Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын 
философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық 
кезеңдерге тән). 
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. 
Философия ғылымының негізгі әдістері
 Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар,
өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде 
қарастырылады.
 Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, 
статикалық және біржақты қарастырылады. 
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар 
арқылы қабылдау. 
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың
біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа
ұқсас қорытындылар алынады. 
 Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ 
деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста 
жеңу мақсат етіледі.
 Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік 
негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар: 
- материализм
- идеализм; 
- эмпиризм; 
- рационализм. 
 Материалистік әдістер материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы 
сана, материяның көрінісі деп қарастырылады. 
Идеалистік әдістің мәнікерісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның 
туындысы деп ұғыну. 
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным 
процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт. 
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек 
қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет