Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер


-дәріс. Ежелгі Шығыс философиясы Қазақтардың алдыңғы философиясы



Pdf көрінісі
бет27/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

 
3-дәріс. Ежелгі Шығыс философиясы Қазақтардың алдыңғы философиясы 
Лекцияның мақсаты: Ежелгі Шығыс мәдениетіндегі Үнді философиясының алатын 
орнын түсіндіру. Ежелгі Үнді философиясының мектептерін, білім туралы, діни түсініктерін 
студенттерге түсіндіру. Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары және бағыттары.Көне 
Үнді философиясының мектептері. Көне Үнді философиясының пайда болуы, ерекшеліктері
және кезеңдері. 
2.2 Ежелгі Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, шығыс 
мәдениетінде арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып 
алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен 
мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның 
билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке 
тірелді. 
Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға 
болады: 
Варналар – топтар 
Варналардың өкілдері 
Брахмандар 
Абыздық варна 
Кшатрийлер
Әскери ақсүйектер тобының 
варналары 
Вайшьялар 
Егінші-варналар 
Шудралар 
Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар 
қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, 
діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) 
құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі 
үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I 
мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең 
ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің 
дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, 
ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан 
тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және 
адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет