Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет339/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

11.1-СЫЗБА 

 Рональд Берттің интегративті моделі
Желілік айырбас теориясы
Желілік айырбас теориясы (Markovsky, 2005) мен әлеуметтік айырбас тео-
рия сы, сондай-ақ желілік талдау өзара тығыз байланыста. Бұл байланыстар 
екі тео рияның да артықшылықтарын сақтап, кемшіліктерін жояды. Бір жағы-
нан, желілік өңдеу әлеуметтік қарым-қатынастың қарапайым diagrammable 
модельдерінен әлеуметтік өзара әрекеттесудің күрделі көріністерін ойлап 
табуға мүмкіндік береді, бірақ Кук пен Витмайер (1992:123) ол тек қарым-
қатынас не екені жайлы мардымсыз мәліметпен шектеледі деп тұспалдайды. 
Екінші жағынан, әлеуметтік айырбас теориясы ықтимал артықшылықтар 
негізінде таңдау жасайтын акторлардың қарапайым моделін ұсынады, бірақ 
бұл жеткіліксіз, себебі ол әлеуметтік құрылымдарды бұлайша таңдау детер-
минанты емес, жеке таңдау нәтижесі деп біледі. Басқаша айтатын болсақ, 
желілік теориясының құры лым моделі күшті (қарым-қатынас желісі), бірақ 
қарым-қатынас неден тұрады дегенге келсек, модель көмескі. Ал айырбас 
теориясы акторлар (айырбас) ара сында қарым-қатынастың күшті моделін 
иеленеді, олар әрекет ететін әлеуметтік құрылым моделі әлсіз. Айырбас тео-
рия моделі – желілік талдауда жоқ контентпен, ал желілік талдау әлеуметтік 
айырбас теориясында жоқ тәуелсіз айнымалы сияқты әлеуметтік құрылым 
моделімен қамтамасыз етеді.
Желілік айырбас теориясының негізгі идеясы кез келген аса ірі әлеуметтік 
айырбас желілерінің мәнмәтінінде кездеседі. Алмасатын нәрселер бұл ыңғай-
да желілердің түрлі мөлшері, пішіні мен байланысына қарағанда аса маңызды 
емес. Әлеуметтік айырбас сияқты желілік айырбас теориясы, ең алдымен, би-
лік мәселесіне негізделді. Актордың айырбас мүмкіндігі қаншалықты болса, 


462
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
күші де соншалықты деген қағида бұл жерде басты алғышарттардың бірі бо-
лып табылады. Айырбас үшін бұл мүмкіндіктер желі құрылымымен тікелей 
байланысты екені белгілі. Желідегі жағдай нәтижесінде акторлардың табыс 
мөлшері пайданы игеру немесе жинау қабілетіне, былайша айтқанда, айырбас 
мүмкіндігіне қарай ажыратылады.
Эмерсон (1972a, 1972b) «айырбас теориясы екі тұлғалық немесе диадалық 
айырбас қарым-қатынастарын талдаумен ғана шектелген» деген қорытындыға 
келе отырып, әлеуметтік айырбас желілерін зерттеуге бірінші болып құлшы-
на кірісіп кетті. Бұл қарым-қатынастардың өзара байланысты екенін талдай 
келе, айырбас аса ірі желілік құрылымдарға енгізіле бастағанын айтты. Эмер-
сонның алғашқы мақсаты (1972b:58) «әлеуметтік құрылым тәуелді айнымалы 
ретінде қарастырылатын әлеуметтік айырбас теориясын» жасауға негізделді. 
Дегенмен оның зерттеулері кейінірек әлеуметтік құрылымның өзі тәуелсіз ай-
нымалы бола алатынынын көрсетті, басқаша сөзбен айтқанда, айырбас қарым-
қатынастары арқылы тек құрылым ғана айқындалып қоймай, сонымен қатар 
айырбас қарым-қатынастары да әлеуметтік құрылымдар арқылы айқындалды.
Ямагиши, Гиллмор және Кук (1988) айырбас теориясы мен желілік тео-
риясын байланыстыру арқылы бұл құбылысты әрі қарай зерттеді. Олар би-
лік айырбас теориясы үшін түпнегіз болады деп түйіндеді, бірақ билік диадада 
да мағыналы түрде зерттелінуі мүмкін емес. Дұрысы, билік – «шын мәнінде 
әлеуметтік құрылым құбылысы» (Yamagishi, Gillmoreand Cook, 1988:834). 
Толығымен адекватты теория айырбас қарым-қатынасының арасындағы бай-
ланысты айырбас қарым-қатынасын талдаумен үйлестіру қажет. Сол себепті 
желідегі үйлестіру туралы түрлі болжамдар Эмерсонның айырбасқа қатысты 
жағымды және жағымсыз идеясына негізделді. 
Келесі мақалаларында Кук пен Витмайер (1992) айырбас теориясын және 
желі өңдеуін біріктіру мүмкіндігін аса мұқият зерттеді. Олар екі бағыттың ак-
торлар мен құрылымға қатысты көзқарастарындағы сәйкестіктерді талдады. 
Сөйтіп, олар екі теорияның акторларға деген көзқарасы, негізінен, бірдей бол-
ған деген қорытындыға келеді, себебі акторлар өздерінің мүдделерін тиімді 
түрде барынша арттыруға дайын болатынын айырбас теориялары – анық түр-
де, ал желілік талдаулар жанама түрде тұжырымдайды. 
Сонымен қатар олар екі бағыттың құрылымына деген көзқарастың көп жа-
ғынан ұқсастығын да атап өтті. Басты айырмашылық айырбас теориясы әлеу-
меттік қатынасты тек шынайы айырбас түсінігі құрылымында қарастырады, 
ол жағдайда желілік талдау айырбас болғанына немесе болмағанына қарамас-
тан кез келген қатынасты енгізуге бейім.
Олардың қарым-қатынас түсініктемелеріндегі осы ерекшелік айырбас 
желісі (Friedkin, 2005) мен желілік талдау үшін қажетті желі түрлерінің ара-
сындағы маңызды айырмашылықты айқындайды. Желілік айырбас теория-
шылары тек айырбас қарым-қатынастарына қызығады, ал желілік теория-
шылары қарым-қатынастың көптеген типтеріне қызығушылық танытады. 
Мысал ретін де, көптеген желілік зерттеулер «орталықтандыруға» жұмыл-
дырылды.
Бұл байланыс көптеген әртүрлі адамдармен байланыстың артықшылықта-
рын білдіруі мүмкін. Желілік айырбас теорияшыларының ойынша, тек «бай ла-
ныста» болу жеткіліксіз; қарым-қатынастар алмасып тұруы қажет. Осы лайша 
Эйб, Билл және Кэти туралы ертеректегі мысалдағыдай, Билл «орта лық тан-
дырылған» желілік айырбасқа сәйкес, Эйб пен Биллде Билл мен Кэти дегідей 


463
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
өзіндік айырбас болса ғана бір диададағы айырбастар басқалардағы айырбас-
тарға әсер етеді. Керісінше, желіні өңдеу үшін олардың байланысты болғаны 
жеткілікті, ал сілтеменің шынайы сипаттамасы маңызды емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет