Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет61/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94
секілді, Еріп от боп күйді жан (Абай).
Қазіргі кезде антонимдерді мағыналық байланыстарына қарай 
топтастыруға әрекет етушілер де бар. Мысалы, А. А. Новиков 
сөздердің мағынасының антонимдік байланыстарыныц түрлеріне 
қарай оларды үшке бөледі. 1. Контрарлық (лат: contrarius проти­
воположный, противный) карама-қарсылық. Бұл топка косылатын 
антонимдердіи бірі — екіншісіне мүлде карама-карсы болса да, 
олардың орталық децгейін белгілейтін сөздер болады. Мысалы, 
жас<қарт емес, жас емес, орта жасар қарт; суык,<жылы, салқын> 
ыстық т. б. Бұл типтегі антонимдер казак тілінде де бар, бірақ 
олар сындык мағынаны білдіретін сөздер (сын есімдер) мен үс- 
теулерден болған антонимдер арасында ғана байкалады. 2. Ком- 
плементарлык (лат. complementum — средство пополнение) кара- 
ма-қарсылык. Бұл топтағы антонимдердің бірінші топтагы анто- 
нимдерден айырмашылығы — орталык 
мағыналык 
өлшемнің 
болмауында. Мысалы, тірі мен өлі, шын мен өтірік, бірге мен бөлек, 
т. б. 3. Векторлык карама-карсылык (лат. vector везущий, несу­
щий). Бұл тогітағы антонимдер белгілі бір бағытка байланысты 
бірі екіншісімен антонимдік парадигмалык катынаска түседі. Мы­
салы, томен мен жоғары, кіру мен шығу, т. б. (Новиков 82, 245_
246). Бұл типте антонимдерді топтастыру барлык кезде де сәтті
142


шыға бермесі анық. Сондықтан да біздіңше, антонимдерді семан- 
тикалық топтармен байланыстыра қараған жөн сияқты. Егер тіл 
материалдарын салыстырып қарайтын болсақ, антонимдік каты- 
наста қолданылатын сөздердің ең көбі — сын есімдер де, басқа 
сөз таптары сирегірек қолданылады. Сондай-ақ антонимдес сын 
есімдер мен антонимдес етістіктердің өзара байланыстары так 
емес. Тіпті бір сөз табынан жасалған антонимдердің қатынастары 
да бір өлшемге сыймайды. Мысалы, батыр мен қорқақ, өтірік пен 
шын — антонимдес сын есімдер. Бұлардың мағыналарында орта 
меже жок. Ал жақсы — орта — жаман, алыс — орта — жақын деп 
жақсы мен жаманның, алые пен жақынның аралығына орта меже 
койып айтуға болады. Кейбір сөздер бір ғана сөзбен антонимдік 
катар жасап кана коймастан, екі не үш, төрт, т. б. сөздермен де 
антонимдік катынаста бола алады. Салыстырыңыз: оң — сол, оң — 
теріс; ұзын — қысқа, үзын — шолақ; ұзақ — жақын, үзақ — тез, 
үзақ — қысқа, т. б. Бір ағаиіқа қонды да, Асықпай жемек болды 
да, Мазатсып қарады, Оңына, солына (Абай). Ақыл жоқ, қайғы 
жоқ онда, Ісі жоқ теріс пе, оң ба (Абай). Роза үстіне алабажақ, 
әлеміиі, шолақ ақ көйлек киген (Т. Ахтанов). Үзын қара бешпетті, 
үзын шашты, Жамағатты итеріп бір жол аіиты (Абай). Тақтайдай 
жауырыны бар, иығы тік. Екі алма кеудесінде қисаймайды. Сорақы 
үзын да емес, қьісқа да емес, Нәзік бел тал шыбықтай бүраңдай- 
ды (Абай), т. б.
Сөздерді антонимдік катарына карай тек белгілі бір семанти- 
калык топтың аясында бөліп, сол топпен байланыстыра караған 
жөн. А. А. Новиков көрсеткен үш түрлі парадигмалык байланыс 
осы топ элементтерінің арасында ғана аныкталады. Оның көрсет- 
кен антонимдерінің түрлері бір өлшемге негізделінбегендіктен (бі- 
рінші мен екінші топ катарға байланысты элемент санымен бай- 
ланысты болса, үшіншісі семаларының катынасына карай) көп- 
шілік лексикологтар оны қабылдамай да жүр. Түн мен күн, бәрі 
мен еиікім, бас пен аяқ, айқайла мен сыбырла, күлкі мен қайғы 
сияқты антонимдердегі мағыналық байланысты семантикалык топ- 
тын баска мүшелерімен байланыстырып кана аныктауға болады. 
Егер семантикалык топтағы баска мүшелермен байланысын үзсе, 
онда олар баска мағынада колданылып, баска бір лексико-семан- 
тикалык топтың мүшесі болып саналады. Салыстырыңыз: түсі суық, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет