Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет100/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӚНЕР» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Технология және ӛнер» білім саласы бойынша келесі пәндер 
оқытылады: «Музыка» – 5-6-сыныптар, «Кӛркем еңбек» – 5-9-сыныптар. 
«Музыка» оқу пәні 
5-6-сыныптарға арналған «Музыка» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
оқу бағдарламасы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы ұзақ мерзімді жоспарына 
сәйкес жүзеге асырылады. 
Пәнді оқытудың мақсаты – қазақтың дәстүрлі музыкасы, әлем халықтары 
шығармашылығы, әлемдік классика және заманауи музыканың үздік үлгілері 
негізінде білім алушылардың музыкалық мәдениеттілігін қалыптастыру, 
шығармашылық қабілетін дамыту 
Пәнді оқытудың міндеттері:ӛзге ӛнер түрлері мен оқу пәніне музыка 
ӛнерін кіріктіре отырып әлем тұтастығының бейнесі жӛнінде түсінігін 
қалыптастыру; музыка ӛнерінің жалпы адамзаттық қажеттілікті құбылыс 
ретінде, оның адам ӛміріндегі рӛлі мен маңыздылығы туралы түсінігін 
қалыптастыру; сын тұрғысынан ойлауы мен музыкаға жағымды қарым-
қатынасын, музыкалық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру; музыкалық 
шығармалар мен тапсырмаларды талдау, зерттеу және орындаушылық пен 
импровизациялау, презентациялау оқу пәндік-тақырыптық білім, білік, дағды 
аясында дамыту; музыкалық қабілеттілігін, белсенді шығармашылығын, 
орындаушылығы мен зерттеушілік дағдысын дамыту; музыка ӛнері негізінде 
коммуникация формалары жӛнінде білімін қалыптастыру; музыкалық-
шығармашылық жұмыстарға идеялар қосу негізінде ӛзін-ӛзі бағалау, ӛзін-ӛзі 
тану және ӛзін-ӛзі дамытуын қалыптастыру (шығармалар жазу, импровизация 
және ӛңдеу); ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану 
барысында музыкалық-орындаушылық және техникалық білімі мен біліктілігін 
қалыптастыру, дамыту. 
«Музыка» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
1) 5-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің оқу бағдарламасының мазмұны бӛлімдер бойынша 
ұйымдастырылған. Бӛлімдер пән бойынша оқыту мақсаттары және оған қол 
жеткізу реттілігін сыныптар бойынша мазмұндайтын бӛлімшелерге бӛлінген.
Оқу пәнінің мазмұны 3 бӛлімнен тұрады: 
1. «Музыка тыңдау, орындау және талдау» бӛлімі келесі бӛлімшелерді 
қамтиды: «Музыка тыңдау және талдау»; «Музыкалық сауаттылық»; 
«Музыкалық-орындаушылық іс-әрекет». 
2. «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасау» бӛлімі келесі 
бӛлімшелерді қамтиды: «Идеялар және материалдарды жинақтау»; «Музыка 
шығару және импровизация». 
3. «Музыкалық-шығармашылық жұмысты таныстыру және бағалау» 
бӛлімі келесі бӛлімшені қамтиды: «Музыкалық-шығармашылық жұмысты 
таныстыру және бағалау».


177 
«Музыка» пәнінің 5-сыныпқа арналған базалық мазмұны: «Қазақ 
халқының музыкалық мұрасы»; «Қазақтың дәстүрлі тұрмыс-салт әндері және 
заманауи музыка»; «Әлем халықтарының музыкалық дәстүрі»; «Музыка тілі – 
достық тілі»; «Ӛлкетану: Туған ӛлке симфониясы» бӛлімдерін қамтиды. 
«Музыка» пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:«Классикалық 
музыканың үздік туындылары»; «Заманауи музыка мәдениеті»; «Музыка және 
ӛнер түрлері»; «Музыка – ӛмір тынысы»; «Ӛлкетану: Туған жердің таланттары» 
бӛлімдерін қамтиды. 
Әрбір бӛлімшелерде кӛрсетілген оқу мақсаттары, мұғалімге үш түрлі
іс-әрекет арқылы (білім алушылардың музыкалық сауаттылықты зерделеу, 
музыкалық-орындаушылық және музыкалық-шығармашылық іс-әрекеті) 
жұмысты жүйелі жоспарлауға, олардың жетістіктерін бағалауға және оқытудың 
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып 
табылатын оқыту мақсаттарының жүйесі түрінде ұсынылған күтілетін 
нәтижелері қалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары 
білім алушыны ӛзін-ӛзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас 
субьектісі ретінде тәрбиелеуде нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. 
«Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалау ӛткізілмейді. «Музыка» пәні 
бойынша жарты жыл және оқу жылының соңында «есептелінді» 
(«есептелінген жоқ») деген белгі жазылады. 
«Туған ӛлке симфониясы» және «Туған жердің таланттары» 
тақырыптары 2018-2019 оқу жылынан бастап «Ӛлкетану» кіріктірілген курсына
енгізілген, ол 5-6-сыныптардың «Музыка» оқу пәнінің шеңберінде оқытылады. 
«Музыка» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және 
жоспарлау барысында 2019-2020 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық 
шараларға кӛңіл бӛлу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет