Пікір жазған: филология ғ. к доцент А. Мауленов


«әлемдік біртұтастықтың айшықтануы»



Pdf көрінісі
бет9/127
Дата11.11.2022
өлшемі2,47 Mb.
#49556
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127
Байланысты:
• «¨§¥¢ ‚. ’¥®à¨ï «¨â¥à âăàë ­ ª § å᪮¬ ï§ëª¥

«әлемдік біртұтастықтың айшықтануы» деп таныды[28].
Әдеміліктің теориясы XVIII-XIX ғғ. аралығында Алманияда жасалып, көп жағынан 
жетілдірілді. Әсіресе, әдеміліктің заттың мазмұны мен формасымен қатысты 
проблемалары ерекше мәнге ие болды. Оны шешудің екі үрдісі бой көтерді. Гегель ежелгі 
және орта ғасыр эстетикалық дәстүріне сүйене отырып, «әсемдік пен ақиқат» дегеніміз – 
«бір нәрсе» деп тұжырымдап, әдемілік дегеніміз – «идеяның сезімдік бой көрсетуі», яғни
әлдебір рухани мәнділік: «тіршіліктің сезімдік көрініс беруіне» «рухтың сіңімі»[29] 
деген ой түйді.
Кант Гегельге дейін бірнеше он жыл бұрынырақ оны басқаша пайымдаған болатын. 
Оның түсінігі бойынша: әсемдік затқа оның формасы арқылы беріледі. Ол «алуан 
түрліліктің тұтастыққа жинақталуы» болып саналады. Әдемілік болып қабылдану 
үшін не тартымдылық, не сезімдік қозғау салушылық, не жетілгендіктің затқа еш қатысы 
жоқ, бірақ қатаң тұрапаттық тәртіптілік, ішкі пропорция мен симметрия ғана қажет. Таза 
және еркін әсемдіктің үлгісі ретінде философ гүлдерді, құстарды, моллюскаларды ауызға 
алады. Адамның әсемдігі (бұл арада ең басты канттық тезисті түзудің өзі қиындау 
болатын) «сәйкесіп келушілік» болып табылады[30]. Кейіннен Гегель мен Канттың 
әдемілік туралы ілімдерін мазмұн эстетикасы мен форма эстетикасы деп атады.
Ұзақ ғасырлар бойы әдемілік эстетикалық санат ретінде қарастырылып келді. Бірақ та 
XVIII ғ. ортасына дейін өнер саласындағы философтар мен мамандар эстетикалықтың 
аясы әдеміліктен де ауқымды деген ойдан аулақтау болды.
§3. АСҚАҚТЫҚ. ДИОНИСТІК 
 
Антика мен орта ғасырда асқақтық тек стильге қатысты сипат деп танылды. Осы 
үрдістің бастау көзінде жалған Лонгин жазды деп саналатын "Асқақтық туралы" (Б.з.I 
ғ.) трактат тұрды. XVIII ғ. екінші жартысында эстетикалық санаттама мәртебесіне ие 
болып, әдемілікке сайма-сай деп танылды. Асқақтық Э. Берк және оның ізін ала И. Кант 
тарапынан құзырлылық пен ұлықтықтың әлеуеті, ауқымдылығы, шексіздігі ретінде 
көрініс табуы болып саналды. Әдеміліктен өзгешелігі тынымсыз пайымдаманы, жан 
дүние алабұртуын, қиялды шарықтатып, ой ала құйындылығын тудыратын 
бейберекетсіздік, ретсіздікпен байланысты болып келеді. Кант асқақтық біздің 
әлеуетімізді оятады деген ой түйеді. Философ асқақтықты адами болмыс ретінде емес
табиғи стихия ретінде қарастырады. «Зәреңді зәр түбіне кетірер құзар шың, бұлтты аспан, 
жанартау мен алапат дауыл, тайдай толқыған мұхит толқыны жиылып келгенде біз 


14 
асқақтық деп атайтын көңіл күй ауанын тудырып, бәрін бағындырған табиғатқа қарсы 
ұрыс салуға үндейді» деп жазады Кант[31]. Кант түсінігіндегі асқақтық әр ел мен дәуірдің 
өнері мен әдебиетінде кеңінен таңбаланады. Шекспирдің дауылын, Лермонтовтың 
"Мцыри" поэмасындағы пейзаждар немесе Толстойдың "Казактарын" (Оленинді Кавказ 
тауларының құзарлығының таң тамаша қалдыруын) еске түсірейік.
Ф. Шиллер Кантты толықтыра түсетін арнайы еңбегінде адами әлемдегі асқақтықты 
қаһармандық көзсіздікпен байланыстырып. «Ұлық сол – кім қорқынышты жеңеді, асқақ 
сол – жеңілсе де, қорқыныштың не екенін білмесе» дейді[32]. Оның үстіне, Шиллер 
асқақтықты патетика және аффектімен байланыстырады. Ол «патетикалық-асқақтық» 
туралы сөз етіп, мысал ретінде, Софоклдің Медеясын келтіреді. Осы орайда М.Бахтиннің: 
«Патетикалық сөзде сөйлеуші өзін ақыр-соңына дейін ашады» дегенін еске алған орынды. 
ХХ жүз жылдықта асқақтық патетикалықпен өзінің көп ғасырлық байланысын 
солғындатып алды. Ол адамдардың жеке өміріне тән формаға еніп, байыпты да, жеке 
бастық интимді, кейде ой мен пікірді ауызекі «прозалық» жолмен білдіретін, енді бірде 
тіптен жақ ашпайтын сипатқа ие болды. Бұған дәлел, Матерлинктің («Аглавена мен 
Селизетта») және кейінгі Ибсеннің («Құрлысшы Сольнес») пьесалары. 
Сонымен бірге, патетикалық-асқақтық сөз өнерінен мүлдем қол үзген жоқ дейді Мария 
Цветаева. Ол В.Маяковскийде де ашық бой көрсетті.
Егер Шиллер бойынша, асқақтық жеке тұлғалық сипатқа ие болса, ең алдымен, бет-
бейнесі тұмшаланған тұлғалардың күй кешуі мен іс-әрекеттерімен байланысты дионистік 
көп жағдайда онымен үндеседі (екеуінде де адам стихияға тәуелді болып келеді). Ф. 
Ницше авторы болып табылатын "Музыкалық рухтан туған трагедия" (1872) 
трактатының арқасында ХХ ғ. эстетикалық санаттың қатарына қосылған дионистікпен 
асқақтық төркіндес болып келеді. Әдемілікті оның дәстүрлі ұғынымында философ 
антикалық санат пен эпоста айырықша көрініс тапқан аполлондық бастау көз ретінде 
сипаттады. Онда сезім шегі, ақылман тыныштық, басы асау еркіндік атойлайды. Бірақ 
адам табиғаты бұдан да басқа нәрсеге иелік етеді деп пайымдайды Ницше. Бұл дионистік
адамның түпсіз тереңіне бойлайды. Фиолософтың ойы бойынша: аполлондық бастау көз 
стихия мен еріксіз пайымдау аясын жасырады, оның өзегі – елес пен алдану болып 
табылады. Дионистік – мерекелік мас болудың аясындағы (Дионис-Вакх шарап құдайы)
түс көру мен арманның өрістеуі, беріле өліп-өшкен құштарлық, жан-дүниеңнің алас ұруы 
мен ес кетірер ынтықтық. Автор бұның бәрін Вагнер рухындағы классикалық емес 
Моцарттық музыка құдіреті төңірегінде эстетикалық дыбыстардың таңғажайыптығына 
теліді[33]. Ницшенің кейінгі еңбектерінде дионистік эстетика биліксіз тұра алмайтын 
бетер адамның /сверхчеловек/ (термин С.Қондыбайдікі) құндылығы ретінде 
ұғындырылды. «Заратустра солай деген» поэмасының қаһарманы «Әдемілік деген сонда 
мен өзімнің жан-тәнімен қалаған жерімде» деп мәлімдейді де, өзінің дерттерінің нышан-
белгісін айқындайтын «пайымдауды» «бақылаудың қысық көзділігі» деп атайды[34]. 
Философ тәртіп пен ретке түсірілгеннің бәрін тыныш та, бейбіт қабылдау астарында 
пайымдау жатыр деп санайды.
Ницшенің дионистік тегеуірін мен асып төгілушілік деп айтқан ойы оған дейін де 
баршаға белгілі болатын. Біріншіден, оның Дионис мерекесі туралы тәпсірлеуі асқақтық
турасындағы канттық тұжырыммен қиысады: Ницше табиғаттағы эстетикалық сиқырға 
толы алай-дүлей стихия туралы ұғымды шынайы адам өміріне алып келді. Екіншіден, 
XVIII ғ.ортасында белгілі антика өнерінің зерттеушісі И. Винкельман эстетикалық 
жолмен тек тыныштық пен салмақтылық қана емес, буырқаныс пен құштарлық та жүзеге 
асады деп атап айтқан еді. «Эстетикалық айшықтылықтың» екінші тегін Винкельман 
теріс-қағыс бағалады. Құштарлық оның ойынша, «бір сәттік өтпелі дүние»; «ол іс-
әрекеттің басқы кезінде қылаң беріп, салмақтылық пен негізділік аяққы кезде көрініс 
табады». Ғалым барша эффекті тудыруға негізделген әдеттен тыстықты, жоғарғылықты, 


15 
шын мәнісінде «құштарлық көрінісі мен іс-әрекетінің бетсіздігі» бар болғаны «дөкір 
талғамның» түзілушілігі ғана болып табылады деп түйіндеме жасады[35]. 
Ницшенің эстетикалық тұжырымының жаңашылдығы көрініп тұрғандай, ең алдымен, 
дионистік тізгінсіздіктің апологиясынан (шектен шығуынан) тұрады. Тап осы апология 
символистік эстетикамен (оның ішінде, А.А. Блоктың "музыка рухы" туралы ой түюімен) 
және басқа да кейінгі тұжырымдамалармен өте-мөте үндес болып келді. Осылайша, 
таяудағы польяк ғалымының еңбегінде әдемілік санаты өзін түгесіп болып, енді оның 
басты эстетикалық құндылығы күштің, әлеуеттің, тегеуіріннің көрініс беруі, яғни 
айшықтылық* болып табылады. «Әдемілікке ... қажеттілік жоқтан заманалық эстетикада 
оған орын жоқ» деген пікірлерде төбе көрсетуде[36]. 
Басқа жағынан алғанда ницшеннің Дионистік марапасы (культі) біршама қатал сынға, 
әсіресе, орыс діни философтары тарапынан ұшырады. Осы тұрғыдан, Е.Н. Трубецкой 
дионистік эстетиканы «тұрақсыз әлемнің» қуанышын айшықтау деп санады[37]. Өзінің 
жеке бастық хатында «Дионистік толқында» біздің аяқ астымызда тас-талқанымыздың 
шығуы «ұйғарылады»: ал, шынайы өмірде адамдар Дионистік алауға күйіп жанбай, 
қарама-қарсылық пен күреске толы Құдай отында жалындауы шарт деп атап көрсетті 
философ[38].
Ницшеннің дионистігін М.Бахтин карнавалдық деп атайды. Бұл арада, халық 
ұжымының өмірлік әлеуетінің стихиялық күшінің жүзеге асуы болып табылатын денелік 
бастау көз эстетикалық объекті болып табылады. М.Бахтин карнавалдық эстетика әдемілік 
эстетикасына қарсы тұрып, гротескілік адам денесінің сан алуан қимылын танытады...деп 
тұжырымдады. Бұл арада эстетикалық зат тек қана әсемдікпен ғана емес, сонымен бірге, 
асқақтықпен де өз байланысын үзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет