№6 (99) 19 наурыз, 2015 жыл. «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Елбасы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата26.02.2017
өлшемі6,6 Mb.
#4993
1   2   3   4   5   6

А.К.АХМЕТХАНОВА,

учитель истории сш № 7 

имени К.Ушинского.

Жетісу 

университеті



11

бейсенбі, 19 наурыз, 

2015 жыл

ЖАНСЫРЫМ

Аќиќатын айтар болсам...

СЫН СЕМСЕРІ

БІР ТАҚЫРЫПТА ЕКІ ХАТ

КінЄлама мені...

Бірге болѓан 

100


 к‰н

Міне, енді ол  ертең қазақ тіл мен қазақ 

әдебиеті  пәнінен    облыстық  пән  олим-

пиадасына  қатыспақшы.  Таңертең  ерте 

тұрып, таңғы асын ішіп, киімдерін реттеп, 

жол жүрді.  

  Облыстық  жиын  басталып,  кім  қай  ка-

бинетке баратыны жайлы мәлімет берілді. 

Айгерім қазақ тілі мен қазақ әдебиеті қай 

кабинетте болатынын білу үшін жариялап 

жатқан  адамның  әр  сөзін  қалт  жібермей 

тыңдады.   

Көптен  күткен  олимпиада  басталып 

кетті.  Айгерім үшін бәрі оңай    50 минутке 

берілген  тапсырманы,  әп-сәтте    орындап   

Айгерім бала 

кезінен әдеби 

кітаптарды 

оқығанды ұнататын. 

Сабақ үлгерімі – өте  

жақсы. Ол ылғи 

өзі жалғыз жүреді. 

Айналасындағы 

сыныптастарынан 

бөлініп қала береді. 

Себебі, ол ұялы 

телефон ұстамайды.  

Оны жан-дүниесі 

қаламайды. Анасы 

туған күніне алдыңғы 

жылы «айфон» деген  

жаңа үлгідегі ұялы 

телефон сыйлаған 

еді. Айгерім оны са-

тып жіберіп,  әдеби  

кітаптар алған еді.

шықты.  Екінші  кезеңге  өтіп,  оны  да  тез  

тәмамдады.  Себебі,  ол  шығарма  жазуға 

зейінді де бейімді болатын.  

Қорытындысы  шығатын  сәт  те  келді. 

Айгерім  бірінші  орынға  үміт  артып 

отырған.. 

«Үшінші орын -  Бекетов Кеңшілік.

Екінші орын - Қайратов Жасұлан.

Бірінші  орын  -  Ақмади  Аружан»-  деген 

шешімді естігенде Айгерім  өзін-өзі қоярға 

жер  таппады.  Көңілі  су    сепкендей  басы-

лып қалды. «Мен бұл олимпиадаға мұқият 

дайындалып    келіп  едім,    сонда  қалай 

болғаны    білімі  нашар  оқушылар  таны-

стары  арқылы жүлделі орынды иеленді» 

деді  іштей  наразы  болып.  Үйге  келіп,  үш 

күн  бөлмесінен  шықпады.  Ақыры,  бүкіл 

кітаптарын  қайта  сатып,  өзіне  керемет 

«айфон»  ұялы  телефонын    алды.  Қазір 

соның қызығынан шыға алар емес.

Олимпиада  негізінде  әділетсіз  өтті. 

Бірінші  орынды    иеленген  Ақмади  Ару-

жан – әкімнің қызы, екінші  орынды  жеңіп 

алған  Қайратов  Жасұлан  -    елдебір 

шенеуніктің,    үшінші  орынға  қол  жеткізген 

Бекетов Кеңшілік – мектеп директорының 

баласы еді. 

Осы  мақала    болған  оқиға  ізімен  

жазылған,  тек  аттары  өзгертіліп  алынды. 

Қазір  олимпиада  шын  мәнінде  әділетті  

өтіп жатқан жоқ. 

Тамыр-таныстық,  мансаптың  күшімен 

жеңімпазды    анықтайды.  «Аузы  қисық 

болса да, байдың баласы  сөйлесін»,- де-

ген осы ғой. Оларға  керегі -  грант, соның 

нәтижесінде  ҰБТ тапсырмау.

Қазіргі    студенттерге  де    таң  қаламын. 

Мұғалім  берген тапсырманы өздері орын-

дамай  ақшаға  жасатады.  Мысалы,    1  ре-

ферат – 500 теңге. 1 слайд – 1000 теңге. 

Курстық  жұмыстың    1  беті  –  200  теңге. 

Дипломдақ  жұмысты  да  сатып  алуға 

болады.    Компьютерде  сізге  реферат, 

слайд  және  тағы  сол    сияқты  тасырма-

ларды  жасап  сататындардың    көбісі  өзге  

ұлттың  өкілдері.  Біздің  білім  жолында 

ізденбей  оларға    жүгініп  отырғанымызға 

іштей  қуанады.  Жақында  өзім  де  осын-

дай  жағдайға  тап  болдым.  Қараша  ай-

ында    курстық  жұмысымның  тақырыбы 

белгіленіп,  күнде  бірер  сағатымды  бөліп 

асықпай  жаза  бастадым.  Оны    аяқтап 

қалған  бір  сәтімде    ноутбугімнің  жүйесі 

бұзылып,  бар  еңбегімнен  айырылып 

қалдым. 


Жатақханадағы қыздардан көмек сұрап 

едім,  олар    «ақшаға  сатып  алу  керек» 

дегендей    сыңай    танытты.  Өйтпесем  

уақытында    тапсырып  үлгермейтін  бол-

дым.  Адам қиыншылықтан шығудың оңай 

жолын іздейді емес пе?  Мен киініп қыздар 

кеңес  берген  жерге    бардым.  Өкінішке 

орай  тақырыбыма сәйкес ештеңе таппа-

дым. Пысықайлар маған  «Телерадио-жур-

налистика  және  әдебиет»  атты    курстық 

жұмысты ұсынды. Осыдан бес жыл бұрын 

жазылған екен. «Ол қыз  үздік баға  алды. 

Қорықпай  ала  бер»,  -  деп  ақыл-кеңес 

берді программист. Мен  оның айтқанына 

көніп  2500  теңгемді  санап  бердім.  Үйге  

келіп  оқысам  телерадио-журналистика 

жайлы бір де мәлімет жоқ. Әдебиет жайлы 

ғана, мені алдау үшін телерадио-журнали-

стика  деген  жазуды  қоса  салған.  Мен  ол 

жерге қайта  барып, ақшамды қайтаруын 

өтіндім.  Себебі,  мына  жерде  мен  іздеген 

мәліметтің жоқ екенін  ескерттім. «Сатып 

алдың ба, іс бітті» дегендей көзін алартты. 

Жылап  жібердім.  Өзіме  де  жыным  келді. 

Ақшамды қайтармады. 

Ақыры    курстық  жұмысымды  қайтадан 

өзім  жазуға  бекіндім.  Жатақханада 

тұратын  досымның  ноутбугін  бір  күнге 

сұрап  алып,  тапжылмай  отырып  орын-

дап  шықтым.  Еңбегім  ақталып,  100 

деген  ұпайды  қанжығама  байладым. 

Алданғаным  естен  кетпестей  сабақ  бол-

ды.  Құрбыларыма    да  айтарым  білімді 

ақшамен  сатып  алуға  болмайды.  Өзің 

ізденіп  оқығанға    не  жетсін.  «Ізденген  же-

тер мұратқа» дегенді ұмытпайық, достар.



Ардагүл ӘСКЕРБЕК,

2-курс  білімгері. 

М

енің 



басымда 

болған 


алғашқы 

махаббат 

мәселесі тез басталып, тез 

аяқталған  сериал  секілді.  Биылғы  оқу 

жылы басталған кез еді,  құрбыларыммен 

қосымша сабақтарға барып жүрдім. Сол 

кезде  құрбымның  бір  досымен  таны-

стым. Оны бастапқы кезде бір көргеннен 

онша  ұната  қоймадым.  Біраз  уақыт  өте 

келе,  бір  жерде  оқып  жүргендіктен  жиі 

көріп,  жақын  араласа  бастадық.  Интер-

нет  желісінде  жиі  әңгімелестік.  Сөйтіп 

келе  ұнаттым,    іш  тарттым.      Тіпті  күн 

өткен  сайын  жақсы  көре    бастадым. 

Оған деген ынтығым артып, сезімім үдей 

түсті. Сол сәттен бастап араласып, бір-

бірімізге бауыр бастық. Көп уақыт бірге 

болдық.  Бүгінде  есіме  алсам,  өзімді 

қоярға жер таппай кетемін. 

М

ен мектеп оқушысымын. 

Үлкен өмірге қадам 

басып келемін. Менің бұл 

мақаламды оқыған жан «бесіктен 

белі шықпай жатып, не махаббат, 

не сезім» деп сөгуі мүмкін. Дегенмен 

де өз басымнан қазіргі таңда дейін 

әртүрлі оқиғалар өтіп жатыр, 

айналып келгенде сол бір махаббат 

жайында. 

Б

ір  күні  ол  менің  сезімімді 



ойыншыққа  айналдырып, 

басқа  қызбен  кездесіп 

жүрді. Бастапқыда оны жақсы көргеннен 

«жоғалтып  алудан  қорқып»    ештеңе 

дей  алмадым.  Күндердің  күнінде  шы-

дамым  таусылды.  Жақын  құрбымның 

«қашанғы осылай өзіңді қинап жүресің» 

деген  сөзі  қамшы  болып,  әдейі  жасай-

тын әрекеттері мен өрескел қылықтарын 

бетіне басып айттым. Біз сол күннен бері 

мүлдем сөйлеспей, араласпай кеттік. Бір 

күні ол маған қайтадан бәрін бастағысы 

келетінін  айтып  кешірім  сұрады.  Бірақ 

менің жүрегіме үлкен соққы болып тигені 

соншалық, оған үн қатпай кете бардым. 

Сол  кездері  алғашқы  махаббатым-

ды  шексіз  жақсы  көрдім,  бірақ  менің 

сезіміммен  ойнаған  адамды  кешіре  ал-

мадым.  Күндер,  айлар  өте  келе  оны 

біржолата  ұмытармын.  Тек  көңілде 

қалған кірбің болмаса... 

Әйгерім.

Сол сәттен бастап қанша ойламаймын 

десем  де  күндерім  мен  түндерім  соны 

ойлаумен  өтті.      Қалай  екенін  білмеймін, 

әйтеуір  аз  уақыт  ішінде  мен  оған  ғашық 

болып қалдым.  Онымен өтетін әрбір сәтті 

армандадым, асыға күттім. Бір-екі кезде-

суден кейін бір-бірімізді ұнататынымызды 

сездік. Бақыттан басым айналды.

Ең қызығы, бір тәулікте  24 сағат бол-

са,  соның  10  сағатын    бірге  өткізетінбіз, 

ол  аздай  қалған  уақытта  телефонмен 

сөйлесетінбіз.  Екеуміз  жарасқан  жұп 

болдық.  Бізді  “Ромео мен Джульетта” деп 

айтатын. Оған да себеп бар еді...  «Шын 

ғашықтар  қосылмайды»  деген  сөзге 

сенбейтінмін, 

егер 


бір-

бірін 


сүйіп 

тұрса, 


неге 

қ о с ы л м а с қ а 

-  деп  топшы-

л а й т ы н м ы н. 

Бірақ 

пікірім 


дұрыс  болмай 

шықты...


К ү н д е р д і ң 

бір 


күнінде  

себебін 


де 

түсіндірместен 

ол  маған  «ай-

ы р ы л ы с у -

ды»  ұсынды. 

Мен 


оны 

әзіл 


ретінде 

қабылдап,  ой-

ланбастан келісе салдым. Бір күн өтті. Екі 

күн  өтті.  Телефон  да  тым-тырыс,  өзі  де 

жоқ. Хабарласпағаннан  кейін ғана оның 

қалжың емес екенін түсіндім. Бұған сенгім 

келмеді, үмітім де үзілмеді... Қанша өзіме 

«бәрі бітті» десем де, жүрегім сенбеді. Он-



С

ыныпта қаншама ер балалар болса да олардың біреуі менің 

сезімімді оятып көрмепті. Өзім де мектепте жүргенде махаб-

бат жайлы ойлау ерте деп санайтынмын. Бірақ қателесіппін. 

Құрбымның  досы менің өмірімді өзгертіп жіберді.

сыз маған өмірдің мәні жоқ болып көрінді. 

Дел-сал  күй  кешіп,  өзімді  кінәлаумен 

болдым.  Ақыры  жай-күйімді    анама  ай-

тып,  ақылын  тыңдап,  ой  бөлістім.  Уақыт 

өте  келе  жан-жарам  жазылды.  Есімді 

жинағанда  мұның  бәрі  түс  болса  екен 

деп  тіледім.  Ойлап  кетсем,  жүрегім  сыз-

дап,  сағыныш  па,  қимастық  па  бір  күйге 

енемін.  Әлде  болсын  «үмітсіз  шайтан» 

дейді ғой, үмітімді үзбей келемін. Қайтып 

айналса,  қаз-қалпында  көзімді  жұмып 

қабылдарыма сенімдімін.  Өйткені біз қол 

ұстасқан күндер ерекше еді, ол тек қана 

мейрам  ғана  емес,  бақыт  әкелген  күн 

деп  те  айта  аламын.  Өкінішке  орай,  бұл 

бақытты күндерімізде ұзаққа созылмады, 

бар болғаны 100 күн.  Асқақ  армандары-

мыз,  жоспарларымыз  құмға  сіңген  судай 

жоқ  болды.  Бір  қызығы  ол  да,  мен  де 

ешкіммен  кездесіп  жүрген  жоқпыз.  Әлде 

бұл бір сәттік алдамшы сезім бе?!



АЖАР.

Газет Талдықорған қаласы, 

Қабанбай батыр көшесі, 32-

үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ 

филиалы «Офсет» баспахана-

сында басылады.

Газет айына екі рет шығады.

БІЗДІҢ 

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 

Талдықорған қаласы, 

Жансүгіров көшесі, 187а. 

Байланыс телефоны: 

223329; ішкі нөмір.1143

Бас редактор Баян Шаянбаева

Жарияланған мақала авторларының пікірлері 

редакция көзқарасын білдірмейді.

«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында 

теріліп, беттеледі.

Тапсырыс №324

Таралым 2000 дана

Жауапты хатшы Ү.Өмірзақов

Тілші А.Дегтярёв

Корректор Б.Жаңабаева

Беттеуші А.Кенжебекова

Суретке түсірген Б.Айменов

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық 

келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп, 

№ 4190-Г куәлігі берілген.

Жетісу 


университеті

ОЙМАҚТАЙ ОЙ

бейсенбі, 19 наурыз, 

2015 жыл

12

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

Шәкірті ұстазынан:

- Сіз сондай ақылдысыз. Үнемі көңіл 

күйіңіз көтеріңкі болады. Ешкімге ашу-

ланбайсыз. Маған дәл өзіңіз секілді 

сабырлы  болуға  көмектесіңізші,  - 

деп өтініш білдіреді.

Шәкіртінің  өтінішін  ұстазы  қабылдап, 

түссіз пакет пен картоп алдырады.

- Егер сен біреуге ренжіп, ренішіңді іште 

сақтайтын болсаң, қолыңа бір картоп ал. 

Ренжісіп  қалған  адамыңның  есімін  сол 

картопқа ойып жазып, пакеттің ішіне сал.

-  Бар  болғаны  осы  ма?  -  деп  шәкірті 

таңырқап қалады.

-  Жоқ,  -  деп  жауап  береді  ұстазы.  - 

Сен үнемі өзіңмен бірге осы пакетті алып 

жүруің  керек  болады.  Біреуге  ренжіген 

сайын әр кез бір картоптан қосып отыр.

Жұмыртқа - арзан тағам. Оны 

дайындаудың көптеген түрі бар. Со-

нымен қатар олар әртүрлі тағамның 

ингредиенті болып табылады. Ал біз 

бүгін оның адам денсаулығына пайда-

сы туралы айтамыз.  

1. Тез сіңімді

Жұмыртқа асқазанға өте пайдалы және 

иммунды жүйені қатайтады.

2. Қылтамақтың алдын алады

Ғалымдар  ең  болмағанда  аптасы-

на  алты  жұмыртқа  жеген  адамның  бұл 

аурудың алдын алатынын анықтады. 



3. Көздің көруіне де пайдалы

Жұмыртқаның құрамында көздің көруін 

жақсартатын каратиноид, лютеин және зе-

аксатин бар. 



4.  Шашыңыз  бен  тырнағыңызды 

қатайтады

Шаш 


пен 

тырнақты 

қатайтатын 

жұмыртқа  құрамында  аминқышқылы, 

темір, мырыш және селен бар. 

5. Денеңізді сергек сезінесіз

Жұмыртқаның  құрамында  денеңізді 

әрдайым  сергек  ұстайтын  ақуыз  көптеп 

кездеседі.



6. Сүйегіңізді қатайтады

Адам  ағзасына  D  дәрумені  өте  қажет. 

Өйткені  ол  сүйекке  байланысты  түрлі 

аурудың алдын алады.



7. Миға пайдалы

Жұмыртқаның сары уызында кездесетін 

фолиевалық қышқыл жүйке жасушаларын 

сақтайды.



Ықылым замандардан келе жатқан 

ғалымдар мен ойшылдар сүтті 

«денсаулықтың қайнар көзі», «өмір 

шырыны», «ақ қан» деп аса жоғары 

бағалаған. Сүт азықтық құнары жағынан 

кез келген тағамды алмастыра алады, 

ал өзге бір тағам сүттің орнын баса 

алмақ емес.

Гиппократ  өз  еңбектерінде  сүтпен 

емдеудің жолдарын, сүттің шипалы болған 

кездерін  тізіп  көрсеткен.  Сондай-ақ,  әр 

түрлі  мал  сүтінің  емдік  қасиеттерінің 

бірдей  болмайтындығын  анықтаған.  Оның 

пікірінше,  ешкі  мен  бие  сүті  көкірек  ауру-

ын жазса, сиыр сүті құяң мен қан аздыққа 

шипа  болады.  Гиппократ  жүйкесі  тозып, 

ашуланшақ  болған  адамдардың  да  сүт 

ішкені өте дұрыс екендігін атап өтеді.

Белгілі  ғалым  С.П.Боткин  өзі  жүргізген 

тәжірибелерге сүйене келе, «сүт жүрек пен 

бүйректі  емдеуге  аса  бағалы  зат»  деген 

тұжырымға тоқтаған.

Егер  жараны,  күйікті,  ит  қапқан  не  ара 

шаққан  жерді  бөкеннің  сүтін  жағып  емде-

се, жара жайшылықтағыдан әлдеқайда тез 

жазылады.  Сондай-ақ,  бөкен  сүті  асқазан 

және он екі елі ішек жарасын, созылмалы, 

гастрит ауруын және өкпе дертін тез жояды.

Ұзақ  жылдар  бойы  ірімшік,  сыр, 

сүт  қанты,  қаймақ  және  басқа  да  сүт 

тағамдары  адамның  бойында  кездесетін 

түрлі  сырқаттардың  алдын  алып,  емдеп 

жазу үшін қолданылып келеді. Сүт пен сүт 

өнімдерінің  семіздікті,  бауыр,  ұйқы  безін 

және  жүрек  дертін  емдеудегі  маңызы  өте 

ерекше.

1-әдіс: Суретіне қарап ұрысу

Оңашада  ашуың  келген  адамның  суретін  қабырғаға  іліп  ап,  оған  ойыңа 

келгенін айт. Жасырма, бәрін айт. Өңменінен өтіп кететіндей сөз естіп тұрған 

өзі  емес,  жансыз  суреті  ғой.  Қандай  ренішің  бар?  Неге  оған  ашулысың?  Көз 

алдыңда сурет емес, ол тұрғандай сөйлей бар. Ішіңдегі ашудың азулы арыста-

нын жайына жібер. Бәрін айтып босап қалған соң баяғы өкпе-ренішің бойыңда 

қайта қылт етпеу үшін біржола бәрін кешір. Ашуыңды төгіп болған соң, суретті 

жырт та, қоқысқа лақтыр.



2-әдіс: Жылап алу

Көз  жасқа  ерік  бермей,  бар  қайғыны  қабаттап  іште  сақтайтын  жандардың 

жағдайы  мәз  емес.  Қара  өгіздей  қабағы  қатулы  бос  өксік  тыныш  өмір  сүруге 

кедергі. Көзінің жасын сығып алатын адамдар жылай алмайтындарға қарағанда 

жеңіл өмір сүреді. Сондықтан қандай да бір жағдай жаныңызды жаралап, көңіл 

көмбеңіздің  быт-шытын  шығарып  жатса,  оңашада  жылап  алғаныңыз  абзал. 

Көңілдегі бар кірбің көз жасымен жуылып кетсін деп тілеңіз. Іште жиналған өксік 

бір күні құйынға айналып өзіңізді де, өзгені де ренжітетіндей күшке ие болмасын 

десеңіз, жай ғана жылап алыңыз. Болды...

3-әдіс: Хабарлама немесе хат жазу

«Осылай  айтып-айтып  тастасам  ғой»  деп  жинап  жүрген  ойларыңызды  не 

қағаз  бетіне  түсіріңіз  не  SMS  хабарлама  етіп  жазыңыз.  Тек  оны  жолдаудың 

қажеті жоқ. Хатқа сол оқитындай ақтарылыңыз. Бәрін жазыңыз. Ештеңе қалып 

кетпесін.  Жазып  болған  соң  хатты  жыртып  тастаңыз.  Жыртылған  хатпен  бар 

өкпе-ренішіңіз  де  кетсін.  Ал  жазылған  хабарламаны  не  өшіріп  тастаңыз,  не 

сырыңызды  білетін  құрбыңызға  жолдай  салыңыз.  Оған  мұны  шимай  хабар-

лама екенін ескертіңіз. Хабарламадағы сөздер оған емес, басқа жанға арнап 

жазылғанын айтып қойыңыз. Әйтпесе тағы бір адамды ренжітіп жүрерсіз.

4-әдіс: Ағын суға ақтарылу

Санаңыздағы қоқыс ойлар мен шешімі табылмас мәселелер маза бермесе, 

сарылдап  аққан  судың  көмегіне  жүгініңіз.  Ағын  суға  қарап  отырған  адамның 

мәселелесі түбегейлі шешіліп кетпесе де, айтарлықтай миы сергіп қалады.



Кезінде кантри стилінен ауысқан былғары 

бұйымдар дизайнерлерді тың идеяларға ша-

быттандырады. Былғары киімдер ғана емес, 

аксессуарлар да  - сәнқойлардың сүйікті 

құралдарының бірі. 

Жанға  жайлы  стиль.  Былғары  қалың 

материалға жататындықтан, оны жұмсартқыңыз 

келсе, суреттегідей ашық түстегі жейдемен кие ала-

сыз.  Бұл  образ  дресс-код  қатаң 

сақталмайтын  жұмыс  орында-

рына  да  лайық.  Ашық  түстегі 

жейдені  біртегіс  бойф-

ренд жейдесімен де 

алмастыруға  бо-

лады.  Аяғыңызға 

с у р е т т е г і д е й 

күдеріден  жасалған 

ботильон 

кисеңіз, 

қызметкердің киімі дайын.

Коктейль 

стилі. 


Былғары 

шалбарды 

нәзік  матадан  тігілген 

блузамен 

үйлестіру 

арқылы  би  кешіне, 

қ ұ р б ы л а р ы ң ы з б ен 

көңіл 


көтеру 

үшін 


кофеханаға  бара  ала-

сыз.  Кешкі  макияж  жасауды 

ұмытпағаныңыз жөн. 

Street  style.  Былғары  шал-

бар  мен  джинс  жейде  не  де-

ним  күрте,  аяғыңызға  мока-

син  немесе  кроссовка  киіп, 

дүкен  аралауға,  саябақта 

қыдыруға шығасыз.

Қыдыруға  лайық  киімді 

басқаша  үйлестіруге  де  бо-

лады: суреттегідей қара шал-

бар, барқыттан тігілген олим-

пийка және лофер туфлиі.

Total  look.  Суреттегідей 

асты,  үсті  былғары  костюмді 

ең 

батыл 


бикештер 

таңдайды.  Тotal  look  стилі  - 

қабылан 

стилі 


сияқты 

жоғары  талғамды  және 

мінсіз дене сымбатын талап 

ететін  кінәмшіл  стиль. 

Сондықтан 

былғарымен 

былғарыны үйлестіруде аса жоғары талғам керектігін 

ұмытпаңыз.  Ондай  кезде  аяққа  күдеріден  не  басқа 

материалдан жасалған аяқ киім киген жөн.

Қара  былғары  шалбарды  қабылан  стиліндегі  бір 

киіммен кию де батылдар үшін.

Қазіргідей  көктемнің  ызғарлы  кезінде  былғары 

шалбарды аң терісінен жасалған қиғаш жабылатын 

қысқа  күртемен  не  жилетпен  үйлестірсеңіз,  өзіңізге 

сүйсінген көзқарастарды байқайтыныңыз сөзсіз.

Былғарыдан тігілген киімге былғарыдан жасалған 

аксессуар мүлде келмейді, әйтпесе рок, хиппи, т.б. 

стилдерге ұқсап кетеді.

Жеңілдеудің жолдары

А

ДАМ БОЙЫНДА ӨКПЕ-РЕНІШ ПЕН ЫЗА-КЕК 

ЖИНАЛҒАН САЙЫН ОЛ АУЫР ЖҮККЕ АЙНАЛА 

БЕРЕДІ. ӘЛДЕКІМГЕ ДЕГЕН РЕНІШ САНАҢДА 

САЙРАН САЛА БАСТАСА, ОДАН ТЕЗІРЕК ҚҰТЫЛҒАН ЖӨН. 

ӘРИНЕ, ТЕК ТУРА ЖОЛМЕН ҒАНА. АДАМ БАЛАСЫНЫҢ 

КӨҢІЛІ КЕЙДЕ НӘЗІК ЖІПТЕЙ, АЛ КЕЙДЕ ҮЗІЛМЕС ҚЫЛ 

АРҚАНДАЙ. ІШІҢДЕГІ БҰЙЫМТАЙЫҢДЫ АЙТАМЫН ДЕП 

ЖАҚЫНЫҢНЫҢ КӨҢІЛІН СУЫТЫП АЛМАУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ 

КЕРЕК? БҮГІН БІЗ ОСЫ ЖАЗБА АРҚЫЛЫ ІШІМІЗДЕГІ БАР 

АУЫРТПАЛЫҚТАН АРЫЛЫП, ЖЕҢІЛДЕУГЕ ТЫРЫСАЙЫҚ.

ҚАПЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН

КӨКТЕМГІ СӘН

Былғарыдан 

тігілген киімдер

КЕРЕК ДЕРЕК

Жұмыртқаның 

жеті қасиеті

Сүтте де сыр бар

ТӘЛІМ

Реніш туралы өсиет  

Шәкірті  ұстазының  айтқанын  бұлжытпай 

орындайды.  Арада  біраз  уақыт  өтеді. 

Шәкірттің 

пакеті 


картопқа 

толып, 


айтарлықтай  ауырлайды.  Оны  өзімен 

бірге  алып  жүруі  қиынға  соғады.  Әрі  кар-

топ  бұзылып,  жағымсыз  иіс  шығара  бас- 

тайды.  Сол  кезде  шәкірті  ұстазына  келіп: 

-  Өзіммен  бірге  мұны  алып  жүру  мүмкін 

емес. Біріншіден, пакет тым ауыр. Екіншіден, 

картоп  бұзылып,  жағымсыз  иіс  шығарды. 

Мұның орнына басқа тәсіл ұсыныңызшы, - 

дейді.

- Сенімен дәл осындай жағдай болып жа-



тыр. Сен мұны бар болғаны байқай алмай 

тұрсың.  Біздің  жасаған  істеріміз  әдетке, 

ал  әдетіміз  қатыгез  мінезге  айналады. 

Мен  саған  осы  үрдісті  сырттай  бақылауға 

мүмкіндік  бердім.  Біреуге  ренжімес  немесе 

ренжітпес бұрын әр кез мұның қаншалықты 

қажеті бар екенін ойла, - деді ұстазы.

Расымен  де  біреуге  ұзақ  уақыт  бойы 

ренжігеніміз  қаншалықты  дұрыс?  Ойланып 

көр, ойлы оқырман!



«Ғибратнама» кітабынан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет