20
келтіріледі. Бұл жерде эстетикалық эмоция адамға рухани еркіндік алуға мүмкіндік береді.
Ф. Шиллер әсемдік адамға жетілуге және үйлесімдікке, сезім мен рухани әлеуетінің
келісімге келуіне жол ашады деп ой түйеді. "Эстетикалық ауанды" ол моральдық
мәжбүрлеу және де барша сезімдік-тәни басыбайлылықтан арылған адамның ішкі
еркіндігіне сайды. Әдемілік, шиллерше, "әлеуетті адамның әлсіреген қажырының
үйлесімдігін қалпына келтіреді"[53]. Осыған ұқсас ой Гегельде: "әсемдікті қалыптастыру
<...> еркін сипатқа ие"[54] делінсе, Маркс «заттың сезімдік формасынан ләззат алатын
адам өзінің «әлеуетінің мәнісін» бекемдейді»[55] дегенді айтты.
Эстетикалық құндылық тұлғааралық қарым-қатынаспен тікелей байланысты болып
келіп, оның түрткі жайттарының бірі екендігін біздің жүзжылдығымыздағы теорияшылар
дүркін-дүркін рет атап өтті. А.А. Мейердің сөзі бойынша, эстетикалық қадам –
махаббатты, адамдар арасындағы туыстық байланысты, олардың бірігуін жүзеге асыру.
Эстетика аясында «жекеленген «меннің» томаға тұйықтығы еңсеріледі». Эстетикалық
қадам "адамды өзге өмірге енгізіп, екі дүниедегі тірліктің қатысушысына
айналдырады"[56].
Осыған ұқсас ойды (эстетикалық күй кешудің катарсистік сипатын ауызға алып,
жаңғырған жан дүниені қадап айтқан) М. Бердсли де сөз етеді. Оның айтуынша,
эстетикалық тәжірибе психика мен стрестердің конфликтісін шешіп, жеке өмірдің
үндестігіне көмектесіп, «қабылдаушылығын арттырып, түсінігін толықтырып, қоршаған
ортамен жақындастырады». Ғалымының тілге тиек етуінше, эстетикалық затқа құлық қою
бостандықты сезінуді тудырып, бұл арада эстетикалық тәжірибе «өзіңді өзгенің орнына
қоя білу қабілетін дамытып», «өзара сыйластықты дамытады», сонымен қатар басқа
жандар мен мәдениетті ұғынуға септеседі[57].
Эстетикалық хал кешу туралы әңгімемізді аяқтай келе, олар адамдардың өміріне
аздаған, әрі сирек «жұлдызды сәт» түрінде енбейтіндігін, бірақ та өмірді сезінудің тұрақты
компененті екендігін аңғарамыз. Мәдениетке бас қойған адамға маңыздысы –
қасындағылар оның талғамын тәрк етпей, күн сайын оңды эстетикалық эмоциямен
қуаттандырып отыруы. Сондықтан, адам болмысындағы мәнді шек дәстүрлі бастау
көздерден нәр алған тұрмыс-тіршіліктің эстетикалық әрленуі болып табылады. «Шын
мәнісінде, ежелгі славяндарды қоршаған барша дүние не аз, не көп мөлшерде
көркемдікпен өңделді»[58]. Күнделікті өмірді эстетикалық "құрастыру" бізге жақын
дәуірлер мен өз заманымызды қоса алғанда мәдени буынның бөлінбейтін бөлігі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: