заманғы классикалық теорияның өзектілігін түсінуіне талпынатынын ес-
кере отырып енгізілді. Біз заманауи қосымшалардың әрқай сысында клас-
сикалық теориялық тұжырымдамаларға негізделген соңғы екі-үш зерттеу-
ді қорытындылаймыз. Қосымшалар сипаты өзгеріп отырса да, біз оның
басқалардан гөрі ең жаңа әлеуметтану мәселелерімен айналысатын нәсіл-
шілдік, Интернет, тұтыну және қоршаған орта тәрізді түрлерін таңдадық.
• 3-тарау Дюркгеймнің Габриель Тардпен пікірталасына қатысты жаңа ма-
териалды, ұжымдық толқу жайлы кеңейтілген бөлім мен Дюркгеймнің ең-
бектеріне айтылған сын-ескертпелерді қамтиды.
• Зиммельдің еңбектеріне арналған 5-тарау оның кейінгі уақыттарда ауда-
рылған жазбаларынан алынған материалдарды қамту үшін жаңартылды.
Бұл қосымша өте маңызды, себебі ол «өмір» ұғымын енгізеді және Зим-
мельдің жалпы теориясына осы ұғымның қалай әсер еткені зерделенеді.
• 6-тарауда ерте кезеңгі әлеуметтік ілім негізін қалаушы әйелдер мен
У.Э.Б. Дюбуаның еңбектері қарастырылады. Әсіресе Дюбуаның Атланта
әлеуметтану мектебінің дамуына қосқан үлесі жайындағы талдау кеңірек
пайымдалады.
• Бұл басылымның ең маңызды жаңа қосымшасы – нәсілшілдік пен отар-
шылдық теориясына арналған 15-тарау. Осы тарауда нәсілшілдік және
отаршылдық теорияларымен қатар, жергілікті халықтың заманауи теория-
лары туралы бөлім де қамтылған.
• Тұтынушы қоғамын зерттеудегі ең соңғы жаңалықтарға сүйене отырып,
18-тарауға өндіріп-тұтыну теориясына қатысты арнайы бөлім енгіздік. Бұл
бөлім Интернет және өндіріп-тұтынушылар қозғалыс та рының заманауи
капитализмнің сипатын өзгерту жолдарын баяндайды.
Осылайша, барлық мәтін қайтадан жаңартылды. Теорияның ерекшелігі –
оның сабақтастығы мен әрдайым өзгеріп отыратын сипатында. Біз әлеуметтану
теориясының осы және өзге де ерекшеліктерін оқырмандарға әсерлі болу үшін
бастапқы реттік кезеңдері бойынша беруге тырыстық.
Құпия сөзбен қорғалған нұсқаушы ресурстары сайтына кіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: