Бұлшықеттің жиырылу және босаңсу
механизмі
Бұлшық етгің жиырылу механизмі
өте күрделі, сондықтан оны түсіндіру
мақсатында
бірнеше теория
ұсынылған. Олардың алғашқысы —
актомиозиндік теория. 1939 жылы В.
А.Энгельгардт пен М.Н.Любимова
миозин белогына АТФ-ті ыдырататын
АТФ-аза ферметінің қасиетгері тән
екенін
анықтаған, сондықтан АТФ
әсерімен миозин жіптері қысқарып,
ет жиырылады.
Кейінірек Венгрия ғалымы А.Сцент-Дьорди ет
талшығының
қүрамында екінші — актин белогының болатынын аныктаған. Бұл
белок миозинмен қосылып актомиозин кешенін түзеді.
Актомиозиннің ферменггік белсенділігі миозиннен 10 есе артық
болады. Бұл теорияға сәйкес актомиозин АТФ-ті ыдыратып,
бөлінген қуат есебінен өзі жиырылады.
Қаңқа бұлшық еттерінің құрылымды-қызметтік
бірлігі көпядролы
бұлшықет талшығы болып
табылады. Бұл талшықтар шоқтарға біріге отырып
бұлшық етті құрайды. Жиырылу бұлшық еттің
арнайы қасиеті болып табылады.
Миоциттің ұзындығы 5 тен 100 мм дейін жетеді,
диаметрі ұзындығына қарағанда едәуір төмен 10 нан
100 мкм дейін.
Достарыңызбен бөлісу: