Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет32/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32

команданте
Команданте! Бұл – кәдiмгi Куба көсемі Фидель Кастро. Азуын айға 
бiлеген АҚШ-тың алты басшысымен саяси тартысқа түскен. Кеңестер 
Одағының  алты  көсемiмен  саяси  һәм  достық  қарым-қатынаста 
болған Фидель. Джон Кеннеди де, Мао Цзедун да, Леонид Брежнев 
те әлдеқашан тарих қойнауына кеттi. Өмiрiн өлiм биiне айналдырған 
Че  Гевараның  да  дәуiрi  ықылымда  суалған.  Ал  13  тамызда  80 
жасқа  толатын  Кастро  әлi  ат  үстiнде.  Атлант  мұхиты  бiр  толқыса 
шайып  кететiндей  көрiнетiн  осы  бiр  жайынның  желбезегiндей  ғана 
мемлекеттiң күрескер басшысының патшалық құрып отырғанына 47 
жыл. Фидель Кастро билiкке келген кезде туған нәрестенiң ғұмыры 
жарты ғасырға таяп қалыпты. Әлқисса...
«Куба  көсемi  Фидель  Кастро  мемлекет  басқару  өкiлеттiгiн,  бас 
қолбасшылықты  және  Куба  коммунистiк  партиясының  жетекшiлiгiн 
денсаулығына  байланысты  уақытша  туған  iнiсi  Рауль  Кастроға 
тапсырды». Апта басында «Бостандық аралынан» осындай ақпар сау 
ете қалғаны сол, дүние солай қарай бұрылып сала бердi. Рауль Кастро 
– Кубаның қорғаныс министрi болатын.
Фидель Кастро Алехандро Рус немесе жай ғана Команданте туралы 
аз-кем сөз. Президенттiктi де, премьерлiктi де, төңкерiсшiлер көсемдiгiн 
де  қолына  берiк  ұстаған  Фидель  Кастро  1926  жылдың  13  тамызында 
Кубаның  Орьенте  провинциясында  Биран  елдi  мекенiнде  дүниеге 
келген.  Әкесi  –  Испаниядан  келген  иммигрант.  Сол  кездiң  өзiнде-ақ 
әкесi iрi қант плантациясына иелiк еткен ауқатты жан.
Фидель мен бауыры Рауль алғашқы бiлiмдi Сантьяго қаласындағы 
католиктер  интернатында  алған.  Кейiн  Гаванада  бiлiмiн  шыңдай 
жүрiп  спортпен  айналысты.  1944  жылы  Гаванада  ең  таңдаулы 
спортшы  болды.  Кейiн  заң  ғылымдарының  докторы  атанған 
Кастро 1950-жылдары кедейлердiң құқын қорғаған. Куба халықтық 
партиясына  өткеннен  соң  саяси  жұмысқа  белсене  араласты.  1952 
жылы осы партияның атынан Куба ұлттық конгресiне депутаттыққа 
ұсынылған, алайда генерал Батиста бастаған төңкерiсшiлер билiкке 
келiп, елде сайлау өтпей қалды. Партияның жұмысынан да мән кеттi. 
Сосын  осы  партияның  бұрынғы  мүшелерiнен  топ  құрған  Фидель 
елде  Батистаның  режимiне  қарсы  күрес  бастайды.  Тiптi  қарулы 
қақтығыстарға дейiн барған. Сосын билiк Фидель Кастроны әскери 
трибуналға  салады.  Сотта  Батистаның  диктатурасын  қатты  сынға 
алған Фидель: «Менi тарихтың өзi ақтап алады», – деп қайсарлық 
танытады. Қайсарлыққа қарайтын билiк пе, сот Кастроны 15 жылға 
бас  бостандығынан  айырады  да  жiбередi.  Алайда  1955  жылдың 
мамырында  қоғамдық  толқулардың  әсерiнен  билiк  Фидельге 
рақымшылық  жасайды.  Қапастан  шыққан  бетте  Кастро  бiрден 

310
Мексикаға  кетедi.  Сол  жақта  қол  жияды.  Партизандық  күрес 
жүргiзедi.  Ақыры  1959  жылдың  1  қаңтарында  генерал  Батиста 
режимiнiң күл-талқанын шығарып билiкке келдi. Содан берi АҚШ-
тың иегiндегi ресми Гавана Фидель Кастроның социалистiк сақалына 
ораулы. Кеңестер Одағымен де тонның iшкi бауындай болды. Тiптi 
Фидель  Л.Ломоносов  атындағы  Мәскеу  университетiнiң  құрметтi 
профессоры,  халықаралық  Ленин  сыйлығының  лауреаты.  Ол  аз 
десеңiз  Кеңес  Одағының  батыры.  Ендi  Куба  көсемiнiң  алмаған 
сыйлығы  жоқ.  Бiрақ  сол  сыйлықтардың  iшiндегi  айдарлысы  – 
АҚШ-тың түпкiлiктi халқы, яғни, тағдыр-талайлы үндiстердiң 2003 
жылы  арнайы  Кастроға  берген  «Қыран  қауырсыны»  болса  керек. 
Үндiстердiң  бұл  мәртебелi  сыйлығын  АҚШ-тан  тыс  жерде  туған 
тұлғалардың  iшiнде  бiрiншi  болып  алған  осы  Куба  көсемi  және 
әлемдiк деңгейдегi билеушiлердiң бiр де бiрiне әл-әзiр бұл сыйлық 
бұйырмай тұр. Ал Фидельдiң мола үстiне мемлекет құрған АҚШ-қа 
деген саясаты әмбеге аян. 
«АҚШ»  дегеннен  шығады.  «Бостадық  аралының»  атасы  ЦРУ 
тарапынан  жасалатын  қастандықтан  сақтану  үшiн  жеке  өмiрiн  өте 
құпия ұстаған. Билiкке келгеннен күнi кешеге дейiн Кастроға 600-ден 
астам қастандық ұйымдастырылыпты. Бiрi – Фидельдiң сүйiктi ермегi 
– су астындағы аңшылық кезiнде орын алса, екiншiсi – көсемдi таспаға 
түсiрушi  репортердiң  камерасына  тапанша  орнату  арқылы  жасалған. 
Солардың  iшiндегi  оншақты  қастандықты  АҚШ  сенаторларының  өзi 
амалсыздан мойындаған-мыс.
Жалпы,  Куба  көсемi  туралы  сөз  болғанда  оның  соншалықты 
шешендiгi  алдыңғы  шепке  шығады.  Сақалы  бурыл  тартпай  тұрған 
шағында халықтың алдында 15-16 сағат қағазға қарамай сөйлеген кезi 
болыпты.  Жадының  қуаттылығы  сонша,  қайсыбiр  жылғы  қайсыбiр 
фермадағы бақташының аты-жөнi есiне сақталып қалады екен.
Фидельдiң  саяси  күрескерлiгiнiң  ұңғыл-шұңғылын  түгел  шолып 
отырып,  оның  өмiрiнде  елеулi  орын  алған  әйелдер  жайлы  айтпай 
кетсе  Кастроның  билеушiлiк  қыры  бiртүрлi  олқы  соғып  тұрар  едi. 
Команданте жайлы таңғажайып дүниеге бергiсiз деректер диктатор 
өмiрiнде  өзi  құлай  сүйген  үш  әйел  болғанын  айтады.  Бiрiншiсi  – 
Мирта Диас Баларт, кәдiмгi Кастроның өзi атынан аударып, билiгiн 
тартып алған Батиста үкiметi мүшесiнiң қызы. Одан туған Фиделито 
есiмдi  баласы  кейiн  Кубаның  атом  энергиясы  агенттiгiн  басқарған, 
бiрақ  не  себептi  екенi  белгiсiз,  оны  қызметтен  бiр-ақ  күнде  алып 
тастайды.
Екiншi  әйел  –  Нати  Ревуэльта  –  Гаванада  50-жылдары  ең  сұлу 
әйелдердiң  бiрi  болған.  Фидельдiң  Нати  ханымнан  туған  Алина 
есiмдi  қызы  1993  жылы  белгiлi  себептермен  Кубадан  қашып  кетедi. 

311
Кубадан қашқаннан кейiн Алина «Кастроның қызы – қудаланушының 
естелiктерi»  атты  кiтап  жазып  шықты.  Онда  Алина  өзi  және 
Фиделитодан бөлек, Кастроның Делив Сото атты әйелден бес баласы 
бар  екенiн  жазады.  Тiптi  аттарын  да  келтiрген:  Алекс,  Александр, 
Алехандро, Антонио және Анхелито.
Ал  Кастроның  өмiрiндегi  үшiншi  әйел  –  Селия  Санчес,  ол  көп 
жылдар Куба көсемiнiң хатшысы және көмекшiсi болған. Ол туралы 
– «Селия Санчес 1980 жылдардың ортасында өзiн өзi өлтiрдi» деген 
ғана  дерек  бар,  алайда  Бостандық  аралында  «Санчестi  Фидельдiң 
бауыры  Рауль  Кастро  өлтiрдi»  деген  әңгiме  күнi  бүгiнге  дейiн 
айтылатын көрiнедi. Фидель Кастроның «донжуандығы» соншалық, 
кейде Гавана көшесiн аралап жүрiп, өзiне ұнаған әйелдi көмекшiлерi 
арқылы алдыратын да сәттер болады екен. Кезiнде Лаврентий Берия 
жайлы аңыз-шыны аралас осындай әңгiме көп айтылатын едi. Фидель 
Кастроның  билiкқұмарлығы  мен  әйелқұмарлығының  арасы  қарыс 
қадам ғана десе де болғандай.
Кубадан  басын  ала  қашқан  Карлос  Монтанер  секiлдi  диссидент 
жазушылар мен Марсело Фернандес сияқты дәрiгерлер Фидель Кастро 
жайлы, оның денсаулығына қатысты көп деректер айтады. Бұл жөнiнде 
ЦРУ-дiң жинаған ақпары да аз емес. Сондай мәлiметтердiң бiрi – 79 
жастағы  билеушiнiң  денсаулығы  сыр  бергелi  бiраз  уақыт  болғанын 
алға тартады. Тiптi, АҚШ-тың барлау қызметiндегi ақпарда Фидельдiң 
паркинсонмен  ауыратыны  жайлы  дерек  келтiрiлген.  Кәдiмгi  Йоанн 
Павел-II мен Мұхамед Әлидi меңдеген буын, ес ауруы.
Қызық.  Бұл  Кастроңыздың  билеушiлiк  дертiнiң  меңдегенi  сонша, 
тiптi,  елдегi  танымал  тұлғалардың  өзiн  ауыздықтап  отырады  екен. 
Мысалы, халыққа танымалдығы қатты артып кеткен Кубаның ұлттық 
арнасында  екi  актердi  қуу  туралы  жарлық  берiптi.  Кейде  билiкте 
«өзiмбiлемдiкке»  салып  ұзақ  отырудан  сондай  да  ауру  пайда  болады 
екен.
Ендi бұл кiсi туралы қызықты да қожанасырлау деректердi таңды 
таңға  асырып  келтiруге  болады.  Жарты  ғасырға  жуық  билiкке 
дәнекерленiп қалған қаба сақалды қарттың денсаулығы сыр берген соң, 
оқырманға аз-кем түсiнiктеме берейiк деген ниет қой бiздiкi...
P.S.  Айтпақшы,  Кастро  кария  80  жасқа  толған  тойына  78  елден 
2 300 қонақ шақырып, «бiр шәугiм шәй» бердi. Жағдай мынадай болды. 
Операция үстелiне кетiп бара жатып Фидель өз қолымен: «Менiң 80 
жылдық тойым 2 желтоқсанға ауыстырылды, осы күнi Куба мемлекетi 
қарулы күшiнiң құрылғанына 50 жыл толады», – деп тiлдей хат жазып, 
өкiлi арқылы әлеуметке жария еттi.

312
қЫЛМЫс ӘЛеМi, кӨЛеңкеЛi экоНоМИкА ЖӘНе 
«тӘЖДiЛер» НеМесе «ҮШтiк АЛЬяНстЫң»
АқЫрЫ қАйДА АПАрАДЫ 
...Қысқа шашты, қырма сақалды шетелдiк көлiк мiнген алпамсадай-
алпамсадай  жiгiттер.  Тобымен  келедi,  тобымен  кетедi.  Ел  көзiнен 
тасалау  жүретiн  сол  жiгiттерге  барған  жерiнде  жұрт  жапырыла 
төрiн  ұсынады.  Базар  мен  ойын-сауық  орындарының  және  қаржылы 
кеңселердiң  қожайындары  ол  жiгiттердi  көрсе,  тiзелерi  дiрiлдеп  қоя 
бередi. «Рэкет!» Былайғы елдiң оларға қойған аты осы. 
Кеңес  қабырғасының  нән  кiрпiшi  қазақ  қоғамының  басына  құлап 
кеткендей мең-зең күй кешiп, «ендi қалай болар екен?» деп ауыл-елдiң 
абдырап тұрған шағы. Бұл – ескi дәуiр мен жаңа қоғам ат ауыстырып 
жатқан  1990  жылдар  болатын.  Таспадан  ғана  таныс  қылмыстық 
топтардың сарқыншағы Қазақстанда да ептеп бiлiне бастаған. Бұл арада 
iрi қылмыстық топтар мен рэкетир ұғымының ара салмағын ашып алған 
да жөн. Себебi, базар жағалап, өзбектiң өрiк-мейiзiнен тапқан ақшаға 
бөлiске  кiрген  «рэкетсымақтардың»  iс-әрекеттерi  iрi  «шаруалармен» 
айналысып  жүрген  қылмыстық  топтарға  (олар  шекарадан  өтетiн 
тауарларды  да  бақылағаны  жасырын  емес)  аз  селкеу  түсiрген  жоқ. 
Осы «қылықтары» үшiн белгiлi бiр топтар жазасын да алған көрiнедi. 
Ауылдан келген өрiмдей жастарды шеңгелiне iлiндiрiп әкеткен сол бiр 
алмағайып күндер еске түссе, талай жанның қабырғасы қайысады. Iрi 
қалалар  мен  орталықтарда  ұйымдасқан  қылмыстық  топтар  құрылып, 
базарлардың,  фирмалар  мен  мекемелердiң  үстiнен  үкiм  жүргiзбекке 
әрекеттенiп, көнбегенiмен «есеп айырысатынын» ұзынқұлақтан ести- 
тiнбiз.  Қирап  түскен  Кеңес  одағы  мен  тәуелсiз  Қазақстан  арасында 
орын  алған  азғантай  ғана  ащы  кеңiстiктi  криминалды  күштер  өз 
ыңғайларына пайдалануға әрекеттенген. Пайдаланды да. Қытай асқан 
мал терiлерi мен түрлi-түстi металдарға және шеттен келген арақ-шарап 
өнiмдерiне  Қазақстанның  iрi  қылмыстық  топтары  бақылау  жасағаны 
туралы деректер де жоқ емес. 
Барар  бағытын  айқындап  жатқан  қазақ  елiнiң  ол  кездегi  ахуалы 
–  күзетшiсi  жоқ,  бiрақ  iшi  мүлiкке  толы  үйдi  еске  түсiретiн  едi. 
Естуiмiзше,  қылмыстық  топтар  сол  шақта  есiк-терезесi  аңғал-саңғал 
елдiң мемлекеттiк мүкәмалын жыртысқа салушылардың есiгiн босат- 
паған  көрiнедi.  Сондай-ақ,  қылмыстық  топтар  сол  тұстағы  бұлың- 
ғырланып, тұманытып тұрған саяси ахуалды да өз қажеттерiне оңтай- 
лы пайдаланыпты-мыс. 

313
Өндiрiстiк  секторларды  жекешелендiру  арқылы  елдiң  саяси 
жағдайына  ашық  ықпал  еткiсi  келген  топтар  болғанын  емiс-емiс 
естiп қаламыз. Өткен ғасырдың 90-93 жылдары ел-жұрт олар жайлы 
сыбырлап қана айтатын. Сол қылмыстық топтар қалай пайда болды? 
Басында тұрғандар кiмдер едi? Құқық қорғау органдарына бас бермеген 
бұл қандай күш? Бүгiнгi тағдыр-талайы қалай? Бұл туралы iшкi iстер 
органдарының өздерi де толық мәлiмет бере бермейдi... Десе де, қазiргi 
уақытта осы төңiректе әңгiме қозғауға ептеп мүмкiндiк бар. Мамандар 
ТМД аумағында 90 жылдары қалыптаса бастаған қылмыстық топтардың 
ұшар  басында  негiзiнен  бұрынғы  кәсiби  спортшылар  және  қылмыс 
әлемiндегi  авторитеттер,  шенеунiктер,  көлеңкелi  экономиканың  өкiл- 
дерi,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерi  болғанын  айтады. 
Мәселен,  «Репутация»  коммуникативтi  технологиялар  орталығының 
қылмыстық топтарға қатысты кәсiби мамандармен жүргiзген зерттеу- 
лерiнiң кестесiне назар салсаңыз, бiраз жайдан хабар бередi. 
«Осы түрлi саланың өкiлдерi ұйымдасқан қылмыстық топқа қалай 
бас  бiрiктiрген?»  деген  сауал  туатыны  анық.  Уақыт  доңғалағын  керi 
айналдырсаңыз,  мұның  екi  тәсiл  бойынша  жүргiзiлгенiн  байқауға 
болады:  бiрiншiсi,  ықпалды  кәсiпкерлердi  қоқан-лоққы  жасап,  қор- 
қыту  арқылы  бағындыру,  екiншi,  мемлекеттiк  және  құқық  қорғау 
саласындағы  қызметкерлердi  коррупциялық  жолмен  «байлау».  Тiптi, 
сол кездерi бопсаға түскен бизнесмендердiң қылмыстық топқа қатысы 
бар  шенеунiктерден  әбден  зәрезап  болғанын  екi  дүниеде  жасыра 
алмаймыз.  Санасын  үрей  билеген  кәсiпкерлер  тапқан-таянғанының 
белгiлi бiр бөлiгiн ықпалды күштерге амалсыз аузынан жырып берiп 
отырды. Жаңа қалыптаса бастаған кәсiпкерлер өздерiн қорғап қалудың 
жалғыз-ақ  жолы  осы  екенiн  түсiнсе  керек.  Ашығын  айтар  болсақ, 
ел  iшiнде  «ол  кезде  құқық  қорғау  органдарының  өздерi  қылмыстық 
топтарға тәуелдi болатын» деген әңгiме бар... 
Сондай-ақ,  сарапшылар  «үштiк  альянстың»  бiр-бiрiмен  қоян-
қолтық  жұмыс  iстемегенiн,  қылмыстық  топқа  қатысы  бар  жемқор 
шенеунiктер  мен  құқық  қорғау  қызметкерлерi  «негiзгi  жұмыстарды» 
кеңселерде отырып жүргiзгенiн, сондықтан көбiне кәсiби спортшылар 
мен  қылмыс  әлемiндегi  беделдi  тұлғалар  ел  көзiне  жиi  түсiп,  ауызға 
iлiккендiгiн  айтады.  Әрине,  «альянс»  құрамындағы  тараптар  өз 
«рөлдерiн»  ол  кездерi  «мiнсiз»  орындады.  Ортақ  мақсат  –  қалайда 
пайда  табу.  Шенеунiктер  жеке  лауазымын  асыра  пайдалану  арқылы 
қылмыстық  топтарға  «қамқор»  болды.  Мемлекеттiң,  қоғамның 
бақылауына ырық берместен «көлеңкелi қаржыларды» тиiстi арнасына 

314
үлкен лауазым иелерi жөнелтiп берiп отырғанын дереккөздерi айтады. 
Негiзгi  ядро  екiбастан  қылмыс  әлемiндегi  тұлғалар  болғаны  анық. 
Бүгiнгi  белшемiзден  батып  отырған  коррупцияның  тамыр  жаюына 
және қоғадай жапырылып, қысқа күнде қырық қайталайтын «көлеңкелi 
экономиканың» «гүлденуiне» сол кездегi атынан ат үркетiн қылмыстық 
топтардың ықпалы болмай қалған жоқ. 
Мемлекеттiң  қауiпсiздiк  органдары  ұйымдасқан  қылмыстық  топ- 
тардан келер қауiптi 1994 жылдары ғана сезiне бастады. Сөйтiп, құқық 
қорғау органдары қылмыс әлемiндегi жекелеген iрi тұлғаларды астыртын 
«аулау»  науқанына  көштi.  Шетiнен  абақтыға  тоғытты.  1994  жылдың 
қысында Орталық базардағы майда «рэкеттердi» мал тиегендей шетiнен 
жабық  көлiкке  тоғытып  әкетiп  жатқанын  да  көргенiмiз  бар.  Таяқтың 
бiр  ұшы  кеңселерде  отырған  көлеңкелi  экономиканың  көсемдерiне 
тиетiнi анық. Қылмыстық топтардың серкелерi «байтал түгiл бас қайғы 
болып»  жатқанда,  «ақжағалылар»  бастарын  ала  қашып,  жасырын  iс-
әрекеттерiн (заңсыз тауарларды тасымалдау, қозғалмайтын мүлiктерге 
қожалық  жасау)  жедел  заңдастыруға  көштi.  Сөйтiп,  қойын-қонышы 
көлеңкелi бизнестiң ұясына айналған қайсыбiр шенеунiктер шаңырағы 
ортасына  түскен  социалистiк  қоғамнан  нарықтық  экономиканы 
құрушылардың  жуан  ортасына  сiңдi  де  кеттi.  Олардың  артына 
шырақ  алып  түсуге  сол  кездегi  Қазақстанның  құқықтық  жүйесiнiң 
тiптi  де  қауқары  жоқ  болатын.  Елiмiздегi  ғалымдар  мен  тәжiрибелi 
мамандар  ұйымдасқан  қылмысқа  қарсы  күрес  жөнiнде  толыққанды 
арнайы құжаттың жоқтығын, қабылдайтын мезгiлдiң әлдеқашан келiп 
жеткенiн айтады. Бiздiң елiмiзде ұйымдасқан қылмысқа қарсы заңдық 
нормалардың күнi бүгiнге дейiн айқындалмағаны рас. Сарапшылардың 
пiкiрiнше, бұл БҰҰ-ның қылмыстық топтарға қатысты конвенциясына 
да  сәйкес  келмейтiн  көрiнедi.  БҰҰ-ның  бас  хатшысы  1993  жылы 
жасаған  баяндамасында:  «Ұйымдасқан  қылмыс  –  қылмыс  әлемiндегi 
тұлғалардың  экономикалық  мүдделерге  бағындырылған  iс-әрекетi» 
деп баға берген.
Бiздiң  қоғам  1998  жылы  қабылданған  «Жемқорлықпен  күрес 
туралы»  заңға  малданып  жүргенге  ұқсайды.  Бiрақ,  заңгерлер  «бұл 
құжатта  негiзгi  заңдық  нормалар  коррупция  ұғымын  айқындауға 
бағытталғанын, қылмыстық топтарға тiптi де қатысы жоқ екенiн» тiлге 
тиек етедi.
Осының  да  әсерi  шығар,  қазiргi  күнi  Қазақстандағы  кейбiр 
қылмыстық  топтар  әлi  күнге  экономикалық  және  әлеуметтiк,  тiптi 
әкiмшiлiк тараптан қамтамасыз етiлетiн көрiнедi. Қойнына сұржылан 

315
жасырған  қоғамның  ақыры  қайда  апарып  соғатынын  шетелдегi 
«басынан  бақайшығына»  дейiн  қаруланып  аузынан  от  шашқан, 
билiкке ықпалын жүргiзе бастаған қылмыстық топтардың iс-әрекетi-ақ 
әшкерелеп бередi.
Шетелдiк ұйымдасқан қылмыстық топтар
Алпауыт қылмыстық топтар жайлы сөз бола қалса, жұмыр жердегi 
мәттақам елдердiң бiразынан маза кетедi. Қылышынан қан тамған әйгiлi 
«Триада» – аспан асты елiнiң негiзгi «бас ауруы». Әлемдiк қылмыстық 
топтардың  iшiнде  тамырын  тереңге  жайған  төресi  де,  көнесi  де  осы 
«Триада».  «Қатыгездiк  пен  қаталдықтың  «жетi  атасы»  осы  топтың 
«әлiпбиiнде»  деседi  бiлгiштер.  Басын  Қытайдың  «Ұлы  қорғанына» 
сүйеп  жатқан  бұл  мафиялық  құрылымның  аяғы  АҚШ-тан  шығып 
жатыр.  Негiзгi  кәсiбi  –  есiрткi  саудасы,  порнобизнес,  ойын-сауық 
орталықтарын  қадағалау,  жезөкшелер  саудасы,  бопса,  өсiм  жолымен 
қаржы талап ету, адам ұрлау және аудио-видео өнiмдерiн заңсыз сатып 
пайда табу.
Жапонияның  даңқты  «Якудзасының»  қылмыстық  синдикаты  берiк 
құрылымға  ие.  Табыс  көздерi  –  өсiммен  ақша  талап  ету,  ойын-сауық 
орындарын  тонау,  түнгi  клубтардың  қожайындарын  бопсалау,  қару-
жарақ  саудасы,  амфетамин  саудасы.  Сондай-ақ,  «якудзалықтардың» 
мемлекеттiң қаржы секторымен де тығыз байланыстары бар.
«Коза  Ностраның»  тамырланған  жерi  Апенин  түбегi  болса  да, 
АҚШ-та  осы  мафияның  24  «отбасы»  (ресми  түрде  осылай  аталады) 
бар.  Мәселен,  бiр  ғана  Нью-Йорктың  өзiнде  5  «отбасы»  орналасқан. 
Бұл топтың басты табыс көзi – мемлекеттiк нысандарға қарақшылық 
жасау,  iрi  көлемде  қаржы  жымқыру,  құмар  ойындар,  порнография, 
жезөкшелер саудасы, адам тонау. АҚШ-та осы топтың жылдық табысы 
300 млрд. франкты құрапты, яғни сол елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 1,1 
пайызын деген сөз. Бұл – 1987 жылғы көрсеткiш. 
Италияда аты шыққан негiiзгi қылмыстық топтардың саны – төртеу. 
Сицилия аймағындағы «Коза Ностра», Неапол iргесiндегi «Каморра», 
«Ндрангета» (Калабри) және «Сакра» (Апулии). Әр кланның өз тарихы, 
дәстүр-салты  бар.  Негiзгi  кәсiптерi  –  есiрткi  және  адам  саудасы, 
контрабанда, қару-жарақ сату, қарақшылық,т.б.
Латын Америка елдерiнде қылмыстық топтарға тiзгiн берген ел – 
Колумбия  мен  Мексика.  Перу  мен  Боливияның  көкнәрiне  қожалық 
ететiн  бұл  елдер  «өнiмдерiнiң»  негiзгi  бөлiгiн  (75  пайызын)  АҚШ 
асырады.

316
Мексикадағы қылмыстық топтар тек қана есiрткi транзитiнiң өзiнен 
жыл сайын 15 млрд. АҚШ доллары көлемiнде пайда табады екен. Бұл 
аталған елдiң ЖIӨ-нiң 5 пайызын құрайды деген сөз.
Түркиядағы  қылмыстық  топ  екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстың 
қарсаңында  құрылған.  «Өкiл  әкесiнiң»  лақап  аты  –  Баба,  Италиялық 
мафиямен  тiкелей  қарым-қатынаста  болып,  опиум  саудасымен 
айналысқан. Бұл елдегi қылмыстық топтардың саяси ықпалы да жоқ 
емес.  Бiрi  –  «Сұр  қасқырлар»  –  пантуркизм  қозғалысын  жақтаса, 
екiншiсi  –  күрдтердiң  сепаратистерiн  қолдайды.  Бiтiспес  екi  топтың 
таяу маңда ымыраға келер түрi көрiнбейдi. Ыстамбұлда бұл екеуiнен 
өзге де бiрнеше қылмыстық топтар бар.
Жоғарыда  аталған  аузымен  құс  тiстеген  елдер  жылдар  бойы 
ұйымдасқан  қылмыстық  топтарға  қарсы  күрестi  аяусыз-ақ  жүргiзiп 
келедi. Күрес күшейген сайын, қылмыстық топтардың да әрекетi үдеп 
барады.
түйiн
Дүниежүзiлiк валюта қоры әлемдегi «жуылатын» ақшаның жылдық 
қорын  500-ден  1500  млрд.  долларға  дейiн  бағалап  отыр.  «Лас»  ақша 
өндiрiлетiн  аймақтар,  мемлекеттер  –  қылмыстық  топтар  үшiн  ең 
қолайлы орталық болып табылады. Өндiрiсi дамыған мемлекеттердiң 
бастамасымен  құрылған  қаржылық  тұрақтандыру  мекемесi  осындай 
орталықтардың тiзiмiн жасапты, олардың саны – 42. Бұл орталықтардың 
активтерi 5 трлн. долардан астам. Демек, әлемдiк байлықтың 3 пайыздан 
астамы қылмыстық топтардың уысында деген сөз.

317
МАЗМҰНЫ
І - б ө л і м
Ла скалада жайқалған жалғыз арша ...............................................................     3
Панда жылаған жаз ..........................................................................................   12
Маралтай ...........................................................................................................   20
Сәби ...................................................................................................................   28
Редактор ............................................................................................................   33
Айтыстың алхимигі .........................................................................................   38
Сматай қобызшы ..............................................................................................   46
«Алтын көпiр» және Мүслима  .......................................................................   51
Лашығы жоқ лауреат ........................................................................................   57
Әуелеп ұшқан аққуды аялар жан бар ма екен?..............................................   62
Ұста дүкенi  ......................................................................................................   65
«Дос болып қас қылғаннан сақта, Құдай...» ..................................................   73
Бiртуар ...............................................................................................................   82
І І - б ө л і м
сАясИ Портреттер
«Қалампыр» ......................................................................................................   91
Той тойламайтын тұлға....................................................................................   94
«Дизайнер» .......................................................................................................   97
«Тұйғын»........................................................................................................... 100
«Бандыны қуған Қайырбек» ........................................................................... 103
«Қаршыға» ........................................................................................................ 106
Екіжүзділік ........................................................................................................ 108
Тапсырысты өлім кімдердің талқанын тауысты? ......................................... 113
«Менің суретімді парламентке ілмеңдер...»  ................................................. 119
І І І - б ө л і м
сҰхБАттАр
Қаһарман  .......................................................................................................... 127
«Жиған-тергенін арқалап кетіпті дегенді естігем жоқ»  .............................. 132
«Ұлттан биік болмаңдар» ................................................................................ 144
«Қаламгер ақиқат үшiн күреседi...» ............................................................... 153
«Мұраларымды мемлекет сұраса ғана беремiн» ........................................... 162
«Арқан үзiлiп кетiп аман қалған халықпыз...» .............................................. 172
«Елiм-айлап» өткен өмiр» ............................................................................... 179
«Сайлау – қазақтың соры...»  .......................................................................... 187
«Менiң саясатым – өнер»  ............................................................................... 195
Қурайшы ........................................................................................................... 204
Қобызшы ........................................................................................................... 214
«Қызметсiз қалған күнi театрға күзетшi болам»  .......................................... 220
«Өнердегi шолақбелсендiлiкке қарсымын»  .................................................. 228
«Тағдыр мен оқиғасыз үлкен кино тумайды»  .............................................. 238
«Қиын кезеңдерде де ортақ идеалдарымызды ұмытпауымыз керек!»  ...... 249

318
«Қазақфильмге» көз алартып отырған мүдделі топтар бар...» .................... 257
«Арманым – жабайы атты бәйгеге қосу...» .................................................... 265
І V- б ө л і м
Ұлы ғалымның соңғы жұмбағы ...................................................................... 272
Ұлы жазушының соңғы жұмбағы ................................................................... 278
V- б ө л і м
Қысқа толқындағы ойлар ................................................................................ 288
Алаңнан өрбiген ой .......................................................................................... 291
Сәтсіз сәрсенбі ................................................................................................. 293
Конькиің қайраулы, шаңғың майлаулы...  ...................................................... 295
Павлодар тұр Павелдi еске алып... ................................................................. 296
Қоғам және журналист .................................................................................... 297
Аналар мейрамы............................................................................................... 299
«Патохтың жиеншарлары» .............................................................................. 301
Қазақ миллиардының қожайындары... ........................................................... 306
Команданте ....................................................................................................... 309
Қылмыс әлемi, көлеңкелi экономика және «тәждiлер» немесе  
«үштiк альянстың» ақыры қайда апарады  .................................................... 312

Жанарбек ӘШІМЖАН
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының
сериясы
ПАНДА ЖЫЛАҒАН ЖАЗ
Редакторы Б. Байғұл
Техникалық редакторы А. Тлеукеева
Компьютерде беттеген Л. Садықова
Корректоры Г. Сыдықова

Басуға қол қойылды 18.07.2014. 
Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 60х90/16. Шартты баспа табағы 20.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Сөздік-Словарь» ЖШС, Қазақстан Республикасы
Алматы қ-сы, Жандосов көшесі, 7-11.
Тел.: +7 (727) 274 59 23
E-mail: sozdik@mail.ru
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
ЖШС РПБК «Дәуір», 050009,
Алматы қаласы, Гагарин д-лы, 93а. 
E-mail: rpik-dauir81@mail.ru, zakaz@dauir.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет