Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«Дҥниежҥзі тарихы» оқу пәні



Pdf көрінісі
бет129/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

«Дҥниежҥзі тарихы» оқу пәні
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің мазмұны адамзаттық ӛркениеттің 
этногенез, 
политогенез, 
культурогенез 
негізгі 
мәселелері 
бойынша 
тереңдетілген білімді қалыптастыруға бағытталған.
10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» пәнін оқыту білім алушылардың 
әлемдік мәдени-тарихи процестің мәнін оның бірлігі мен әртүрлілігін терең 
түсінуге бағдарланған.
«Дүниежүзі тарихы» оқу пәнінің тереңдетілген курсы әлемдік тарихтағы 
оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді бағалау және жіктеу, жүйелеу, 
қорытындылау, талдау үшін қажетті тарихи ойлау дағдысын дамытуды 
қарастырады. Осы оқу пәнінің аксиологиялық мақсаты білім алушыларды 
ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға құрмет кӛрсетуге тәрбиелеу 
болып табылады. 
«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 

әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру; 

оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы 
мен әртүрлі кӛзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни 
тұрғыдан зерттеу барысында, ӛткен және қазіргі таңдағы пікірталастық 
мәселелерге білім алушы тарапынан ӛзіндік кӛзқарас білдіруді дамыту; 

тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи 
материалды жіктеу дағдыларын дамыту; 

әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және 
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту; 

қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени 
мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу 


225 
қабілетін дамыту; 

коммукативтік дағдыларды дамыту: ӛз ойын ауызша және жазбаша 
түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған 
ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі: 

қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу 
жылына 102 сағатты; 

жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сыныпта аптасына
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 
10-сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-
гуманитарлық бағытта әр бӛлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары 
берілген: 
 Әлемдік тарих контекстіндегі ӛркениеттердің ӛзара әрекеттесу және 
ӛзара ықпалдасу тәсілдері; 
 Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер; 
 Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары; 
 Мәдениет – адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының 
кӛрінісі ретінде.
Осы тақырыптар кӛлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру 
ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 83-кестеде 
оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген. 
 83- кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
10-сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет