6
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Әлеуметтануды, тек салыстырмалы түрде, за-
манауи Батыс феномені ретінде ғана қабыл-
дайтын дәстүрлі үрдіс бар. Алайда ғалымдар
әлеуметтанумен ерте кезден бастап және әр-
түрлі елдерде айналысты. Бұған мысал ретінде
Абдель Рахман ибн Халдунды айтуға болады.
Ибн Халдун 1332 жылдың 27 мамырында Афри-
ка жерінің солтүстігінде, Тунисте дүниеге келген
(Alatas, 2011, 2014; Faghirzadeh, 1982). Білімді
отбасынан шыққан, жастайынан Құран, мате-
матика мен тарихты оқып-үйренген. Өмір бойы
Тунис, Марокко, Испания мен Алжир елдерін-
де әртүрлі сұлтандарға елші, патша сарайының
басқарушысы мен ғылыми кеңес мүшесі ретінде
қызмет етті. Ол «мемлекет басшылары Құдай-
дың таңдауы түскен айрықша жандар емес»
деген сенімі үшін Марокко елінде екі жыл түр-
меде отырды. Шамамен жиырма жылдай саяси
қызмет атқарғаннан кейін ибн Халдун Солтүс-
тік Африкаға оралып, сол жерде бес жыл бойы
тыңғылықты білім алып, жазушылықпен айналысқан. Осы уақыт ішінде жазған еңбектерімен та-
нымал болып, Каир қаласындағы әл-Азхар мешіті жанындағы университетте, Ислам білім беру ор-
талығында дәріс оқыған. Өзінің осынау айрықша танымалдыққа ие болған дәрістерінде әлеумет-
танушылық ой мен тарихи бақылаудың арасындағы байланыстың маңыздылығын атап көрсеткен.
Ибн Халдун 1406 жылы, өмірінің соңғы кезінде көптеген идеялары қазіргі замандағы әлеуметта-
нумен сабақтас келетін шығармалар жинағын құрастырды.
Muqaddimah («Мукаддима») еңбегін-
де жазғанындай, ибн Халдун өзінің бар күш-жігерін қоғамды ғылыми зерделеуге, эмпирикалық
зерттеуге және әлеуметтік құбылыстардың себептерін іздеуге арнады. Ол әлеуметтік институт-
тарға (мысалы, саясат пен экономикаға) және олардың өзара қарым-қатынастарына көп көңіл
бөлді. Ибн Халдун примитивті және заманауи қоғамдарды салыстыруға қызығушылық танытты.
Ибн Халдун зерттеген тақырыптардың бірі – мемлекеттің құрылуы. Оның тұжырымдауынша,
«Солтүстік Африка мемлекеттерінің өркендеуі мен құлдырауы бақташы көшпелілер мен оты-
рықшы қауымдар арасындағы әлеуметтік ұйымдасудың елеулі айырмашылықтарына тікелей
байланысты» (Alatas, 2011:15). Ибн Халдун асабия (‘asabiyyah) ұғымына сүйеніп, мемлекет қа-
лыптасуының циклдік теориясын жасады. Асабия – топтың ынтымақтастық немесе әлеуметтік
ұйымшылдық сезімін айқындайды. Бұл әлеуметтік ұйымдасу туралы жалпы ілімдердің бөлінуі-
нен шығады. Көшпелі қауымдастық асабияның (‘asabiyyah) биік деңгейіне жеткен, соған сәй-
кес, «қалалық аудандардағы отырықшы тұрғындарды жеңіп, өз әулеттерін құрды» (15). Бірақ
көшпенді қауым орнығып алған соң, олар да асабиядан айрылып, «асабиясы, яғни ынтымағы
жоғары басқа көшпенді қауымның шабуылына» төтеп бере алмай, осал топқа айналған (15).
Ибн Халдунның идеялары мен кейінгі әлеуметтану теориялары арасында қызықты ұқсастықтар
мен айырмашылықтар бар. Бір жағынан, ибн Халдунның «асабиясы» 400 жылдан кейінгі Эмиль
Дюркгейм секілді теорияшылардың еңбе гіндегі әлеуметтік ынтымақтастық тұжырымдамасынан
мойны озық тұр. Екінші жағынан алсақ, ибн Халдунның тарихи циклдерді сипаттауы көптеген
классикалық теорияшылар мойындаған сызықтық және прогрессивті әлеуметтік даму ерекше-
ліктеріне қарама-қарсы келеді.
Ибн Халдун классикалық әлеуметтануға айтарлықтай елеулі үлес қоса қойған жоқ, алайда бар-
лық ғалымдар, соның ішінде ислам ғұламалары оның еңбектерін қайтадан зерделеп жатқан-
дықтан, туындыларының тарихи маңызы артуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: