Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет88/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Әлеуметтік бағыттар. Дюркгейм ұсынған әлеуметтік фактілер мысалдары-
ның көп бөлігі әлеуметтік ұйымдармен байланысты. Алайда ол «бұл белгілі бір 
орнығып үлгерген формада өздерін елестете алмайтын» әлеуметтік фактілер 
екенін нақтылап айтқан ([1895] 1982:52). Дюркгейм оны әлеуметтік бағыт-
тар деп атады. Ол қоғамдық жиындарда шығарылатын «энтузиазмнің ұлы 
толқындары, наразылық және өкініш» мысалдарын келтірді (Durkheim, [1895] 
1982:52–53). Әлеуметтік бағыттар басқа әлеуметтік фактілерге қарағанда нақ-
тылығы төмендеу болғанына қарамастан, олардың индивидуалды деңгейде қа-
растырылмайтынына байланысты әлеуметтік факт ретінде мойындалады. Біз 
осындай әлеуметтік бағыттарға куә боламыз. Мұны тек ортақ сезімдерге қарсы 
күрескенде ғана білсек те, олар бізді мәжбүрлеуші күшке ие болады.
Осы материалдық емес және тұрақсыз (эфемералды) әлеуметтік фактілер 
тіпті ең мықты институттарға да әсер етуі мүмкін. Мысалы, Рамет (1991) «рок-
концерт алдында топтың арасынан әлеуетті қалыптасқан әлеу меттік бағыттар 
шығыс еуропалық коммунистік өкіметке қауіп ретінде көрініп, шындығында, 
олардың құлдырауына әкелді» деп тұжырымдайды. Рок-концерттер партиялық 
бақылаудан тәуелсіз «мәдени стандарттар, сән, іс-әрекет синдромдарының» 
пайда болу және таратылу орындары болды (Ramet, 1991:216). Атап айтқанда, 
аудиториядағылар концерт кезінде өздерінің санасыз күй кешкенін сезді. Сол 
арқылы олар өз сезімдерін растады, нығайтты және оған жаңа әлеуметтік-саяси 
мағына берді.
Қазіргі әлеуметтану нормаларын, құндылықтарын және мәдени бағытын 
ескере отырып, біз материалдық емес әлеуметтік фактілерге деген Дюркгейм-
нің қызығушылығын құптай алмаймыз. Алайда әлеуметтік ағымдардың тұжы-
рым дамасынан бірнеше мәселе туындады. Бұл мәселе көпшіліктің Дюркгеймді 
топтық санаға байланысты сынға алуына себепші болды ([Pope, 1976:192–194]; 
мұндай идея 1800 жылдардың соңы мен 1900 жылдардың басында Франклин
Г. Гиддинс [Chriss, 2006] жұмысында басым болды). Осындай көзқарасты ұста-
натын Дюркгеймді сынаушылар «ол материалдық емес әлеуметтік фактілерге 
акторлардан бөлек автономдылық берген» деп санайды. Бірақ мәдени құбы-
лыстар әлеуметтік бос кеңістікте өздігінен іске асуы мүмкін емес және Дюрк-
гейм осыны жақсы түсінді:


95
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
«Бірақ біз осы әлеуметтік сананы қалай елестете аламыз? Ол қоғамнан 
жоғары тұрған қарапайым және трансценденттік тіршілік иесі ме? Бұл тә-
жірибе бізге ондай ештеңе көрсетпейді. Ұжымдық ақыл (l’еsprit collectif) 
тек индивидуалды ақылдардың жинағы саналады. Бірақ соң ғылар ме-
ханикалық тұрғыда сабақтас емес әрі бір-бірімен үйлеспейді. Олар сим-
волдардың алмасуы арқылы үздіксіз қарым-қатынаста бір-біріне әсер ете 
алады. Олар табиғи ұқсастықтарына сәйкес жіктеледі; олар өздерін үй-
лестіреді және жүйелендіреді. Осылайша, әлемде теңдесі жоқ, жаңа пси-
хологиялық тіршілік иесі пайда болады. Ішінде резонанстық күйде орна-
ласқан санаға қарағанда, оның иелік ететін санасы шексіз қарқынды әрі 
ауқымды. Әлде ол – «сананың санасы». Оның ішінен біз бірден қазіргі 
және өткеннің барлық жинақталған өмір күшін таба аламыз».
(Durkheim, [1885] 1978:103)
Әлеуметтік бағыттарды ұжымдардың мүшелері ортақ мағына ретінде қабыл-
дайтын жиынтық ретінде қарастыруға болады. Бірақ мұндай жолмен әлеумет-
тік бағыттарды кез келген жеке тұлғаның ақылы тұрғысынан түсіндіруге кел-
мейді. Жеке тұлғалар, әрине, әлеуметтік бағыттарға ықпал жасайды, бірақ олар 
әлеуметтік күшке айналып, өзара қатынас арқылы жаңа нәрсені дамыта алады. 
Әлеуметтік бағыттар жеке тұлғалар арасындағы өзара қатынас тұрғысынан, 
яғни intersubjectively түсіндіруге болады. Олар жеке тұлғалар деңгейінде емес,
өзара қарым-қатынас деңгейінде қарастырылады. Бұл ұжымдық «көңіл күй-
лер» немесе әлеуметтік бағыттар бір ұжымнан екіншісіне ауысады, соның нә-
тижесінде белгілі бір мінез-құлық түрлерінің қарқыны өзгереді, сонымен қатар 
суицид сияқты индивидуалды әрекет саны төмендегенін көреміз.
Шын мәнінде, әлеуметтік фактілер жайлы Дюркгеймнің теориясы мен ми 
және ақыл (Sawyer, 2002) арасындағы байланыс туралы теориялардың үлкен 
ұқсастықтары бар. Екі теория да күрделі, үнемі өзгеріп тұратын жүйелер «жүйе-
нің құрамдас бөліктерінің толық сипаттамасы арқылы болжау мүмкін болмай-
тын» жаңа қасиеттерді көрсетеді деген идеяны қолданады (Sawyer, 2002:228). 
Заманауи философия ақылдың тек мидың функциясы екенін айтады, бірақ ми-
дағы байланыстардың күрделілігі шынайылықтың жеке нейрондар арқылы түсінді-
рілмейтін ақыл деген жаңа деңгейін туындатады. Бұл дәл Дюркгеймнің идеясында-
ғыдай болды, яғни жеке тұлғалардың арасындағы өзара күрделі байланыстарды ор-
натады және олар ендігі кезекте индивидтер арқылы түсіндірілмейді. Демек, Дюрк-
геймнің теориясы түрлі нормалар, құндылықтар, мәдениет пен ортақ әлеуметтік- 
психологиялық құбылыстарды қамтитын ма териалдық емес әлеуметтік фактілер-
дің өте заманауи тұжырымдамасы болды деп айта аламыз (Emirbayer, 1996).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет