Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

Бөлімнің атауы
Негізгі мазмұны 
Ригведа 
 
Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген 
құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. 
Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы 
бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын 
заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері 
туралы ой толғай бастайды. 


Брахмандар 
Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына 
дейін үстем болған брахманизм діні негізделді. 
Араньяктар  
Орман тақуаларының кітаптары. 
Упанишадтар 
Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - 
«жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының 
қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл 
мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы 
мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат 
құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. 
Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен 
алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды 
алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде 
брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз 
ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным 
теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және 
төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы 
білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек 
мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол 
жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін 
береді. 
Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін 
пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт 
бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.Ежелгі 
үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды 
(Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет