Панда жылаған жаз жанарбек Әшімжан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының сериясы «Сөздік-Словарь»



Pdf көрінісі
бет5/32
Дата26.02.2017
өлшемі1,78 Mb.
#4999
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

«АЛтЫН кӨПiр» ЖӘНе МҮсЛИМА 
Әуелi  әруақтарға  тағзым!  Өткен  жылы  қазақ  әдебиетiнiң  салқар 
көшiне  әр  жылдары  ақтылы  қазыналарымен  келiп  қосылған  бiр 
шоғыр қабырғалы сақи қаламгер бақилық болды. Олар – соғыс көрген 
Сағынғали  Сейiтов,  Желтоқсанда  аузының  дуасы  дуанбасыларды 
дiлгiр  еткен  Сафуан  Шәймерден,  әңгiме  сүлейi  Сайын  Мұратбеков, 
әдеби сынның титан таланты Сайлаубек Жұмабеков, түгел сөздiң түбiн 
Түркiстаннан  қайырған  Жұмабай  Әбiлов,  қоғамның  езуiне  мысқыл 
қыстырып  кеткен  Естай  Мырзахметов,  әдеби  ошағын  Моңғалияда 
маздатқан Биқұмар Қамалашұлы, елде қалған еңбек торысы Оңалбек 
Кенжебек, қазақ пен өзбектiң арасынан әдеби аула жасаған Ырысалы 
Жұманов,  Таңжарықты  тасқа  жазып  қалдырған  Оразанбай  Егеубай 
және  Нысанбек  Төреқұлов.  Сол  қаламгерлердiң  бүтiн  бiр  фото 
галереясын  қалыптастырған  Сайлаубек  Пернебаев  та  көштi  бұл 
жалғаннан.  Күнi  кеше  балалар  әдебиетiнiң  айтулы  өкiлi  Өтепберген 
Ақыпбеков сәби қалпында сағынышқа айналып кете барды. Тышқан 
жылы  iргеден  iн  қаза  бастаған  шақта  орны  ойсырап  қалған  сол 
қаламгерлердiң  есiмi  жадымызға  қайта  оралды.  Алла  нұрларын 
пейiштiң бағында жамыратқай! 
Ендi негiзгi әңгiмемiзге келейiк. Сонау ерте көктемде «Жас қазақ» 
ұлттық  апталығы  арнайы  қаламгер  қауымға  арнап  «әдеби  рейтинг» 
дейтiн айдар ашқан. Басты мақсат – жазушылардың өздерiне төмендегi 
сауалдарды  көлденең  тарта  отырып,  тәуелсiздiктен  бергi  қазақ 
әдебиетiнiң жалпы жағдайына сараптама жасау және ең көп оқылымды 
авторларды анықтау едi. 
1.  Тәуелсiздiк  жылдарынан  кейiн  қазақ  әдебиетiне  өзгеше  серпiн 
алып келдi деген бес шығарманы атап бере аласыз ба? Прозада, поэзияда 
айрықша аңсарыңызды аударған сол туындылар несiмен ерекшелендi?
2.  Тәуелсiздiк  жылдары  қазақтың  қоғамдық,  рухани,  әдеби  ойына 
ықпал еткен жекелеген тұлғаларды атап бере аласыз ба?
3. Соңғы оқыған кiтабыңыз?
Жасы бар, жасамысы бар, бiраз қаламгерлерге сауал жолдап, сауын 
айттық. Ұлт әдебиетiнiң көрнектi қайраткерлерiнiң қақпасын қақтық. 
Қаламгерлердi  өзара  пiкiр  алмасуға,  әдеби  өмiрдiң  ағысына  баға 
беруге  шақырдық.  Жеке  шығармашылықтарының  шетiне  шалғы  тиiп 
кетсе шабаланып сала беретiн, «оқырманыма өрт қойды» деп соттың 
босағасын тоздыруға уақыт табатын ағалар әдеби алаңға келуден бас 
тартты. Тiрi қаламгерлердi қойып, әлдеқашан әруаққа айналып кеткен 
жазушыларды жерден алып, жерге салып, соңына шырақ алып түскен 
сыншысымақтардан да арзу аңсадық. Аллаху акпар, бұйырмасын!

52
Қазақ  әдебиетiнiң  сырқаты  мен  сымбаты  жайлы  сындарлы  сөздi 
аға һәм орта буыннан күттiк. Ондағы емеурiн – әдебиетке кейiн келiп 
қосылған  толқынның  қалам  қағысын,  қуатын,  артық-кем  тұстарын 
аңдау, ақыл-кеңестерiне құлақ асу едi. Сынап бағанасы нөлдi көрсеттi.
Әрине, бұл айдар белгiлi бiр мөлшерде дiттеген мақсатына бiртабан 
жақындады деуге де болады. Әдеби өмiр мен қоғамдық құбылыстардың 
ағымын  жiтi  бақылап,  жеке  шығармашылығынан  бiр  сәт  қолы  қалт 
еткенде саналарында шайқалып жүрген ойларын әлеуметтiң талқысына 
салуды жөн көрген сөз ұсталарының атын атап, түсiн түстеп кетелiк. 
Олар: елiмiзге белгiлi жазушылар – Герольд Бельгер, Мархабат Байғұт, 
Қуандық  Түменбай,  Дидахмет  Әшiмханұлы,  Дидар  Амантай,  белгiлi 
сыншы Бақыт Сарбалаұлы, белгiлi ақындар – Жәркен Бөдеш, Байбота 
Серiкбайұлы Қошым-Ноғай, Рафаэль Ниязбек, Аманхан Әлiм, Нұртас 
Исабаев, әдебиетшi Жанұзақ Аязбеков. Өз ойларын ортаға салған осы 
он  екi  қаламгердiң  әртүрлi  пiкiрлерi  оқырман  күткен  бiраз  сауалға 
жауап бердi.
Жыл  бойы  жарияланған  пiкiрлердiң  кейбiрi  оқырман  жадынан 
шығып  та  қалған  шығар.  Дегенмен,  бiз  редакцияға  телефон  шалған 
оқырмандардың  пiкiрлерiн  түртiп  жүрдiк.  Жарияланған  пiкiрлерге 
қатысты  келiспеушiлiктерiн  де  ашық  айтты.  Қуаттайтын  тұстары  да 
көп. Емiс-емiс еске түсiрiп көрелiк.
Қазақ әдебиетiнiң қазанында қырық төрт жылдан берi қайнап келе 
жатқан Герольд Бельгер салған жерден «қазақ әдебиетi құлдырады» деп 
бастап, Аслан Жақсылықов, Дүйсенбек Нақыпов, Роллан Сейсенбаев 
(рас, Роллан Сейсенбаевтың орыс тiлiнде жарық көрген «Өлiк кезген 
құм  белдер»  атты  романы  кәрi  құрлықтағы  әдебиетшiлердi  едәуiр 
қауқылдастырып  қойған)  сынды  қаламгерлердi  алға  тарта  отырып, 
қазақ  жазушыларын  орыстiлдi  қаламгерлерден  төмен  қоятынын 
айтқан-ды.  Iле-шала  бiраз  «соққы»  алып  қалды.  Қарсы  шабуылға 
бiрiншi  болып  шыққан  –  ақын  Байбота  Серiкбайұлы  Қошым-Ноғай. 
Көп ұзамай Аманхан Әлiм қолына қалам алды. Сосын: «Сонау Пушкин 
заманында  да  «әдебиет  өлдi»  дегендер  болған.  Және  қазақ  тiлiнде 
жазатын қаламгерлердiң ешкiмнен кем еместiгiне бәс тiгем», – дедi.
Байбота  ақын  қаламгер  қауым  өресiн  шартты  түрде  үш  деңгейге 
бөлiп қарастырып барып, кешендi түрде баға берудi алға тартты. Және 
әдеби сын тоқырап тұрғанын айтып қалды.
Белгiлi сыншы Бақыт Сарбалаұлы Байбота Серiкбайұлының сынға 
қатысты көзқарасымен мүлде келiспейтiнiн жеткiздi. Әлгi бiр Абайдың 
шаужайына,  Мұқағалидың  етегiне  жармасқандарды  меңзеген  болу 
керек, Бақыт Сарбалаұлы «Сын бар да, пын бар» деп бiр-ақ қайырды.
Осылай  басталған  пiкiр-талас  алаңы  әдеби  өмiрiмiздегi  бiраз 
аужайдан  хабар  бердi.  Шерхан  Мұртазаның  қайраткерлiгiне  тәнтi 

53
екенiн  айтқан  Шымқаладағы  көрнектi  жазушы  ағамыз  Мархабат 
Байғұт Жұмабай Шаштайұлының «Жаңғырық» романы әлi өз бағасын 
ала алмай келе жатқанын қынжылыспен жеткiзген.
Дидахмет  Әшiмханұлы  тәуелсiздiктен  бергi  уақытта  жазылған 
шығармалардың iшiнде Мұхтар Мағауиннiң «Ұлтсыздану ұраны» мен 
Тұрсынжан Шапайдың «Қазақтың жанын» жоғары бағалады.
Пiкiрiн  интеллектуалдық  жағынан  пiшiндеген  белгiлi  жазушы 
Қуандық  Түменбай  өзге  елдердiң  тарихын  қазақша  сөйлетiп  жатқан 
Қадыр  Мырза  Әлидi  рухани  тұлға  ретiнде  бағалай  келе,  бұл  еңбегiн 
мектептерге  тарату  туралы  ұсыныс  айтыпты.  Сосын:  «Компьютердiң 
отаны  –  Жапония  кiтап  оқуға  құштар.  Муракамидiң  кiтабы  неге  150 
миллионмен тарайды? Бiз не iстеуiмiз керек?» – деген сауал тастайды. 
Салмағы зiл-батпан сұрақ...
Дидар  Амантай  Алдан  Айымбетов  пен  Ғалымжан  Мұқановтың 
ұлттық мұраларына ие болатын ұрпақты жоқтайды.
Нұртас Исабаев аға буынмен қатар, кейiнгi iнi-қарындастары туралы 
да жылы лебiз бiлдiрдi.
Сонау Қостанайдан хат жолдаған әдебиетшi Жанұзақ Аязбеков бiр 
кездерi  студенттiк  өмiр  табыстырған,  бүгiнде  қабырғалы  қаламгерге 
айналған  өз  тұрғыластарының  шығармашылығы  жайлы  сарабын 
ұсынды.
Алмағайып  дәуiрлердi  бастан  өткерген  Қазақстанды  Шандор 
Петефидiң  «Қасқыр  жырындағы»  жаралы  көк  бөрiге  теңеген  белгiлi 
ақын Рафаэль Ниязбектiң Азаттыққа қатысты ұғымдары талай жанды 
сыздатары анық.
Сауалнамаға Жәркен Бөдеш жаупкершiлiктi һәм тыңғылықты жауап 
бердi.  Расында,  Мұхтар  Мағауиннiң  жаншылған  ұлттарды  меңзеген 
«Құмырсқа  қырғыны»  –  әлемдiк  зобалаң.  Қаптаған  қара  шымал 
құмырсқаларға жем болған, ақыр соңында илеуiн тастап үдере көшiп, 
жол-жөнекей қырылып қалған қоңыр құмырсқалардың әр кәлләға бiр 
үрей ұялатып қойды...
Бiз  рейтингтiк  мақсатты  көздеген  соң  айтып  өтейiк,  жалпы 
жарияланған  мақалалардың  iшiнде  сауалнаманың  алғашқы  сұрағына 
байланысты аты-жөнi мен туындылары ең көп аталған қаламгерлер – 
Мұхтар  Мағауин  («Ұлтсыздану  ұраны»  және  «Құмырсқа  қырғыны») 
және  Төлен  Әбдiков  («Парасат  майданы»).  Демек,  осы  авторлардың 
шығармалары  әдеби  ортада  үлкен  сұранысқа  ие  деген  сөз.  Әрине, 
сауалнамаға  жауап  берген  қаламгерлердiң  бiразы  Шерхан  Мұртаза, 
Оразбек  Сәрсенбаев,  Тынымбай  Нұрмағамбетов,  Нұрлан  Оразалин, 
Әкiм Тарази, Баққожа Мұқай, Дулат Исабеков, Әлiбек Асқаров, Жәркен 
Бөдеш, Темiрхан Медетбек, Мархабат Байғұт, Құлбек Ергөбек, Иран-
Ғайып,  Қуандық  Түменбай,  Есенбай  Дүйсенбаев,  Ұлықбек  Есдәулет, 

54
Есенғали Раушанов, Сайлаубек Жұмабек, Тұрысбек Сәукетай, Жұма- 
бай  Шаштайұлы,  Несiпбек  Дәутаев,  Тоқтар  Бейiсқұлов,  Жүсiпбек 
Қорғасбек, Жәлел Кеттебек, Асқар Алтай, Ғалым Жайлыбай, Қасым- 
хан  Бегманов,  Бауыржан  Жақып,  Сабыр  Адай,  Светқали  Нұржанов, 
Серiк  Байхонов,  Қансейiт  Әбдезұлы,  Тұрсынжан  Шапай,  Нұрғали 
Ораз, Таласбек Әсемқұлов, Амангелдi Кеңшiлiкұлы, Дидар Амантай, 
Әмiрхан Балқыбек, Жарас Сәрсек, Маралтай Райымбекұлы, Бауыржан 
Бабажанұлы,  Айгүл  Кемелбаевалардың  шығармашылығы  туралы  да 
едәуiр  пiкiрлер  айтты.  Алайда,  сауалнамаға  қатысқандардың  басым 
көпшiлiгi  Мағауин  мен  Әбдiктовтiң  шығармалары  туралы  баса  тоқ- 
талғанын айта кеткен жөн.
Қазақтың қоғамдық һәм рухани ой-санасына ықпал еткен жекелеген 
тұлғаларға қатысты қаламгерлердiң пiкiрi әркелкi болып түзiлдi. Бұл 
ретте  жазушылар  Мұхтар  Мағауиннiң  ұлт  тарихына  байланысты 
ұшан-теңiз  еңбегiн,  Олжас  Сүлейменовтiң  рухани  ықпалын,  белгiлi 
мемлекет  қайраткерi  Иманғали  Тасмағамбетовтiң  мәдениетке  қа- 
тысты  ұстанымдары  мен  саяси  сонардан  қайтпай  қалған  Алтынбек 
Сәрсенбайұлының  «Таңдау  жасар  сәт  туды»  және  «Тәуелсiз  елде 
тәумендi  тұлғалар  болмау  керек»  атты  қос  кiтабындағы  ұлттық 
көзқарастарды жоғары бағалайтынын ашық бiлдiрдi.
Ең қызығы, бiз қаламгерлерден 90 жылдары әдебиетке келген буын 
және  кейiнгi  жастар  туралы  едәуiр  пiкiр  күткен  едiк.  Қос  кезең  бiр-
бiрiне өткел бермей тұрған тұстағы және кейiнгi толқын туралы қысқа 
қайырған  үш-ақ  қаламгер  болды.  Олар:  Мархабат  Байғұт,  Жәркен 
Бөдеш және Аманхан Әлiмұлы.
Әлiбек  Асқаровтың  бүтiн  бiр  дәуiрдi  бiр-ақ  тәулiкке  сыйғызып 
суреттеген  «Социализм  хикаяты»  дейтiн  психологиялық  повесiнде 
Базарқан деген кейiпкер бара емес пе? Не әскерде жолы болмай, не 
оқуға  iлiне  алмай,  ақыр  соңында  не  елiне  қайта  алмай  шақшадай 
басы  шарадай  болып,  темiр  жол  бекетiнде  қалып  кететiн  Базарқан. 
Коммунистiк  режимнiң  ботқасы  әбден  бойына  сiңiп  қалған  Ләззат. 
Бұл – уақыттың алдауына түскен бүтiн ұрпақтың жанайқайы, қасiретi. 
Сол Базарқан бiз жоғарыда айтқан 90 жылы әдебиетке келген маңдайы 
тайқы толқынның құрдасы болуға керек. Оқығаны – басқа кезең, тап 
болғаны – басқа қоғам. Ал 90 жылдары әдебиетке келген толқын сондай 
алмағайып та аласапыран кезеңге тап келдi. Қос қоғам көбелерiне ши 
жүгiртiп, тақымына қылбұрау салып шыңғыртып жатқан тұста олар 
қолдарына қалам алды. Бұл – мәдениет үйлерi мал қораға айналып, 
кiтапханалардың  есiгiне  нән  қара  құлыптар  түскен  тұс  болатын. 
Түлкi  құрсақ,  түбiт  көңiлмен  әлеуметтiк  тауқыметке  белшесiнен 
батып жүрiп шама-шарқыларынша шығармалар жазды. Жұрт жаппай 
наубайханаға ағылғанда олар әдебиет ауылының адал қарауылдарына 

55
айналды.  Уақыттың  асау  толқынына  қарсы  жүздi.  Олар:  Думан 
Рамазан,  Айгүл  Кемелбаева,  Амангелдi  Кеңшiлiкұлы,  Роза  Қараева, 
Маралтай  Райымбекұлы,  Жарас  Сәрсек,  Болат  Жетекбай,  Әмiрхан 
Балқыбек,  Дидар  Амантай,  Бауыржан  Бабажанұлы,  Әдiл  Ботпанов, 
Күнсая Ерғазиева, Амангелдi Бұғыбаев, Сәбетай Сыпатаев,  Нұржан 
Қуантайұлы, Сәндiбек Жұбаниязов, Батырболат Айтболатұлы, Жанат 
Әскербекқызы. Бұл – әдебиетте «алтын көпiр» деген атқа ие болып 
қалатын тағдырлы толқынның жадымызға түскендерi ғана.
Әмiрхан Балқыбек жауынгерлiк рухтағы поэзиясымен қатар, әдеби 
сында  соны  түрен  салды.  Сөздердiң  этимологиясын  зерттеу  арқылы 
ұлттық  әдебиеттiң  көкжиегiн  кеңейтуге  күш  салды.  Осыдан  бiраз 
жылдар  бұрын  ерлiк  атаулы  мен  бекзадалықтың,  ұлы  мәдениеттiң 
түркiлерден  бастау  алатынын  көне  аңыз-әфсаналар,  нақтылы  тарихи 
деректер  арқылы  дәлелдеп  жазған  кешендi  зерттеу  еңбектерi  –  ұлт 
тарихының оңай олжасы емес болатын. Әдеби жорығын ежелгi Эллада 
елiнен бастаған Әмiрханның бұл қадамы жемiссiз болған жоқ. Жемiстi 
жерде дау да қоса жүредi...
Амангелдi  Кеңшiлiкұлы  қоғамның  бет-пердесiн  бiр-ақ  сыпырып 
тастады. Аға буынның диагнозын нақ қойды. Емi жоқ сырқат!
Маралтай  поэзияға  өзiндiк  мақам  әкелдi.  Жарас  жадау  көңiлдердi 
оймен  емдеуге  кiрiстi.  «Көтерiл,  Дештi  Қыпшақ!»  деп  ұран  салды 
Дидар. Бекболаттың қобыз ысқышына қол созғаны сол тұс болатын.
Амангелдi  мен  Айгүл  есiк-терезесi  аңғал-саңғал  әдеби  сынның 
тұтқаларына  қол  созды.  Батырболат  пен  Сәндiбектiң  лирикалық 
ағыстары  қоғамның  тамырына  қан  жүгiрттi.  Талантты  ақын  Әдiл 
Ботпанов сол сұрапыл бiр жорықтарда iз-түссiз жоғалды...
Олар  қазiр  есiн  жинады,  етегiн  жапты.  Өздерiнен  кейiнгi  iнi-
қарындастарына  бұл  буын  тамаша  жағдай  жасады.  Ауыртпалықты 
мойындарымен  көтердi.  Қыңбады.  Ептеп  өзгердi  де...  Белгiлi  бiр 
уақыттың  жауапкершiлiгiн  көтерген  сол  буын  ендi  әдебиетке  iрi 
дүниелер  ұсынатын  кезеңге  келдi.  Тәуелiз  елдiң  әдеби  шежiресi 
солардың  мойнында.  Күтейiк!  Әдебиетке  бұлардан  кейiн  келiп 
қосылған толқын әл-әзiр тыңғылықты дайындықта. Бiразы аудармаға 
бас  қойды.  Жарымы  жазу  үстелiнде.  Жасөспiрiмдерге  арналған  екi 
кинофильмге сценарий жазған (бiрi жарыққа шықты), көлемдi кiтабын 
баспаға  әзiрлеп  тапсырып,  дәл  қазiр  елiмiздегi  ең  iрi  театрға  арнап 
«Сен...»  атты  екi  актiлi  мюзикл  (тың  жанр)  дайындап  жатқан  Бақыт 
Беделханның шығармашылық еңбегiн алабөтен атаған абзал. 
Қазақ мәдениетiнде академик Алдан Айымбетовтiң алатын орны – 
төрде. Сол Алданның iсiн жалғастырып жүрген бiр жанкештi бар, ол 
– «Шетел әдебиетi» басылымын шығарып жатқан талантты қаламгер 
Ардақ Нұрғазыұлы. Осы басылымды шығару жолында шығармашылық 

56
һәм  психологиялық  күш-қуатын  сарп  етiп  жүрген  (өзi  құрылтайшы, 
өзi терiмшi, өзi беттеушi, өзi аудармашы, өзi корректор, өзi журналист, 
өзi жүргiзушi) Ардақтың еңбегi бағалануға тиiс. Төрдегi ақжағалылар 
оңды-солды  таратып  жатқан  тендерлiк  қаржының  бiр  пұшпағын  осы 
«Шетел  әдебиетi»  үшiн  бөлiп  берсе,  ұрпақ  алдындағы  бiр  борышын 
өтер ме едi?.. 
Айтпақшы, «рейтингке» жанкүйер оқырмандардың көбi елде жүрген 
ақындар  –  Арман  Қаниды,  Шәкизада  Әбдiкәрiмовты,  Тыныштықбек 
Әбдiкәкiмовты,  Ертай  Ашықбаевты,  Серiк  Ақсұңқарұлын,  Сабыр 
Адайды,  Светқали  Нұржановты  жиi  сұрайды.  Аманатты  жеткiзу  – 
парыз!
Рейтинг алдағы уақытта ептеп өзге сипатта жалғасады.
P.S. Мағауиннiң сегiз жасында «Тапқыр торай» атты роман жазып 
атаққа  шыққан  Мүслима  есiмдi  вундеркинд  немересi  есiңiзде  ме? 
Екi  жасында  Абайды  жаттаған,  үш  жасында  хат  танып,  бiр  жылда 
үш  сынып  аттап  оқыған.  Тоғыз  жасына  дейiн  «Робинзон  Крузоны», 
«Қазына  аралын»,  «Абай  жолының»  төрт  кiтабын  тауысқан,  сосын 
Тургенев пен Чеховқа ауыз салған Мүслима! Мағауинге қалай «жазып, 
сызу керек екенiн» үйрететiн Мүслима! Бiздiң түйсiгiмiз – «Мүслима – 
жазушылыққа, әдебиетке кешендi түрде дайындалып келетiн ұрпақтың 
көшбасшысы»  дейдi.  Демек,  кiтап  ат  басындай  алтыннан  да  артық 
бағаланатын  күмiс  дәуiр  қайта  тумақ.  Туады  сол  дәуiр.  Кiтап  қайта 
патшалық құру керек. Сол кезде халтура iнiне қайта кiредi.

57
ЛАШЫҒЫ Жоқ ЛАуреАт
«Ертелi-кеш  құлағымнан  Әнұранның  дабысы  кетпейдi.  Сондай 
бiр  ғажайып  әсерлерге  бөленiп  келе  жатып  кенеттен  үйсiз  екенiм 
есiме  түсiп  кеткенде,  өн-бойыма  бiреу  мұздай  су  құйып  жiбергендей 
тiтiркенiп кетемiн».
Талғат КҮЗЕМБАЕВ! Бұл – халқымыздың ән өнерiндегi талантты 
есiмдердiң  бiрi  де  бiрегейi.  Классикалық  музыканың  «отымен  кiрiп, 
күлiмен шығып» жүрген кәсiби дарын қазiргi күнi Қазақтың мемлекеттiк 
Абай атындағы академиялық Опера және балет театрының әншiсi.
Бағын  кең  тынысты  баритон  дауыстан  тауып  жүрген  дауылпаз 
ұл  халықаралық  додаларда  қазақтың  абыройын  сан  рет  асқақтатты. 
Ыстамбұл, Астрахан, Тверь, Екатеринбург сахнасын салқар да тәкапар 
дауысымен  тiтiреткен  қазақ  ұлына  деген  таңданысын  орыстың  өнер 
сыншылары тасқа жазып қалдырды.
Ән  өнерi  ұстаханасының  қара  нарларына  баланатын  Шахимардан 
Әбiлов,  Қабылаш  Әбiкей,  Ғафиз  Есiмов  сынды  тәлiмгерлерден  өнер 
үйрендi.  1998  жылы  Құрманғазы  атындағы  Ұлттық  консерваторияны 
бiтiрдi. Сол жылы К.Бәйсейiтова атындағы республикалық байқаудың 
лауреаты болды. Бұл – жас әншiнiң алғашқы жеңiсi едi. Бұдан кейiнгi 
атақ-даңқы бiр түйеге жүк боларлық.
Елiмiздегi  жетекшi  шығармашылық  ұжымдар  –  Құрманғазы 
атындағы  академиялық  халық  аспаптары  оркестрiмен,  Н.Тiлендиев 
атындағы  «Отырар  сазы»  фольклорлық  оркестрiмен,  ҚР  Қорғаныс 
министрлiгiне қарасты «Ұлан» эстрадалық-симфониялық оркестрiмен 
тығыз  шығармашылық  қарым-қатынаста  болу  –  кез-келген  өнер 
иесiнiң  маңдайына  қона  бермейтiн  бақ  болса  керек.  Ал  репертуары 
қазақ, орыс композиторлары және батысеуропалық шығармаларға бай 
Талғат Пердебекұлы жоғарыдағы даңқты ұжымдармен өз тыңдарманын 
салтанаты асқан сахналардан сан рет қуантты.
35 жасында Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты атанды. Қай саланың 
болмасын  арғы-бергi  тарихында  отыздан  асқан  шағында  елдiң  ең  iрi 
сыйлығана қол жеткiзген тұлғалар некен-саяқ.
Мемлекеттiк сиволымыз – Әнұранның ресми орындаушысы дәл осы 
бiздiң кейiпкерiмiз екенiн бiреу бiлсе, бiреу бiлмейдi. Ең қызығы сол 
– Қазақстанның Әнұранын айтатын әншi Талғат Күзембаев еш жерде 
тiркеуде болмағандықтан таяуда ғана болған парламент сайлауына да 
шақырылмапты. Басты лажы – лашықсыздық...
Құдайға  шүкiр,  қазақ  өнерi  талантқа  кенде  емес.  Алайда  таңдай 
қағып  жүрген  таланттардың  көбi  –  пысықтар.  Талантты  пысықтар! 
Ал  көмейi  күмбез  Күзембаев  –  «бара  жатқанның  балтасын,  келе 

58
жатқанның  кетпенiн»  алып  қалатындардың  қатарынан  емес  екен.  Бiз 
осыны сезiндiк.
–  1971  жылы  Оңтүстiк  Қазақстан  облысы  Бәйдiбек  ауданы 
(бұрынғы  Алғабас  ауданы)  Бөген  кеңшарында  дүниеге  келгем,  –  деп 
бастады  әңгiмесiн  әншi.  –  1988  жылы  мектептi  Алғабас  ауылында 
бiтiрдiм.  Бәрiмiз  бала  күнiмiзде  Қайрат  Байбосыновқа  елiктеп  өстiк. 
Сол  ағамызға  ұқсап  домбырамен  ән  салдық.  Кезiнде  жас  таланттар 
байқауы  деген  үлкен  байқау  болатын.  Мектептi  бiтiрген  жылы  сол 
байқаудың  аудандық  сынынан  облысқа,  облыстан  республикалық 
кезеңге  өтiп,  Алматыдан  бiр-ақ  шықтым.  Керемет  байқау  өттi.  Сол 
байқауда бiздiң консерваторияның профессорлары, музыка саласының 
бiлiктi  мамандары  отырыпты.  Олар  менiң  дауысымды  операға 
таптырмайды  деп  тауып,  «сен  Қайрат  ағаң  секiлдi  әншi  болмай-ақ 
қой, опера театрының жанындағы екi жылдық студияға оқуға түс» деп 
қолқалады. Бұл – кәдiмгi Ж.Елебеков атындағы эстрада цирк колледжi, 
онда  даңқты  әншi  Рамазан  Стамғазиев  секiлдi  таланттар  аз  оқыған 
жоқ. Бiздiң ауылда опера деген атымен болмаған, алғашқыда бiртүрлi 
тосырқағаным рас. «Жыл өткен соң әскерге кетемiн, бiр жыл болса да 
оқиын»  деген  тоқтамға  келдiм.  Бiрiншi  курсты  бiтiрген  соң,  әскерге 
кеттiм.  Омбы  қаласында  әскери  борышымды  өтедiм,  әскерде  Кеңес 
одағының  әскери  әндерiн  айтатын  музротада  болдым.  Алты  жiгiттен 
құралған  –  үш  тенор,  үш  баритон,  жеке  ансамбль  болдық.  Әскерде 
Анатолий Гапич деген ғажайып ұстаздан тәлiм алдым. Қазiр ол кiсi 70-
тен асқан, әскерден кейiн екi рет кездестiм. Таяуда ғана Омбыға барған 
гастрольда сол кiсiмен тағы дидарластым.
Консерваторияның  бiрiншi  курсына  музыкалық  училище  бiтiрiп 
келгендердi ғана қабылдайды. Сондықтан, әскерден келген 1991 жылы 
Құрманғазы  атындағы  консерваторияның  екi  жылдық  дайындық 
курсына  түстiм.  Екi  жылдан  соң  консерваторияға  қабылданып,  онда 
Шахимардан Әбiлов, Қабылаш Әбiкей, Хафиз Есiмов сынды ғажайып 
ұстаздардан  тәлiм  алдым.  Сондай  қазақтың  бiртуар  ұлдарының 
мектебiнен  өткенiмдi  өте  бақытты  сезiнем.  Консерваторияны  1998 
жылы  бiтiрдiм.  Тура  сол  жылы  Алматыда  К.Бәйсейiтова  атындағы 
республикалық  байқау  болды.  Бұл  байқауға  кiлең  қыздар  қатысқан, 
жiгiттерден жалғыз мен ғана. Сол байқауда үшiншi орынды алдым. Бұл 
–  бiрiншi  жетiстiгiм  болатын.  Сол  байқаудың  лауреаты  ретiнде  Абай 
атындағы  Опера  және  балет  театрына  тыңдалып,  оқу  бiтiрген  бетте 
театрға қабылдандым. Содан берi жемiстi еңбек етiп келемiз. Әрине, 
вокалдағы тәжiрибенi жетiлдiру мақсатында түрлi байқауларға қатысып 
жүрмiн, жемiссiз де емес.

59
Президенттiң тапсырмасымен жазылған туынды
Өнер  зерттеушiлердiң  2005  жылы  Қазақстанның  мәдени  өмiрiн- 
дегi  аса  үлкен  құбылыс  –  қазақтың  көрнектi  композиторы  Еркеғали 
Рахмадиевтiң  «Абылай  хан»  операсы  болды.  Бұл  опера  мемлекет 
басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  тiкелей  тапсырмасымен  жазыл- 
ғанын «Алпамыс», «Қамар сұлу» сынды кесек туындыларды дүниеге 
әкелген  автордың  өзi  басылым  беттерiнде  әлденеше  рет  айтқан. 
Әйгiлi композитор 1996 жылы бастаған «Абылай хан» операсын 2005 
жылы  жазып  бiтiрдi.  Толғағы  тоғыз  жылға  созылған  туындының 
сахналануына да мемлекеттiк деңгейде маңыз берiлдi. Ал мемлекеттiк 
жауапкершiлiктi арқалаған шығарманың басты кейiпкерiн сомдау – қай 
актердiң болса да арманы. Ақыры Абылай хан рөлiн Талғат Күзембаев 
сомдады.
–  2005  жылдың  күзiнде  қазақтың  көрнектi  композиторы  Еркеғали 
Рахмадиевтiң  «Абылай  хан»  операсының  нотасы  қолымызға  тидi. 
Сөйтiп,  қойылымның  дайындығы  қазан  айында  басталып  кеттi. 
«Абылай  ханның»  рөлiне  iрiктеу  басталды.  Мәтiндi  жаттау  менiң 
ұстазым  Хафиз  Есiмов  ағамыз  екеумiзге  жүктелген.  Үшiншi  болып 
Бақытжан аға Ысқақов қосылып едi, ол кiсi кейiн қайтыс болып кеттi.
«Абылай ханның» қоюшы режиссерi – бүкiл Ресейге даңқты тұлға 
Юрий Александров, қоюшы суретшiсi – Окунев, либреттосын қазақтың 
көрнектi қаламгерi – Әбiш Кекiлбаев. 
Ақыры  бастан-аяқ  мен  алып  шықтым.  Дайындық  кезiнде  Талғат 
Мұсабаев екеумiз дайындалдық, ол – Абылайдың жас кезiн, мен – хан 
болған  кезiн  орындауымыз  керек  болатын.  М.Әуезов  театрындағы 
«Абылай хан» қойылымында негiзi жүк екi актерға тең бөлiнген едi. 
Ақыр  соңында,  неге  ондай  шешiм  қабылдағанын  қайдам,  «жас  кезiн 
де,  хан  кезiн  де  бiр-ақ  адам  ойнау  керек»  деген  шешiм  қабылданды. 
Айналып  келгенде  күштiң  бәрi  маған  түстi.  Өте  қиын  болды.  Менiң 
әрiптестерiм  қай  рөлдiң  болса  да  қаншалықты  азапты  екенiн  жақсы 
сезiнедi ғой. Оның үстiне бұл операда тек өлең айтып қана қоймайсың, 
ханның  қара  сөзге  құрылған  толғаныстарының  өзiнiң  қиындықтары 
болды. Жауапкершiлiктiң бәрiн жалғыз өзiм алып шығуға тура келдi. 
Операның  премьерасы  2005  жылдың  19  қарашасында  қойылды. 
Одан берi де екi-үш жылдың жүзi болды ғой. Сөйтiп, сол Абылай хан 
рөлiн сомдағаным үшiн 2006 жылғы 15 желтоқсандағы ҚР Үкiметiнiң 
№ 1217 Қаулысымен Тәуелсiздiктiң 15 жылдығына орай Мемлекеттiк 
сыйлықтың  лауреаты  атағына  ие  болдым.  Бұл  –  даңққұмарлық  емес, 
бiрақ 35 жасында Мемлекеттiк сыйлыққа қол жеткiзген шығармашылық 
иесiн өз басым естiмеппiн. Мен үшiн бұл сыйлықтың жауапкершiлiгi 
мың батпан.

60

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет