180
Назар аударыңыздар!
«Кӛркем еңбек» пәнінің оқу бағдарламасын бейнелеу ӛнері және
технология пәндері бойынша дипломдарына қосымшасы бар бейнелеу ӛнері,
еңбекке баулу және технология пәндерінің мұғалімі сабақ бере алатындай
құрастырған. «Кӛркем еңбек» пәнін оқыту үшін арнайы диплом қажет емес
екенін осы оқылатын пәндер тізімі куәландырады.
Бұл пәнді оқытуға аптасына 2 сағат берілгенін ескерсек, осы пәндерге
жетекшілік жасайтын мұғалімдер сағаттарын жоғалтуы негізсіз болып
табылады.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Дене шынықтыру» білім саласы бойынша «Дене шынықтыру» пәні
оқытылады.
«Дене шынықтыру» оқу пәні
5-9-сыныптарға арналған «Дене шынықтыру» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы оқу бағдарламасының басты мақсаты – ағзаның бүкіл жүйелерін
дамыту, оқушылардың физикалық қасиеттерін және олармен байланысты
қабілеттерін жетілдіру болып табылады.
Дене шынықтыру пәнінің жеке тұлғаны тәрбиелеуде алатын орны
ерекше. Ол оқушының дене дамуына, әлеуметтік, дербес және рухани
қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Мектептегі білім беру контексінде
дене шынықтыру білім алушылар арасында салауатты ӛмір салтын
насихаттайды.
Оқу бағдарламасы білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктерін
ескере отырып, дене және психикалық денсаулығын нығайтуға уәждемесін
(мотивация) арттыруға, білім алушылардың арнайы спорттық (спорттық-
спецификалық) қимыл дағдыларын меңгеруіне және дене қабілеттерін
дамытуға бағытталған.
Оқу бағдарламасында дене шынықтыру мен спортты дамыту тарихы
бойынша білімді қалыптастыру; негізгі физикалық қасиеттерді жетілдіру,
арнайы спорттық біліктер мен дағдыларды дамыту; коммуникативтік
дағдыларды дамыту, атап айтқанда, әртүрлі дереккӛздерден алынған ақпаратты
пайдалану, оны тиісті нысанда нақты ұсыну қабілеті; ойлау және зерттеу
дағдыларын
дамыту;
адамгершілік-жігер, моральдық-ерік қасиеттерін
қалыптастыру қарастырылған.
Оқу бағдарламасы оқу жылы ішінде бағдарлама бӛлімдерін оқытудың
бірізділігін анықтайтын ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Сағаттарды бӛлу, сондай-ақ тақырыптарды оқу реті мұғалімнің қалауы
бойынша ӛзгеруі мүмкін.
«Дене шынықтыру» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
3) 7-сыныпта – аптасына 3 сағатты, оқу жылында 102 сағатты;
182
қалыптастыру; қыздырыну және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен
орындау; түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау, олардың ағзаға
тигізетін әсері мен эенергетикалық жүйемен байланысын зерттеу; денсаулықты
нығайтуға бағытталған бірқатар дене жүктемелері кезінде туындауы мүмкін
қауіп-қатерді басқара білу стратегиясын құру және қолдану; басқалардың дене
жаттығулары тәжірибесін байыту масқатында білім, біліктілік және
дағдыларды қолдану.
Әр бӛлімшеде кӛрсетілген оқу мақсаттары мұғалімге оқушыларды
дамыту бойынша жұмысты жүйелі жоспарлауға, сонымен қатар олардың
жетістіктерін бағалауға, оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге
мүмкіндік береді.
«Ӛмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 5-9-сыныптарда
«Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу
жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Дене
шынықтыру» пәні бойынша тоқсан, жарты жылының және оқу жылының
соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады.
«Дене шынықтыру» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында
мерекеленетін мерейтойлық шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.
«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және ӛткізу
мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Білім мазмұнын жаңарту
аясында (5-9-сыныптарда) «Дене шынықтыру» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2018.–89 б.» (Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2018 жылғы 24 сәуірдің №5 хаттамасы)»
әдістемелік ұсынымдама әзірлеп, академия сайтына орналастырылған (nao.kz).
Достарыңызбен бөлісу: