Алеуметтану тероиясы indb


Материалдық емес әлеуметтік фактілердің түрлері



Pdf көрінісі
бет86/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Материалдық емес әлеуметтік фактілердің түрлері
Дюркгейм үшін материалдық емес әлеуметтік фактілер маңызды болғандық- 
тан, оның осы типтерді қалай қолданғанын ескере отырып, біз төрт түрді – мо-
раль, ұжымдық сана, ұжымдық көзқарастар мен әлеуметтік бағыттарды қа рас-
тырамыз.
Мораль. Дюркгейм сөздің кең мағынасында моральдық әлеуметтанушы болды 
(R.T. Hall, 1987; Mestrovic, 1988; Varga, 2006). Оны зерделеу бізде әлеуметта-
нудың пән ретінде моральға қатысты алаңдаушылық бар екенін еске салады. 
Дюркгейм моральға екі тұрғыдан қарады. Біріншіден, Дюркгейм мораль әлеу-


92
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
меттік фактор болғанына, яғни моральды эмпирикалық зерттеуге болатынына, 
жеке адамға тән екеніне, адамның мәжбүрлеуіне және басқа да әлеуметтік фак-
тілермен түсіндірілетініне сенімді болды. Мораль дегеніміз – бұл философия 
туралы түсінік емес, алайда эмпирикалық феномен ретінде қарастыруға бола-
тын түсінік. Мораль әсіресе әлеуметтік құрылыммен тығыз байланысты. Кез 
келген мекеменің моральдық деңгейін түсіну үшін, алдымен, мекеменің қалай 
қалыптасқанын, оның қазіргі үлгісін қалай қабылдағанын, қо ғамның жалпы құ-
рылымында алатын орнын қарастыру қажет.
Екіншіден, Дюркгейм мораль әлеуметтанушысы болды, себебі оның зерттеуі 
қазіргі қоғамның моральдық «денсаулығына» қатысты алаңдаушылық тудыр-
ды. Дюркгейм әлеуметтануының басым бөлігі – оның моральдық мәселелермен 
айналысуының жанама нәтижесі. Шын мәнінде, Дюркгеймнің әріптестерінің 
бірі оның өмірлік жұмыстарына шолу жасап, «мораль олардың басты объекті-
сі болғанын ескермесе, оның жұмысын түсінбейді» деп жазды (Davy, trans. in
R.T. Hall, 1987:5).
Бұл екінші қөзқарасты тереңірек зерделеу Дюркгеймнің алдына қойған 
перс пективасын түсіну үшін қажет. Дюркгейм қоғамның моральсыз ортаға 
айнал ғанын немесе айналуы мүмкіндігін меңзеген жоқ. (1925–1961:59) Қоғам 
моральмен теңестірілетін болғандықтан, Дюркгейм үшін бұл мүмкін емес еді. 
Демек, қоғамның моральсыз болуы мүмкін емес, алайда қоғамның ұжымдық 
ынтасы өзіндік мүдделерден басқа ештеңені көздемесе, оның мо раль дық күші 
жоғалуы ықтимал. Тек әлеуметтік факт болғандықтан ғана, мораль адамдар-
ға жеке мүдделерін ығыстыратын міндеттемелерді жүктей алды. Сондықтан 
Дюркгейм қоғамның моральдық қасиеттеріне қызығушылық таныта отырып, 
сол қоғамның моральға мұқтаж екеніне сенді.
Дюркгейм адамның еркіндігіне байланысты адамгершілік мәселесіне қатты 
алаңдайды. Дюркгеймнің пікірінше, адамдарға адамгершілік байланыстардың 
«ауытқушылық» қаупі төнді. Бұл адамгершіліктік байланыстар Дюркгейм үшін
өте маңызды болды, өйткені оларсыз адам шектеусіз құмарлықтардың құлды-
ғында болады. Адамдар өздерінің құмарлықтарын қанағаттандыру жолда рын 
іздестіруге талпынады, бірақ әр жаңа қанағаттану одан да көп қажеттіліктерге 
әкеледі. Дюркгеймнің ойынша, әр адамның әрқашан қалайтын нәрсесі «көп».
Бұл – әрине, жол беруге болмайтын мәселелердің бірі. Егер қоғам бізді шек-
те месе, біз сансыз қажеттіліктерімізді қанағаттандырудың құлдығына түсеміз. 
Демек, Дюркгейм адамдарға еркін болу үшін адамгершіліктіктің және сырт - 
қы бақылаудың қажеттілігіне қатысты қарама-қайшы көзқарасты ұстана ды. 
Әрбір адамның өзегіндегі еріксіз бұл қалаудың түрін талдау – оның әлеу мет-
тануының басты бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет