14 
Ҿзінен  үлкен,  милицияда  тіркеуде  тұрған  т.б.  балалармен 
жүреді. 
11 
50 
15 
Азаннан  кешке  дейін  тҿсекте  музыка  тыңдап,  кино  кҿріп 
жатады. 
14 
63,6 
16 
Сабақ істемейді. Нашар оқиды, сабақтан қашады. 
19 
86,4 
17 
Мен үйде жоқ болғанда достарын ертіп ҽкеледі. 
17 
77,3 
18 
Достарына үйден заттарды ұрлауға рұқсат береді. 
 

19 
Үйдегі жұмыспен айналыспайды. 
10 
45,5 
20 
Жуынбайды. 
 

21 
Оған қарсылық кҿрсетсең, айқайлап, қорқытқысы келеді. 

31,8 
22 
Ҿз  бҿлмесін  жинамайды,  бҿлмесі  шашылып  жатады.  Ҿз 
бҿлмесінде кір ыдыс-аяқты жинамай, тастап кете береді. 
16 
72,7 
23 
Үйден қашады. 

13,6 
24 
Ағаларымен, ҽкпелерімен тҿбелеседі. 


25 
Мені жақсы кҿрмеймін деп айтады. 

40,10 
26 
Ұрсып, айқайлайды, мені кекетеді. 

40,10 
27 
Отбасымен  бірге  ортақ  іс  жасағысы  келмейді.  Ҽрқашан 
жалғыз болғысы келеді. 
 

28 
Ақша талап етеді. 
 

29 
Мен туралы басқаларға: «Ол менімен жаман сҿйлеседі»-деп 
айтады. 


30 
Менен  жҽне  отбасы  мүшелерінен  түрлі  заттарды  (ақша, 
сҽнді бұйымдар, спирттік ішімдіктер) ұрлайды. 


31 
Темекі шегеді. 

22,8 
32 
Достарымен ішімдік ішеді. 


33 
Маған  жҽне  отбасының  басқа  да  мүшелеріне  физикалық 
күш кҿрсетемін деп, қорқытады. 
 

34 
Жыныстық қатынасқа түседі. 
 

35 
Ашуланған  сҽтте  қолдағы  тұрған  заттарды  сындырып 
тастай алады. 
 

36 
Дүкенде, кҿршілердің үйлерінен түрлі заттарды ұрлайды. 
 

37 
Ҿзін ҿлтіремін деп қорқытады. 

4,6 
38 
Менің жеке ҿміріме қол сұғады. 
 

 
Бұл нҽтижелерді қорытындыласақ, ата-аналардың ең негізгі уайымы ҿтірік айтуына, рұқсатсыз 
басқа жерге кетіп, қараңғыда келуіне, кҿріксіз киінуі, түнімен қыдыратынына, дҿрекілік айтып, дауыс 
кҿтеруіне шоғырланған. Жыныстық қатынасқа байланысты сұрақтардан ата-аналар бас тартуды жҿн 
кҿретіні  байқалды.  Бұл  мҽселелерді,  жеткіншек  мен  ата-аналармен  жүргізілетін  тренингтік 
жұмыстарда  ескерілді.  Бұл  тесттен  ата-аналардың  ҿз  балаларының  жолдастарын  ұнатпайтынын, 
қоршаған ортасына риза еместігі байқалады жҽне ата-аналардан гҿрі жолдастарымен уақыт ҿткізгісі 
келетіні анық. Сол себептен, коррекциялық бағдарламада ата-аналарға жеткіншектік кезеңнің негізгі 
ерекшелігі, баланың қажеттіліктері мен талаптары жҿнінде толық ақпарат берілуі керектігі байқалды. 
Ҿйткені қатынастағы қайшылықтар кҿбіне ата-ананың баланы еш түсінгісі келмейтінімен жҽне түсіне 
алмайтынымен  байланысты.  Агрессивтілік  біздің  зерттеуіміз  бойынша,  белгілі  бір  жағдайларда 
туындайтын,  түрлі  стимулдарға  жауап  ретінде  туындайтын  агрессивті  іс-ҽрекет  (S  →  R)  екенін 
жоғарыда айтқан болатынбыз.  
Енді  біз  ата-ана  агрессиясы  бала  агрессиясымен  байланысты  екенін  дҽлелдейік.  Ол  үшін  ата-
аналарға    Басс-Даркидің  сұрақнамасы  жүргізіліп,  сҽйкесінше  жеткіншектердің  мҽліметтерімен 
салыстырылды. 
 
Жеткіншектердің кҿрсеткіштері: 
Жалпы  
агрессивтілік 
 
№1  №3  №4  №5  №6  №7  №17  №11  №10  №13  №21 
27 
26 
30 
32 
34 
29 
28 
31 
30 
29 
25 
Мұндағы агрессивтіліктің нормасы 21±4. 

 
147 
Ата-аналардың кҿрсеткіштері: 
Жалпы  
агрессивтілік 
 
№1  №3  №4  №5  №6  №7  №17  №11  №10  №13  №21 
25 
24 
31 
29 
30 
23 
25 
30 
28 
27 
25 
Эксперименттік  зерттеу   нақты  жүйе бойынша ҿзіндік кезеңдері бар: мҽселені  тұжырымдау  
жҽне гипотеза шығару, зерттеу ҽдістемелерін  құрастыру  жҽне құрал таңдау, сыналушыны  іріктеу, 
ҿзгеру  жоспарларын  жасау, талдау  жҽне  интерпретациялау, ғылыми  есеп  беруді  даярлау. 
Психологиялық зерттеуде  «Корреляция»  ұғымы  (қатынастық)  қолданылады. Корреляциялық  
зерттеу  -  бірнеше    ауысым    арасындағы    статистикалық    байланыс  туралы    гипотезаны  мақұлдау  
немесе жоққа шығару.   Корреляциялық  зерттеулер  статистика  қорытындысымен  аяқталады. 
Ҽдістемелердің  валенттілігі,  дұрыстығы  статистикалық  мҽнділігін  Спирменнің  коэффициентті 
корреляциясы  бойынша  ҽр  түрлі  кҿрсеткіштердің  рангілерінің  арасындағы  байланысты  салыстыру 
арқылы тексеріледі [4]. 
Спирмен r
s  
рангілік корреляция коэффициентін есептеу ерекшелігі: 
А жҽне В ҿзгергіштерін (екі белгіні немесе екі иерархияны) анықтаймыз; 
А жҽне В ҿзгергіштеріне жеке-жеке тиісті ранг береміз (кіші рангқа 1 саны беріледі); 
Ҽрбір  қатар  бойынша  А  жҽне  В  арасындағы  айырмашылықты    d  есептеп,  кестенің  үшінші 
столбына енгіземіз; 
Ҽрбір айырмашылықтың квадратын d
2
 есептеп, кестенің үшінші столбына енгіземіз. 
Квадраттар суммасын есептейміз: ∑d
2
 
Бірдей ранг болған жағдайда тиісті ҿзгертулерді енгіземіз: 
 
мұндағы – А рангілік қатардағы ҽрбір рангілік топтың аумағы; 
b – В рангілік қатардағы ҽрбір рангілік топтың аумағы; 
Рангілік корреляция коэффициентін формула бойынша есептейміз:  
а)Бірдей ранг болмаған жағдайда: 
 
б)бірдей ранг болған жағдайда: 
 
Мұнда: ∑d
2
 – ранг арасындағы квадраттар суммасының айырмашылығы 
Т
а
 жҽне T
b
- бірдей рангтегі түзетулер 
N  –  сыналушылардың  немесе  белгілердің  саны.  (Спирмен  критерий  бойынша  мҽліметтер 
Е.Сидоренконың Методы математической обработки в психологии кітабынан алынды) 
Енді  ата-аналардың  қатынасы  балаларға  тікелей  ҽсер  ететінін  Басс-Даркидің  ҽдістемесі 
негізінде, Спирмен критеридің кҿмегімен есептейміз.  
Ол  үшін  Басс-Даркидің  ҽдістемесін  ата-аналарға  да,  балаларға  да  ҿткізіп,  жалпы  агрессия 
кҿрсеткішін кестеге салып, есептейміз. Спирмен критеридің негізінде біз, ата-аналардың агрессиясы 
балаларға қаншалықты ҽсер ететінін есепетеп алуға мүмкіндік аламыз. 
Экспетименттік зерттеу мҽліметтерінің алғашқы нҽтижелерін қарастыру барысында зерттелуші 
жауаптарындағы шкалалық кҿрсеткіштер арасында ҿзара байланыс бар ма деген сауал туындайтыны 
анық. Осыған орай эксперименттік зерттеу болжамы анықталды. 
Н0 – Ата-ана мен балаға жүргізілген агрессияны анықтау ҽдістемесінің шкалалық кҿрсеткіштері 
арасында ҿзара байланыс жоқ.  
Н1 – Ата-ана мен балаға жүргізілген агрессияны анықтау ҽдістемесінің шкалалық кҿрсеткіштері 
арасында ҿзара тығыз байланыс бар. 
 
№ 
Балалардың 
мәліметтері 
Ранг 

Ата-ана 
мәліметтері 
Р
анг N 

d ² 
1. 
27 

25 

-1 

2. 
26 

24 




 
148 
3. 
30 
7,5 
31 
11 
-3,5 
12,25 
4. 
32 
10 
29 



5. 
34 
11 
30 
9,5 
1,5 
2,25 
6. 
29 
5,5 
23 

4,5 
20,25 
7. 
28 

25 



8. 
31 

30 
9,5 
-0,5 
0,25 
9. 
30 
7,5 
28 

0,5 
0,25 
10. 
29 
5,6 
27 

-0,4 
0,16 
11. 
25 

25 

-3 


 
 
 
 
 
 
49,41 
 
 
 
                        49,41                    296,46 
Rs = 1 -  6 ·  ---------------- = 1 -  -------------   = 1  0,22 = 0,78 
                    11*(11² -1)                 1320 
Енді таблица бойынша Rs критикалық мҽнін кҿрейік: 
       0,61      (р 

 0,05) 
Rs =  

 ----------------------------,      Rs эмп  

 Rs кр ,   (р 

 0,01) 
       0,76       (р 

 0,01) 
 
Жауабы:  Н0  шеттетіліп,  Н1  қабылданды,  яғни  ата-ана  мен  балаға  жүргізілген  агрессияны 
анықтау ҽдістемесінің шкалалық кҿрсеткіштері арасында ҿзара тығыз байланыс бар. 
Нҽтижелердің  кҿрсетіп  отырғанындай,  ата-ана  да  кейбір  жағдайларда  агрессияны  тудырушы 
стимул  тҽріздес  болады.  Сондықтан  да  жеткіншектік  кезең  дағдарысыты  кезең  екенін  түсініп,  бұл 
кезеңде  баламен  ерекше  қатынас  орнату  керек:  оның  психикалық  даму  ерекшелігін  түсіне  алу, 
нормалықты  одан  талап  етпеу,  тым  жоғары  талаптарды  қоймау,  ҽрдайым  шыдамдылық  танытып, 
жақсы  сапаларына  сеніммен  қарау,  кҿмек  кҿрсетуге  ҽрдайым  дайын  екеніңізді  білдіру,  дҿрекілік 
айтып, басқалармен салыстырмау, кҿңіліне тимеу, ҽрдайым оны сыйлау, жақсы ҽрекеттерде мадақтап 
отыру  қажет.  Сондықтан  да  біз,  коррекциялық  жұмыстарды  ұйымдастыруда  жоғарыдағы  барлық 
мҽліметтерді  ескеріп,  жеткіншектерге  жҽне  олардың  ата-аналарына  арнайы  жаттығуларды 
сҽйкестендірдік. 
  Диагностикалық  мҽліметтерге  байланысты  тренингтік  жұмыстардың  негізгі  мақсаты: 
тұлғааралық жҽне мінез-құлықтық ҿзгерістердің негізінде құқық бұзушылықты алдын алуда ҿзіндік 
талдау  қабілетін  жҽне  ҿзіндік  сананы  дамыту,  жеке  тұлғалық  даму  процесін  стимулдау,  тұлғалық 
шығармашылық  потенциалын  жүзеге  асыру,  ҿмірлік  іс-ҽрекеттердің  оптималды  деңгейіне  жеткізу, 
позитивті ҿмірлік мақсаттарды қалыптастыру мен қабылдау, оларға жетуде мотивацияны дамыту. 
  Тренингтен  күтілетін  нҽтижелер:  үрей  мен  агрессивтілікті  тҿмендету,  адекватты  ҿзіндік 
бағалауды қалыптастыру, жеткіншекдерді ҿз істеріне жауапкершілікпен қарауға талпындыру, мінез-
құлықты басқару мен талдау қабілеттіліктерін дамыту, позитивті ҿмірлік мақсаттарды қалыптастыру 
мен  қабылдау,  оларға  жетуде  мотивацияны  дамыту,  шығармашылық  потенциалын  ашу,  оларды 
жүзеге  асыруда  талпынысты  актуализациялау,  ҿзіндік  ҿзектелуге  бағытталған  құқық  бұзушылықты  
қайта жасау қаупін тҿмендету. 
Ата-аналармен  жүргізілетін  топтық  жұмыстың  мақсаты:  ата-аналардың  ҿз  балаларына  деген 
қарым-қатынасын  іштей  қабылдау  жағына  қарай  ҿзгерту,  балалар  мен  ерлі-зайыпталардың  қарым-
қатынасындағы  конфликтті  жағдайларды  шешуде  конструктивті  ҽдістерді  пайдалана  алу,  баланың 
тұлғалық потенциалын дамытуға түрткі болатын жағымды отбасылық микроклиматты қалыптастыру. 
Күтілетін  нҽтижелер:  баланың  жан-жақты  дамуы  үшін  жағымды  отбасылық  микроклиматты 
қалыптастыру,  бала  тҽрбиесі  аясында  ата-аналық  құзіреттіліктің  деңгейін  кҿтеру,  ата-аналардың 
балалармен конструктивті ҿзара қарым-қатынастық дағдыларды қалыптастыруы мен пайдалана алуы, 
ата-аналық рҿлдерде адекватты ҿзіндік бағалауды қалыптастыру.  
Эксперименттік  параметрлерін  талдасақ,  экспериментке  дейінгі  уақыттағы  кҿрсеткіш  пен 
эксперименттен кейінгі айырмашылық кездейсоқ емес, оның мҽнділігін дҽлелдеу үшін статистикалық 
ҽдіс қолданылды. 

 
149 
Корреляциялық  байланыс  дегеніміз  екі  тҽуелді  айырмалардың  арасындағы  ҿзгешеліктерді 
анықтау.  Корреляциялық  байланысты  мынадай  деңгейлерде  бҿлуге  болады:  жоғары  мҽнділіктегі, 
мҽнді, белгілі сенімділікке ие, мҽнді емес корреляциялар бҿлінеді.  
Біздің  анықтаушы  экспериментіміздің  қорытындысы  дамытушыдиагностикалық  жұмыстардың 
тиімділігін  жҽне  мінез-құлық  ауытқушылықтары,  агрессия,  ҿшпенділік,  қарым-қатынас 
қиындықтарын тҿмендетуге кҿмектесетінін дҽлелдеді.  
Эксперимент  девиантты  балалардың  қарым-қатынасының  тиімділігінің  арттуына  жҽне  мҽнін 
толық түсінуіне мүмкіндік алады. 
____________________________ 
1.Клейберг Ю.А. Психология девиантного поведения: Уч пособие для вузов. –М., 2001.  
2.Баженов  В.Г.,  Баженова  В.П.  Психолого-педагогическая  диагностика  и  коррекция  девиантного 
поведения школьников.-Тараз, 2003.  
3.Анн Л. Психологический тренинг с подростками. СПб., 2003. 
4.Сидоренко Е. Методы математической обработки в психологии.-Санкт-Петербург, 2010. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет