Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет9/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
о мен а дыбыстары екендігінде дау жоқ. Сондай-ақ мағына сол 
сөздердің құрамындағы дыбыстар мағынасының жиынтығы да, 
қосындысы да емес. Екінші сөзбен айтқанда, қол сөзінің дене мү- 
ше атауы болуы қ, о және л дыбыстарының жиынтық мағынасы 
болып есептелінбейді. Егер о дыбысы ғана мағына ажыратып тұр 
дейтін болсақ, онда қ мен л дыбыстары қандай қызмет атқарып 
тұр деген сұрауға жауап беру керек болады. Сондай-ақ сол кез- 
дегі соңғы л дыбысын өзгертсек, ол сөз дене мүше атауы ретінде 
қолданылмайды. Салыстырыңыз: қос, қон, қом, қоң (ет), т. б. 
Нақ осындай сол сөздегі бірінші дыбысты өзгерткенде де байқа- 
лынады. Мысалы, сол, тол, бол, мол, т. б.
Мәселеніц үшінші жағы да бар. Егер қол дегенде дене мүше 
атауы болу қасиеті тек осы үш дыбыстың косындысының мағы- 
насы дейтін болсақ, онда 1) эр дыбыс белгілі бір мағынаға ие 
болған болар еді, 2) кез келген сөз сол дыбыстар білдіретін ма- 
ғынаның қосынды мағынасы ретінде кабылдануы керек еді, 3) сол 
дыбыс басқа сөздің құрамында келіп тұрса да сөздің басқа ма- 
ғынада қалай колданылғандығын дәлелдеу керек еді. Егер жоға- 
рыдағы пікіріміз дұрыс дейтін болсақ, к,ан, ңақ, қат (Мұз болып 
қат) деген сөздердегі қ дыбысы сол сөздерге кандай мағына кос- 
ты? К дыбысына тән арнайы мағына болса, ол өзі косылған сөз- 
дердіц барлығына да сол мағынаны не мағыналык реңкті қосуы 
керек еді. Екінші сөзбен айтканда, белгілі бір мағыналық сыбай- 
ластық қан, қақ, қат сөздерінде де болу керек еді. Бірак олар 
арасында ондай мағыналық байланыс жок. Сондыктан да кей тіл-
23


шілер фонеманыц негізгі қызметі айырушылық (дифференциялық) 
қызмет деп соған байланысты анықтама береді (Аханов 78, 234) .
Фонеманы арнайы зерттеген ғалымдар сөйлесу кезінде^ сөз- 
дердің фонемаға бөлінетіндігін ескере отырып, олардың қай не- 
гізде бөлінетіндігін анықтауға әрекет еткендері де бар. Мысалы, 
Л. Р. Зиндер сөйлеу кезінде сөздер артикуляциялық жақтан 
да, акустикалық жақтан да бөлініп жататындығын ескеріп, олар- 
ды бөліп тұрған лингвистикалық қасиет, яғни мағынамен байла­
нысты болуында дейді (Зиндер 79, 36—37) *. Фонемалардың айы- 
рушылық қызметін жоққа шығарып болмайды. Сондықтан да қал 
дегенмен ңол, бол дегенмен бос, қол дегенмен бол т. б. сияқты сы- 
ңарлар өзара ажыралып жатады да оны ажыратып түрған бір 
дыбыс болып саналады. Бірақ бұл жерде ажыратып түрған фо- 
неманың қызметі мағына ажырату емес, бір тілдік таңбаны екін- 
ші бір тілдік таңбадан ажырату болып саналады. Тілдік элемент- 
тердің таңбалық сипаты дегенде біз осы дыбыстарды есепке 
аламыз да бір таңбаның екінші бір таңбадан айырмасы а) құра- 
мындағы дыбыстардың саны мен ә) дыбыстардың тіркесу орнына 
және б) қандай дыбыстардың тіркесуіне байланысты болады. Сол 
үшін де қол деген де, қал деген де үш дыбыстан құралған тілдік 
таңба (әрине белгілі бір мағынамен байланысқанда ғана таңба 
болып саналады). Олардың бірінің екіншісінен айырмасы дауыс- 
ты дыбыстарында болса, қол мен бол деген сөздердегі айыр.ма- 
шылық дауыссыз дыбыстарының біреуінде (қ, о). Әр сөздің, тіл- 
дік таңбаның құрамындағы дыбыстардың орны тұрақты, дыбыс- 
тары нақты болады. Міне осы негізде біз бол, қол, тол, жол 
дегендерді жеке сөз — таңба деп санаймыз. Тілде бірдей дыбыс- 
тардың қалай орналасуы да таңбалардың ажырасуына негіз бо­
лады. Мысалы, к,ос, соқ; сат, тас; қал, лақ, т. б. Қазақ тілінде 
сөйлеушілер үшін бұлар да жеке-жеке сөздер, мағыналары да, ай- 
тылуы да бөлек-бөлек. Жоғарыда біз сөздер фонемалардын, қо- 
сындысынан да жасалынбайды дегенде осы қасиетті ескергенбіз. 
Егер сөздер фонемалардың қосындысына тең болғанда қас (қара 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет