Алеуметтану тероиясы indb


Рационалды таңдау теориясы



Pdf көрінісі
бет341/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Рационалды таңдау теориясы
Рационалды таңдау теориясы айырбас теориясының дамуына әсер еткенімен, 
негізгі әлеуметтік теория үшін жалпы маргиналды сипатта болды (Hechter and 
Kanazawa, 1997). Джеймс С. Коулманның мықтап күш салуының арқасында 
рационалды таңдау теориясы қазіргі әлеуметтануда танымал теориялардың 
біріне айналды (Heckathorn, 2005; Chriss, 1995; Lindenberg, 2000; Tilly, 1997). 
1989 жылы Коулман Rationality and Society деген рационалдық таңдау жұмыс-
тарын кеңінен насихаттайтын журнал шы ғарды. Сонымен қатар, ол (1990) аса 
маңызды Foundations of Social Theory («Әлеуметтік теория негіздері») атты


465
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
кітабын жариялады. Коулман 1992 жылы Америкалық әлеуметтанушылар ас-
социациясының президенті болды, бұл форумды ол рационалды таңдау тео-
риясын алға жылжыту мақса тында, The Rational Reconstruction of Society («Қо-
ғамның рационалдық ұйымдастыруы») деп аталатын мәлімдеме жасау үшін 
пайдаланды (Coleman, 1993b).
Рационалды таңдау теориясының негізгі принциптері түсіндірілгендіктен, 
Коулманның (1989) (Rationality and Society) журналының бірінші санының 
кіріспелік ескертуінен бастаған жөн деп санаймыз. Журнал пәнаралық болуы 
қажет, себебі рационалды таңдау теориясы (немесе Коулман атаған «рационал-
ды іс-әрекет теориясы» [1989:5]) парадигмалық интеграцияны құру мүмкіндігі 
бар жалғыз теория болып отыр. Коулман бағыт әдіснамалық жекешілдік база-
сына негізделгенін айтудан қысылмайды және рационалдық таңдау теориясын 
макродеңгей феноменін түсіндіру үшін микродеңгей негізі ретінде қолданады. 
Ең қызығы, Коулманның бағытын «қолайлы» деп таппайды: 
«Жұмыс іс-әрекеттері сол жүйеде пайда болатын акторларға жүгінбей-ақ 
жүйелік деңгейде – өзгермелі, әдіснамалық тұрғыда біртұтас болып са-
налады... іс-әрекет туралы көзқарас таза айқындылық ретінде, іс-әрекет 
туралы көзқарас иррационалды ретінде, сонымен қатар іс-әрекет туралы 
пікірі толық, делдалдық ниет – мақсатсыз, сыртқы билік арқылы бол-
ған секілді. Бұл – жеке мінез-құлық қандай да бір іс-әрекеттің моделін-
сіз белгілі бір факторлар немесе детерминанттарымен «түсіндірілетін», 
әлеуметтік ғылымда кеңінен жүргізілетін эмпирикалық жұмысты жоққа 
шығарады».
(Coleman, 1989:6)
Осылайша әлеуметтанудағы жұмыстың маңызды бөлігі Rationality and 
Society журналында жарық көрді. Дегенмен макродеңгей және олардың ра-
ционалды әрекеттеріне байланысты мәселелер жарияланбады. Мұндай ака-
демиялық мәселелерден басқа Коулман үздіксіз өзгеріп жатқан әлеуметтік 
өмірімізді ғылыми тәжірибе арқылы танып-білу үшін жұмыстың рационал-
ды таңдау арқылы жасалынғанын қалайды. Мысалы, Хэкаторн мен Бродхед 
(1996) ЖҚТБ-ны алдын алуға бағытталған мемлекеттік саясат туралы мәсе-
лені рационалды таңдау тұрғысынан зерттеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет