7
ОРДА
Қабанбай батыр көшесі, 32.
Тел.: 24-12-84, 24-58-87. Факс: 24-75-66.
E-mail: alatau_offset@mail.ru, www.alatau.kz@mail.ru
№14 (653) 04.04.2014
Соңғы жылдары республи-
камыздың алдыңғы қатарлы
университеттерінің бірі – Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетінде білім саласында
тың, сапалық өзгерістер болып
жатыр.
Қазіргі таңда өзінің қол
жеткізген үлкен жетістіктерімен
шетелдерге де танымал болып
жатқан университетіміздің тари-
хына көз жүгіртсек. Универси-
теттің нақты ашылуы 1934
жылдың 15 қаңтарында болды.
19 қаңтарда физика-математика
факультетінің 32 студенті және
биология
факультетінің
22
студенті университет аудито-
рияларында білім алуға кірісті.
Барлық саны 50-ден ғана аса-
тын студенті бар университет
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНЕ - 80 ЖЫЛ
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазақтың жоғары
білім беру саласының қара шаңырағына айналған
шығыстың ғұлама ғалымы әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетін әрдайым үлгі тұтатыны
белгілі. Оның - «Бүгінгі таңда әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті тәуелсіз Қазақстанның
кадрлар дайындайтын негізгі орталығының бірі
деуге әбден болады» - деген бағасы біздің ұжымға
үлкен жауапкершілік артып отырғаны сөзсіз. Осы
жоғары мәртебені ұдайы асқақтату мақсатында
университетімізде көптеген инновациялық жобалар
жүзеге асырылып келеді.
ЌАРА ШАЊЫРАЃЫ
БІЛІМ МЕН ЃЫЛЫМНЫЊ
өз қызметін осылай бастады.
Университеттің тұңғыш басшысы
болып Оликов Федот Трофимо-
вич тағайындалды, басшылықтың
алдына қойған басты міндеті –
университет
факультеттерінде
қазақ жастарының 65-70 пайы-
зы оқуға қабылдап, білім алуын
ұйымдастыру еді. Бұл міндеттің
шешімін табу өте күрделі бол-
ды, қазақ тілінде білім ала-
тын орта мектептердің әлсіз
дамуы, оқытушылар мен оқу
құралдарының жоқтығы басты
себептердің бірі болғандығы
баршамызға мәлім. 5 желтоқ-
санда университетке С.М. Ки-
ров есімі берілді. Алғашында
ҚазМУ-нің материалдық базасы
өте әлсіз болды. Тек 4 аудитория
ғана жұмыс жасады. Осындай
қиындықтарға қарамай универси-
тет өзінің жоғарғы оқу орны болып
қалыптасуын тоқтатпады. Фа-
культеттер мен жаңа кафедралар
ашылып жатты. Жас универси-
тетке тек Алматының жоғарғы оқу
орындары ғана емес, сонымен
қатар Мәскеу, Ленинград, Казань,
Украинаның жоғарғы оқу орында-
рынан үлкен көмектер көрсетілді.
1935 жылдың наурыз айында
С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің
оқу ғимараттары мен студент-
тер қалашығының құрылысы
басталды. Қазақ университеті
өзінің қалыптасуында үлкен және
күрделі жолды басынан өткеріп,
отандық ғылымның, техниканың,
мәдениеттің дамуына зор үлес
қосты. Университет лаборато-
риялары және кафедраларында
көрнекті ғалымдар қызмет жаса-
ды. Академик М.О. Әуезов, А.Б.
Бектуров, Н.Н. Ворожцев, Т.Т.
Тәжібаев, К.И. Сатпаев, Д.В. Со-
кольский, Б.А. Домбровский, Ө.А.
Жолдасбеков, М.А. Айтхожин,
О.А. Жәутіков, А.Х. Марғұлан,
М.Қ. Қаратаев, Н.В. Павлов және
тағы да басқалар.
1991
жылы
Қазақстан
тәуелсіздігін алғаннан кейін 23
қазанда С.М. Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетінің
атауын өзгерту туралы ҚазССР
министрлер кабинетінің қаулысы
шығып университетке ұлы фило-
соф Әл-Фараби есімі берілді. 4
сәуірде ҚазҰУ-нің ректоры бо-
лып экономика ғылымдарының
докторы, профессор К.Н. На-
рибаев
тағайындалды.
Сол
уақыттан бері талай басшылар
ауысып, университетіміздің да-
муына өз үлестерін қосып кетті.
Университет негізі қаланғаннан
бері қаншама түлектер білім
алып түлеп ұшып шықты, бүгінде
олардың барлығы танымал қоғам
қайраткерлері.
Қазіргі таңда университет
ректоры
академик
Мұтанов
Ғалымқайыр университетіміздің
дамуына барлық күш-жігерін са-
луда.
Оқытушы-профессорлар
құрамы – 2500 мың адамнан аса-
ды, олардың арасында 400-ден
аса ғылым докторы, профессор-
лар, 800-ден астам ғылым кан-
дидаттары, доценттер бар. Әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті
180-нен
астам
гуманитарлық, жаратылыстану
және техникалық мамандықтар
бойынша
бакалавр,
маги-
странт, PhD докторанттарды
дайындайды.
Университеттің
14
факультетінде
беделді
ғылыми мектептер шоғырланған.
Олар
механика-математика
факультеті, физика-техникалық
факультеті, биология және био-
технология факультеті, журна-
листика факультеті, география
және табиғатты пайдалану, заң
факультеті, химия және химиялық
технология, философия және
саясаттану, тарих, археология
және этнология, филология,
әдебиеттану және әлем тілдері
факультеті, экономика жәнe биз-
нес жоғары мектебі, халықаралық
қатынастар факультеті, шығыс-
тану факультеті, жоғары оқу
орнына дейінгі білім беру
(халықаралық білім беру депар-
таменті, колледж, бейіндік мек-
теп) факультеті.
Университет
жанында
біліктілікті көтеру институты
және түлектері қосымша әскери
мамандық алып шығып, ҚР
Қарулы күштері қатарында, Ішкі
істер және ұлттық қауіпсіздік
органдарында, кеден қызметі
мекемелерінде қызмет етуге
мүмкіндік беретін әскери кафе-
дра жұмыс істейді.
ҚазҰУ қалашығының барлық
аймағы Wi-Fi сымсыз желісімен
қамтылған. Оның кез келген
нүктесінде әр студент универ-
ситет
бірлестігінің
желісінде
жұмыс істеумен қоса, Интернет-
ке тегін қосылу мүмкіндігіне ие
болады. Сонымен қатар, тәулік
бойы істейтін 300 орындық жаңа
Интернет-кафе жұмыс істейді.
Ө.А. Жолдасбеков атындағы
Студенттер сарайы – ҚазҰУ
қалашығының
інжу-маржаны.
Мұнда Қазақ ұлттық аспаптар
оркестрі, көркемөнер үйірмелері,
«Біз» студенттер театры, КТК ко-
мандасы жұмыс істейді. Спорт-
пен айналысуға барлық жағдай
жасалған (ҚазҰУ қалашығының
спорт кешені, Студенттердің
спорттық клубы, түрлі сек-
циялар, денсаулық топтары).
Қызметкерлер мен студенттердің
спартакиадасы ұдайы өткізіліп,
олардың қалалық жарыстарға
қатынасуы қамтамасыз етіледі.
Қазақ Ұлттық университеті
400-ден астам шетелдік универ-
ситеттермен ынтымақтастық ту-
ралы келісім жасаған. Осы негізде
магистрант, докторанттарға екі
ғылыми жетекшінің жетекшілік ету
тәжірибесі кеңінен өрістеп отыр.
Бір ғылыми жетекші Қазақстаннан
болса, екіншісі – шетелдік
жоғарғы оқу орнының белгілі
ғалымы. Осының бәрі де ҚазҰУ
студенттері үшін халықаралық
деңгейде
оқып,
зерттеулер
жүргізуге лайықты жол ашуда.
Білім саласында алдымызға
қойылып отырған талап-міндеттер
жылдан-жылға артып келеді.
Қазақстандағы алдыңғы қатарлы
университет әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті қазіргі
таңда әлем назарын өзіне ау-
дартты. Бұл әрине, университет
ұжымының қажырлы еңбектерінің
нәтижесінде 80 жылдың ішінде
қол жеткізіп отырған, табысқа
толы үлкен жетістік.
Қазіргі
таңда
мектепте
білім алып жатқан оқушылар,
болашақта
алтын
ұя
мектептерімен қоштасып, білім
жолын қандай жоғарғы оқу оры-
нында жалғастырсақ деген сұрақ
мазалап жүреді. Сол себепті,
80 - жылдық тарихы бар, әл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университетіне мектеп түлектерін
білім алуға шақырамыз.
Сая АЛИПОВА,
Әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті,
тарих, археология және этно-
логия факультетінің
3 курс PhD докторанты.
«МЄЊГІЛІК ЕЛГЕ»
АЙНАЛУЫНЫЊ КЕПІЛІ
Қазіргі заманғы ғылыми –
техникалық үрдістің қарқыны,
білім беру жүйесінің алдына
жаңа міндеттер қойып отыр.
Ең бастысы - техникалық
тізбекте технологияның үздіксіз
өзгерістеріне бейімделе ала-
тын, жаңа үлгідегі маман иесін
қалыптастыру міндеті. Біліміне,
біліктілігіне, парасатына пайы-
мы сай ұстаз, бүгінгі таңда жас
ұрпаққа білім беру жүйесінде
болып жатқан, оң өзгерістерге
үңіле қарап, оның заман тала-
бына сай мән-маңызын түсінеді
және түсіндіре біледі.
Қазіргі педагогика ғылы-
мында негізгі базалық ілімдердің
бірі
«құзыреттілік»
болып
отыр. Құзыреттілік дегеніміздің
өзі тұлғаның бойында білім,
дағды, іскерлік, ерік күш-
жігердің болуы. Құзыреттілік
жаңа әлеуметтік-экономикалық
жағдайда кәсіби маман бо-
луды қамтамасыз етеді және
олар бәсекеге қабілетті маман-
мен
қамтамасыздандырады.
Көптеген елдерде құзыреттілікке
жаңаша мән беру, білімді
жоғары дәрежеге көтергені
мәлім.
Құзыреттілік
еңбек
нарығында тұрақты өсіп отырған
талаптармен шапшаң дамып
келе жатқан технологиялық
өзгертулермен, соның ішінде
академиялық және еңбектегі
мобильдік өсуімен негізделген.
Қазақстанның
әлеуметтік-
экономикалық даму мақсатын
жүзеге
асыруда
кәсіптік
білім беретін мекемелердегі,
бәсекелестік
қабілеті
бар
болашақ мамандарға әртүрлі
өндірістік
салаларға
даяр-
лау
деңгейі
білім
беру
жағдайларымен анықталады.
Соңғы жылдары болашақ
мамандардың
құзыреттілігі
туралы кәсіби маман даяр-
лау мәселелері жайлы көп-
теген пікірлер айтылып қарас-
тырылуда. Соларға сүйене
отырып, мұның өзі болашақ
мамандарды қоршаған дү-
ниені, табиғатты, қоғамдық
өмірдің құбылыстарын тану,
ә л еум ет т і к - э к о н о м и к а л ы қ
даму
мәселелерін
пайым-
дау,
талдау,
маңыздысын
ажырата білуге, адамдармен
қарым-қатынастағы
жоғары
мәдениеттілікке үйренуге мүм-
кіндік береді.
Еліміздің болашақта көр-
кейіп,
бәсекеге
барынша
қабілетті 30 мемлекеттің қа-
тарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың
қандай білім мен тәрбие ала-
тынына тікелей байланысты.
Ел президенті Н. Ә.Назарбаев
Л.Н.Гумилев атындағы Евразия
ұлттық университетінде оқыған
«Инновациялар мен оқу-білімді
жетілдіру арқылы білім эконо-
микасына» атты лекциясында:
«Соңғы 10-15 жыл бойында
бәсекеге қабілеттіліктің жаңа
өлшемі пайда болды: салмақ
жаһандық экономикалық жаңа
сапаға «білім экономикасына»
өтуіне түсіріледі», - деген бола-
тын. Олай болса, қазіргі зама-
науи кәсіптік оқу орындарының
алдында жан-жақты дамыған,
саяси сауатты, терең теориялық
біліммен қаруланған, адамдар-
мен қарым-қатынас мәдениетін
меңгерген маман дайындау мін-
деті тұр.
Р. К. АҚЫБАЕВА,
Сарқан политехникалық
колледжінің оқытушысы.