Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Қазақстан тарихы» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет128/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Қазақстан тарихы» оқу пәні 
Жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» оқу пәнінің 
мазмұны Қазақстан тарихының этникалық, саяси, әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени негізгі мәселелері бойынша тереңдетілген білімді қалыптастыруға 
бағытталған.
10-сыныпта «Қазақстан тарихы» пәнін оқыту түрлі тарихи кезеңдердегі 
Қазақстанның мәдени-тарихи дамуының ерекшеліктері мен мәнін білім 
алушыларға түсіндіруді кеңейтеді және тереңдетеді.
«Қазақстан тарихы» пәні Қазақстан тарихындағы оқиғаларды, 
құбылыстарды, процестерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және 
бағалау үшін қажетті тарихи ойлау дағдыларын дамытуды қарастырады.
Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты патриотизмді қалыптастыру, 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет кӛрсетуге дағдыландыру 
болып табылады. 
«Қазақстан тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

білім алушылардың тарихи оқиғалар, құбылыстарды тарихи 
заңдылықтарды ескере отырып зерттеу, оқиғалар мен тұлғаларға қатысты 
пікірлер мен берілген бағаларды салыстыру және сыни тұрғыдан талдау 
дағдыларын дамыту, ӛткен кезеңмен қазіргі уақытқа қатысты пікірталастық 
мәселелерге ӛзіндік кӛзқарасты қалыптастыру; 

ӛлке тарихын зерделеу, ӛлкетанулық жұмыстарды жүргізу дағдыларын 
дамыту; 

әртүрлі тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи ақпаратты іздеу және 
жүйелеу дағдыларын дамыту; 

әртүрлі деректерді қолдана отырып, жобалық, зерттеу әрекетін және 
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
процестерді түсіну үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын 
қалыптастыру; 

коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру, оның ішінде, ӛз ойын 
ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі 
деректерден алынған ақпараттарды қолдануға бағыттау болып табылады. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-
гуманитарлық 
және 
жаратылыстану-математикалық 
бағыттарда:
10-сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 
Тұлғаның 
танымдық 
белсенділігін, 
шығармашылық, 
жобалық-
зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін әр тақырыптық бӛлімнен кейін келесі 
зерттеу жұмысы берілген: 


224 
 Әлемдік ӛркениет тарихындағы Ұлы Дала;
 Дәстүрлі қазақ қоғамының этноәлеуметтік ұйымдасуы; 
 Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы;
 Мәдениет және дәстүр – ұлттың генетикалық коды.
Сондықтан осы тақырыптар кӛлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
ұсынылады. Зерттеу тақырыптары жалпылама берілген. Білім алушылар осы 
белгіленген тақырып шеңберінде түрлі мәселелерді қарастыра алады. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 82-кестеде 
оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 
 82- кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
10-сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет