Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет21/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Жанарбек Әшімжан:  Жыл  сайын  осы  ұлттық  мерекені  Башқұрт- 
станның президенті Муртаза Рахимов өзі ресми түрде ашып, ел алдын- 
да қурайшыларға үлкен құрмет көрсетеді. Солай емес пе?
талғат Мұқышев: Дәл солай! Президент пен Мәдениет министрі 
сол  шараның  басында  болады.  «Қурай  байрамы»  күнтiзбеде  ұлттық 
мереке ретiнде белгiленген. Бiз де арнайы бір күнді домбыра мерекесiне 
арнасақ керемет болар еді.
Жанарбек  Әшімжан:  Тәке,  сiздiң  УФА-дан  алып  келген  кәсiби 
бiлiмiңiздi бiздiң мәдениеттің маңайында жүрген ақ жағалылар қалай 
пайдалануда?  Бiздiң  қоғам  кәсіби  сыбызғышыны  өзі  iздедi  ме,  әлде 
қоғамның  сұранысын  қанағаттандыру  жолында  өзiңiз  iс-әрекеттер 
жасадыңыз ба?
талғат  Мұқышев:  Мен  Башқұртстаннан  келген  соң  сол  кездегі 
ректор  Дүйсен  Қасейінов  маған  сыбызғышылар  класын  ашып  бердi. 
Бiр жылдан кейiн ол кiсi министрлiкке кетiп қалды. Бiрақ өнерден қол 
үзген  жоқ,  қолдау  жасап  отырады.  Ол  кiсi  менi  1997  жылы  Кореяда 
өткен дүниежүзiлiк үрлемелi аспаптар байқауына жiбердi. Сол жерде 
жүлдегер  болып  қайттым.  Бұл  байқауға  дүниежүзінен  өкілдер  келіп 
қатысты.  Сол  байқауда  сыбызғыдан  басқа  дауыс  қосып  ойнайтын 
ешқандай аспап болған жоқ. Яғни, сыбызғыға адамның көкірек дауысын 
қосып  ойнағанда,  Кореяның  ұлттық  шығармашылық  орталығының 
басшысы Хан дейтін азамат қайран қалды. Бір аспаптан екі үн шығару 
– некен-саяқ кезігеді. Одан кейiн менi бұл байқауға 7-8 жыл қатарынан 
құрметті қонақ ретiнде шақырып тұрды. 
Жанарбек  Әшімжан:  Қытай,  жапон  сынды  шығыс  халқында 
сыбызғы тектес аспап қалай дамыған?
талғат  Мұқышев:  Оларда  үрлемелі  аспап  қатты  дамып  кеткен. 
Жыланның  терісімен  аптап,  бақаның  терісімен  күптеп  небiр  аспап- 
тың  түрiн  жасайды.  Ал  сыбызғылары  бiзден  сәл  өзгешелеу.  Оларда 
аспаптардың түрлерi жетiлiп кеткен десек болады. Ұлттық ерекшеліктерін 
тін  дыбыстар  шығарады.  Содан  кейiн  Сiбiр  халықтарында,  Алтайда, 
Моңғолияда, Түркiменстанда, Башқұртстанда, Қырғызстанда сыбызғы 
аспабы күні бүгінге дейін орындалып жүр.

209
Жанарбек  Әшімжан:  Сыбызғының  өз  үнiне  орындаушының  кө- 
мей,  көкірек  дауысын  қосуды  сіз  Башқұртстаннан  меңгердiңiз  бе? 
Сыбызғының  осы  бір  сұрапыл  да  нәзік  тұсы  жайлы  тарқатып  айтып 
берсеңіз.
талғат Мұқышев: Үрлемелі аспапта көмеймен ән салу, сыбызғыға 
үн  қосып  ойнау  үлкен  мектеп  болып  саналады.  Оқыған  кезде  шын 
ниетiңмен  мән  беруiң  керек.  Бiрден  үйренiп  кетпейсiң,  сыбызғының 
өзін толық меңгеріп болған соң ғана, ІІІ-ІV курста көмей қосуды меңгере 
бастайсың. Сыбызғыға үн қосып ойнаудың өзiнiң де әдiс-тәсiлдерi бар. 
Сыбызғы  үнiнiң  кереметi  –  көмей  дауысының  қосылуында  жатыр. 
Сыбызғының өзiн ғана көмей дауысынсыз ойнасаң, жәй бiр ысқырған 
баланың дыбысы сияқты болып шығады. Сондықтан да көмей дауысын 
қосып  ойнауда  үлкен  мән  жатыр.  Кезiнде  Қытайда,  Башқұртстанда, 
Моңғолияда  көмей  дауысын  қосып  ойнамаған  адамды  сыбызғышы 
деп санамаған. Бұл Сiбiр халықтарының барлығына тән нәрсе, мұны 
бiз  ертедегi  шамандықпен  байланыстырамыз.  Сiбiр  халықтарында 
көмеймен  жырлайтын  болса,  алтайлықтар  домбыраға  қосып  дастан 
айтады. Қос дауыстап ән-жыр айту өзiмiздiң Қызылордада сақталған. 
Хакас халықтары жетiгенге қосып ән айтады. Үрлемелi аспаптар бiзде 
кенже  дамыған.  Ал  біздің  ән-жырымыз  кәсiби  деңгейге  әлдеқашан 
кеткен. Бiзде көне көмей дауысын қосу өнерi сонау жыраулардан келе 
жатқан дәстүр болып саналады.
Жанарбек  Әшімжан:  Аспаптарда  да  әр  халықтың  өз  ойнау 
ерекшелiгi  әртүрлi.  Мысалға  ұйғыр  халқының  кернейiн  тыңдасаң, 
аза бойың қаза болады. Дүниенің зар-мұңын жинап алғандай. Бәлкім 
азаттық  аңсайтын  болар...  Қазақтың  қара  домбырасы  салт-дәстүр, 
жөн-жоралғы,  сайын  даланы,  аққу-қаздың  сұңқылын,  дүбiрлеген  ат 
тұяғының үнiн көз алдыңызға әкеледі. Ал тас қалада тасырқап жүргенде 
сыбызғы тыңдасаң, туған Қазақстаныңның бүкіл табиғатын көз алдыңа 
әкеледі. Мұның сыры неде?
талғат  Мұқышев:  Қайбiр  жылы  Францияға  бардық,  Алматы 
күндері  өттi.  Францияға  алғаш  баруым.  Сонда  Рейн  қаласы  әкiмiнiң 
орынбасары,  өнердi  құрметтейтін  азамат  екен,  мен  өнер  көрсетiп 
болған соң сыбызғыны ұстап көрiп, өзi үшiн бiр шығарма орындауымды 
өтiндi. Сонда әлгi азамат «мен Қазақстанда болмасам да, сыбызғының 
үнi  арқылы  қазақ  халқының,  қазақ  даласының  қандай  екенiн  көрiп 
тұрмын» дедi.
Жанарбек Әшімжан: Өзіңіз жетекшілік ететін сыбызғы класында 
шәкiрт тәрбиелеу мәселесі қашалықты өз жемісін беріп жатыр?
талғат Мұқышев: Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториядан 
басқа жерде сыбызғы класы жоқ. Оның үстіне маған бір-екі баладан ғана 
түседі,  себебі  –  училищелерде  класс  жоқ.  Дегенмен,  Талдықорғанда, 

210
Астанада  бiраз  шәкiрттер  бар.  Бүгiнде  Аманжол  Әбутәліп  деген 
шәкiртiм  Талдықорған  филармониясында  сыбызғышы.  Эстрадалық 
ансамбльдерде, «Сазген» ансамбiлiнде ойнап жүрген шәкірттерім бар. 
Қалай  дегенмен  де,  бізге  мектеп-училище-консерватория  бағытында 
жүйе  керек.  Жылына  бір  шәкірттен  дайындағанның  өзінде  5  жылда 
5  шәкірт,  10  жылда  10  шәкірт  болады.  Ол  дегеніңіз,  біздің  сыбызғы 
өнерінің дамуына үлкен көмек. Ал мектептер ашылу үшін кішкентай 
балалардың үйреніп кетуі неғайбыл. Сыбызғы аспабы бұл үрлеу арқылы 
орындалады. Башқұрттар қыздарды бұл салада көп оқытпайды. Неге 
десеңіз,  сыбызғыны  үрлеу  үшін  күш  керек.  К.Байсейiтова  атындағы 
мектепте арнайы сыбызғы класы жоқ, тек қосымша ретiнде ғана жүредi. 
Бірақ қазiргi кездерде сыбызғышыларға сұраныс та көп және сыбызғыға 
қарсы шығып жатқан, қадірін түсінбейтін, бағалай алмайтындар да бар. 
Осы жағы қынжылтады.
Жанарбек Әшімжан: Не себепті қарсы шығады?
талғат  Мұқышев:  Кеңес  үкіметінің  тәрбиесінде  қалған,  сол 
кезеңнің  көзқарасымен  қарайтын  адамдар.  Олардың  пікірінше, 
шетелдің аспаптары, музыкасы алдыңғы сапта тұру керек. XVI-XVII 
ғасырда  Шығыс  Қазақстан  өңірінде  сыбызғы  тартысы  болған,  ол 
кешегі 1960 жылға дейін келген. Бұл тарихты қайда қоямыз? Өнерде 
қанша  үлкен  орындары  болса  да,  сыбызғыны  шын  мәнінде  аспап 
ретінде  тани  алмай  жүргендерге  не  деуге  болады?  Сондай  кереғар 
көзқараспен біздерге кедергі жасағысы келеді. Ол маған, немесе осы 
сыбызғының  маңайында  жүрген  адамға  емес,  ол  халыққа  жасалған 
кедергі, халыққа жасалған қиянат деп түсінемін. Ахмет Жұбановтың, 
Болат Сарыбаевтың еңбектеріне қарсы келген деп түсінемін.
Жанарбек Әшімжан: Шоу-бизнес пен эстраданың егіні жайқалып 
тұрған кезеңде шертер, сазсырнай, жетіген, сыбызғы сынды аспаптар- 
ды  замана  ағымына  қалай  ілестіруге  болады?  Сіздіңше,  сыбызғыны 
эстрадаға кіріктіруге бетбұрыс жасаған дұрыс па? 
талғат Мұқышев: Сыбызғыны эстрадада ойнауға қарсы емеспін. 
Заман  талабынан  ешқайда  асып  кете  алмайсың.  Жапондар  «Дәстүрі- 
мізді сақтай отырып, Еуропаны жетік меңгеруіміз керек» дейді. Біз де 
дәстүрімізді  сақтай  отырып,  бүгінгі  күннің  талабын  игеруіміз  керек. 
Бірақ, «дәстүрімізді сақтай отырып» деген мәселені ұмытпаған абзал.
Ең  бастысы,  қандай  өнерге  болмасын  насихат  керек.  Мәселен, 
«Ел» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін 
«Мәңгілік  сарын»  дәстүрлі  музыка  фестивалі  үрмелі  аспаптарды 
насихаттауда  үлкен  рөл  атқарды.  Бұл  жалғыз  ғана  шара,  бұған  да 
шүкіршілік.
Жанарбек Әшімжан: Лауазымды азаматтар тарапынан сыбызғыға 
қызығушылық танытып, қолұшын берейік, насихатын арттыруға жағ- 
дай жасайық деген жағдайлар болды ма?

211
талғат Мұқышев: Кезінде көп ұсыныстар айтылды. Президенттік 
оркестрге шақырылдым. Сол оркестрге Б.Тілеуханов жетекшілік етіп 
отырған  жылдары  екі  жыл  жұмыс  істедім.  Мемлекет  басшысының 
алдында  да  талай  өнер  көрсеттік.  Бір  жылдары  Астана  қаласында 
«Көне  Тұран  әуендері»  деген  фестиваль  болды.  Сол  фестивальге 
қатысқанымда  Мырзатай  Жолдасбеков,  Өмірбек  Байгелді,  Ақселеу 
Сейдімбек  ағаларымыз  келіп,  қатысып  көрді.  Өнерімізді  жоғары 
бағалады.  Бір  күні  Алматыда  жүрсем,  Өмірбек  Байгелді  ағамыз 
қоңырау  соғып,  кездесуге  шақырды.  Қонаев  ескерткішінің  алдында 
кездестік. Содан ол кісі мені «Алтын адам» табылған – Есік қаласына 
ертіп апарды. Біраз қонақтар бар екен. Киіз үй тігіліп, қазан асылыпты. 
Сыбызғының  әсем  үнін  тыңдады.  Сонда  үлкен  ұсыныстар  айтты. 
«Домбыра,  қобыз,  сыбызғы  үшеуі  ошақтың  үш  бұтындай.  Біраз 
кенжелеп қалған, үлкен деңгейге жеткізу керек» деп ұсыныстар айтты. 
Өнеріме  оң  бағасын  беріп,  риза  болғанын  жеткізіп,  үстіме  шапан 
жауып құрметтегені бар.
Жанарбек Әшімжан: Қайсыбір жылы «Мәңгілік сарын» идеясының 
жетекшісі  Ғалым  Доскен  дәстүрлі  ән  фестиваліне  сыбызғышыларды 
жинапты. Талғат Мұқышев арқылы даңқты сыбызғышы ақсақал Кәлек 
Құмақайұлын алдыртып, аузындағы тістерін бүтіндеп беріп, сыбызғы 
үрлетіпті» дегенді естіп қатты қайран қалдым. Осы рас па?
талғат  Мұқышев:  «Мәңгілік  сарын»  –  бүгінгі  таңда  дәстүрлі 
өнеріміздің  жоқтаушысы,  насихатшысы,  дәстүрлі  әндеріміздің  дамы- 
тушысы  болып  отыр  десем,  артық  айтпағандығым.  Кез  келген  нәрсе 
тектен-тек  бола  қоймайды.  Әр  жоба  басқарушысына,  ұйымдастыру- 
шысына байланысты. Ғалым Доскен мырзаның әркімнің қолынан келе 
бермейтін азаматтық істері туралы ұзақ айтуға болады.
«Мәңгілік сарын» басында ашылғанда, Моңғолиядан көшіп келген 
атақты  сыбызғышы  Кәлек  Құмақайұлымен  кездесіп,  сол  кісінің 
орындауындағы  бүкіл  күйлерді  таспаға  және  нотаға  түсіріп,  кітап 
шығару  ойымда  болды.  Сол  кісіден  тәлім  алып,  батасын  алдым. 
Жалпы, сыбызғы тарту үшін ең бірінші тіс керек. «Мәңгілік сарынға» 
шақырған кезде Кәлек ағай қартайып, тісі түсіп сыбызғы ойнай алмай 
қалған  кезі  еді.  Сосын  Ғалым  Доскенге:  «Аға,  ол  кісінің  тісі  түсіп 
қалған,  ойнай  алмайды»  дедім.  Ғалекең:  «Алып  кел  ондай  кеудесі 
қазынаға  толы  абыз  ақсақалдың  әдемілеп  тісін  салдырып  береміз, 
фесивальға  қатыстырамыз»  –  деді.  Бұл  азаматтық  емес  пе?  Бірақ, 
сыбызғы жасанды тіспен бәрібір ойналмайды. Кәлекең келді, «Мәңгілік 
сарынның» «Жәдігер» деген жүлдесін алды. Егемендік алғаннан кейін 
Қазақстандағы сыбызғы өнерін алғаш дамытқан Кәлек ағай болатын.
Бірде  Ғалым  ағаға  «Кәлек  ағайдан  үйренген  Моңғолиядағы  Баян-
Өлгей қазақтарының сыбызғы күйлері туралы ғылыми негіздемесі бар, 

212
«Сыбызғы  сыры»  атты  кітап  жазып  едім...»  –  дедім.  Сөйтіп,  бірден 
сол  кітаптың  шығуына  көмектесті.  Бұл  –  Қазақстандағы  тұңғыш 
сыбызғы  күйлерінің  жинағы.  Өйткені,  домбыра  күйлерінің  жинағы, 
Батыс, Шығыс, Арқа, Жетісу күйшілік дәстүрі дейміз. Ал сыбызғыға 
байланысты  Ахмет  Жұбанов  ағамыз  түсіріп  беріп  кеткен,  «Ғасырлар 
пернесі» атты ұжымдық жинақтағы 10 күйден басқа қазына жоқ.
Одан кейін Тәлиға Бекхожина мен Абдулхамит Райымбергенов 5-6 
күйден түсірген, олардың өзі жеке сыбызғыға арналған күйлер емес. 
Жанарбек Әшімжан:  Біздерде  үлкен-үлкен  өнер  ұжымдары  бар. 
Сол оркестр, ансамбльдер тарапынан сыбызғышыларға сұраныстар 
түспей ме?
талғат  Мұқышев:  Сұраныс  көп.  Жеке  солист  ретінде  болмаса, 
оркестрге көп ұсыныс жоқ. Бірақ негізгі фольклорлық ансамбльдерде 
екінің  бірі  сыбызғышы  іздейді.  Жұбанов  мектебінде  сыбызғыдан 
қосымша  оқыған  бір  шәкіртім  «Сазген»  ансамбілінде  сыбызғышы 
болып  істеп  жүр.  Солардан  кәсіби  сыбызғышы  балаларыңыз  болса 
деген ұсыныс түсті.
Жанарбек  Әшімжан:  Біздегі  эстрада  әншілері  өздерінің  әндерін 
әрлеу бағытында сіздің еңбегіңізге жүгіне ме?
талғат Мұқышев: Кезінде Бағлан Омаров деген өңдеуші өз әндерін 
әрлеуге  сыбызғы  қосқан.  Бейбіт  Оралұлы  да  біраз  әндерінің  ішіне 
ұлттық бояу беру үшін сыбызғы пайдаланды.
Жанарбек  Әшімжан:  Әншілерді  тойларға  көп  шақырады.  Ал 
сыбызғышыларды тойларға шақыратын сәттер бола ма?
талғат  Мұқышев:  Болып  тұрады,  бірақ  көп  емес.  Кейде  ұлттық 
аспаптармен, ұлттық әндермен ғана өтетін тойлар болады. Шақыртулар 
болып жатса, неге бармасқа?!
Жанарбек Әшімжан: Башқұрт сыбызғышыларымен соңғы кездегі 
қарым-қатынасыңыз  қалай?  Шығармашылық  байланыстарыңыз  бар 
ма?
талғат Мұқышев: «Мәңгілік сарын» аясы үлкен жоба. Домбыра- 
шылар  да,  қобызшылар  да,  әншілер  де  қатысады.  Фольклорлық 
аспаптардың  арнайы  тарауы  болады,  сонда  біз  Алтай  аймағынан, 
Башқұртстаннан,  Түркіменстаннан,  Қырғызстаннан  үлкен  сыбызғы- 
шыларды шақыртып, күй тартыстық. Сол жақта оқыған курстастарым, 
сабақ берген азаматтар, бір бөлмеде, бір нанды бөлісіп жеген студент 
достарыммен әлі күнге дейін қарым-қатынас жасап, сөйлесіп тұрамыз. 
Олар атақты сыбызғышылар, халық әртістері.
Жанарбек Әшімжан: Өзіңіз сыбызғы оясыз ба?
талғат  Мұқышев:  Сыбызғышының  көбі  орындаушы  ғана  емес, 
шебер. Әр сыбызғышының өз құпиясы болады. Түркімендер қамыстың 
буынымен есептеп жасайды. Мен өзім ептеп қурайдан жасаймын. 

213
Сыбызғының ән-күйлері әр түрлі, әр бөлек болады және сыбызғыны 
күйге ыңғайлап жасайды. Дыбыс ойықтарын, дыбыс қатарларын әр ел 
өз әуендеріне ыңғайлап жасайды.
Жанарбек  Әшімжан:  Сыбызғының  нотаға  бағынбай  кететін  тұс- 
тары бар ма?
талғат  Мұқышев:  Нотаға  бағынады,  бірақ  сыбызғының  күйін 
тыңдап, сыбызғының құпияларын нота бойынша білмей, сыбызғыны 
жетік деңгейде ойнап кету мүмкін емес. Сыбызғының табиғаты бөлек. 
Оған  күйшілік  деңгеймен  жақындау  керек.  Әншілік  орындаушылық 
көзқараспен  де  қарау  керек.  Өйткені,  үрлемелі  аспап  болғандықтан, 
іштен  әуен  шығып  тұру  керек.  Сыбызғы  адамның  тұтас  бір  мүшесі, 
жалғасы секілді болуы тиіс. Сыбызғының үні іштен, көмейден шығады. 
Үрлемелі екен деп, үрлей берудің де қажеті жоқ. Ол халықтың мұңын, 
табиғатын, зарын адаммен бірге жасаған аспап.
Жанарбек  Әшімжан:  Кәсіби  сыбызғышы  ретінде  жеке  есептік 
концерт беру ойыңызда жоқ па?
талғат Мұқышев: Әл-әзір жоқ. Дәстүрлі музыкаға деген көзқарас 
көңілдегідей  болмай  тұр.  Жалпы,  болашақта  үлкен  концерт  беру 
жоспарымда бар. «Сыбызғы сазы» деген аудиотаспам шықты, кітабым 
шықты.  Жеке  компакт  дискімді  шығаруды  жоспарлап  отырмын.  Ал 
сыбызғыны  іздеп  келетін  халық  Республика  сарайына  сыймай  кетеді 
дегенге көзім де жетпейді, көңілім де сенбейді.

214
қоБЫЗШЫ
(Өнер қайраткері Сматай Үмбетбаевпен сұхбат) 
Жанарбек  Әшімжан:  Ел  iшiнде  «әйгiлi  Ықылас  қобыз  шалғанда 
кiрпiк  шешендер  iнiнен  шығып  тұрып  тыңдайды  екен»  деген  аңыз-
шыны аралас әңгiме бар. Осы қаншалықты рас?  
сматай Үмбетбай: Бұл ешқандай аңыз емес, болған оқиған. Оны 
менiң әкем өз көзiмен көргенiн маған әңгiмелеп берген. Бiздiң жақта 
Араб  деген  тау  бар.  Бiр  күндерi  сол  тауға  Ықылас  келiптi.  Ықаңның 
қобызын тыңдау үшiн таудың етегiне дүйiм ел жиналады. Сол заманда 
18 000 қой бiткен Шоман Сәрсембет деген, 19 000 қойы бар Әлi атты 
әйгiлi байлар болған екен, сол кезеңнiң демеушiлерi ғой. Сол азаматтар 
шаршап жүрген халық бiр жасап қалсын деп 150 бие сауып, жүздеген қой 
сойып сауын шақыртады. Сонда Ықылас бес күн бойы қобыз шалыпты. 
Бес күн бойы бiр күйi екiншi күйiне қосылмаған екен. Өзi шешен, өзi 
алпамсадай зор дауысты жiгiт бес күн бойы Ықаң тартқан күйлердiң 
тарихын жиналған әлеуметке айқайлап айтып отырған көрiнедi. Сонда 
Ықаңның  қобызына  елтiгенi  соншалық,  бiр-екi  адам  дәретiн  жiберiп 
қойыпты деседi, бiреуiнiң аты Бақа екен. Халық жиналған жерде кiрпiк 
шешеннiң ұясы бар көрiнедi. Ықылас қобыз шалғанда кiрпiлер iнiнен 
шығып, тұмсықтарын шошайтып алып тұрып тыңдапты. Қобыз үнiне 
елтiп  кеткендерi  соншалық  Ықаңа  қарай  жақындай  берiптi.  Әлден 
уақыттан кейiн қобызды айнала кiрпiлер қаптап кетiптi. Тiптi, жағалай 
малдас құрғандардың шапандарының етегiне дейiн өрмелеп кеткен ғой. 
Сонда Ықаң «бұл адамның азғыны ғой, тимеңдер, айыздары қанған соң 
өздерi кетедi» деген екен. Осыған әкем өле-өлгенше таңдай қағып кеттi. 
Ендi өз басымнан өткен бiр қызықты айтайын. Мен қобызды үйде 
ұдайы  шалып  жүрем.  Бiраз  уақыт  бұрын  бiздiң  үйдiң  iргесiнен  бiр 
тесiк  пайда  болды.  Ерен  санағам  жоқ.  Бiр  күнi  қобыз  шалып  бiткен 
соң аулаға шықсам, ит бiр нәрсенi дөңгелетiп жүр. Жақындап барсам 
кәдiмгi  кiрпiк  шешен.  Әлгi  кiрпiнi  бiраз  жерге  апарып  тастаймын, 
қобыз  шалып  бiткен  соң  қайта  келiп  алады.  Кейiн  сол  кiрпiнi  ұлым 
Жасұлан асырады. Мiне, қобыздың киесi қайда жатыр! 
Жанарбек  Әшімжан:  Ендi  әңгiменi  бүгiнгi  қобызшыларға  қарай 
бұрсақ.  Бел  ортасында  жүрмесеңiз  де  аңысын  аңдып  байқап  жүрсiз. 
Қобыз шалу мәдениетi, қобызшылық мектеп қалай қарай ауып барады?
сматай  Үмбетбай:  Мен  қазiргi  қобызшылардың  iшiне  шендеп 
кiре алмаймын. Менi сонау жылдары қылшылдап тұрған шағымда осы 
аждаһа қалаға шақыртты. Рахмет! Соңында додаға салды да жiбердi. 
Қандай  кiсiлерден  тәлiм  алғанымды  бәрi  бiледi.  Мен  мақтанбай-ақ 
қояйын, бiрақ көненiң өзiн көрмесем де көзiн көрген адаммын. Жастарға 
берер  тәлiм-тәрбием  әлi  де  жетерлiк.  Бiрақ,  «осындай  бiр  азаматты 

215
бiр кезде алдыртып едiк, қазiр не күйде екен?» деп хал-жайды сұрап 
жатқан бiреуi жоқ. Бәрi өзiнiң мансабының құлы болып кеттi. Бiлiмдi 
азаматтарымыз өздерiнiң iшкен-жегенiне өздерi тәнтi болып, өздi-өзiн 
қызықтап кеттi. Өнердi, оның iшiнде осы қобыз өнерiне көңiл аударып 
жүрген азаматтар некен-саяқ. Теледидар мен радиодан берiлiп жатқан 
ән-күйлердi  жiтi  бақылап  отырамын.  Басын  жарып,  көзiн  шығарып 
тартатын  орындаушылар  көбейдi.  Қиыс  кеткендi  қиып  түсетiн  үлкен 
ақсақалдарымыз  бұл  жағынан  жұмған  аузын  ашпайды.  Сырттан 
келген ербеңбайларды ұлттық құндылықтардын жоғары қоятын ағым 
пайда болды. Өнер әлемiн талғамсыз ұрпақ жайлап барады. Жылауық 
әндер  шыға  бастады.  Айтпайын  десең  –  өркен  жайып  кетiп  барады. 
Ағылшыннан,  америкадан  бiреу  келсе  соған  жалбақтап  жүрген 
жұрт.  Маған  бiр  азаматтар  шетелдiң  музыкасы  басылған  бiрнеше 
күйтабақтарды  сыйға  тартты.  Тыңдадым.  Қырық  құрау  бiр  дүние, 
бiрiнен бiрi ұрлап жүрген ел. Iшiнде қазақ күйлерiнiң де детальдары 
жүр.  Шетелмен  байланыс  жасап,  екi  ортадан  қаржы  тауып  жатқан 
делдалдардың заманы болып кеттi. Ал мен ол шетелiңде талай болғам. 
Қазақтың қара қобызына талайын табындырғам.
Жанарбек  Әшімжан:  Кейiнгi  кездерi  сiздi  консерваториямен 
қарықатынасыңыз жоқ па? Сiздi тәлiмгерлiкке шақырмады ма?
сматай  Үмбетбай:  Басында  бiр  азаматтар  бар  мүмкiндiнiмдi 
жастарға берудi мақұл көрiп қолдаған. Едәуiр еңсем көтерiлiп қалып 
едi. Кейiн бәрi хабарсыз кеттi. Шамасы қазақшылықтары басып кеткен 
болу керек.
Жанарбек  Әшімжан:  Дегенмен  қобыз  класында  оқитын  кейбiр 
жастардың сiздiң үйге келiп дәрiс алып жүргенiн ептеп естiп қаламыз.
сматай Үмбетбай: Рас, келiп сабақ алатын жастар аз емес. Ептеп 
қолдарын түзегiсi келедi. Iшiнде талантты жастар да бар. Бiрақ, мына үй- 
дi он жыл болды салып бiтiре алмай әлекке түсiп жатырмыз. Жеңгеле- 
рiң – мұғалiм, сабақтан келе сала ол да бiр жағыма шығысады. Қобыз 
шалу  үшiн  ең  керегi  бас  бармақ,  сол  бас  бармағымды  ағаш  жаншып 
кетiп бiраз уақыт қиналдым да. Балта мен балғадан қол босай қалған 
кезде жастарға қолымнан келгенше тәлiм беремiн. Консерваторияның 
ұстаздарымен де ара-тұра кездесiп тұрам. Әңгiмемiз жарасымды, олар 
менiң тәуiр қобызшы екенiмдi айтады, жер-көкке түсiрмей мақтайды, ал 
нақты iске келгенде түк нәтиже жоқ. Әлi күнге дейiн еңбегiм еленерлiк 
бiр  атақ  алмаппын.  1987  жылы  марқұм  Өзбекәлi  Жәнiбеков  ағамыз 
менi Ықылас атындағы мұражайға шақырды. Сол жерде көп жұмыстар 
iстедiк. Өзекең адамның еңбегiн керемет бағалайтын тұлға едi, маған 
атақ алып берем деп жүрген кезде дүниеден өтiп кеттi. Шаппай алар 
бәйгем  талайдың  тақымында  кеттi.  Ал  атақ-даңқты  ешқашан  сатып 
алмаймын.  Сатып  алу  маған  –  ар.  «Асылды  тот  баспайды»  дейдi 

216
қазақ. Дұрыс түсiнiңiздер, мен өзiмдi асыл таспын деп тұрғаным жоқ, 
менiң асыл тасым – кешегi қайталанбас қара шалдардан алып қалған 
ұлы  мектеп.  Сол  даланың  академиктерi  кезiнде  консерваторияның 
даңқты  профессорларын  жөнге  салып,  қате  шалыстарын  түзеткенiн 
өз  көзiммен  көргем.  Ал  олар  Ықыластың  өзiнен,  балаларынан 
үйренген абыздар. Асылық айтты демеңдер, Қазақстан аумағында сол 
шалдардың мектебiн бойына сiңiрiп қалған қобызшы болса маған аты-
жөнiн айтыңыздаршы? Мен өзiм ары ойлап, берi ойлап таба алмадым. 
«Қазақстанның  осындай  жерiнде  бәлен  деген  мықты  қобызшы  бар 
екен»  дегендi  есiтiсем,  табанымнан  тозып  сол  адамды  iздеп  тауып, 
қобызын  тыңдағам.  Сонау  Қарақалпақстанның  әйгiлi  қобызшыларын 
да көрдiм, бiр-екеуi үйiме келiп дәм татып кеткен.
Жанарбек  Әшімжан:  Соңғы  кездерi  қолынан  келгендер  ұлттыз 
аспаптарды эстрадаға икемдеп жатыр. Осы үрдiс қасиеттi қара қобызға 
да  келдi.  Заман  ағысы  десек  те,  осыған  байланысты  өзiңiздiң  түйiп 
қойған ойыңыз бар шығар?
сматай  Үмбетбай:  Бiреудiкi  бiреуге  таңсық  болған  заман 
ғой.  Айналып  келгенде  дәстүрлi  өнерге  эстраданы  жамап-жасқап 
жатқандардың да ойы бөтен емес. Олар да өз әлiнше өнер үшiн еңбек 
етiп  жатыр.  Ал  шындығына  келсек,  қобыз  үнi  ешқандай  өлшемге 
сыймайды, өзге аспаптарымыз да солай. Қазiр бұл турасында пiкiр айта 
бастасаң жамырап шығатындар жетерлiк. Бәрiн көрiп, бiлiп отырмын. 
Бұл  мәселе  жайында  аузымен  құс  тiстеген  профессор,  академиктер 
айтсын. «Татарканың» бiр қуысында үйiн салып бiтiре алмай жатқан 
адамның сөзiм кiмге дәрi? Кiм тыңдай қояды? 
Жанарбек  Әшімжан:  Қобыз  ысқышынан  ышқынып  шыққан 
өзiңiздiң  бiрнеше  күйлерiңiз  бар.  Соның  iшiндегi  айрықшасы  – 
«Желтоқсан» деген күй. Осы күй жөнiнде аз-кем айта кетсеңiз?
сматай  Үмбетбай:  Ол  күйдi  шығармасқа  менiң  лажым  болмады. 
Мына  халықтың  iшiне  шемен  жиналмасын  деп  тiлеңiздер.  Оның 
ақтарылуы  өте  жаман  болады.  Халықтың  жансарайы  кең,  үрген  жел 
сияқты  кете  бередi.  Үре  бересiң,  кете  бередi.  Бiрақ  оның  да  шегi 
болады ғой, күндердiң күнi жарылады. Ал ол шемен жарылған кезде 
оған ешкiм ие бола алмайды екен, менiң түсiнгенiм осы. «Желтоқсан» 
күйiнiң айтатын тағлымы сонда. Шындықты айтатын ауыз жаман, адам 
жаман, ал қасиеттi қара қобызды не деп жазғырасың?

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет