Тіл ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде



Дата27.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#26547
Байланысты:
Тіл мәдениеті

Тіл мәдениеті. Ақпаратты ұйымдастырушы, жеткізуші, өңдеуші құрал ретінде

201-Барашева Нурай,сапарәлі нұрай,қадырова аяжан

Жоспар: 1.Тіл мәдениеті 2. Тілдің қызметтері 3. Тіл – адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі 4.«Сөйлеудің тиімділік теориясы»

  • Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.{1}
  • Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды:
  • 1.Тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);
  • 2.Этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);
  • 3.Коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары).{1}

Тілдің қызметтері: коммуникативтік, когнитивтік және прагматикалық. Мысалдар арқылы дәйектеңіз.Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды.Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің эмоционалдық кызметі, әсіресе поэтикалық, көркем әдеби шығармашылық салаларда орын алады. Басқа зерттеушілер тек негізділерін бөліп, қалғандарын солардың түрі ретінде есептеп, функциялардың санын азайтуды жөн көрді. Мәселен, белгілі психолог және лингвист Карл Бюлер (1879-1963) кез келген сөйлеу актісінде байқалатын тілдің үш функциясын бөліп қарайды: айтушыға қатысты айту (экспрессивті) функциясы, тыңдаушыға қатысты үндеу функциясы, әңгіме тақырыбына қатысты хабарлау (репрезентативтік) функциясы хабарды жіберуші өзін танытады, алушыға арнайы және коммуникация тақырыбына жеткізеді.Тіл бірінші кезекте танымдық (когнитивтік) немесе ақпараттық функцияны – идеялардың, ұғымдардың, ойлардың айтылуы мен олардың басқа коммуниканттарға хабарлау қызметін атқарады деп есептелді (тұрмыстық сана бұл пікірді өте жеңіл қабылдайды). Сөйтіп, лингвистердің көпшілігінің пікірінше, коммуникативтік, яғни адамдардың аса маңызды қатынас құралы болу – тілдің негізгі және елеулі функциясы.{2}
  • Тіл – адамның әлем туралы білімінің өмір сүруі мен қалыптасуының тәсілі. Адамның өзін қоршаған әлеммен қарым-қатынасы нәтижесінде әлем туралы танымы құрылады, әлем моделі жасалады. Әлем бейнесі – бұл адам болмысын сипаттайтын іргелі ұғымдардың бірі. Соңғы он жылдықта когнитивтік лингвистикада әлемнің тілде тіркелген біртұтас бейнесінің адам санасында бейнелену мәселесі көтерілуде. Әлем бейнесі термині шетелде ХІХ – ХХғ. физика аясында пайда болды. ХХғ. 60 ж.-нан әлем бейнесі семиотика аясында алғашқы моделдеуші жүйені (тілді) және екінші жүйені (миф, дін, фольклор, поэзия, кино, бейнелеу өнері, сәулет) зерттеуде қарастырыла бастады. Әлем бейнесі – адам санасының шындығы. “Адам әлемнің өзіне түсінікті, қарапайым бейнесін қандай-да бір тәсілдер арқылы жасауға тырысады. Ол осы әлемді оның өзі жасаған бейнесімен ауыстырғысы келеді. Осы тұрғыда суретші, ақын, философ, жаратылыстанушы өзінше әрекет етеді” (Энштейн).{3}
  • Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
  • Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі. Қазақ Тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту нормасы. Жазу және сөйлеу мәдениетінің қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орны және оның орфографиялық ережелерді жүйелеу мәселелерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты зерттеліп келеді. Сөйлеу мәдениетін ұлттық мүдде ретінде тану; сөз мәдениетіне әлеуметтік көзқарасты қалыптастыру, сөз мәдениетін әлеуметтік ғылымдар мен ұлттық мәдениеттің ең басты тірегі ретінде бағалау, сөз мәдениетін ұлт мәдениетімен қатар насихаттау, лингвистикалық болжау орталықтарын ашу, сөз мәдениетіне қарама-қарсы құбылыс - лингвистикалық экологияны жеке сала ретінде қарастыру, «әсем жеткізу» ұстанымдары негізінде сөз мәдениетін жетілдіру, т.б. мәселелерді дұрыс жолға қою негізінде Тіл мәдениеті дамиды.{4}

Назарларыңызға рахмет!

  • Әдебиеттер:
  • 1.Сулейменова Э. Д. Знание языка: «языковая картина мира» // Казахский и руский языки: Основы контрастивной лингвистики. – Алматы, 1996. с. 88-94;
  • 2.Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. А, 2004. (докторлық диссертация).
  • 3. Маслова В.А. Лингвокультурология.-М., 2001.
  • 4. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы: Научно-издательский центр «Ғылым», 2002. – 368 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет