281
7-тарау
•
Құрылымдық функционализм, жүйелер теориясы және конфликт теориясы
пайтын мүмкіндіктер моделі ретінде қарастырылуы керек. AGIL сызбасы
адаптивті және мақсаттық жүйелік бөліктердің түрлі тәсілдер мен байланыс-
ты бола тынын көрсетеді; сондықтан да талдаудың мақсаты екі жүйелік бөлік
арасында, қандай жағдай болса да, белгілі бір байланыстың бо луын түсіндіруге
негізделуі тиіс. Луман өзін-өзі бағалауды жүйе үшін басты нәрсе ретінде қара-
ды және күтілмеген жағдайларға мән беру арқылы заттардың әртүрлі болаты-
нын мойындауды ескертетін теорияны жасап, Парсонс тың жұмысындағы екі
мәселені шешеді.
Әлеуметтанушы ретінде Луман әлеуметтік жүйелерді талдау арқылы жүйе-
лер теориясына үлкен үлес қосты. Бұл шолуда біз Луманның әлеуметтік жүйені
талдауда маңызды орын алатын үш ұғымды қарастырамыз: жүйе мен қоршаған
орта арасындағы айырмашылық, аутопоэзис және жіктелу. Қысқаша айтқан-
да, теория әлеуметтік жүйелердің қоршаған ортадан жіктеліп шығып, одан әрі
өзара оқшаулану арқылы пайда болатынын тұжырымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: