Дифференциация Біздің айтқандарымыздың түп негізі Луманның жүйе теориясындағы диф-
ференциация ұғымының маңыздылығына келіп саяды. Луманның тұжырым-
дауынша, дифференциация – қазіргі қоғамның негізгі ерекшелігі. Бұл – жүйенің
өзін қоршаған ортаның күрделілігіне қатысты қолданатын құралы (Rasch, 2000;
Vanderstraeten, 2005). Луман дифференциацияны «жүйе мен қоршаған орта
аралығындағы айырмашылықты бір негізден екіншісіне көшіру» деп анықтайды
(1982:230). Жүйе өзі мен орта арасындағы айырма шылықты бейнелеу, содан соң
өзін осы айырмашылықтар айналасында ұйымдастыру мүмкіндігіне ие болған-
да қалыптасады. Бұл жерде дифференциация жүйелер арасындағы айырмашы-
лық үдерісіне тікелей қатысты екенін айта кеткен жөн. Луманның теориясында
дифференциацияның жалпы екі типі, айырмашылықтардың негізгі екі түрі бар.
Біріншісі – бұл жүйе мен орта арасындағы айырмашылық. Екіншісі – жүйенің
өз ішіндегі айырмашылық. Басқаша айтқанда, жүйе өз ортасынан айрықшалан-
ғанда жүйелік бөліктерді дамытады. Уақыт өте келе жүйелер күрделеніп, ішкі
айырмашылықтар өрістей береді.
Ішкі күрделіліктің бұлай өрістеуі жүйені байытып, қарқынды қозғалысқа тү-
сіреді. Мүмкін, Луманның әлеуметтік жүйе теориясының прак тикалық аспектісі
оның ішкі дифференциацияның түрлі формаларын сипат тауында шығар.
Әлеуметтік жүйелер сегментация, стратификация, орталық-периферия және
функционалды дифференциация болып бөлінеді.
Сегменттік дифференциация.Сегменттік дифференциация жүйе бөлікте-
рінің бірдей функцияларын қайтадан және қайтадан қайталау қажеттілігіне
қарай бөледі. Мысалы, авто өндірушіде әр жерлерде автокөліктерді жасайтын
ұқсас зауыттар бар. Әрбір орын ұқсас түрде ұйымдастырылған; олардың әрбі-
рінің құрылымдары да ұқсас және олар бірдей функцияларды атқарады. Авто-
көліктер де осылай.