Жеңіс БАҺАДҮР. «Соғады жүрек»
42
АЛЫП ЕЛ
АСТАНАСЫНДАҒЫ
АЙЛАР
Бармасаѕ, кґрмесеѕ жат боларсыѕ
Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігі сал-
танат құрған өткен 25 жыл қазақ халқының əлем
өркениеті кеңістігіндегі барлық құрлықтар мен
материалдық жəне рухани мəдениет салалары бой-
ынша ынтымақтастық байланыстарының кеңінен
өрістеген кезеңі болды. Əсіресе, қазақ ғалымдарының
алыс, жақын шетелдердің жоғары оқу орындарында
ғылыми-зерттеу, мəдени орталықтарында арнайы
шақыртулармен іссапарларға барып, дəрістер оқуы,
тəжірибе алысулары тұрақты дəстүрге айналды.
Осындай бағдарлы іссапарлар аясында Қытай Халық
Республикасының астанасы Бейжіңдегі Орталық
Ұлттар университетінде 2013 жылдың қазан, қараша,
2016жылдың мамыр, маусым айларында болғаным
менің де негізгі кəсіби, ұстаздық жəне зерттеушілік
жұмысымның көрнекті көрсеткіштері қатарында
бағаланды. Аталған екі кезең айларындағы
іссапарларымда мен мынадай теориялық пəндер
бойынша дəрістер оқыдым:«Əдебиет теориясы
зерттеулерінің методологиясы», «Əлем əдебиеті»,
«Қазақ əдебиеті шығармаларының эстетикалық
табиғаты», «Қазақ əдебиеті тарихының өзекті
мəселелері», «Таңжарық тану жəне де шетелдердегі
қазақ əдебиеті» . Университет, факультет басшыла-
ры менің оқитын дəрістерімдегі жеке тақырыптар
жазылған жəне менің үлкейтілген фотосуретім бей-
неленген көрнекті плакат-жарнаманы оқу орнының
ғимараттары қабырғаларына іліп қойды.
Университеттегі «Қазақ тілі мен əдебиеті»
факультетіне қарасты бакалавриат (1-5-курстар),
магистратура,
докторантура (Ph.D) (1-3-кур-
стар) мамандықтары бөлімдерінде білім алып
жатқан білімгерлер, университеттің оқытушы-
профессорлары, оқу басқармасы, деканат жəне сая-
си ұйым басшы қызметкерлері барлық дəрістеріме
үздіксіз қатысып отырды. Нақтылап айтқанда,
менің барлық дəрістерім ашық сабақтар сипа-
тымен өткізілді, əсіресе, «Жалпы беттік дəріс»
атауымен
дəрістерім
өтілген
дəрісханадағы
бейнекөрілім, фототүсірілім құралдарымен, жал-
пы университеттің ғаламторлық жарияланымымен
насихатталды. Бұл менің дəрістерімнің ғылыми-
теориялық, оқу-əдістемелік тұрғыдағы деңгейімді
жалпы халықтық назарға көрсетудің көрнекті
көрсеткіші еді. Университеттің басқа да қоғамдық-
гуманитарлық мамандық бөлімдеріндегі түркі
тілдес білімгерлер де, оқытушы ұстаздар да менің
дəрістеріме арнайы келіп қатысып отырды. Барлық
дəрістердің оқытылу сапасына байланысты əрбір
пəнімді бағалаған арнайы дəрежелі сертификаттар
берілді.
Бейжіңдегі Орталық Ұлттар университетінің
кітапханасында əлем халықтары жəне қытай тіліндегі
көркем əдебиет, ғылыми-зерттеу кітаптары мол
жинақталған. Қазақ тарихы, фольклор мен əдебиет
салаларына арналған антологиялық жинақтар,
көркем əдебиет кітаптары, ғылыми-зерттеу моно-
графиялары қазіргі Шынжаңда қолданыста жүрген
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ
филология ғылымдарының док-
торы, профессор, Жамбыл атындағы
халықаралық сыйлықтың лауреаты.
43
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ. «Алып ел астанасындағы айлар»
Ахмет Байтұрсынов əліпбиімен жəне қазақстандық
кириллицамен жазылған. Білмгерлердің Бейжіңдегі
Орталық мемлекеттік кітапханада да оқып дайын-
далуына мол мүмкіндік жасалған. Университеттегі
дəрісханалардың барлығы да бейнекөрілімдерді
дыбыстық жазбаларды пайдалануға арналған қазіргі
заманғы техникалық құралдармен жабдықталған.
Сонымен бірге барлық білімгерлердің ғаламторлық
материалдарды да пайдалануына мол мүмкіндік
бар.
Орталық Ұлттар университетінде Қытай
Халық Республикасының əр өлкелерінен, сонымен
бірге əлем мемлекеттерінен келіп білім алып жатқан
білімгерлердің (студенттердің, магистранттардың,
докторанттардың) ұйымдастыруымен жыл сай-
ын дəстүрлі халықаралық футбол жарыстары,
өнер фестивальдары тұрақты өткізіледі екен. Мы-
салы мамырдың 22-і күні университет алаңында
өткізілген халықаралық өнер фестивалінде əлем
мемлекеттерінің (Қазақстан, Қырғызстан, Украи-
на, Армения, Вьетнам, Корея, Тайланд, Монғолия,
Өзбекстан) ҚХР-да оқып жатқан аталған елдер
білімгерлерінің ұлттық-этнографиялық көрмелік
көрсетілімдері,
концерттік
бағдарламалары
бəрімізді əсерлендірді. Қазақстан Республи-
касы жастарының қазақша киінуі, тұрмыстық
тұтыну заттарды (ыдыс-аяқ, егіншілік, мал бағу
құрал жабдықтары, т. б. ), ат əбзелдерін (ер-
тұрман, қамшы, т. б), ұлттық ойындарды (асық,
тоғызқұмалақ), ұлттық тағамдарды (ет, қуырдақ,
қымыз, наурызкөже, бауырсақ, балбауырсақ, құрт,
ірімшік, сарымай, сүзбе, т. б. ) көрсетуі, жыраулар
(Асанқайғы, Ақтамберді, т. б. ) толғауларын ежелгі
алтайлық-түркілік мақамдармен-саздармен, əр түрлі
əуездік аспаптармен (домбыра, дауылпаз) қосыла
орындауы, ұлттық би үлгілерін ( «Қамажай», «Қара
жорға» ) топтана билеуі--бəрі де айырықша ерекше-
лене көрсетілді. Қазақстан жастары (магистрант-
тар-Шырын Əнуарбекова, Айдана Шалғынбаева,
студенттер-Еңлік Кемелова, Айбану Шамшие-
ва, Ольга Периястрова, т. б. ) дайындаған көрмеге
əлемнің əр түкпірлерінен келген сан алуан халықтар
өкілдерінің қызығушылығы айырықша байқалды.
Қазақстан Республикасы жастарының ұлттық-
этнографиялық көрмесінің ұйымдастырылуында
Шынжаң өлкесінен келіп білім алып жатқан «Қазақ
тілі мен əдебиеті» факультетінің студенттері (Серік
Қисаұлы, Асылхан Бақытұлы, Есілхан Сəкенұлы,
т.б.) ерекше белсенділікпен ат салысты.
Орталық
Ұлттар
университетінің
əр
түрлі мамандық факультеттерінде білім алып
жатқан студент жастардың жыл сайын өткізіліп
келе жатқан дəстүрлі «Тоғыз құмалақ» ұлттық
спорттық ойыны да əсерлі өтті. Ойынның ашы-
луында университеттегі өнер факультетінің дом-
бырашылар тобы Құрманғазының, Тəттімбеттің,
Дəулеткерейдің
күйлерін
орындады.
Қазақ
ақындарының азаматтық, отаншылдық, ұлттық
рухтағы өлеңдерін оқыды. 12 жұп бойынша қатысқан
«Тоғызқұмалақ» сайысының қорытындысында
бірінші, екінші, үшінші орындардың жеңімпаздары
арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Қытай Халық Республикасының барлық
өлкелеріндегі жоғары оқу орындарында білім
алып жатқан қазақ жастарының қоғамдық əдеби-
шығармашылық бірлестік одағының да дəстүрлі
сипаты қалыптасқан. Бейжіңдегі Орталық Ұлттар
университетіндегі «Қазақ тілі мен əдебиеті»
факультетінің білімгерлері əдеби шғармашылық
бірлестігінің
ұйытқы-ұйымдастырушы
болуы-
мен ҚХР-дағы талапкер қаламгерлердің балауса
туындыларының жинақтары жыл сайын жарық
көреді. Осы бірлестіктің ұйымдастыруымен өткен
мүшəйраға жеті талапкер ақын қатысты. Талапкер
ақындар өздерінің төлтума өлеңдерін жəне қазақтың
классикалық поэзиясындағы хакім Абайдың, Қадыр
Мырзалиевтің,Төлеген Айбергеновтің, Мұқағали
Мақатаевтың, Мұхтар Шахановтың жырларын
мəнерлеп оқыды. Бағалау қорытындылары бой-
ынша жас талапкер ақындар Шалқар Мұратұлы,
Ардақ Тұрсынбайқызы-бірінші, Назар Гімішұлы,
Гүлзат
Жеңісқызы-екінші,
Нəли
Нəбиқызы,
Гүлнұр Еркінқызы, Жанат Бақытнұрқызы-үшінші
орындарды иеленіп, арнаулы мадақ грамота
сыйлықтармен марапатталды. Қытай саяси-заң
университетін бітіруші Қайрат Мосылбайұлы
«Күлкіңді сағындым» тақырыбымен өткізген
шығармашылық кеші де қызықты өтті, өнерпаз
жігіт Қайраттың сатиралық, комедиялық мазмұнды
көрсетілімдерінде қазіргі ұрпақтарды адамгершілік,
имандылық қасиеттер рухында қалптастыруға
арналған этикалық-педагогикалық өзекті мəселелер
қамтылды.
Универстет, факультет басшылары Бейжіңде
44
* «Үркер»* №8* 2016
болған айларымда менің көптеген тарихи-
мəдени орындарды көруімді ұйымдастырды.
Бейжің қаласынан 75 шақырымдық қашықтықта
орналасқан əлемге əйгілі кереметтердің бірі-
Қытайдың Ұлы қорғанына апарды. Жалпы
ұзындығы 8850 шақырымнан асатын, үстінде бес
салт атты кісі қатар еркін жүре алатын таңғажайып
осы алып қорғанның үстімен жүргенде оның өркеш-
өркеш биік таулардың үстімен өтетінін көрдім,
Алматыдан келіп жанымда жүрген кенже қызым
Ақнұршат жəне əріптес профессор Бағдан Момы-
нова үшеуімізді факультет деканы,профессор Жаң
Диңжиң өзінің жеке машинасымен аталған ұлы
қорғанның Тынық мұхит жағалауындағы баста-
латын жеріне алып барды.Ұлы қорғанның Тынық
мұхит жағалауынан басталатын жерін «Айдаһардың
басы» деп атайды екен. Тынық мұхиттың суына
бетімізді, қолымызды шайып, жағалаудағы ежелгі
заманғы əскери қамалдарды, олардың ішіндегі
бөлмелерде орналасқан қолбасшылардың кеңес
құрып отырған мүсіндерін, сан алуан қару-жарақ
құралдар көрмелерін тамашаладық.
Бейжің қаласындағы Орталық Мемлекеттік
мұражайдағы
əлем
халықтарының
қолөнер
бұйымдарының
көрмелерін
де
араладық.
Мұражайдың көлемді бір залына «Ұлы Дала өнері»
тақырыбымен қазақтың көрмелік өнер туындыла-
ры қазақтың ат əбзелдері, əуез аспаптары, ұлттық
киімдер, т. б--көптеген заттар қойылғанын оларды
планетамыздың əр елдерінен келген адамдардың фо-
тосуретке түсіріп, қызыға үңіліп қарап жатқандарын
көріп, мақтаныш сезіміне бөлендім, Бейжіңдегі
Бас Алаң Тиəн-əнмін жанындағы Мемлекеттік
опера театырындағы қойылымдарға да арнайы
шақырту билеттерімен барып, əлемдік классикалық
қойылымдарын көрдім. Бейжіңдегі Мемлекеттік
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар Акедемиясында
болып, ондағы ғалым əріптестеріміздің фольклор-
тану, əдебиеттану, тарих, философия ғылымдары
салалары бойынша жүргізіп жатқан іргелі ғылыми-
зерттеу жұмыстарымен таныстым.
Мен дəрістер оқыған Бейжің Орталық
Ұлттар университетінің «Қазақ тілі мен əдебиеті»
факультеті 1951жылы алғашқы негізі қаланып
ашылған екен. Көп жылдық тарихы бар бұл
факультеттегі қазақ, ханзу ұйғыр ғалымдарының
негізгі
зерттеулері
жалпы
түркі
танудың
өзекті мəселелеріне арналуымен ерекшеленеді
екен. Қытайдың көне мұрағаттарындағы түркі
халықтарына қатысты жазба ескерткіш мұраларды
қазіргі заманғы салыстырмалы тарихи граммати-
ка заңдылықтары бойынша саралауға, талдауға
арналған еңбектердің ғылыми жаңашылдығы
өзекті, зəру мəселерді анықтауларымен құнды.
Қытай мұрағаттарында көне түркілік жазбалардағы
тіл біліміне қатысты мəтіндерді ғылыми зерт-
теу нысандарына алып, жаңашыл докторлық
(Ph.D), магистрлық диссертациялардың сапалы
нəтижелі қорғалуындағы көрнекті ғалым-ұстаз,
профессор Еркін Ауғалидың өзіндік мектебі
қалыптасқан екен. Өзі де іргелі еңбектер жа-
зып, жаңашыл диссертациялардың қорғалуына
жетекшілік етіп жүрген Еркін Ауғалидың ғылыми-
зерттеу мектебінің жаңа буын ізденушілері қазақ
ғалымдарының əлемдік түркі тануда əлеуетін
күшейтетіні ақиқат. Бұл орайда, факультеттегі
магистрлық, докторлық диссертацияларды қорғау
кеңестеріне мүше, байқаушы-сарапшы тұрғысында
да қатыстым, пікір алысуларда өзіндік ойларымды
да ортаға салдым.
Бейжіңде болған аталған айларда «Шыңжаң»
газетінде
мақалам
жарық
көрді,
Шыңжаң
телебағдарламасында, Орталық радиостанция-
сы хабарында арнайы сұхбатым берілді. Қытай
Халықаралық радиосының «Жаңа Жібек жолы»
бағдарламасы бойынша арнайы бейнекөрілім-
сұхбатым жоспарланып жазылды, бұл бейнекөрілім-
сұхбатымда Қытай Халық Республикасы мен
Қазақстан Республикасы арасындағы мəдени
ынтымақтастық, жоғары оқу орындарындағы
филолог
мамандар
дайындаудың
бірлескен
ортақ мəселелері, қытай-қазақ əдеби, ғылыми
шығармашылық
байланыстарын
дамытудың
маңызы, т. б. өзекті мəселерді қамтыдым.
Қорыта айтқанда, алыптың астанасында
өткен айлар – менің шығармашылық ғұмырымының
биік белестерінің бірі. Көп ғасырлық тарихы,
мəдениеті бар Қытай Халық Республикасы мен
Тəуелсіз Қазақстан Республикасы арасындағы
қазіргі заманғы өркениет талабына сəйкес бо-
лып
жатқан
мұндай
байланыстарымыздың
халықтар арасындағы мəңгі татулықты, рухани
ынтымақтастықты дамыта беретіні ақиқат!
45
РУХЫМЫЗ УЛАНЫП
БАРАДЫ
Айтайын деп айтпайсыѕ
Егемендік алып еңсесін тіктеген байрақты
елдің бір ұланымын. Арманыма қанат байлаған
болашақ журналистпін. Биыл тəуелсіздігіміздің
ширек ғасырлық тойын тойлаймыз. «Қазақстан»
деген елді, «қазақ» деген халықты əлем танитын
жағдайға жеттік. Көк байрағымыз көкте желбірейді.
Шыққан асуларымыз, жеткен жетістіктеріміз,
бағындырған белестеріміз қаншама!
Дегенмен де, өмір атты өзен зулаған сайын,
қоғам өмірінде даңғойлық пен атаққұмарлық,
жасандылық пен жағымпаздық, əділетсіздік
пен надандық кең етек жая бастады. Қазіргі
қазақ қоғамында көк қағаздың құны ар-
тып, жемқорлықтың жалыны өршіген. Қалтаң
қалың болса болғаны, биліктің мінберінен бір-ақ
шығуға мүмкіндігің бар. Бұл бүгінгі қоғамның
ащы да болса айқын көрінісі. Саясаттың сары-
нын ұқпайтындар билік тізгінін тартып, ғылым-
білімнен бейхабарлар көл-көсір атақ-даңққа
бөленеді. Жаратушы – Алланың құдіретінен гөрі,
қайдағы көк қағаздың құдіретін жоғары санайтын-
дар саны жылдан-жылға еселене түсуде. Білім,
өнер, ғылым, спорт ,саясат сынды сан салаларда
қаражаттың көлеңкесі қылаң береді. Қу ақшаның
дəурені осылайша ойнақтап тұр. Ойнақтаған
сайын, адамның ой-санасын ойрандап жатқан
жайы бар. Рухани болмысқа орасан зор сызат
түсіріп, адами қалыптан арылтып жатқандығы
да баршамызға аян. Қоғамдағы ащы көрініске
алаңдаушылық танытып, қалам тербеп жүрген
тұлғалар да аз емес. Солардың бірі - білімнің
көкжиегін кеңейтіп, ғылымның түбін түсірген
-Төрегелді Шарманов атамыз, «Егемен Қазақстан»
газетінің өткен жылғы сандарының біріндегі
«Құндылықтар құлдырауы» атты мақаласында
бүгінгі күннің бет-пердесін анық ашып берген
еді. Ол өз мақаласында, кезінде қажырлы еңбегі
мен талмай ізденісінің нəтижесінде қол жеткізген
« академик » атағының қазіргі қоғам алдында
абыройы қалмағандығын баса айтып көрсеткен.
«Ғылыми атақ-дəреже атаулы қадірінен айырылып,
жарнама бизнесінің жалауына айналғандай », -деп
ой түйген академик атамыз, атаққұмарлықтың кең
өркен жайып кеткеніне қатты қынжылады. Расын-
да да, арам ақшамен білімді де сатып алуға бола-
ды екен-ау?! Мен осы мақаланы оқып отырып, ра-
сында құндылықтардың құлдырап кеткеніне көзім
жетті. Кім көрінген ғылым-білімнің жетегінде
жүре алмасы хақ. Алайда, жылдан-жылға про-
фессор, академик, ғылым докторы, ғылым кан-
дидаты сынды жоғары атақ иелерінің еселене
түсуі көңілге күдік ұялатары сөзсіз. Келешектің
тұтқасын ұстайтын, еліміздің тізгінін тартатын
– жас-ұрпақтың келешек тағдыры қалай болмақ?
Осы өзекті сұрақ мені көп толғандырады. Хакім
Абайдың кезінде өз дəуірінің бай-шекпенін
Арайлым ТАСТЕМІР
Қожа Ахмет Ясауи атындағы
Халықаралық қазақ-түрік университеті
журналистика бөлімінің студенті.
46
өткір сынға алған «Болыс болдым мінекей,
Бар малымды шығындап » деген теңдессіз өлең
жолдары бүгінгінің бет-бейнесін айқын таны-
тып тұрғандай. Биліктің төрін аңсағандар төрт-
түлігін беріп шығынданбаса да, қаражат көзін
тықпалаумен əуре. Атаққұмарлықты былай
қойғанда, қазақ қоғамында қараңғы кəсіп түрі
-жемқорлықтың жалыны өршіп тұр. «EXPO 2017»
көрмесіне бөлінген қыруар қаржының есепсіз
ел шенеуніктерінің қалтасына түсуі, бұл сыбай-
лас жемқорлықтың анық айғағы болып отыр. Ел
мінберіне кеше көтерілгендердің ,көп ұзамай
былығы дүйім жұртқа əшкере болып жатқандығы
да жасырын емес. Бұл көрініс бүгіндері халыққа
таңсық құбылыс болудан қалған. «Халықтың
қамын ойлаймыз деп келіп, нанын ұрлап жеп
кететіндер» осы күнге дейін ел билігінде жиі
кездеседі. Ауылдағы ата-əжеміз: «Əй, мынау
Пəленшиев Пəленше емес пе? Келгені кеше, пəлен
миллион жымқырыпты»,- деп жағасын ұстап жата-
ды. Бұл жемқорлық – ел тағдырын талқандайтын
жүзі өткір қылыш іспетті. Тыныштық тұрағыңды
əп сəтте-ақ қақ бөле салуға даяр. Қиналатын
қарапайым халық қана. Аттаған қадамыңа арам
ақшаны тықпалап, қанжығаңды харам қаражатқа
толтыра берсең, елдігіңнің дымы қалмас. Сан
ғасырдан бері жаулардан қызғыштай қорып кел-
ген ұлан-ғайыр жерімізбен қазына-байлығымызға
кім көрінген қол сұға берсе, сіңірі шыққан кедейдің
күйін кешеріміз анық.
Билік тағы кім-көрінгеннің тақымына
тие бермейтін киелі орын дейміз. Соңғы кездері
киелі сахна жұлдыздары мен шаршы алаңның
чемпиондары депутаттыққа кандидаттардың
легінде жүрді. Сайлау қарсаңында, ең ал-
дымен
өнер
жұлдыздарының
аты-жөндері
ауызға алынды. Экономика, əлеумет, саясат
салалары сахнаның сылқымдары мен спорт
саңлақтарының мұрнына иісі бармайтын кəсіп
түрі емес пе?! Микрофонды басқару мен ел
тізгінін басқару екі бөлек құбылыс екенін ескер-
сек, осы бір арзан атақ-дəреже аңсаушылардың
бүгінгі əрекетіне тосқауыл қою керек секілді.
Алайда, биліктің жоғары эталонындағылар
бұл
жайтқа
үнсіздік
танытып
келеді.
Елбасының көреген саясатының нəтижесінде,
Қазақстан қарыштап даму үстінде. Небір ірі
ғимараттар бой көтеріп, қалалардың кескіні мен
келбетіне көрік беріп жатыр. Айбынды Астана-
мыз əлемге əйгілі болып отыр.
Жаңа инновациялық-индустриялық жо-
балар іске асып, жүздеген фабрика-зауыттар
ел экономикасының қарыштап дамуына сүбелі
үлестерін қосып келеді. Дегенмен, еліміздың
сырт келбеті келісті болғанмен ішкі руханияты-
мыз ақсап тұр. Ұлттық сана, ұлттық құндылық
тасада тентіреп, рухани болмыс иманын жоғалтып
барады. Ұлтымыздың ана сүтімен дарыған -туған
тіліміздің бүгінгі жайы мəз емес. Бұл туралы та-
лай қалам тербелді, талай жиындарда сөз бол-
ды. Алайда, шығып жатқан оң өзгеріс жоқ. Қазақ
қазақпен орысша сөйлессе, ұлттық мүддеміздің
тірідей көмілгендігі емес пе?! Солай бола тұра ,
сылдыр сұйық сөзге келгенде тілдің нағыз жана-
шыры бола қаламыз да, іс-əрекетке келгенде сол
сезімсіздердің қатарын толықтырып тұрамыз.
Ірі қалаларда өріп жүрген шала қазақты жиі
кездестіреміз. Дүкенге бара қалсақ, бар орыс-
шамызды аузымызға салып, « акцент » деген
ақаулықты білдіртпеуге жанталасып жатамыз.Өз
жерімізде жүріп, өзгенің тілін тұтынсақ қазақ бо-
лып не үшін жүрміз десеңізші...
Сөйлеу былай тұрсын, орыс тілінде
қатесіз жазудың да хас шебері болып алғанбыз.
Əлеуметтік желіде орыс тілін ала-құла етіп жаза
салсаңыз болды, аяқ астынан «не грамотныйдың»
нағыз өзі болып шыға келесіз. Ал, қазақ тілін
қалай қолдансаңыз да өз еркіңіз. Сөзіңізді сүзгіден
өткізетін сыншысымақтар да кездеспейді. Қазақ
тіліне
келгенде,
кем-кетік
түзелмейтіндігі
де жасырын емес. Қазақтың қанына біткен
намысшылдығының қайда қалғанына кейде тіпті
таң қаласың. Осы аталған ащы мысалдар, қазақ
қоғамының келбеті көріксіз реңге боялып бара
жатқандығынан хабар беріп тұрғандай. Осыған на-
лимыз, құндылықтарымыздың құлдырауы терең
ойларға жетелейді. Рухымыздың уланып бара
жатқанына жүрегіміз қан жылайды. Адалдықты
бойтұмар етіп, құндылықтарымызды қастерлей
білейік, Қазақ елі!
*«Үркер»*№8* 2016
Редакция мекенжайы:
050009. Алматы қаласы.
Абай даңғылы, 143, 6-қабат.
Телефондар:
бас редактор – 394-41-34,
бөлім
– 394-37-27
компьютер
бөлiмi
– 394-37-87
www.urkerkaz.kz
E-mail: Urker_2010@mail.ru,
Журнал Қазақстан Респуб-ли-
касы Мəдениет жəне ақпарат
министрлiгiнде 06.04.2009 ж.
қайта тiркелiп, № 10017-ж
куəлiк алған. Айына бір рет
шығады.
***
Басуға қол қойылды: . .2016
Қағазы офсеттiк. 4,2 баспа
табақ. Форматы 84х108/16.
Таралымы . Тапсырыс №1000.
Бағасы келiсiмдi.
***
Редакцияға түскен шығарма-
лар рецензияланбайды. Қолжазба
қайтарылмайды. Көшiрiп басқан
жағдайда «Үркерге» сiлтеме жа-
сау мiндеттi.
***
Жарияланған дүниелердегi де-
ректердiң нақтылығына автор-
лар жауап бередi.
***
«Үркер» журналында жар-
ияланған материалдардың ав-
торлық құқы «Қазақ газеттерi»
ЖШС-не тиесiлi.
***
Журнал «Қазақ газеттері»
ЖШС-нің
компьютер
орта-
лығында терiлiп, беттелiп,
«Дəуір» ЖШС-нiң Республикалық
полиграфиялық баспа комплек-
сінде басылып шықты. Алматы
қаласы, Гагарин даңғылы 93.
***
Тел. 394-39-22, 394-39-24
«Үркер», №8 (96), 2016 ж.
«Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты
жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси
«Үркер» журналы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына
орай шығармашылық жастарды қолдау
мақсатында проза, поэзия, публицистика
жанры бойынша бәйге жариялауды
жалғастырады. Осы уақытқа дейін
шығармашылық бәйгеде бақ сынаған 10 талант
жеңімпаз деп танылып, «Үркердің» арнайы
дипломдарымен қоса бағалы сыйлықтармен
марапатталған болатын. Сондай-ақ жүлдегер
шығармалар «Үркер» жаққан он шырақ» деген
атпен жеке кітап болып жарық көрді.
Бәйге шарттары:
Үміткерлер
проза
жанры
бойынша
1 әңгіме, поэзия жанры бойынша 5-7 беттік
шағын жанрдағы туындылар (дастандар мен
толғаулар қабылданбайды), публицистикалық
бағытта 1-2 мақаламен (көлемі 7 беттен
аспауы тиіс) қатыса алады.
Шығармалар Urker_2010@mail.ru
электронды мекенжай арқылы қабылданады.
Байланыс телефондары:
394-41-34, 394-37-27
Мобильдік байланыс
8-702-655-42-68.
Бәйге қортындысы
жыл аяғында Тәуелсіздік
күні қарсаңында жария-
ланатын болады.
Іске сәт, жас талант!
Бәйге Бәйге Бәйге
«Үркер» –
Үміт» бәйгесі
Мазмұны
Айбатыр СЕЙТАҚ
Азат елдің ар-намысы – Ата Заң! .....................................................................................1
Жедел мобильді топ құрылды ................................................................................2
«Үркердің» жүрдек пойызы «Қызылту» орта мектебінде .................................3
Жеңіскүл РЫСПЕМБЕТОВА
Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын жері ..................................................4
Жанат ОХАПОВА
Тарыдайды таудай жасау – парыз ........................................................................6
Дина БАТАЕВА
Маған жəне мектепке өзгеріс керек ......................................................................12
Лəззат ТҮМЕНБАЕВА
Шəкірттеріме тілек! .............................................................................................17
Айнакүл ЖАРҚЫМБЕКОВА
Заман талабы – бейіндік оқытуды жетілдіру .....................................................18
Гүлмира БАЙДАРБЕКОВА
Асыл дінім – қасиетім .............................................................................................21
Нұрайым АЙБЕКҚЫЗЫ
Менің арманым .........................................................................................................23
Айторы ЕРМАХАНҚЫЗЫ
Ауылым ......................................................................................................................25
Ернар БАЛТАБАЙ
Ана .............................................................................................................................26
Ибрагим ЕРКЕҒАЛИҰЛЫ
Қызыл гүл-Қызғалдақ туралы ертегі ....................................................................26
Гүлім ƏБІЛАСАН
Қазақты əлемге танытты – Асқар ағам .............................................................27
Назым ЖАҚАЕВА
Бірлік – менің таңдауым .........................................................................................28
Сəуле ОРАЗБАЙ
Əліпби туралы бірер сөз ..........................................................................................31
Жеңіс БАҺАДҮР
Соғады жүрек ..........................................................................................................33
Темірхан ТЕБЕГЕНОВ
Алып ел астанасындағы айлар ...............................................................................42
Арайлым ТАСТЕМІР
Рухымыз уланып барады .......................................................................................45
Достарыңызбен бөлісу: |