7
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Әлеуметтану теориясының дамуындағы әлеуметтік күштер
Кез келген интеллектуалды сала әлеуметтік ортаның әсерімен қалыптасады.
Бұл ұғым әсіресе әлеуметтану ғылымына тікелей қатысты,
өйткені әлеуметта-
ну әлеуметтік ортадан шығып қана қоймай, сол ортаны өзінің негізгі зерттеу
объектісі ретінде таңдайды. Біз ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында әлеу мет-
танудың дамуына зор ықпал еткен әлеуметтік
оқиғаларға қысқаша тоқталып
кетеміз. Сондай-ақ әлеуметтану теориясы тарихындағы негізгі тұлғаларды да
таныстырып өтеміз.
Саяси революциялар
1789 жылғы Француз революциясынан басталып,
ХІХ ғасырдың соңына дейін
жалғасқан саяси революциялар легі – әлеуметтану теорияларының дамуында-
ғы басты фактор. Бұл революциялардың қоғам дамуындағы ықпалы зор болды,
көптеген оңды өзгерістерге жол ашты. Алайда теорияшылар өзге рістің жағым-
ды жақтарынан гөрі негативті аспектілеріне көбірек назар аударды.
Жазушы-
лар бұл хаосқа (әсіресе Франциядағы) қатты алаңдады. Оларды қоғамдағы тәр-
тіпті қайта қалпына келтіру жолындағы ортақ мұрат біріктірді. Араларындағы
өзгеше көзқарас ұстанғандары көпшілікті
орта ғасырдағы бейбіт, мамыражай
күндерге қайта оралу үшін күресуге үндеді. Белгілі ойшылдар қоғамдағы өзге-
рістер мұндай кері шегінуге еш мүмкіндік бермейтінін мойындады.
Соған орай,
олар XVIII–XIX ғасырлардағы саяси революциялар нәтижесінде түбегейлі өз-
ге ріске ұшыраған қоғамдағы тұрақтылықтың жаңа негіздерін табуға тырысты.
Әлеу меттік тәртіптің осы өзекті мәселесіне ден қою әлеуметтанудың класси-
калық теорияшыларының,
әсіресе Конт, Дюркгейм мен Парсонстың өмірлік
мұратына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: