лігі не бірі екіншісін қайталайды, не өзінше азын-аулақ жаңалық
қосуға әрекет етеді, тіпті, ең болмағанда, өзіне дейінгі айтылған
пікірлерге шолу жасаумен қанағаттанады. Әр ғалымның өзіндік
дәлелдері, өздеріне тән пікірлері де барлығын жасыруға болмай-
ды. Өйткені әркім өз пікіріне, өз дәлеліне сүйене отырып пікір
айтады, пікірін дәлелдеуге әрекет етеді, анықтама береді. Олар
берген кей анықтама басқаларынан карапайым болып келсе, екін-
шілері күрделілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейінгі сөздер-
ге берілген анықтамаларға талдау жасау біздің міндетіміз емес.
Оларды тек салыстырып, сұрыптап бірнеше топқа бөліп көрсетуге
мүмкіндігіміз бар.
Сөз — мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл аныктама оқу-
лықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ, шындығында
сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Ды-
бысталусыз сөз болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды.
Бірақ бұл анықтама сөздердің барлық касиеттерін анықтап бере
алмайды. Мысалы, бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әр түрлі сөз
арқылы беріледі. Салыстырыңыз, қазақша
нан, орысша
хлебу
азербайжанша
чөрек, немісше
das Wrot. Тіпті мұндай бір мағы-
наны басқа-басқа сөздер арқылы беру туыстас тілдер арасында да
байқалады. Мысалы, қазақша
қара, әзірбайжанша
бах; қазақша
Достарыңызбен бөлісу: