•
Алғы сөз
•
Ә
леуметтану теориясының осы басылымын әзірлеу барысын
да
SAGE Publishing баспаханасымен іскерлік байланыста болғанымызға
дән ризамыз. SAGE кітаптың тың көзқарастармен толықтырылып, жаңа-
ша серпінмен жазылуына жарқын жол ашты. Бұрынғы басылымдардағыдай, бұл
басылымда да әлеуметтану теориясының қайнар көзінен бастап жаңа теория-
лық зерттеулерге дейінгі тарихи кезеңдерге толық шолу жасала ды. Біздің мақ-
сатымыз – әйгілі классик теорияшылардың (Маркс, Вебер, Дюрк гейм және Зим-
мель) көзқарастарын қазіргі заманғы теориялармен сабақтастыра қарас тыру.
Жүйелі жинақталған бұл кітапта ежелгі және заманауи әлеуметтану теориясы
туралы студенттер білуге тиісті маңызды деректердің көпшілігі қамтылды. Тео-
рияларды көбінесе мысалдарға негіздей отырып, тереңірек талдау үшін ақпарат-
тық және әлеуметтану тарихындағы әйгілі ойшылдар туралы әсерлі библиогра-
фиялық шолуларға жүгіндік. Әлеуметтану теориясының ерте кезеңдегі тарихын
(1-тарау) және осы саладағы соңғы зерттеулерді (6-тарау) қамтитын екі тарихи
тарау енгізілді. Бұл тарауларды студенттерге әр теорияшының жұмысын тари-
хи, әлеуметтік және саяси тұрғыда зерделеуге мүмкіндік беретін шолу ретінде
ұсындық.
Достарыңызбен бөлісу: