Иасауи өмірі мен шығармашылығының ерекшелігі садықова Р. К. ф.ғ. к



Pdf көрінісі
Дата04.11.2023
өлшемі279,88 Kb.
#122026


ИАСАУИ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
 
Садықова Р.К. 
ф.ғ.к. 
Орта ғасыр аяғында, Жібек жолының бойымен бейбіт керуен ағылып 
жатқан заманда, оның байланысты кіндік тұсында орын тепкен Иасы 
(кейіннен Түркістан), Исфижаб (кейіннен Сайрам) қалаларында кітап ашып, 
жұлдыз саналған ғұламалар мен ақындар көптеп дүниеге келді.
Тарихшылардың айтуынша, берекелі, бірлікті елде сөзі уәлі, айтқаны қате 
кетпейтін көсем кісілердің дүниеге көптеп келуі Дәшті-қыпшақтың алтын 
ғасырын туғызған деседі. Осы ғұламалардың өнері жағынан шоқтығы биік
бірегейі – Қожа Ахмет ақын. Ақынның «Иассауи» деген анықтауыш есімі 
тұрған, ғұмыр кешкен тұрағына иасылық немесе сол замандағы араб 
емлесімен жазылған Иассауи болып аталып кеткен [1,3 б.].
 
Ғұлама
 
Қожа Ахмет Иасауи шамамен 1093 жылы дүниеге келген, ал 
әкесі Исфиджабта даңққа бөленген әулие болған. Анасы – Мұса шейхтың 
қызы Айша (Қарашаш ана). Кейбір деректерде Қожа Ахмет Иасауидің 
Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының 
болғандығы жайында деректер айтылады. 
Ол – ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан 
діни ағартушы, сопылардың пірі. 5 жасында дін жолына түскен, 7 жасында 
Арыстанбабқа барып, оның шәкірті болған. 27 жасында Бұқараға барып
Юсуф Хамаданидан діни білім алған. Дегенмен жазба деректерде (Хазини, 
“Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың 
шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны 
теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. 1119-1120 жылдары 
Түркістанға қайта оралады. 63 жасында Мұхаммед Пайғамбардың жасынан 
артық сүруді жөн көрмей, соңғы өмірін жер астында – қылуетте өткізеді. 
Қожа Ахмет Иасауидің қанша жыл жасап, ғұмыр кешкені әлі де болса 
нақтылы емес. Бір деректе 73 жас, бірде 85 жасты айтады. Халық аңыздарын 
негізге ала отырып, Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Иасауиді 125 жыл өмір 
сүрді дейді. Оны растайтын "Хикметте" мынандай өлең жолдары бар: 
Иер устида улмас бурун тирик улдим, 
Алтмиш учта суинат деди иштіб билдім. 
Иер астида жаним била куллик қилдим,
Иттиб, уқиб, иерга кирді Кул Қожа Ахмад.
Ираилардин фаиз уа фатух алалмадим.
Иуз Игрима бишка кирдим билалмадим. 


Хақ тағала тағатларын, Қылалмадым,
Иштиб, уақиб перға қирди Қeл Қожа Ахмад [2]. 
Ұлы өркениеттердің – араб, парсы, түркі өркениетінің үздік нәтижесін 
саралап сіңірудің арқасында біздің төл түркілік мәдениетіміз әлемдік 
руханиятқа Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Қожа Ахмет 
Иасауи тәрізді есімі алтын әріптермен жазылатын ұлы тұлғаларды берді. 
Олардың кесек-кесек туындылары әлем әдебиетінің алтын қорына қосылып, 
руханият қазынасын молайтты. Адамзаттың мәдени тарихын аталмыш 
тұлғаларсыз елестету мүмкін емес. Олардың әрбірі ақындығы мен 
ғалымдығы, өнері мен парасаты тең түскен тұлғалар ретінде тарихта 
қалды [3].
Қожа Ахмет Иасауи 63-73 жас аралығында жазған шығармасы 
«Даналық хикмет» (Даналық кітабы) 109 хикметтен тұрады. Бұл құнды 
шығарма түрік тілінде араб әліпбиімен жазылып, еңбек даналыққа, 
адалдыққа, кішіпейілдікке, имандылыққа шақырады. 
Бұл шығарма алғаш рет 1878 жылы жеке кітап болып басылып шығады. 
Содан кейін ол Стамбул, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра 
басылады. Соның бірі 1901 жылы Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға 
арнап шығарған нұсқасы да бар [4].
Досжан Дүкенбай «Қожа Ахмет Иассауи ғимараты» атты еңбегінде 
ғұламаның өмір жолы, шығармашылығы, Иассауи ғимараты, Тайқазанның 
тарихы және оның ілімі туралы маңызды мәліметтер береді.
 
Орта ғасырда 
иассылық ғұлама Қожа Ахмет Иасауи ұстанған сопылық ілімінің бес шарты 
болған. Бірінші шарты – сопылар дүниенің негізі Алла тағала деп санаған.
 
Бәрі сол негізден тарамақ деп түсіндіреді. Екінші – жұмыр басты пенде сол 
жаратушы негіздің бір бөлшегі, адам іштей рухани тазара, жетіле келе 
негізіне тартады деп топшылаған.Үшінші – Алла тағала жаратқан кезде, өз 
бойындағы ең ізгі, жақсы қасиеттерін, нұрын адамға ауыстырған. Төртінші –
діннің түп тамыры бір, ол адамды кемелдендіруге қызмет етеді деп 
түсіндірген. Бесінші – құдайға құлшылық етудің кемелді жолы – зікір салу 
деп ұғындырады [1,4 б.].
 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры


Байтенова Н.Ж. және осы университеттің докторанты А. Дүйсенбаеваның 
«Қожа Ахмет Ясауи ілімінің тарихы және педагогикалық идеялары» атты
ғылыми мақалада Қожа Ахмет Иасауи шығармашылығының түркі тілдес 
халық дәстүрінде алатын орнын бағалай келе, оның ілімінің тарихи жақтары 
мен ерекшеліктерін көрсетіп береді. Сондай-ақ түркі әлемінің мақтанышы, 
ғұламасы Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани Хикмет» еңбегіндегі хикметтердің
 
адам баласына беретін құнды дүние екендігін дәлелдеп, алға тартады және 
оның іліміндегі басты терминдерге түсініктеме беріп, ілімнің одан әрі жеңіл 


түсіндірілуіне түрткі болады. Сопылық сатылары мен ондағы ғашықтық 
дәрежелері де айқындалады.
 

Қожа Ахмет Иасауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың 


үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол 
екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі 
топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке 
жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, 
кемелдендіре түсті.
Қожа Ахмет Иасауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен 
танылып, Ясауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы 
Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи 
сарыны байқалды. XII ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі 
ықпал еткен Қожа Ахмет Иасауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, 
күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан [4].

Ахмет Иасауи өзінің өмір жолын көрсете отырып, өмірде ақиқаттың 


бағалығына баса назар аударады: 
Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл, 
Ақиқатты ары таза сүйе біл 
Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен 
Халалық қана дүниеге ие бұл. 
Жалпы қорытындалайтын болсақ, қаншама ғалымдар Ахмет Иасауи
және оның шығармашылығы туралы құнды дүниелерін зерттеп, нәтижесін 
беруде. Осы орайда, Иасауи адам бойында болатын жаман әдеттерден 
арылып, ұят, ынсап, әділдік, қарапайымдылық, адалдық, тақуалық сияқты 
жақсы қасиеттердің төмендеп бара жатқанына күйзелгенін айтпай өтпеуге 
болмайды. Дегенмен оның асқан беделі мен насихаттары әлі күнге дейін 
ұмытылған жоқ, тәрбиелі сөздері әрдайым жылдар бойы ұрпақтар арасында 
жалғасын таба бермек. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1.Досжан Д. Қожа Ахмет Иассауи ғимараты.-Алматы:Өнер.1996. 
2. Ислам және иман негіздері. - Алматы, 2007. - 256 б. 
3. Әбдірәсілқызы А. Қазіргі өзекті діни мәселер.-Алматы, 2014.
4. Байтенова Н.Ж., Дүйсенбаева А. Қожа Ахмет Ясауи ілімінің тарихы және 
педагогикалық 
идеялары. 
2014. 
//http: 
old.group-
global.org/ru/storage...file/30357 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет