түсуде. Даоның осы идеясы «вэнь» термині арқылы жеткізіледі. Түптеп келгенде «вэнь» - сөз
бен білімділік арқылы жеткізуге болатын рухани мәдениет. «Вэньге»
ниет қойған адам
күнделікті өмірде көптеген қиыншылыққа ұшырайды. Асыл да ақылды жандарға жалған мен
жаман ортада тіршілік жасау жеңіл болмайды. Бірақ ұлысты ұстаз болу үшін,
дейді Конфуций
мына қасиеттерді игеру шарт: 1) өзінше ұстаздыққа жету; 2) ұстаздыққа ылайық биязы болу; 3)
ұстаздыққа іштей бейімділігі; 4) адамдармен тіл табыса білуі; 5) өз өсиетіне берік болуы; 6) өз
уәжінде тұру; 7) ұстаздың даралығы; 8) ұстаздың еркін тәуелсіздігі; 9)
жұмыстағы мінез -
құлықтың ұстамдылығы; 10) ұстаз ниетінің адалдығы; 11) ұстаз жанының мейірімділігі; 12)
ұстаздың
ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі; 13) жолдасқа деген сенімділігі; 14)
ұстаздық талапты орындауы; 15) ұстаздың
қарым-қатынастағы тартымдылығы; 16) ұстаздың
құрметтеуі және төзімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: