Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет82/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Тарау мазмұны


86
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Социология терминін Огюст Конт бірнеше жыл бұрын енгізіп қойғанына қа-
рамастан, ХІХ ғасырдың соңындағы университеттерде әлеуметтанудың бір де- 
бір саласы қалыптаспаған еді. Сонымен қатар ешқандай мектеп, бөлім, тіпті әлеу-
меттану саласының оқытушылары да жоқ еді. Белгілі бір дең гейде әлеуметтану-
лық деп саналатын идеялармен айналысқан санаулы ғана ойшылдар болған, бірақ 
оны әлеуметтанудың пән ретінде қалыптасқан «үйі» деп атауға келмеді. Шынды-
ғында, қалыптасып үлгерген басқа ғылым салалары ның тара пынан жаңа саланың 
жарыққа келуіне айтарлықтай қарсылық туындады. Ең үлкен қарсылық – психо-
логия мен философия ғылымдары тарапынан болды, олар «әлеуметтану қарас-
тыратын мәселелерді біз қамтып қойдық» деп мәлімдеді. Дюркгеймнің әлеумет-
тануға деген ұмтылысын ескеретін болсақ, ол үшін осы ғылымға арналған бөлек 
және нақты орнығу жолдарын қарастыру дилеммасы болды.
Оны психологиядан ажырату үшін Дюркгейм әлеуметтану жеке психоло-
гияға бейім емес әлеуметтік фактілерді, құбылыстарды зерттеуге бағытталу 
қажет екенін мәлімдеді. Тіпті Франциядағы академиялық ортада бұл көзқарас 
дау тудырды және Габриель Тард (1843–1904) сияқты маңызды тұлғалар сына-
ды. Дюркгеймнің серіктесі Селестин Бугле – Тард пен Дюркгейм арасындағы 
«атақты дуэль», яғни «әлеуметтану жеке тұлғаға немесе ұжымға бағытталуы 
керек пе?» деген пікірталасты қарастырды (Fournier, [2007] 2013:60). Дюрк-
геймнің қоғамның автономдық шындығын негізге ала отыра ұсынған әлеумет-
тік шынайылығына қарсы Тард қоғамды жеке адамдар арасындағы имитация-
лық қарым-қатынастардан тұрады деп тұжырымдады (Tarde, 1903). Басқаша 
айтқанда, тікелей адам әрекеттерін құрайтын ешқандай ортақ сенімдер, құнды-
лықтар және әлеуметтік құрылымдар болмады. Керісінше, сенімдер мен құн-
дылықтар адамдар бір-біріне еліктеген кезде беріледі (сәйкесінше, таралады). 
Осы көзқарасқа сәйкес әлеуметтану қоғамның өзін емес, имитацияның психо-
логиялық негізін зерттеуі керек. Дюркгейм бұл көзқарас қоғамды «қатаң ғы-
лыми-зерттеуге бағытталмай, керісінше, ғылыми емес білімге негізделген және 
қиялға толы идея» деп сынай ды (Fournier, [2007] 2013:344). Соңғы кездегі 
Тардтың әлеуметтануға берген нұсқасына байланысты туындаған қызығушы-
лыққа қарамастан (Candea, 2010; Latour, 2007), Дюркгеймнің әлеуметтік реа-
лизмі сынды жеңіп, жаңа пәннің бағытын қалыптастырды.
Әлеуметтануды философиядан ажырату үшін Дюркгейм әлеуметтанудың 
эмпирикалық зерттеулерге бағытталу қажеттілігін мәлімдеді. Бұл – қарапа-
йым, шешілетін мәселе болып көрінеді. Бірақ Дюркгеймнің әлеуметтануға, 
оған қоса әлеуметтанудың ішіндегі философиялық мектептің өзі де қатер төн-
діретіні жайлы сенімі жағдайды қиындатты. Оның көзқарасы бойынша өздерін 
әлеу меттанушы ретінде таныстырған осы дәуірдің тағы екі маңызды тұлғасы – 
Конт және Герберт Спенсер – әлеуметтік әлемді эмпирикалық түрде зерттеуге 
қарағанда, оны философияландыру және дерексіз теорияландыру тұрғысына 
қызығушылық көрсетті. Дюркгеймнің пікірінше, Конт пен Спенсер ұсынған 
әлеуметтанудың даму бағыты осы қалыпта жалғасын тапқан жағдайда, әлеу-
меттану философияның бір тармағы болып қалар еді. Нәтижесінде Дюрк гейм 
шынайы әлемді нақты зерттеудің орнына, әлеуметтік құбылыстарды алдын 
ала ойластырылған идеяларға сүйене қарастырған Конт пен Спенсерге қар-
сылық көрсетті (Durkheim, [1895] 1982:19–20). Осылайша, Конт «әртүрлі қо-
ғамдар табиғатының өзгеруін терең, күрделі және орнықты зерттеудің орнына, 
әлеуметтік әлемнің барынша қоғамның кемелденуі бағытында ғана дамуын 
теориялық тұрғыда қарастырады» деп айыпталды. Сол сияқты Спенсер де қо-


87
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
Эмиль Дюркгейм 1858 жылы 15 сәуірде Францияның 
Эпинал қаласында дүниеге келген. Ол раввиндер әуле-
тінен шыққанына және раввиндік тәрбие алғанына қа-
рамастан, жасөспірім шағында-ақ бұл мұра герлік жолды 
мүлде қабылдамады (Strenski, 1997:4). Осы кезден бас-
тап дінге теологиялықтан гөрі академиялық тұрғыдан 
ден қойды (Mestrovic, 1988). Дюркгейм тек діни білім 
алумен шектелмей, сонымен қатар жалпы, әдеби және 
эстетикалық мәселелерге қатысты білімге баса назар 
аударды. Ол әлеуметтік өмірді зерттеу үшін қажетті ғы-
лыми әдістермен және адамгершілік принциптермен бі-
лімін толықтыруды қалады. Дюркгейм философиядағы 
дәстүрлі академиялық мансаптан бас тартып, орнына 
қо ғамның адамгершілік басшылығын дамытуға қажет ті 
ғы лыми білім жинақтауға ұмтылды. Әйткенмен ғылыми 
әлеу меттануға ынта танытса да, ол уақытта әлеуметтану-
дың ешқандай саласы болмады. Осы ретте ол 1882–1887 
жылдар арасында Париж аймағындағы бірқатар про-
винциялық мектептерде философиядан дәріс оқыды.
Оның ғылымға деген құлшынысы Германияға жасаған сапарында одан әрі қыза түседі. Дюрк-
гейм онда Вильгельм Вундттің алғаш ашылған ғылыми психологиясымен танысты (Durkheim, 
[1887] 1993). Германияға сапарынан кейінгі жылдары өзі жүргізген жұмыстарына, оған қоса сол 
жерде жинақтаған тәжірибесіне сүйеніп, біршама еңбектерін жарыққа шығарды (R. Jones, 1994). 
Осы басылымдардың арқасында 1887 жылы Бордо университетінің философия кафедрасына 
жұмысқа орналасты.
Бордодағы қызметінде Дюркгейм әлеуметтану ғылымдары бойынша қоғамдық дәрістер оқыды, 
оның ішінде әлеуметтік ынтымақтастық, отбасы, суицид, қылмыс және дін сияқты тақы рып тар-
ды қамтыды. Бұл – француз университетінде оқылған әлеуметтік ғылымдар бойынша алғашқы 
курстар болды. Дегенмен оның басты міндеті моральдық білім беруге негізделген мек теп мұға-
лімдеріне арналған курстар өткізу еді. Дюркгейм өзін тек білім беруші және «ғалым» ғана емес, 
сонымен бірге қоғамның «азаматымын» деп есептеді (Fournier, [2007] 2013:117). Нәтижесінде 
оның дәрістері күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтарды шешетін «практикалық сипатқа» 
ие болды. Дюркгейм ерекше, жүйелі және «керемет күшке ие» деп сипатталған оқыту тәсілде-
рімен жоғары бағаланды. Оның дәрістері оқушыларына және кейде қызығушылық та нытқан 
университет басқармасына «елеулі ықпал» етіп, «үлкен ықыласпен» тыңдалды (Watz, cited in 
Fournier, [2007] 2013:348).
Кейінгі жылдары Дюркгейм өзінің жеке жетістіктерімен ерекшеленді. 1893 жылы Монтескье 
бойын ша латындық тезисін жазды және көп ұзамай Division of Labor in Society («Қоғамдағы 
еңбек бөлінісі») туралы зерттеуі жарық көріп, сол еңбегі бойынша докторлық диссертациясын 
қорғады (Durkheim, [1892] 1997; Fournier, [2007] 2013). Жұмысқа кейбір қарсылықтар болды. 
«Моральдық және детерминистік» деп сипатталып, кейбір сарапшыларды Дюркгеймнің «со-
циализммен шамадан тыс байланысты» әлеуметтануға назар аударуы алаңдатты (Perreur, cited 
in Fournier, [2007] 2013:153). Дегенмен қорғау үлкен табысқа жетті деп танылып, «ауызша емти-
хандардың ең үздігі және қорғау толық қанағаттанарлық жұмыстардың бірі болды» деген баға 
алды (Fournier, [2007] 2013:155). Оның негізгі әдіснамалық мәлімдемесі болып саналатын The 
Rules of Sociological Method («Әлеуметтану әдісінің ережесі») еңбегі 1895 жылы жарық көрді 
және осы әдістерді тәжірибеде қолдану арқылы өзіне-өзі қол жұмсау дертін зерттеуде жал-
ғасын тапты (1897 жылы). Осы еңбектердің әрқайсысы әлеуметтану саласының дамуындағы 
басты тұлғаларының бірі ретінде Дюркгеймнің беделін өсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет