ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ
Құрылтайшы жəне
шығарушы:
«Қазақ газеттерi»
Жауапкершiлiгi
шектеулi серiктестiгi
Редакторлар кеңесiнiң
Төрағасы —
Бас директор
Жұмабек
КЕНЖАЛИН
Бас редактор
Қуандық Түменбай
Бас редактордың
орынбасары –
жауапты хатшы
Жарас Сəрсек
Редакция алқасының
мүшелерi:
Арман Қырықбаев
Бектұр Төлеуғалиев
Динар Нөкетаева
Мереке Құлкенов
Нұрлан Оразалин
Өмірəлі Қопабаев
Сағатбек Медеубекұлы
Техникалық редактор
Жұмағазы Омарұлы
№8 (96)
2016
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім
суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Əрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып Ант береді.
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!
Нұр шашқан жас ұрпақтың
ұғымына,
Тікелей əсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тəуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Əр бабы, əр тармағы жойылмайды,
Шектеу де жəне тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық
шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Өмірден əділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп
шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп
мақтанатын!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
Айбатыр Сейтақ,
ақын
30 тамыз – Конституция кїні
Азат елдің ар-намысы –
Ата Заң!
2
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық жəне
ішкі сын-қатерлерге жауап жəне жаңа тарихи
жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің
отыздығына кіру жөніндегі жоспар.
Бағдарламаға бес ірі реформа кіреді:
мемлекеттік заманауи аппараты қалыптастыру,
заңның үстемдігін қамтамасыз ету, инду-
стрияландыру жəне экономикалық өсім,
біртектік пен бірлік жəне есеп беретін мемлекет
қалыптастыру.
Соның ішінде кəсіпкерлердің мүдделерін
қорғау үшін бизнес-омбудсмен институ-
тын нығайтудың маңыздылығын өңіріміздің
кəсіпкерлері қуаттап отыр. Жаңа институттың
құрамына бизнестің жəне Ұлттық кəсіпкерлер
палатасының өкілдері кіреді.
Осыған орай, «100 нақты қадам» 5 ірі
реформасын жүзеге асыру барысында аудан
прокуратурасының басым бағыттарының бірі
кəсіпкерлікті қорғау жəне қолдауға бағытталған
заңнаманың қолданылуы болып табылады.
Аудан прокуратурасымен кəсіпкерлердің
құқықтарын
қорғау
мақсатында
тиісті
жұмыстар жүргізілді. Кəсіпкерлікке қатысты
2 тексеру жүргізіліп, 4 прокурорлық ықпал ету
актісі енгізілді, 4 лауазымды тұлға тəртіптік
жауапкершілікке тартылып, 10 кəсіпкерлердің
конституциялық құқықтары қорғалды.
Сонымен
қатар,
кəсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру барысында рұқсат
құжаттамаларды рəсімдеу, келісім алу кезінде
мемлекеттік органдармен көбінесе рұқсат беру
арыздарын созбалаңға салу дерегі орын алуда.
Айта кететін болсақ, көбінесе жеке
кəсіпкерлердің өтініштерін қарау кезінде
құрылыс обьектілерінің жобаларына, жер
телімдерін алу сұрақтарына жылдар бойы
келісімдер
берілмей,
олардың
жазбаша
өтініштеріне жауаптар берілмей, əкімшілік
кедергілер туғызып, нəтижесінде шағын жəне
орта бизнес субъектілерін сергелдеңге түсіреді.
Осыған орай, аудан прокуратурасының
бұйрығымен кəсіпкерлерді заңмен қорғалған
құқығын қорғау мақсатында, кəсіпкерлерді
заңсыз тексеруден жəне олардың қызметіне ара-
ласуды болдырмау мақсатында жедел мобильді
топ құрылды.
Мобильдік топ мүшелеріне аудан про-
куратурасы, Құқықтық статистика жəне ар-
найы есепке алу басқармасының Маңғыстау
аудандық бөлімі, «Нұр Отан» партиясының
аудандық филиалы төрағасының бірінші орын-
басары жəне Ұлттық кəсіпкерлік палатасының
Маңғыстау аудандық филиалының басшысы
кіргізілді.
Мобильдік топтың негізгі мақсаты –
мемлекеттік органдардың тарапынан кəсіп-
керлердің конституциялық құқықтарының
бұзылу деректері туралы арыздар мен хабар-
ламалар түскен жағдайда тез арада орын алған
жерге бару, шаралар жүргізу;
- кəсіпкерлік қызметіне негізсіз тексе-
рулер жəне кедергі келтіру деректері орын
алған жағдайда тез арада кəсіпкерлердің
құқықтары бұзылуын жою жəне кінəлі лауа-
зымды тұлғаларды əкімшілік не қылмыстық
жауапкершілікке тарту мəселесін шешу;
- кəсіпкерлердің құқықтарының əрбір
бұзылу деректеріне уақытылы жəне тез арада
ықпал етілуін қамтамасыз ету көзделген.
Осыған
байланысты,
егер
де
тексерушілердің тарапынан заңсыз немесе
дəйексіз əрекеттер анықталған жағдайда проку-
ратура органымен кəсіпкерлердің құқығы мен
мүддесін сақтау бойынша тиісті прокурорлық
ықпал ету шаралары алынады.
Смағұл ҚАСНИЯЗОВ
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы прокурорының
орынбасары
Жедел мобильді топ құрылды
Наќты 100 ќадам
3
«Қызылту» орта мектебінің шежіресі де өзге білім орда-
ларына ұқсас. Біз де көне ғимаратқа көз салып, бір сəт ойға
шомып, сырлы əлемге сүңгіп кеткендей боламыз.
Мектептің орналасқан орны: Қызылорда облысы, Шиелі ауда-
ны, Иіркөл ауылдық əкімшілігі, «Қызылту» колхозында орналасқан.
Мектеп 1927 жылы бастауыш сынып негізінде 12 оқушы, 2 ұстазбен
Ибрагим Шохаевтың бастамасымен «Барғана тамы» деген жерде
қаланды.1936 жылы 7 жылдық мектеп болып құрылды. Онда 206
оқушы, 8 ұстазбен 7 жылдық мектеп болып қайта құрылды.1958
жылы 215 оқушымен, 8 жылдық мектеп болып, ұстаз саны 23-ке
артты. Мектеп директоры Əлиакбар Монтаев басшылық жасағанда
1968 жылы 10 жылдық орта мектепке айналды. Онда 262 оқушы, 47
мұғалім болды. Мектеп директоры Сейітхан Тұрысбековтың кезінде
1989 жылы мектеп жаңа жобамен салынған үш қабатты 624 орындық
ғимаратқа көшірілді.1927-1977 жыл аралығында 9 мұғалім «Қазақстан
Республикасының Блімі беру ісінің үздігі» белгісін иеленді.
Бүгінгі таңда білім ордасының тарихы терең, шежіресі мол.
Мектептің 90 жылға жуық өмір тарихында талай қазақ баласы білім
алып, Отанымыздың игілігіне қызмет атқаруға өмірлік жолдамамен
аттанды. Мектеп өзінің өсіп - өркендеуі жолында талай қиындық
пен табысты сəттерді бастан кешіре отырып, бүгінгі таңда ауыл бала-
сын білім нəрімен сусындатып жатыр. Ұзақ жылғы білім мен тəрбие
беру жолында есімдері елге танымал азаматтарды, ғылым мен өнер
жұлдыздарын, қоғам мен мемлекет қайраткерлерін тəрбиелеп шығарды.
Ауылдың да, мектептің де тарихы мол. Ауылдан екі мəрте
Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев, 3 Социалистік Еңбек Ері
туған жерді мақтанышқа бөледі. 10 Батыр – Ана перзент тірлігімен
ел-жұртының атын алыс аймақтарға жеткізді. №149 мектеп десе, кім
болса да елең ете қалады. Бұл мектептен заңгер Балтабек Сыздықов,
дəрігер Алмасбек Монтаев, жазушы Қуандық Түменбай, т.б. есімі елге
белгілі азаматтар түлеп ұшып, ер есімін елге танытты. Бұның бəрінің
бастауында алғашқы ұстаз Ибрагим Шохаев тұр еді. Осындайда
Ш.Айтматовтың «Алғашқы ұстазы» да еске түседі. Өмір осынысымен
қызық емес пе?!
«Їркердіѕ» жїрдек пойызы «Ќызылту» орта мектебінде
4
Қазақ Елінің ұлттық идеясы – Мəңгілік
Ел. Бұл – бəсекеге қабілетті мемлекет. Ұрпағы
білімді елдің ғана бəсекеге қабілетті бола-
тынын ескерсек, мектептегі білім сапасын
жақсартудың маңызы күн сайын артып келеді.
Елбасының «Қай елдің халқы оқу мен білімнің
арқасында алған ақпараттарды, білімді жəне
технологияларды өмірде тиімді қолдана білсе,
толыққанды болашақ сол елге тиісті.
Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын
жері. Ол жеткіншектердің тек қана одан арғы
оқуына негіз болатын базалық білім мен
машықтарды ғана беріп қоймайды, сонымен
өмірлік тəжірибенің де алғашқы тəжірибесін
береді» - деген ойынан бүгінгі мектепке
қойылып отырған талаптың жоғары екендігін
білуге болады. Елімізде бүгінде білім беру са-
ласына енгізілген дамыған мемлекеттердің
білім беру тəжірибесі негізінде іске асырылып
отырған «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы Педагогикалық
шеберлік орталығы бағдарламасының негізгі
мақсатының өзі - үздік əлемдік педагогикалық
тəсілдер мен білім беру тəжірибесі негізінде
Қазақстан Республикасы жалпы білім беру
МЕКТЕП – ЖЕКЕ
ТҰЛҒАНЫҢ
ҚАЛЫПТАСАТЫН ЖЕРІ
ұйымдарын дамыту болып отыр. Бағдарлама
Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік
бағдарламасын
іске
асы-
ру тұрғысынан жалпы білім беру жүйесін
жаңғыртуды қамтамасыз етуге бағытталған.
Міндеттері – мұғалімдер мен оқушылардың
қызметін жақсартуға бағытталған дағдыларды,
жұмыс түрлерін, əдістер мен тəсілдерді үйрету.
Кəсіби жəне əлеуметтік əріптестік орнату, ата
– аналармен, жалпы жұртшылықпен бірлесіп
жұмыс істеу, қоғамдастық құру. Мазмұны –
Оқу мен оқытуға жетекшілік ету. Өзінің дамуы
мен басқаларды дамыту, жетілдіру. Инновация-
лар мен өзгерістерді енгізу. Жергілікті қауымды
бірлескен жұмысқа тарту. Философиясы - Сыни
тұрғыдан ойлау.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дер-
бес білім беру ұйымы Педагогикалық шеберлік
орталығының бағдарламасын өзім басқаратын
педагогикалық ұжымда іске асыру мақсатында
өзгеріс енгізу үдерісін жүйелеу қажет болды.
Бұл - ұжымдағы «Өзгеріс енгізу тобы»
арқылы
іске
асырылады.
Американдық
өнертапқыш Генри Форд: «Командалық жұмыс
Жеңіскүл РЫСПЕМБЕТОВА,
мектеп директоры
5
Жеңіскүл РЫСПЕМБЕТОВА. «Мектеп – жеке тұлғаның қалыптасатын жері»
– ортақ ұстаным тұрғысынан бірлесіп жұмыс
істеу қабілеті. Қарапайым адамдарға күтпеген
нəтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін
жанармай.» - деген болатын. Сондықтан да
педагогикалық ұжымдағы өзгеріс енгізу
үдерісіне мектептің оқыту мен оқу тəжірибесін
өзгерте алған əлемнің түкпір – түкпіріндегі
мектеп көшбасшылары аталған үдерісті дамы-
ту үшін магнит, желім жəне қозғаушы күштің
болуы қажет болғандықтан, мен де осы үдерісті
іске асыруды жөн көрдім. Магниттер – басшылар
мен мұғалімдер, яғни өзгеріс енгізу тобы. Топ
ерікті, шығармашыл, терең ойлы педагогтардан
құрылады. Бұл - барлық адамдардың оқушы
білімін жақсартуы үшін бірлесіп жұмыс істеуі.
Желім - əріптестерді тарап кетуден сақтайтын
факторлар. Мектеп даму жоспарындағы іс –
шараларды өзгеріс енгізу тобы оқушылардың
үлгірімін жақсартуға бағытталған үдерісте (ко-
учингтер, тізбектелген сабақ, зерттеу сабағы)
жүзеге асырады. Қозғаушы күш - өзгеріс енгізу
іс – шараларын жүзеге асыратын адамдарға
қолдау көрсетіп, оларды ынталандырады,
аралық түзетулер енгізіп, бейімдеуге мүмкіндік
береді. Жаңа мүмкіндіктер мен тапсырмаларды
ұсыну арқылы əріптестерді алға жылжытуға
көмектеседі. Қозғаушы күш болмаса, өзгеріс
енгізу үдерісі өз бағытын жоғалтуы мүмкін.
Қозғаушы қүштің құрамында көшбасшы, тəлім
алушы, деңгейлік бағдарлама бойынша курстан
өткен мұғалімдер болады. Яғни, тəлім алушы,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.
Ахетова, І деңгей бағдарламасын меңгерген
мұғалімдер: К.Сəрсенбаева, К.Бекмырзақызы,
Д.Батаева, Л.Түменбаева, А.Жəнібекова; ІІ
деңгей бағдарламасын меңгерген А.Ыбырай; ІІІ
деңгей бағдарламасын меңгерген мұғалімдер:
Б.Байділдаев, М.Тілемісова, К.Батырбековалар
бар. Магниттің, желімнің жəне қозғаушы
күштің үдерісі арқылы барлық даму жоспары
іске асырылып отырады. Жұмыс нəтижелі бо-
луы үшін деңгейлік бағдарлама бойынша курс-
тан өткен мұғалімдерден 5 топ жасақталып,
мектеп ұжымындағы жетпіс мұғалім осы
бес топқа бөлінген. Коучтер (топ басшыла-
ры) қарамағындағы мұғалімдердің «Назар-
баев Зияткерлік мектептері» бағдарламасын
меңгеріп, оқыту мен оқуда жүзеге асыру үшін
жұмыс жүргізуде. Өзгеріс
енгізу тобы «Оқыту үшін
бағалау мен оқуды бағалау
арқылы
оқушылардың
сыни
тұрғыдан
ойлау
дағдысын қалыптастыру»
басымдығы
бойынша
жұмыс жүргізді.
Мектеп
даму
жоспарындағы іс – ша-
раларды жүйелі атқару
нəтижесінде:
мұғалім
оқыту
мен
оқуды
жақсартады, оқыту мен
оқуда бағалаудың түрлері
тиімді
қолданылады,
сабақта формативті жəне
суммативті бағалау түрлері іске асады,зерттеу
сабақтары арқылы оқыту мен оқу сапасы ар-
тады, оқушылар сыни тұрғыдан ойлай алатын
болады.
6
Тəуелсіз еліміздің келешек ұрпақты
тəрбиелеу мəселесі бүгінгі күннің өзекті
тақырыбы.Қоғамымыздың ілгері дамуының
өзі ғылым мен білімге тікелей байланысты.
Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарба-
ев: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды
қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде бо-
лады. Сондықтан мұғалімге жүктелген міндет
өте ауыр», - деген болатын. Ғылым-білімнің
негізін ұстаздар арқылы тереңдету нəтижесінде
ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында
көрсете алары хақ..
«Əрбір ұлттың баласы өз ұлтының
арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын
болғандықтан, тəрбиеші баланы сол ұлт
тəрбиесімен тəрбие қылуға міндетті»,- дейді
Мағжан Жұмабаев. Сонда ол бала халықтың
қаны мен жанын, рухын бойына сіңіреді.
Еліміз егемендігін алып, тəуелсіздік
туы биікке көтерілген қазіргі кезеңде бүгінгі
ұрпақтың қоғамымыздағы жаңару іс –əрекетін
жүзеге асыруда жүргізіліп жатқан жұмыстар
ұшан-теңіз.Еңсесін енді тіктеген Қазақстандай
жас мемлекет үшін тəрбие бағытында
атқарылатын міндеттер ауқымды. Өйткені
біз Отанымыздың, қоғамымыздың келешектегі
ТАРЫДАЙДЫ ТАУДАЙ
ЖАСАУ – ПАРЫЗ
шын жанашырларын жас ұрпақ арасын-
да қалыптастыруымыз керек. Демек, оларды
лайықты ізбасар етіп дайындау, тəрбиелеп
шығару үшін білім ордаларындағы білім, тəрбие
жұмыстарын күшейтіп, ұлттық ұлағаттылыққа
баулып өсіру міндеті алда тұр.
Адамзатты тəрбиелеу өте ұзақ жəне
күрделі процесс. Жеке бастың қалыптасуы,
оның рухани жағынан дамуы бала кезден бастау
алады. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса,
бала да тəрбиені қабылдауға сондай бейім.
Соңғы жылдары жалпы білім беретін
мектеп пен жалпыға бірдей орта білім беру
ісін дамыту, жаңарту проблемаларының
ауқымдылығы соншалық, оған жас ұрпаққа
білім беру саласында жүрген азаматтармен
қатар, ұлт тəрбиесіне бей-жай қарамайтын əрбір
адам өз үлесін қосуда.
Қазіргі заман талабына сай оқу-тəрбие
жұмысының түрлері, сонымен қатар оларды
өткізу іс-шаралары үнемі өзгеріп, жаңарып да-
мып отыр.
Бүгінгі күннің жас жеткіншектеріне терең
білім беріп қана қоймай, рухани байлығын
арттырып, оларды пысықтыққа, ширақтыққа,
түрлі өнерге, шеберлікке үйрету қажет.
Жас ұрпақты саналы етіп тəрбиелегіміз
Жанат ОХАПОВА,
мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі
орынбасары
7
келсе ата-ана мен мектеп бірігіп, ынтымақтаса
отырып, мектептегі тəрбие үйде жалғасын та-
батындай етіп ұйымдастыра білгеніміз жөн.Бұл
жұмыстарды тиянақты атқаруда ұстаздар ал-
дына мынадай міндеттер қойылады:
- Қазіргі білім беру, икем, дағды деңгейіне
қойылатын талаптар негізінде мемлекеттік
қалыпта жоғары білім беру;
- Мұғалім, қосымша білім беруші пе-
дагогтар психологиялық жəне білім берудің
барлық мəселелерінің жеке шешімін табуды
қамтамасыз ету;
- Санитарлық-гигиеналық қалыпты еске-
ре отырып, белгіленген деңгейде білім берудің
қажетті жағдайларын жасау;
- Оқушылардың білім сапасын көтеру,
жеке қабілетін дамыту, жеке қызығушылық
деңгейін көтеруде кең көлемде қосымша қызмет
түрлерін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету,
тағы сол сияқты міндеттерді қоя отырып,
жұмыс істеу қажет.
Тəрбие біржақты берілетін болса,
онда нəтиже күткендегідей болмауы мүмкін.
Сондықтан ата-аналардың өз міндеттеріне
өте жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тəрбиесін
тек мектепке ысырып қоймағандары абзал.
Өйткені,бала үшін дүниеде ең қымбат, білімді
де, мəртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең
əдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас
баланың дамуында ата-ананың орны ерек-
ше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз
жағдайларды баланың көзінше тудырмауға
тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс
баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-ана-
лар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың
бетінен қақпай, көңіліне қарап тəрбиелейді. Ал
мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет
пайда болуына тікелей себеп болады. Ата-аналар
балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі қыры мен
сырын, дүние жұмбақтарын танытып, тағылым
талғамға, əдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-
ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі,
адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс
қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдын-
да барынша сабырлы əрі ұстамды болуға тыры-
су керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын
сабырлылыққа тəрбиелейді. Əрбір ата-ана өз
баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-
келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады.
Бала əкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-
ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді
қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай,
мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздер ай-
тып, өнеге бола білсе, тəрбие де табысқа
жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.
Сондықтан ата-аналардың өз міндеттеріне өте
жауапкершілікпен қарап, ұрпақ тəрбиесін тек
мектепке ысырып қоймағандары абзал.Ол үшін
ата –аналарға мынадай міндеттер жүктеледі:
- Ата-ана мектеп ұжымымен тығыз байла-
ныста болып, өз баласының əрекетін бақылауды
қамтамасыз ету;
- Балаға жанұяда қалыпты жағдайдың
сақталуын, оқуына қажетті материалды
қамтамасыз ету;
- Мектеп жарғысын орындау;
- Баланың уақытында тұрып, кешікпей
сабаққа келуін, себепсіз қалмауын, сырт
көрінісін
талап
бойынша
орындауды
қамтамасыз ету.
Бүгінгі таңда халықтың əл-аухаты
артып,жағдай
жақсарып
келеді.Алайда
əртүрлі діни көзқарастағы адамдардың үгіт-
насихатына балаларымыздың еріп кетпеуін
қадағалағанымыз жөн.
Ата-аналар балаларды мүмкіндігінше көп
уақыт үйде жалғыз қалдырмауы керек.Баланың
немен шұғылданатынын, мектепке қалай барып
келетінін, күнде қанша сабақ болып, қаншада
қайтатынын біліп отырулары керек.
Баланың сабақтан тыс уақыты дұрыс
ұйымдастырылуы керек.
Олардың
кітап
оқуына,
мəдени
тынығуына жағдай жасап көмектесу қажет.
«Тəрбие отбасынан басталады» десек те, күйбең
тіршілікке алданып жүріп, отбасындағы əрбір
Жанат ОХАПОВА. «Тарыдайды таудай жасау – парыз»
8
* «Үркер»* №8* 2016
баланың əрекетін, қылықтарын бағалап, бағыт-
бағдар беруге көңіл кейде аз бөлініп жататыны
көңіл қынжылтады. Əрбір ата-ана баласының
ынтасын, қызығушылығын байқап, оның өзін-
өзі дамытуы үшін жағдай жасап, ықпал етуі ке-
рек.
Мектеп пен ата-ана ынтымақтаса жұмыс
жүргізсе, балаға тиісті көңіл бөле білсе, олармен
санаса білсе, келешектің шын жанашыры, елдің
арқа сүйер азаматтары тəрбиеленіп шығары
ақиқат.Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты
азаматтық пен имандылыққа баулу – тəрбиенің
басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-
аналар мен ұстаздар ұлттық тəрбиеге де мəн
бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алды-
мен жас ұрпақты Отаншылдыққа тəрбиелеуге
бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние
есігін ашқан үйі , ата-анасы, ағайын туыста-
ры, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы,
тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір
бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті
де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге
тиіспіз.Бала –бауыр етіміз, еліміздің ертеңі,
Отанымыздың келешегі, біздің жалғасымыз.
Сондықтан бала тəрбиесі – баршамызға ортақ
іс.
Əрбір ата-ана өз баласын еліне, халқына
шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені
сау, білімді, еңбексүйгіш, жан-жақты жетілген
азамат етіп тəрбиелеуді борышым деп есептеуі
тиіс.
Елбacы өз cөзінде: «Еліміздің ертеңі
бүгінгі жac ұрпaқтың қолындa, болaшaқты
білімді ұрпaқ aйқындaйды, aл жac ұрпaқтың
тaғдыры ұcтaз қолындa» деп aтaп көрcетті.
Еліміздің болaшaғы — ұрпaқ тəрбиеcінде.
Cондықтaн еліміздің туын биікке көтерер
білімді, білікті, aдaмгершілігі жоғaры ұрпaқ
тəрбиелеу біздің aлдымыздaғы ең бacты міндет.
Мен қамшыласам, Сіз баптасаңыз; Ол қанат
қақтырса, біздің бəрімізге ортақ мақсаттың
орындалары хақ. Ол мақсат – жас ұрпақты са-
палы білім, саналы тəрбиемен қаруландыру.
Айтулылар айтқан сөз
Білім – ұлы адамды жуасытады, орташа
адамды таңырқатады, күйкі адамды ісіріп-
кептіреді.
Л.Н.Толстой
9
Жас ұрпақ дүние сырларын ақтара қарап,
бүгінгі күннің көкейтесті сауалдарына жауап
іздейді, қоғамның бұдан былайғы заңдарын
түсінгісі келеді. Таным дүниесіне зейін қойып
қарасақ, мұражай өткен мен болашақты
жалғастырушы
түйін
болып
табылады.
Өйткені, мұражай экспонаттары тарих негізі.
Ол сонау ата-бабаларымыздың жүріп өткен
Достарыңызбен бөлісу: |