Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет340/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Құрылымдық билік
Айырбас теориясы мен желілік айырбас теориясын талдауды үйлестірудің бас-
ты жолы – диадалық қарым-қатынастағы билікті талдау шегінен шығу және 
жалпы желіде билікті үлестіруді талдау мүмкіндігіне ие болу. Ол қазіргі же-
лілік айырбас теориясының маңызды тақырыптарының біріне айналып отыр. 
Желідегі билікті үлестіруді талдау барысында Кук пен оның әріптестері (1983) 
«әлсіздік» теориясын дамытты. Олар «билік күшінің барлық құрылымы осы 
ұстанымның тәуелділік ауқымына негізделген» деп тұжырымдайды. Олардың 
ойынша, бұл жүйелік тәуелділік осы ұстанымның басты құрылымдық функ-
циясы болса, онда билікке тәуелділік қарым-қатынасының табиғаты да болып 
табылады. Басқаша айтқанда, әлсіздік нақты құрылымдық ұстанымдағы желі-
лік тәуелдікке байланысты. 
Марковски, Уиллер және олардың әріптестері (Markovsky, Willer and 
Patton, 1988; Willer and Patton, 1987) желідегі билікті үлестіру мәселесін қарас-
тыруға тағы бір маңызды талпыныс жасады. Бұл зерттеу табысты болды, оны 
әдетте Желілік айырбас теориясы (Markovsky, 2005), қысқартып ЖАТ (NET
деп атайды. Бұл теория бойынша билік желі құрылымымен анықталады, жеке-
лей алғанда, қатысушылар арасындағы балама байланыстармен сипат талады. 
Теория қарсыласудың балама желілік жолдары мен үлгілерін есепке ала оты-
рып, желідегі салыстырмалы болжау нәтижелеріне негізделген биліктің тео-
риялық-сызбалық индексін (GPI) қолданады.
Күшті және әлсіз билік құрылымдары
ЖАТ акторлардың айырбастан шығарылып тасталу мүмкіндігіне байланысты 
желінің екі түрін – күшті және әлсіз билік деп ажыратады. Күшті энергети-
калық желілер құрамына жойылуы тиіс кейбір акторлар (билігі төмен актор-
лар) мен жойылмауы тиіс акторлар (билігі жоғары акторлар) кіреді. Мысалы, 
ком паниядағы кімді қызмет бабында өсіру керектігі туралы шешімді айырбас 
ретінде қа растыруға болады. Аса жоғары лауазым бастық үшін жасалатын жұ-
мысқа алмастырылады, себебі ол жұмыс жауапкершілік тұрғысынан аса ірі 
лауазымды ұсыну мүмкіндігіне ие. Егер біз бастықтың орны – біреу, бәсекелес-
тер көп деп шамаласақ, онда бізде күшті билік желісі болады. Бәсекелестердің 
біреуінен басқасының барлығы шығуы керек жағдайда бастықтың айырбастан 
шығуы мүмкін емес. Теория бойынша, күшті желідегі жоғары билікті акторлар 
ре сурстардың барлығына ие болады. Бұл жағдайда бәсекелестер бастық талап 
еткен кез келген жұмысты қамтамасыз етуге ынталы. Дегенмен, егер біз желі-
де бәсекелестікті арттыра түсу үшін тағы бір бастықты ұсындық деп елестетін 
болсақ, теория бойынша, екі бастық та аса төмен билікке ие болар еді, себебі 
бәсекелестердің екеуі де жоғарылау үшін айырбасқа балама болады. 
Екінші бастықты енгізу билік құрылымын әлсіз етеді. Әлсіз билік құры-
лымдарында барлық лауазымдар жойылуы мүмкін. Екінші бастықтың болуы 
бірінші бастықтың айырбастан шығу ықтималдығына алып келеді. Осылайша 


464
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бәсекелестер барынша аз жұмыс мөлшерін талап ететін басшы үшін қызмет 
ете алады. Әлсіз билік желілерінде қызметтен шығарылудың түрлі жолдары 
бар. Қызметті алға жылжыту үшін жиырма бәсекелес және тек екі ғана бас-
тық бар деп есептейік. Бұл бастықтың шығарылуынан гөрі, бәсекелестердің 
шығары луына көбірек қауіп төндіреді. Демек, теория бойынша, шығарылу 
қаупі аз ла уазымдардың (бастықтар) шығарылу қаупі жоғары (бәсекелестер) 
лауазым дарға қарағанда жұмыста қалу мүмкіндігі пропорционалды түрде
жоғары болады.
Желілік өңдеу мен айырбас теориясының ең үлкен артықшылығының бірі – 
агенттікке деген кең мағынадағы көзқарас. Желілік өңдеу әдетте агенттікті тө-
мендетеді және осы құрылымның құрамын сипаттауға көңіл бөледі. Айырбас 
теориясының рационалды өз мүддесіне бағытталған агенттік моделі бар, бірақ 
бұл модель келіссөздерде өз ұстанымдарын жақсарту, құрылымды өзгерту үшін 
агенттердің қабілетін ескермейді. Лейк (1992) желілік айырбас теориясын ак-
торлардың «желілік байланыстарды стратегиялық амал-айламен басқаруды» 
зерттеу үшін қолданды. Бұл қызметте бәсекелестер секілді төмен билікті ұс-
та нымдар өз жағдайларын жоғарылату мақсатында алға жылжудың басқа көз-
дерін іздеуі мүмкін, алайда «жоғары билікті акторлар тәуелділерді өздерінен 
оқшаулағанды дұрыс көреді» (Leik, 1992:316).
Желілік айырбас теориясының тағы бір екі мағыналы сипаттамасын атап 
өткен жөн: бұл – оның зертханалық тәжірибелерге бейімдігі. Көптеген теория-
лар зертханалық жағдайларда тәжірибелер арқылы сынақтан өтеді. Әрине, ба-
қы ланатын жағдайда теорияларды тестілеу өте тиімді әрі әлеуметтануда сирек 
кездесетін жағдай, бұл үлкен кедергі болып та саналады. Дегенмен сәйкес ке-
летін сипаттамаларды бөліп көрсету үшін зертханалық жағдайлар тым жасан-
ды болды. Егер субъектілерге айырбас тиімділігі туралы білуге рұқсат берілсе, 
зертханаларда тіпті теориялардың болжамдары алып таста лады, себебі оған 
нормативтік пікірлер араласады (Molm, 2001:264). 
Бұл – тәжірибе нәтижелері зертханадан тыс әлеуметтік өзара әрекеттесу-
лерге қолдану кезінде тиянақты түсіндірілуі керек екенін білдіреді. Зертхана-
ның қолдан жасалған жағдайлары жасанды теорияға ықпал етуі мүмкін. Уил-
лер (1999:289) атап өткендей, «зертханалық парадигма ненің зерттеліп, ненің 
зерттелмейтінін реттеген кезде теорияның дамуы біржақты болып келеді, ал 
зерттеу зертханадан тыс мағынасы жоқ немесе дабыра маңыз дылыққа ие мәсе-
лелерге жұмылдырылады». Мысалы, Уиллердің тал даулары әлсіз билікті желі-
лерге деген қарқынды кызығушылыққа негізделеді: «Ешкім бұл саладағы әлсіз 
билік желілерін зерттемеген. Сол себепті де олардың эмпирикалық мағынасы
тіпті эмпирикалық тіршілігі беймағлұм» (Willer, 1999:290).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет