Софистер б.д.д. V-IVғ. өмір сүрген. Софистік философия, шын мәнісінде, антропалогиялық ілім
болып қалыптасқан еді. Оның негізін қалаушы аға буынның өкілі —
Протагор болатын.
Протагордың «Адам - барлық дүниедегі заттардың мөлшері» деген қағидасы адам туралы
ілімнің іргетасын калаған негізгі принцип болды. Шынында да, адам барлық заттардың және
соған қатысты процестердің мөлшері болуға тиіс. Мұндай идеяның негізінде адамның өзінің
рөлі де және оның қызметінің маңызы да жан-жақты қамтылады.
Классикалық философия. Сократ, Платон, Аристотель.
Сократ (б.з.б. 469-399 жылдары) жасында мүсіншілікпен айналысып,
кейін философ,
қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді.
Сократтың философиясы әрбір ғасырдағы, әрбір дәуірдегі адамдарды үнемі ойлантатын,
ешуақытта маңызын жоймайтын аса қажетті ілім. Сократ софистер басын бастап, бірақ, аяқтай
алмаған адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Ол, ең алдымен өзіне дейінгі
философтардың ой-пікірлерін талдай келе, олар негізгі кемшілігін көре білді. Сократтың
ойынша, таным философияның негізгі мәселесі адам болуы керек.
Сократ мәселені батыл
қойды. Дүниені тану, әлемді тану, әрине, қажет-ақ. Дегенмен адам өзін-өзі, өзінің ішкі дүниесін
білуге ұмтылуы керек. Осыдан келіп Сократтың бірінші принципі шықты. «Сен алдымен
өзінді-өзің таны». Сократ бұл жерде адамның өмірін философияның негізгі мәселесі етіп
қараумен шектелмей, өмірдің өзін өзіндік сана ретінде қарап отырған. Ендеше,
адамша өмір
сүрудің өзі өнер екен. Оның екінші қағидасы: Менің білетінім - менің ештеңе білмейтіндігім, ал
басқалар мұны да білмейді». Адам өзіне-өзі сырттай үңілген сайын,
өзін өзі тануға ұмтылған
сайын, сайып келгенде ештеңе білмейтіндігін анықтайды.
Платон (б.з.б. 427-347 жылдары өмір сүрген) атақты және аса ауқатты бай жанұядан
шыққан. Философия тарихында Платонның қалыптасуы,
көбінесе
оның ұстазы Сократтың
есімімен тығыз байланыстырады. Оның үстіне Платонның көптеген шығарма сұхбаттарының
негізгі кейіпкері — Сократ. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. Платонның еңбектері:
«Мемлекет», «Театет», «Федон», т.б. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық
емес, ол тек
өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным
дүниені білу емес, еске
түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея
тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын
сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді.
Идея ол біріншіден мәңгі,
ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де
, кемімейді де; екіншіден, ол
біртектес, әр
түрлілік тек
заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон.
Сөйтіп, ол идеяны
алға тартады. Шәкірттерін оқыту үшін Академия ашты.
Мемлекетті философтар
басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен
айналысуға шақырды.
Философ болу үшін, таңдана білу керек, — дейді.
Достарыңызбен бөлісу: