Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет24/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Джеффри Степницки – Альбертадағы (Канада) МакЭван университетінің
доценті және әлеуметтану кафедрасының меңгерушісі; классикалық және 
қазіргі социологиялық теориядан дәріс береді. Әлеуметтік теория сала-
сында, әсіресе өздік және интерсубъективтілік мәселелеріне байланысты
көптеген мақалалар жариялады. Бұл еңбектер The Journal for the Theory of 
Social Behavior and Social Theory & Health сияқты журналдарда жарық көр-
xхv


ген. Ол Вайли-Блэквеллдің классикалық және қазіргі кезеңдегі әйгілі әлеу-
меттік теорияшыларының еңбектерін Wiley-Blackwell Companions to Classical 
and Contemporary Major Social Theorists (2011) бірлесіп редакциялады және 
Encyclopedia of Social Theory (2005) бас редактор қызметін атқарды. Джордж 
Ритцермен бірге осы кітаптан өзге Classical Sociological theory, Modern 
Sociological Theory, Contemporary Sociological Theory and Its Classical Roots 
атты оқулықтарды жазуға көмектескен.
xхvi


I БӨЛІМ
Классикалық
әлеуметтану
теориясы


1
Әлеуметтану 
теориясына тарихи шолу: 
ерте кезең


3
1-тарау

Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Б
іздің ойымызша, әлеуметтанудың жаңа теорияларын таныстыруға арналған 
кітап сол теориялардың негізгі тұжырымдарын түйіндеп көрсетуден бастал-
ғаны дұрыс. Оқырмандардың әлеуметтану теориясына қатысты мәселелерді 
түсіндіруге жолбасшы болатын бұл еңбектің түйінді тұжырымдары мынадай: 
• Бүгінгі қоғам рационалды жүйелердің сытылып шыға алмайтын темір 
торына айналып отыр.
• Капитализм өзін-өзі жоюға бет алды.
• Моральдық ынтымақтастық ежелгі қоғамға қарағанда қазіргі заманда 
әлдеқайда әлсіз.
• Қала белгілі типтегі тұлғаның тууына жағдай жасайды.
• Адамдар әлеуметтік өмірде түрлі театрландырылған көріністерді ойнау-
ға бейім.
• Қоғамдағы қарым-қатынастар өзара тәуелділік қағидасына негізделген. 
Әсіресе бағзыдан бүгінге дейінгі Батыс қоғамы әйелдер мен азшылық 
топтар мүддесін шектеп, ерлерге үстемдік беретін тәртіп жүйесін қалып-
тастырды. 
• Қазіргі заманғы нәсілшілдік XVIII–XIX ғасырлардағы отаршылдықтан 
пайда болды.
• Адамдар, ақырында, өздерін құлдықта ұстайтын әлемді қалыптастырды.
• Адамдар өз мүмкіндіктерін шектейтін дүние тәртібін кез келген уақытта 
өзгерте алады.
• Қоғам – әлеуметтік құрылымдар мен функциялардың біртұтас жүйесі.
• Қоғам – ашу мен ақылсыз әрекетке әрдайым дайын тұратын «жойқын 
күш».
• Либералдану процесінен өткеніне қарамастан, Батыс әлемінде іс жүзінде 
қанаушылық күрт артып отыр.
• Әлем жалғандық, жасандылық, шынайылықтың симуляциялануына тән 
жаңа постмодернистік кезеңге көшті.
• Парадоксті жаһандану әлемдік «беймән-заттар» ұғымының таралуымен 
байланысты.
• Адамға тән емес нысандар барған сайын желілердің негізгі акторлары ре-
тінде байқалады.
Кіріспе
Әлеуметтану теориясының дамуындағы әлеуметтік күштер 
Интеллектуалды күштер және әлеуметтану теориясының өркендеуі 
Француз әлеуметтануының дамуы
Неміс әлеуметтануының дамуы 
Британ әлеуметтануының негіздері
Ерте кездегі итальян әлеуметтануының басты тұлғасы 
Еуропалық марксизмнің ғасырлар тоғысындағы дамуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет